Куразбекова Ж.М.

«Сымбат» Дизайн және Технология Академиясы колледжінің

орыс тілі мен әдебиеті оқытушысы

Қазақстан, Алматы

 

«БІЛІМДІДЕН ШЫҚҚАН СӨЗ, ТАЛАПТЫҒА БОЛСЫН КЕЗ ...»

 

«Ұстаздық еткен жалықпас,

Үйретуден балаға» деп Абай атамыз айтқандай ұстаз міндеті алдына келген шәкіртіне білгенін жалықпай үйрету, алға жетелеу болмақ. Жылылық пен ізгілік нұрын жинаған ұстаз жүрегі әрі сезімтал, әрі мейірімді.

«Мейлі жас бол, кәрі бол,

Дана деп сені пана деп сені ұғамын», - деп ақын Ж.Молдағалиев жырлағандай, жас болып, қарт болып дараланған ұстаз-мұғалімді дана деп те, пана деп те атау орынды. Балақателігін кешірген, баланың келбетіне емес, қылығына қарап әрекет ететін, жан күйзелісін дөп басып,  қиындық-тығырықтан жол табуға жетелейтін үлкен жүректі ұстаз пейілі кеңдігінен шәкірт-балапанға пана болар бәйтерек іспетті [1, с.20-22].

Мектеп табалдырығын жүрексіне аттағанбалдырғанның бала тілегін тереңнен түйісіп, бала жүрегін жабырқатпай,оның сенімінің үдесінен шыға білуұстаз білмділігінде емес ғана емес, біліктілігінде. Бала сенімін аяқтауда олардың құпия – сырларын сақтай біліп, басқа адамдардыңалдына бала мүддесін қорғаушы ретінде танылуы тиіс.

       Әр баланы жас ерекшелігіне, мінез құлқына, өскен ортасына  қарай танып, адамзат қылып қалыптастыру – әр ұстаздың  мұраты. Ұстаз – диқаншы да,  кенші де, қалыпшыда. Диқан көктемде еккен дәнді күтіп – баптаса ғана, еңбектенсе ғана күзде мол өнім алады. Кенші жер астындағы қазба-байлықтары тауып, ел игілігіне жаратады. Қалыпшы балқыған темірден шойын қорытады, қалыпқа келтіреді [2,с.3].

        Ұстаз еңбегінің де, қыр сыры соған ұқсайды. Шәкірт жүрегіне жол тауып, жан жылуы мен білім нұрын сеуіп, аянбай еңбек етсе, өзінен шәкірті озып жатса, маңдай тердің текке төгілмегені емес пе ?!!! Мұны мен диқан еңбегімен пара – пара дер едім.

       Топтан оза шабатын шын жүйрікті тану, жабыдан жүйрікті айыру – атбегінің көрегендігі. Көздері жәудіреген  жаутаңкөз баладан жалын атқан кенші демей, кім дейміз?

Жас дарынның талабын шындап, дара тұлға болып танылуына, керек десе барлық баланың дара болуына бар күш – жігерін сарп ететін қажырлы ұстазды қалыпшы деуге болмас па ?

       Ұлы ақынымыз Абайдың ұстаздық етер шәкірттері, өз мектебі болған ғой. Саз өнері мен сөз өнерін ардақ тұтып, өрнектеп, өрелі ой түйген Абай ақын ұстаз-ақын да бола алды[3,с.33-34].

       Ұстаз қандай болу керек?- деген сұрақтың жауабын дана, данышпан Абай атамыздың шығармаларынана табар едік.

     «Ыстық, қайрат, нұрлы ақыл, жылы жүрек»иесі ұстаздан ғибрат алар шәкіртттері де осал болмас.

     Абай – мекеніне саяхат жасайтын болсақ, балаларға ұлы ақын –жазушы шығармаларын терең меңгере отырып, оны талдау, мәнерлеп оқу.

