Оспанова П.А.

 М.Х. Дулати атындағы ТарМУ, Қазақстан

ШЕТ ТІЛІ САБАҚТАРЫНДА СӨЙЛЕУ ДАҒДЫСЫН ДАМЫТУДЫҢ ТИІМДІ ЖОЛДАРЫ

 

Шетел тілі біздің мемлекетіміздің халықаралық байланыстарын дамытуға мүмкіндік беретін тұлғааралық және мәдениаралық қарым-қатынастардың аса маңызды құралы болып табылады. Мемлекеттің халықаралық байланыстарының сапалық өзгерістері адамның практикалық және зияткерлік іс-әрекетінде шетел тілдерінің сұранысқа ие болу қажеттілігін туғызып отыр.

                   Кез келген ойынды сабақ барысында  қолданғанда келесі мәселелерді естен шығармау керек:

-                     Әр-түрлі ойындарды ойнаған білімгер шығармашылдыққа дайын;

-                     Ойын, оның түрі, мазмұны білімгерлердің жас ерекшеліктеріне сай болуы;

-                     Жарқын көрнекілік ойынды талапқа сай өткізуге ықпал етеді;

-                     Ойынның қызықты материалы тақырыппен  тығыз байланысты болуы;

Біз сабақ барысында пайдаланатын кейбір ойындардың түрлерінен мысал келтірсек.

1.                 «Milling» - «Сыңарыңды тап» жаттығуы.

Бұл жаттығуды кез келген пән сабағында қолдануға болады. Білімгерлер екі топқа бөлінеді. «А» және «В» тобы. Өтілген тақырып бойынша бір топқа оқиғаның аты, ал екінші топқа – оқиғаның мән-жайы жазылған карточкалар беріледі. Олар  аудиторияда де еркін жүріп өз сыңарларын табу керек.

1.Teaching with  limited Resources:-

«Шектелген ресурстармен оқыту»

Бұл жағдайда мұғалім аудиториядағы бар заттарды қолданып сабақ өткізеді. Мысалы: бөлмедегі орындықтарды пайдаланып ойындар өткізу.

«Hot chair»-«Ыстық орындық». Тақтаның алдында 2 орындық қойылады. Біреуі-«true»,екіншісі-«false». Тақтаның алдына 4-6 білімгер шақырылады. Оқытушы өткен тақырып бойынша сөйлемдер айтады. Білімгерлер естісімен екі орындықтың біреуіне жүгіріп отырады. Дұрыс отырмаған білімгер ойыннан шығады. Женген білімгер бағасын алады.

Ойынды сабақтың қай бөлігінде пайдалану білімгерлердің білім деңгейіне, тақырыпқа және сабақтың мақсатына байланысты. Бір ойынды әр сабақта түрлендіріп пайдалануға болады. Ойын арқылы тіпті нашар оқитын білімгердің де белсенділігін арттыруға болады, себебі коллективпен жұмыс істеу барысында ол өз командасы үшін тырысып бағады. Шет тілін үйрету үшін пайдаланатын ойындарды 3-ке бөлуге болады:

1.                 Лексикалық ойындар – мақсаты: - білімгерлерді лексиканы өмірлік ситуацияларда пайдалана алуға үйрету, білімгерлердің сөйлеу қабілетін дамыту.

2.                  Грамматикалық ойындар – мақсаты: - білімгерлерді грамматика жағынан қиындық тудыратын сөйлемдерді өмірлік ситуацияларда пайдалана алуға үйрету, білімгерлердің сөйлеу қабілетін дамыту.

3.                  Фонетикалық ойындар – мақсаты: - білімгерлерді дыбыстарды дұрыс айтуға үйрету.

Лексикалық ойындар: «Соңғы әріп». Білімгерлер екі топқа бөлінеді, бірінші топ бір сөз айтады, екінші топтың өкілі сол сөздің соңғы әрпінен басталатын басқа сөз айтады. Осылайша қай топ соңғы сөзді айтса, сол топ жеңеді.

Грамматикалық ойындар: «Созылмалы сөйлем». Бірінші білімгер бір қысқа сөйлем айтады. Екіншісі оған бір-екі сөз қосып, толықтырады. Осылайша мүмкіндігінше ең ұзын сөйлем құрастырылады. Мысалы:

I went shopping.

I went shopping and bought some cheese.

I went shopping and bought some fresh cheese.

I went shopping and bought some fresh Cheddar cheese and some bread.

                   Ойын  элементтерін  пайдалану  әдісі  ең  көне  болса да, оқыту  әдістерінің  арасында  ең  қолайлысы. Ойында  адамның  қабілеттілігі  ерекше толық  көрінеді. Ойын  элементтерін  пайдаланған  сабақ  ерекше ұйымдастырылған сабақ, бұл сабақ эмоция және ойлау күшін қажет етеді. Ойын әркезде шешім қабылдауды – не істеймін, не айтамын, қалай жеңемін деген ой туғызып отырады. Осы сұрақтарды шешкісі келген ойыншыларда ойлау қабілеті артады. Ал егер ойыншы сол кезде шет тілінде сөйлесе  бұл оқытудың жетістігінің бірі емес пе. Білімгерлер үшін ойын, ең алдымен қызықты сабақ. Ойында барлығы бірдей. Ойын  нашар оқитын білімгер үшін де ыңғайлы. Тіл деңгейі төмен білімгер ойында озып  шығуы  мүмкін  өйткені  тапқырлық  бұл  жерде  пәнді  білуден  маңыздырақ  болып  тұр. Ойын  кезінде барлығы бірдей деген сезім, қуанышты, қызықты атмосфера - осының барлығы ойыншыларға өздерінің өзге тілдің сөздерін еркін пайдалануға ұялмауға дағдылайды және де оқытудың нәтижесін жақсартады.Тілдік материал оңай меңгеріледі сонымен қатар «мен өзгелермен бірдей  сөйлей алады екенмін» деген қанағат сезім пайда болады.      Мимикалық ойын – сөйлемей іс-әрекеттер жасау арқылы сөздерді табуға арналған ойын түрі. Бұл ойын түрі кең көлемде лексика-грамматикалық тақырыптарды пысықтауға арналған. Мысалы: мамандық түрлеріне байланысты, бір ойыншы белгілі бір мамандық иесінің қандай жұмыс атқаратындығын іс-қимыл арқылы оны табуға тырысады.

         Әдетте ойындар бұрын өтілген материалдарды негізге ала отырып, соларды пысықтау,толықтыру қаншалықты меңгерілгенін байқау үшін қолданылады. Білімгерлердің тілдік материалдарды жақсы біліп,сөз іскерліктерін меңгеруіне ойындар көп көмек береді.Олар арқылы түрлі дағдыларды меңгеру барысында,білімгерлер белсенділікке,өз бетінше жұмыс  істеуге,қорытынды жасауға дағдыланады.        

                   Сонымен, шет тілін үйрету барысында жаңа инновациялық технологияларды қолдануда ойын элементтерінің маңыздылығы өте зор.

Әдебиеттер:

1.New English File. Oxford. 2006.

2.Гладилина «Некоторые приемы работы на уроках английского языка в начальной школе», 2003.

3. Кукушин В.С. «Современные педагогические технологии», Ростов, 2003.