Куанышева Сауле Шалабаевна

                                      Қазақ пәнінің мұғалімі

                        ЖББОМ № 5,  Қарағанды қаласы. Қазақстан

             

              Қазақ тілі сабағында  деңгейлік тапсырмалар арқылы

                 оқушылардың  сойлеу тілінің белсенділігін арттыру.

                                                         

      Қазіргі заман талабына сай адамдардын мәлімет алмасуына, қарым-қатынасына жана дамыту технологиялардың кеңінен қолданысқа еніп, жылдам дамып келе жатқан кезеңінде  қоғамды қалыптастыру қажетті шартқа айналып отыр. Қазіргі мектеп жағдайындағы білім берудің ұлттық моделіне оқыту мен тәрбие берудің соңғы әдіс-тәсілдерін, инновациялық технологияны игерген, психологиялық, педагогикалық жұмыста қалыптасқан, ескі сүрлеуден тез арада арылуға қабілетті және нақты тәжірибелік іс-әрекет үстінде өзіндік даңғыл жолын салуға икемді, шығармашылық педагогикалық зерттеуші болуды талап етеді. Қазіргі заман ағымына байланысты оқушылардың білімге қызығуын арттыру үшін мұғалімдерге жаңа талаптар қойылуда. Сол себепті оқытудың әр түрлі технологиялары жасалып, мектеп тәжірибесіне енгізілуде. Жан-жақты ізденістің нәтижесінде білім беру саласында жаңа педагогикалық технологиялардың саны да, сапасы да өсіп келеді. Еліміздің болашағын жасайтын жастар білімімен қатар шығармашылық қасиеті жоғары, өзіндік көзқарасы бар, елге тұлға болатын азаматтар болуы керек. Ал ол азаматтарды оқытып, тәрбиелеп шығаратын негізгі орта – мектеп. Сондықтан қазіргі мектеп ішінара қайта құруларға жол беріп, көп істерде оң өзгерістерге қол жеткізуде.    Менің де мұғалім ретінде алдыма қойған мақсатым – оқушыларға ұлттық педагогикалық тәрбие мен білім берумен қатар олардың сойлесу тілінің белсенділігін арттыру.

Сөйлеу дегеніміз – адамдардың тіл арқылы басқа адамдармен қарым-қатынас жасау әрекеті. Ойымызды басқа біреуге жеткізуде көрінетін жеке адамдың дербес әрекетін сөйлеу деп атайды.  Мұның әсіресе мұғалімдер үшін маңызы зор. Көрнекі педагог А.С.Макаренко бұл жөнінде «балалар сіздің сөзіңізден өзіңіздің еркіңізді, сіздің мәдениетіңізді, сіздің жеке ерекшелігіңізді сезе алатындай болуы керек» деген. Сөйлеу – пікір алысу процесінде адамның тілді өзінше пайдалануы. Сөзді қабылдау және оны ұғыну бір-бірімен тығыз байланысты. Сөзді дұрыс қабылдамай тұрып, оны ұғынуға болмайды. Жеке сөздерді қабылдау оны ұғынуды қажет етеді. Қабылдау мен ұғыну бір мезгілде жүріп отырады, бірін-сіз-бірі іске аспайды. Адамға тән сөйлеу әрекетінде екі сипат болуы шарт.Біріншісі – сөйлеудің мазмұндылығы, екіншісі оның мәнерлілігі. Сөздің мәнерлігі сөйлеу интонациясы мен артикуляциялық аппаратқа тығыз байланысты. Ал сөздің мазмұны болмаса, ол өзінің сөздік мәнін жояды.

Деңгейлік тапсырмаларды орындау қабілеті оқушының логикалық ойлау әрекетіне байланысты. Ал ойлау әрекеті сөйлеу әрекетінің жүзеге асуына ықпал етеді.

