Қарағанды облысы білім
басқармасының «№3 қазақ-түрік лицей-интернаты»КММ
қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің І санатты мұғалімі
СЫНДАРЛЫ ОҚЫТУ –
ЗАМАН ТАЛАБЫ
Мақалада оқу
үрдісінде сыни тұрғыдан ойлауға үйретудің
негізгі бағыттары мен оң нәтижелері көрініс тапқан.
В статье отражены основные
направления и положительное значение использования технологии критического
мышления в учебном процессе.
In
the given article it is clearly showed about critical thinking method of
teaching and its problem.
Ескіден қол үзбей,
жаңаға
қол жеткізгендер ғана мұғалім бола алады.
Конфуций
Ұлт көшбасшысы
Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев «Қазақстан-2050» стратегиясы – қалыптасқан мемлекеттің
жаңа саяси бағыты атты
жаңа Қазақстан
халқына Жолдауында: «Бәсекеге қабілетті дамыған
мемлекет болу үшін біз сауаттылығы жоғары елге айналуымыз
керек»-деп түсіндіреді. Осы
мақсатта әлемдегі алдыңғы қатарлы білім ордасы
Кембридж университетінің ұстаз-ғалымдарымен бірігіп
жасалған қазақстандық жобаның
мұғалімдердің кәсіби біліктілігін арттыру
жүйесіне өзгерістер енгізуде маңызы зор болмақ.
Аталған курста біліктілігімді арттыру барысында сапалы да нәтижелі білімге
қол жеткізу - бағдарламаның 7 модулі негізінде жүзеге
асырылатындығын ұқтым. Қазақ әдебиеті
пәні бойынша модульдердің жаңаша оқыту стратегиялары
мен әдіс-тәсілдерін қолданып өткізілген сабақтар
сериясынан алған әсерлеріме тоқталып өтсем, ең
бастысы маған ұнағаны - оқушылардың бір-бірімен
ынтымақтаса әрекеттесуін қамтамасыз ету мақсатында
шағын топтарға бөлініп, серкітестік орта құру
арқылы жұмыс жасауы. Шағын топтарға бөліп
оқыту барысында, өзім
оқушылардың түгелі дерлік,
белсенділік танытып, берілген тапсырмалар бойынша, мысалы 7 сыныпта
С.Мұқановтың «Есіл бойында» үзіндісі бойынша
«Сағым» дегеніміз не? Түрлі әуенмен хор
салушылар? Шығарманың алғашқы бөлімі не
жайында? Үзінді қалай аталады ? Тіл үйірер-жеміс не?
"Теңселіп тыныш күйде тұрады” деп жазушы нені суреттейді?
Әдебиет теориясында табиғат көрінісінің суреттелуі
қалай аталады?Жасыл желекке оранып мұнартып тұратын не? деген
ой түрткі, сынама, қайта бағыттау сұрақтарына
оқушылар сындарды ойлай отырып, пікірлерін еркін жеткізе
алатындықтарын байқадым. Аталған үзіндідегі әнші Мыртазай бейнесін
өткен сабақтардағы шығармалардың негізгі
кейіакерлерімен салыстыра отырып
ұқсас және ерекшелік жақтарын
тауып,
салыстырып, зерттеу барысында құнды пікірлер
айтып, кейіпкерлер бейнесін аша білді
Оқу барысында оларға сурет салу,
жобаны қорғау секілді оқу
дағдылары
- «серіктестік әңгіме» стратегиясы;
-диалогтық оқыту :
-тілдік стратегиялар
-метакогнитивтік, әлеуметтік, когнитивтік,
-талантты және дарынды оқушыларды оқыту
үшін кеңейтілген тапсырмалар
-маршруттық карта.
Сабақ барысында оқушылардың сындарлы
ойлауын дамыту мақсатында №2 «Сыни тұрғыдан ойлауға
үйрету» модулі бойынша мәртебелі сұрақтар
түрлерін пайдаландым, сұрақ қою техникасы мен жауап алу
үдерісі бойынша формативті бағалау сабақтың өн
бойында менің тарапымнан көрініс тауып отырды ал сабақты
қорытындылау барысында оқушылар өзін-өзі бағалау (суммативті)
парақшаларын толтырды.
Осының нәтижесінде, І жартыжылдықтың қорытынды
есебі бойынша «Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық
орталығының білім беру мен оқытудың қазіргі
заманғы әдістері мен стратегияларын пайдаланып өткізілген
сабаққа оқушы
қызығушылығының қаншалықты артқанын
бақылау мақсатында алынған зерттеуінің мониторинг нәтижесі
төмендегідей:
Сауалнамаға қатысқан оқушы
саны-19.
Сыныбы: 7 «Б
Қорытынды: 7«Б»
сынып оқушыларының жаңаша оқытудың
әдіс-тәсілдерін пайдалана отырып өткізілген
сабаққа қатысуы белсенді, жоғары деп бағаланды.
Тек кейбір жекелеген оқушылар ғана
сыныптастарының жаңа матриалды игеруде көмек
қажет ететіндігін көрсеткен. Мен, жаңа формациядағы
педагог ретінде топтық жұмыс кезінде оқушылардың
бір-бірімен жұптаса, топтаса әрекет етуін қамтамасыз ету
мақсатында №1 модульдегі
жаңа тәсіл - диалогты көбірек пайдалануым керек деген
тұжырым жасадым.
Бұрынғы оқушы тек
тыңдаушы, орындаушы болса, ал қазіргі оқушы – өздігінен
білім іздейтін жеке тұлға екендігіне ерекше мән беруіміз
керек.
Пайдаланылған
әдебиеттер:
1.«Жаңа
тұрпатты мұғалім дайындаудың өзекті
мәселелері» атты республикалық ғылыми – практикалық
конференция материалдары.
2. ҚР
Президенті Н.Назарбаевтың Қазақстан
халқына Жолдауы, Астана 2012.
3.
«Мұғалімдерге арналған нұсқаулық» (ІІІ
деңгей) Зияткерлік мектебі, Астана, 2011.