Байкенова Н.Қ.
«Сымбат» Дизайн және
Технология академиясы колледжінің қазақ тілі мен
әдебиеті мәні оқытушысы
Қазақстан,
Алматы
Қазақ тілін оқытудың деңгейлік
жүйесі
«Қазақстан
Республикасының Білім беруді дамытудың 2005-2010 жылдарға
арналған мемлекеттік бағдарламасында»- «...білім берудің
тиімді жұмыс істейтін қазақстандық жүйесі
қалыптасып, қазіргі әлемде Қазақстанның
лайықты орын алуына мүмкіндік беретін оқытудың
сапалық білім деңгейіне қол жеткізетін болады» деп атап
көрсетілген.[1] Қазақстан Республикасының «Тіл туралы»,
«Білім беру туралы» заңдары : «еліміздің білім беру жүйесінде
көптілді меңгерген дара тұлға қалыптастыру»
мақсатын жүзеге асырудың ұтымды жолдарын
анықтауды талап етіп, тілдерді оқытудың жаңа жолдарын
белгіледі.[4] Оқытушы қызметінің негізгі мәні –
студентті оқыту, тәрбиелеу, дамыту ғана емес, сол
үрдістерді басқаруды шығармашылықпен ұйымдастыра
білу. Сондықтан білім беру жүйесін реформалау саясатын, ең
біріншіден, еңбек, технология, кәсіптік білім беру сияқты
өмір талабына сәйкес жүргізу, екіншіден, оқу
үрдісіндегі бірлігін сабақтастыра отырып, білімнің
үйлесімділігімен қатар әрбір студенттің дербес
ерекшеліктерін ескеріп, қабілетіне, белсенділігіне сәйкес
бағдар ұстау керек. Әдіс-тәсілдерді таңдап алу -
ең күрделі процесс. Оқыту әдісі – білім беру
міндеттеріне бағытталған оқытушы мен оқушының
теориялық және практикалық таным жолы. Бұған жеке
пәндердің ғылыми-әдістемелік деңгейін
ғылыми ұйымдастырғанда, яғни әр сабақта
әр түрлі әдістерді пайдалана отырып, кешенді жоспар
жасағанда ғана қолы жетеді.[2] Жалпы дидактикада да, әлемдік әдіс- темелік ілімінде де қалыптасқан «деңгейлік
оқыту» ұғымы бар. Қазақ тілін
оқытудың деңгейлік жүйесі дегенде, алдымен,
қазіргі қолданыста жүрген «деңгей» ұғымының ара жігін ашып
алған жөн. Тілді деңгейлік оқытудың
қалыптасқан 2 түрі бар: 1) тілді оқыту деңгейі; 2)
тілдік материалды меңгеру деңгейі. Ғалым
Қ.Қадашева қазақ тілін үйретудегі
жаңғыртып оқыту әдістемесін, интерактивті
әдістемені, көпдеңгейлік оқыту әдістемесін
қарастырады. Ғалым деңгейлік оқыту әдістемесі
ұғымында үйренушінің тілді меңгеру деңгейі
деген ұғымдардың арасындағы айырмашылықтарды
былайша жіктеп көрсеткен.
![]()
Деңгей
|
Тілдік материалды меңгеру
деңгейі-жеке тұлғаның тілді біліп, үйренген
(комму-никативтік,стратегиялық, лингво-мәдени және
т.б.) құзіреті арқылы айқындалады |
Деңгейлік тапсырмалар –
жеңілден қиынға, қарапайымнан
күрделіге қарай сатылы түрде орындалатын жұмыстар
жүйесі. [3]
Деңгейлік
тапсырмаларға қойылатын талаптар: біріншіден,
әр деңгейде берілетін білім көлемін белгілеу қажет
(лексикалық ұғымдарды оқытуға байланысты);
екіншіден, белгіленетін білім көлеміне қатысты әр
деңгейде орындалатын тапсырмаларды іріктеп таңдап алу үшін
керек. Сонымен қатар бұл талаптар әр деңгейдегі
(репродуктивтік, алгоритмдік, ізденімдік, шығармашылық)
тапсырма-лардың қандай болуы керек, қандай мақсатта
берілуі керектігін анықтайды. Әр деңгейдің талабына
сәйкес түрлі тапсырмалар арқылы тіл үйренушінің
білім көлемінің қай деңгейге сай келетінін
анықтауға болады.
Деңгейлік тапсырмалар
ұстанымдары: Әр деңгейдің
өзіндік талаптарына сәйкес тапсырмалар жүйелі жасалады.
Қазақ тілінің грамматикалық ұстанымдарға,
тілдік материалдарға байланысты деңгейлік тапсырмаларды іріктеп
алудың ұстанымдары: Тапсырманың
қызықтылығы. Тапсырманың ішкі мазмұны
және орындалу жолдары қызықты болу керек. Сурет, түрлі
таблицалар тапсырманы орындауда мотивация туғызады және көру
арқылы есте сақтау қабілетін арттырады. Тапсырма
мазмұнының жүйелілігі. Тапсырманың мәні мен
мазмұны, ішкі құрылымы, мағыналық жағынан
жүйелі байланыста болуы тиімді. Тапсырма мазмұнының
жүйелілігі оқушының ойлау жүйесін
қалыптастыруға ыңғайлайды. Тапсырманың
жетекшілігі. Тапсырма өтілген тақырыппен тікелей
байланыста болуы керек. Осыған сай ең басты мәселе әр
деңгейлік тапсырмада орын алады және тақырыпқа
қатысты ең өзекті доминант болып шығады.
