Алтыбаева Ш.Т.

 М.Жұмабаев атындағы

№137 мектептің қазақ тілі мен

әдебиеті пәнінің мұғалімі.

Сабақ барысында рефлексияны қолдану

Рефлексия (лат. reflexio - кейінге оралу) - бейнелеуді, сондай-ақ танымды білдіретін термин. Бұл «Мен»: Мен не ойладым? Не сезіндім? Не алдым? Мені не таңғалдырды? Мен не түсіндім? т.б. білдіреді.

Рефлексия оқушыларды өзін-өзі бақылауға, бағалауға, өзін-өзі реттеуге  үйретіп, өмірдің, кей мәселенің, оқиғалардың мәнін ұғынуға көмектеседі.

Рефлексия оқушылардың сыни тұрғыдан дамуына көмектеседі.

Рефлексияның жіктелуі

Рефлексияны өткізу тәсілдері:

Рефлексия сабақ үдерісі бойы жүреді, сабақтың әр кезеңінде әр түрлі қызмет атқаруы мүмкін. Мұнда тек мұғалім ғана емес, оқушы да қатысып отырады. Тәжірибе көрсеткендей, егер бір адам рефлексияға қатыспайтын болса, рефлексияны тиімді деуге болмайды.

Рефлексия жазбаша және ауызша түрде болуы мүмкін. Бұл жерде ол мағыналық жағынан әр түрлі болмақ.

Ауызша рефлексия

Ауызша рефлексияның мақсаты өз ұстанымын жария етіп, басқа адамдардың пікірімен сәйкестендіру. Студенттер мен оқушылар өз ойын хабарлау, диалог немесе сұрақтар арқылы білдіру ешбір маңызды мәселелерді айқындауға көмектесетіні туралы жиі айтады. Ауызша рефлексияның түрлі тәсілдерінің ішінде (диалог, пікірталас, біріге сөз таластыру) осы мақалада педагогикалық практика үрдісінде, педагогтар мен студенттер жұмысында тиімді қолданылатын бір түрін зерделеп ұсынып отырмын.  «Екі қатарлы дөңгелек үстел» деп аталатын бұл тәсіл қатысушылар үшін өзекті мәселе бойынша пікір алмасуды мақсат етеді.  «Екі қатарлы дөңгелек үстелді» өткізу  кезінде оқытушы қатысушыларды екі топқа бөледі. Бірінші топқа «ішкі» шеңберді құрайды. Бұл топтың қатысушылары талқыланатын мәселелер бойынша өз ойларын еркін айтады.

Жазбаша рефлексия

Алайда, көптеген психолог, педагог ғалымдар, соның ішінде Ф.Кортахян жеке тұлғаның дамуы үшін жазбаша рефлексия маңызды деп есептейді. Жазбаша рефлексияның бірнеше белгілі түрлерін бөліп қарастыруға болады. Эссе - нақты тақырыпты ашатын және еркін құрылымы, сөйлеу тілінің бағдары бар, шиеленіске толы шағын көлемді шығарма.

Эссе жаздыру белгілі бір мәселе бойынша оқушының  өз тәжірибесіне сүйенуін көздейді.

«Борт журналы» - тірек сөздер, графикалық модельдер, қысқа сөйлемдер, қорытындылар, сұрақтар арқылы ақпаратты тізудің бір түрі. «Борт журналының» бөліктерін оқытушы оқушыларға ұсынудың тақырыптық тірек ұғымдары, байланысы, маңызды сұрақтары сияқты түрлерін қолдануына болады. 

«Күншуақ»

Тақтада күннің бейнесі жапсырылған, балаларға сары және көк түсті күн шашақтары  үлестіріледі. Күн шашақтарын күнге жапсыру керек: сары түс – маған сабақ өте ұнады, көптеген қызықты ақпараттар алдым, көк түс – сабақ қызықсыз, ешқандай танымдық ақпарат ала алмадым – дегенді білдіреді.  

«Алма ағашы»

Тақтада алма ағашының суреті салынған. Оқушыларға екі түсті алма – қызыл және жасыл түс беріледді. Балалар алманы алма ағашына жапсырады: жасыл – мен бәрін өте жақсы жасадым деп есептеймін, менің көңіл-күйім жақсы, ал қызыл түс – тапсырманы орындай алмадым, менің көңіл-күйім жоқ дегенді білдіреді.

«Даналық ағашы»

Жұмыс ережесі мынадай : ағаштың діңі – тақырып, жұмыс түрі, ствол дерева – тема, вид деятельности,  бұтақтары – "иә", "жоқ" бағыттары бойынша дәлелдері, және "жапырақтары" дәлелге негіздемелерінің болуы.  

