Педагогические  науки/ 5.Современные методы преподавания

 

Курмашова Г.С., Адилова А.К.

 

М.Х.Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университеті, Казахстан

 

Ақпараттық желілерді өзара байланыстыру технологиясы

 

Ақпараттық желілер – бұл  инфрақұрылымды ұйымдардың кәсіби бірлестігі, қызметі және жұмысы коммерциямен байланысты және технологияларды тапсырумен, инновациялық стартап компанияларды құрумен және басқарумен, инновациялық дамумен байланысты бірлестік. Мұндай ұйымдардың желілік әрекеттесуінің негізгі функциясы – бұл әртүрлі бағыттағы ақпараттарды тарату. Мұндай ақпараттарға жатады: қызмет ету, қызмет көрсету тәсілдері мен технологиялары, серіктесті іздеу бойынша технологиялық сұраныстар, ұсыныстар, өте жақсы тәжірибе мысалдары. Ғылыми-техникалық зерттемелерді ақпараттық желінің көмегімен өндіріске ендіру. Ақпараттық желі арқылы ғылыми-техникалық зерттемелермен айналысып жүрген ғалымдардың еңбегін интернетке жарияланады. Ақпараттық желіге ғалымдармен қатар, инвесторлар және кәсіпкерлер де тіркеледі. Ақпараттық желі осы үш бағытта жұмыс жасайтын адамдарды бір мәліметтер базасында тіркейді. Әр бағытта жұмыс жасайтын адам өзіне керек ақпаратты осы ақпараттық желіге тіркелу арқылы алады.

Ғалымдардың ғылыми-техникалық зерттемелерін өндіріске енгізуге арналған ақпараттық желісін өңдеу мақсат етіп қойылады.

Мақсатты орындау барысында ғалымдар өздеріне қажетті білім алады және білгенін басқа ғалымдарға айта алады. Ғалымдар өздеріне қызықты тақырып бойынша бір-бірінмен тәжірибе алмасады. Ғалымдардың өңдеулері коммерциализацияланады. Кәсіпкерлер мен инвесторлар ғалымдардың өңдеулерін интернет арқылы көреді. Шағын, орта және ірі кәсіпкерлікке жол ашылады. Ғылыми-техникалық зерттеулермен айналысатын ғалымдардың еңбектерін бір жүйеге ұйымдастырып, өңдеулерді коммерциализациялау. Ғалымдардың ғылыми-техникалық зерттеулерін енгізуге арналған ақпараттық желісі. Жұмыста теориялық талдау әдістері, баяндау, салыстыру, сараптау, модельдеу, жинақтау, жүйелеу, талдау, қорыту, бақылау әдістері қолданылады. Ғалымдардың ғылыми-техникалық өңдеулерін енгізуге арналған ақпараттық желісі құрылады:

-                     ақпараттық желі ұғымына ғылыми тұрғыдан анықтама беріледі;

-                     ғылыми-техникалық өңдеулерін енгізуде қолданылатын ақпараттық желісінің бағдарламалық сипаттамасы жасалынады.

Коммерциализациялау орталықтарының инновациялық желілерде қатысуына мыналар себебші болады:

-                коммерциализациялау орталықтарының қызметтері, оны басқа инфрақұрылымды ұйымдармен әрекеттестіру арқылы ұсыну тиімдірек болады, және басқа аудандар мен мемлекеттерде орналасқан, және басқа да тақырыпта мамандандырылған ұйымдармен әрекеттесуі.

-                қызметкерлердің квалификациясын жоғарылатуды қажет ету, жаңа білімжәне жаңалыққа қажеттілік, ең жақсы тәжірибелерді үйрену.

Коммерциализациялау орталықтарының желілік ұйымдарға қатысуына мыналар мүмкіндік береді:

-                өзінің қызмет түрін жоғары стандартта ұстап тұру және өндіру;

-                технологияларды коммерциализациялау жобалары бойынша серіктестерінің іздестіру мүмкіндігін көптеп жоғарылату;

-                халықаралық және ауданаралық дәрежеде инновациялық саясатты қалыптастыру және таратуда қатысу.

        Кез келген ақпараттық жүйелер программалық жинақтан тұрады, оның пайдаланушыларға ыңғайлы, әрі оңай интерфейсінің болуы және ақпараттың компьютер жадында сақталуы сенімді қолдауды қажет етеді. Интернет жүйесінің кең таралуымен және дамуымен байланысты ақпараттық жүйелер айтарлықтай интерактивті, ауқымды және қарапайым пайдаланушыларға қол жетімді болды.

        Ғалымдардың зерттемелерін коммерциализациялап, ғалымдардың алған патенттерін интернет арқылы жариялауға болады. Өңделген дайын технологияны кәсіпкерлерге ұсынып, жақсы жобаларға инфесторларды тартуға болады. Шағын, орта және ірі кәсіпкерлікке жол ашып, кәсіпкер, ғалымдар және инфесторды бір жүйеде жолықтыруға болады. Ғалымдар өздеріне қажетті білім алады және білгенін басқа ғалымдарға үйрете алады. Ғылыми техникалық ақпараттық желі программасы инновациялық технология саласына көп септігін тигізеді деп есептеймін.

Қорыта келгенде, қазіргі  кездегі  жалпы  ақпараттық желілер оқу-тәрбие үрдісінде әлеуметтік сұраныс технология деңгейінің жетістігін  талап етеді, яғни оқыту мен тәрбиелеудің мазмұнын модернизациялау деңгейінен өтіп, екінші саты ақпараттық технология деңгейіне көтерілу. Ақпараттық желілерді қолданудың тиімді жақтарын зерттей отырып, үздіксіз жүйелі жұмыс жасау – білім субъектілерін дамытуда  үлкен нәтижелерге жеткізеді, сонымен қатар білім сапасын да арттырады.

 

 

Пайдаланылған әдебиеттер:


1.
     Информатика негіздері журналы №1, 2010 жыл. 
2.    
Информатика негіздері  журналы №4-2008 жыл – Ж. Садыбекова «Оқу тәрбие үрдісін ақпараттық коммуникациялық технологияны қолдану қажеттілігі» 
3.    
Педагогтардың ақпараттық коммуникациялық технологияларды қолдану бойынша құзырлылықтарын қалыптастыру әдістемесі  Мұхамбетжанова С.Т., Мелдебекова М.Т.. Алматы: ЖШС «ДайырБаспа», 2010 ж.