Тапсырманың
танымдылығы. Тапсырмалар мазмұнының
танымдылық сипаты басым болуы керек. Тапсырмалар мазмұны тіл
үйренушіні қоршаған ортасын, өмір сүрген
қоғамын танып білуге үйретеді.Танылған осы ұстанымдар
қазақ тілін оқытуда қолданылатын деңгейлік
тапсырмалар жүйесіне негіз болады.
Қазақ тілін
деңгейлеп оқытудағы орындалатын тапсырмалардың
түрлері:
·
Білімділік
·
Проблемалық
·
Пәнаралық
·
Шешендік
·
Танымдық
·
Интеллектуалдық
Деңгейлік
оқытудың басты ерекшелігі білім беру, оқыту, үйрету
процессін топтап, жіктеп бөледі, әрбір деңгейдің
өзіндік лексика-грамматикалық минимумы болады. Деңгейлік оқытудың негізгі ұстанымы –
тілдік материалдарды өмір шындығындаға
жағдайлардың негізінде ұйымдастырып, сөйлеу
жағдаятында қолдану. Деңгейлер бір-бірінен жекеленбейді,
тілдік «бөліктер» бір-біріне өте жақын байланыста болады. Деңгей
бойынша оқытудың ең негізгі бағыты –
сөйлеудің ең қарапайым түрінен күрделіге
дейін жету жолдары, яғни дайын үлгідегі жекелеген сөздер мен
сөз тіркестері арқылы ойын айтудан бастап, өзі мәтін
құрып, өз сөзімен белгілі бір тақырыпты
кеңейтіп, дамытып айтуға жеткізу. Жаңа мәтінді бірінші
рет оқытушы өзі оқуы тиіс. Міндетті түрде сөздік
жұмысы өтеді. Қандай мәтін болмасын онымен
жұмысты деңгейлеп жүргізуге арналған тапсырмалар болуы
керек.
Мәтінмен жұмысты
деңгейлеп жүргізу.
І деңгей. Мәтіннен негізгі ойды
білдіретін сөз тіркестерін көрсетіңіз.
ІІ деңгей. Мәтін мазмұны
бойынша сұрақтар қойыңыз.
ІІІ деңгей. Мәтіннің
негізгі ойын айтыңыз.
ІV деңгей. Мәтін
бөліктеріне ат қойыңыз.
V деңгей. Мәтін бойынша сөйлесу
құрыңыз.
VІ деңгей. Мәтін идеясы бойынша
өз ойыңызды білдіріңіз.
|
Қазақ тілі сабақтарында
күнделікті, тақырыптық, қорытынды бақылау
жүргізу үшін студенттердің білім, білік, дағдыларына
әзірленген жеке деңгейлік тапсырмалар. |
![]()
![]()
![]()
![]()
|
Жеке және сара-лап оқыту дең-гейлік тапсыр-малары
білімнің нақтылығын, тү-сініп, тез орында-луын
тексеруге бағытталған. Тапсырмалардың орындалуына 10-15 минут
уақыт жетеді. |
Саралап
оқыту- ға бейімделген тапсырмалар үл-гі бойынша бе-рілген жұмысты орындау және тексеру
үшін қол-данылады. Тап-сырмалардың құ-рылымы:
1) тап-сырманың маз-мұны, алгоритмі және орындалуы; 2)
берілген үлгі бойынша осыған ұқсас тапсырма-ның
мазмұнын оқушының өз бе-тімен орындауы; 3) көршіңе түсін-дірілуі қажет
тап-сырма. |
Түрлі деңгейдегі тест тапсырма-лары. Көлемі ша-ғын оқу мате-риалын өткенде
ағымдағы бақы-лау ретінде түрлі деңгейдегі тест
тапсырмаларын өткізген дұрыс. 10-15сұрақтан
тұ-ратын тест тап-сырмаларын бе-руге болады. Өткізілу
уақыты -7-10 минут. Өз-өздерін немесе бір-бірін тексеру
жұмысы арқылы өткізіледі. |
Түрлі деңгейдегі тақырыптық
ба-қылау жұмыс-тары білімнің барлық
деңгейле-рін және сапасын тексеруге бағыт-талған.
Жұмыс-тың орындалу уа-қыты-сабақ. Түр-лі
деңгейдегі ба-қылау жұмысына дайындалуға қо-йылатын
талап-тар: -көпнұсқалы-лық; -саралап оқы -ту
(меңгеру дең-гейіндегі барлық тапсырмалар); -тапсырманы
өзі таңдап алу мүм-кіндігі; - тапсыр-маны бағалау. |
Қорыта айтқанда,
біздің жұмысымызда шешілмей келе жатқан бір мәселе –
бұл оқушыларды сөйлету. Қазіргі таңда
біздің оқушылар репродуктивті түрде сөйлейді,
яғни жаттағанын қайталап береді. Осы қателіктерді
түзетіп, дағдылы түрде сөйлеуге жетекші болатын
көмекші құрал – деңгейлік тапсырмалар деп ойлаймын.
Пайдаланылған әдебиеттер:
1. Қазақстан Республикасы стратегиялық дамуының
2005-2010 жылдарға арналған бағдарламасы.
2. М.Д.Көпжасарова. Педагогикалық психология. Алматы, «Экономика»
баспасы, 2010ж., 25-27 б.
3. Д.Т.Опанова. «Өзге ұлт өкілдеріне қазақ
тілі мен әдебиеті пәндерін деңгейлеп оқыту» Алматы, «Дайыр» баспасы, 2011ж., 6-7 б.
4. Қазақстан Республикасының «Білім туралы» заңы.