     Абай атамыз айтқандай:

     Мен жазбаймын өлеңді ермек үшін,

     Жоқ-барды ертегіні термек үшін.

     Көкірегі-сезімді, тілі орамды,

     Жаздым үлгі жастарға бермек үшін.

     Жүрегімнің түбіне терең бойла,

     Мен бір жұмбақ адаммын, оны да ойла.

     Соқтықпалы соқпақсыз жерде өстім,

     Мыңмен жалғыз алыстым, кінә қойма.

     Абай өз өлеңдерінде жастарды өнер-білімге шақырады, адал еңбек етуге, халыққа пайда келтіруге үндейді. Осы өзінің шығармашылығының ішінде балаларға арнап жыл мезгілдірінде сипаттап жазған [4,с.50-75]. Мысалға, күз мезгілі:

     Сұр бұлт түсі суық қаптайды аспан,

Күз болып, дымқыл тұман жерді басқан.

Білмеймін тойғаны ма, тоңғаны ма,

Жылқы ойнап, бие қашақан, тай жарысқан.

Жасыл шөп,бәйшешек бұрынғыдай,

Жастар күлмес, жүгірмес бала шулай.

Қайыршы шал- кемпірдей түсі кетіп,

Жапырағынан айырылған ағаш, құрай.

     Абай атамыз өзінің қара сөздерінде жастарды әдептілікке, ар-ұят адамдықтың белгісіне үндейді.

     Күллі адам баласын қор қылатын үш нәрсе бар. Сонан қашпақ  керек:

әуелі –надандық, екінші – еріншектік, үшінші – зұлымдылық деп білесің.

     Надандық – білім – ғылымның жоқтығы,

дүниеден еш нәрсені оларсыз біліп болмайды.

Білімсіздік хайуандық  болады.

Еріншектік -  күллі дүниедегі өнердің дұшпаны.

Талапсыздық, жігерсіздік, ұятсыздық ,

Кедейлік – бәрі осыдан шығады.

Залымдық– адам баласының дұшпаны.

Адам баласына дұшпан болса, адамнан бөлінеді, бір жыртқыш хайуан хисабына қосылады.

Осы аталған Абай атамыздың  қара сөздерінде үлкен  ғұлама негіздері қалыптастырылған. Мысалға: хисабына деген сөзге түсінік беретін болсақ.

Хисабына – бұл жерде: қатарына есебіне деген мағынаны білдіреді.

    Ұлылардың Отаны, ақындықтың Меккесі атанып жүрген Шыңғыстаудың әрбір өзен өлкесінің тау төбесі, өрісі мен қонысы аңызға айналған тарихы бар, өлең–жырға, ән-күйге, дастан, поэма, кескіндеу,көркемсурет, арқау тақырып болған[5,с.15-18].

Туғызды Шыңғыс Абайды,

Туғызды Шыңғыс Шәкәрімдей сұңқарды.

Ең соңында толғатты

Мұхтардай Гималайыңды.

     Абайдай данышпан перзенттін дүниеге әкелген қазақ халқы ата-бабаларының арманы болып келген ел тәуелсіздігін көзінің қарашығындай сақтайтынына, қорғайтынына сенімі мол болған.

      Ағаш жемісімен, ұстаз шәкіртімен көрікті. Мен ұстазды жүрегі нәзік, жас балғын-балапанын баулап, баптап, шыңдап, шың басындағы ұядағы қияға ұшырған қыранға теңер едім.

 

 

Пайдаланған әдебиеттер:

 

1.     «Мұғалім» - журналы, А., 2008 ж.,20-22 бб.

2.     «Ұстаз» - газеті, 2009 ж., А., № 25, 3 б.

3.     Қазақ тілі жинағы, 2009 ж., А., 33-34 бб.

4.     Қазақ әдебиеті жинағы, А., 2010 ж.,50-75 жж.

5.     «Ана тілі» журналы, 2010 ж.,А, № 04, 15-18 бб.