«Бестік»

Оқушыларға қағазға қолының суретін салу тапсырылады.

Әр саусақ – адамның өз пікірін білдіреді.

Басбармақ – мен үшін маңызды және қызық;

Сұқ саусақ – маған қиын болды (ұнамады);

Ортаңғы саусақ – маған жеткіліксіз болды;

Аты жоқ саусақ – менің көңіл-күйім;

Шынашақ – менің ұсынысым.

«Бәрі ойдағыдай»

 Оқушылар бір-біріне қалпақты жалғастыра береді, музыка тоқтаған кезде, кімнің қолында қалпақ қалса, сол сабақтағы өз жұмысын талдайды не тақтадағы оқушыға баға қойып, оған талдау жасайды.  

«Синквейн»

Бұл – шығармашылық рефлексия. Мұнда ақпарат жүйеленеді және бағаланады.

1 жол – тақырып не зат (бір зат есім);
2 жол – затты бейнелеу (екі сын есім);
3 жол –
іс-әрекетті  бейнелеу (үш етістік);
4 жол – белг
ілі бір сөз тіркесі;
5 жол – синоним.

«Сарапшы комиссия»

Сабақ басында сарапшылар таңдап алынады (бақылау жұмысын өте жоғары деңгейде орындаған оқушылар). Олар сабақ бойы оқушылардың іс-әрекетін белгілеп отырады. Сабақ соңында олар олардың қателіктерін анықтап, дәлелдеп,  бағалайды.

«Мен үшін бүгінгі сабақ…»

Оқушыларға жеке парақша беріледі, олар үш бағыт бойынша өз жұмысы бойынша қажет сөздің астын сызу керек.

Сабақ

Мен сабқта

Қорытынды

1. қызық

1. жұмыс істедім

1. материалды түсіндім.

2. қызықсыз

2.демалдым

2. білетінімнен де көп білдім.

3.енжарлық басым

3.басқаларға көмектестім.

3.түсінбедім

«Екі жақты күнделік»

Бірінші графада – рефлексия атуы, екіншіде – түсінік берілген. Күнделік ұзақ уақыт бойы жүргізіледі. Бақылау жұмыстарының нәтижесін  салыстыруын жүргізіп отыру үшн қажет

Жұмыс

Нәтижесі

 

 

 

 

 

 

Рефлексия  өткізу кезіндегі мұғалім міндеті – оқушының өткізген күні не істеген жұмысы жайлы айтқысы, не ойымен бөлісе алатындай психологиялық ахуал жасау. Әсіресе, өзі жасаған оқушының өзі жасаған әрекеттеріне байланысты өзі өткен сезімдерін қайта оралта алуы, ол жайлы қағазға түсіре алуы, не басқаша суреттеуі ерекше жағдайды талап етеді.  Әсіресе баланың өзі жасаған әрекеттеріне байланысты басынан өткен сезімдерін қайта оралта алуы, ол жайлы қағазға түсіруі немесе басқаша суреттеуі ерекше жағдайды талап етеді. Сонымен, рефлексия дегеніміз – көп қырлы әрекет. Рефлексияның тиімділігін атап өтер болсақ, оқушы үшін :

·        Рефлексия – оқушыны өз-өзіне есеп беруге баулиды;

·        Рефлексия арқылы оқушының қажеттілігін анықтай аламыз;

·        Рефлексия арқылы оқушының өзіндік ойы, көзқарасы қалыптасады;

·        Рефлексия арқылы білім беру барысының сапасын жақсартуға болады;

·        Рефлексия нәтижесінде сыни көзқарас қалыптасады;

·        Өз – өзіне баға бере алады;

·        Білім алуға деген қызығушылығы, ынтасы жоғарылай береді.

Мұғалім үшін:

·        Оқушылардың шығармашылыққа деген ынта-жігері;

·        Әрбір оқушының пікірімен санаса білу;

·        Сыни ойлауды қалыптастыру;

·        Пәндік білім сапасының артуы;

·        Өзіндік сыни ойлауының жоғары дәрежеде болуы.

Рефлексия педагогикада мұғалімнің кәсіби әрекетін жоғары шығармашылық деңгейде өтуіне негіз болады.

 

Қолданылған әдебиеттер:

1.  Б.З.Вульфов,В.И.Харькин. Педагогика рефлексии. М., »Наука»,1997.

2. А.А. Деркач. Акмеологические основы развития профессионализма. М., Воронеж,2004.