      Оқушы хат немесе мазмұндама, шығарма жұмыстарын жазу процесінде өзінің көңіл күйін, пікірін білдіріп қана қоймайды, сонымен бірге өзінің қатынасын, көзқарасын, ойын да білдіреді. Демек, тіл ойды білдіріп қоймайды, сезімді де сыртқа шығарады. Оқушы бір-бірімен сөйлесу арқылы тілдің эмоциялық жағын, дауыс ырғағын, ымдау, қолдау шараларын пайдаланады. Сондықтан тіл психикалық құбылыстарды танып білудің де құралы бола алады. Мысалы: оқушы еліктеуіш, одағай сөздерді айтуда, қолдануда тілдің эмоциялық жағын меңгереді. Сондай-ақ қазір сабаққа қойылатын талаптар тұрғысынан техникалық құралдарды пайдалану, таблицалар, диаграммалар мен диапозитивтер, бейнетаспалар мен үнтаспаларды пайдалану арқылы оқушылардың есту, көру сезімдеріне әсер ете отырып, олардың түсінгенін айту, сөйлеу тілін арттыру жұмыстары жүргізіледі. Сабақта қолданылатын түрлі көрнекіліктер оқушыларды әр түрлі ойлау әрекеттеріне бейімдейді. Түсіндірілген материалды саналы түрде меңгеруге ықпал жасайды.

Сондықтан қазақ тілін оқытатын мұғалім өзінің ерекшелігіне қарай психологияны жақсы білуі тиіс. Бала психологиясын сезіне білу жалпы педагогикалық бірліктілікке жатады. Онсыз балалардың оқуында болсын, тәрбиесінде болсын жеке басындағы ерекшеліктеріді ажырата білу мүмкін емес.Баланың жасына, жеке басының ерекшелігіне қарай қарым-қатынас жасай білу дегеніміз  оның жүрек сезіміне жол табу, оқуына, тәрбиесіне ықпал жасай алатын жұмыстың әдістері мен амалдарын белгілеу деген сөз.Тілдің қарым-қатынас қызметі жеке бірліктер түрінде емес, өзара хабар алысатын саналы әрекет түрінде жүзеге асатыны белгілі.Сондықтан тілдің әртүрлі деңгейіндегі тілдік бірліктердің ерекшеліктері, сөйлеудің коммуникативті түрлері, сөйлесімдер мен мәтіндердің коммуникативтілігіне негіз болып отыр. Қоғам талабына сай қазақ тілдерін оқытуда берілетін білім мазмұны мен оқыту әдістерін жаңалау қажет ететіндігі айқындалды. Ондағы мақсат оқушыларды қарапайым болса да өз ойларын еркін жеткізіп қана қоймай, өзара тіл табысып, пікір алысуға үйрету, себебі жалпыға білім беретін орта мектеп білімнің негізгі мақсаты оқушының қазақ тілінде сөйлеу қабілетін жетілдіру. Қазіргі кезде оқушылардың ауызша сөйлеу әрекетін қалыптастыру- бүгінгі күннің өзекті мәселесі болып табылады. Тіл дамытуда мынадай тілдік материалдарды пайдалануға болады:

а) Тіл дамыту жұмыстарын көркем-әдеби үлгілермен емес, таза «бала тілін» бақылау арқылы жүргізу.

ә) Тіл дамытуда газет-журналдардың, ресми іс-қағаздардың тілін пайдалану.

б) Тіл дамытуда көркем-әдебиет тілінен үлгі алу.

Тіл дамыту жұмыстарын үш салаға бөледі; 1.сөздікпен жұмыс; 2.сөз тіркесі және сөйлеммен жұмыс; 3.байланыстырып сөйлеуге дағдыландыру жұмыстары.  Қазақ тілін тыңдап түсіне білу және сөйлей білу ауызша түрге жатады. Жазбаша түрге тілдің жазбаша түрін пайдалана білу немесе жазу және  жазылған мәтінді оқи білу жатады. Тіл қатынас құралы,ол ауызша және жазбаша түрде жүзеге асады. Ауызша  түрге: тыңдау, түсіну және сөйлеу әрекеті жатады. Жазбаша түрге: оқу және жазу әрекеті жатады.Тыңдау, сөйлеу, жазу және оқу дағдыларын қалыптастыру оқушының тілді ауызша да, жазбаша да жақсы меңгеруіне тікелей әсер етеді.  Оқушы тілді жақсы меңгеру үшін осы төрт дағдының негізі берік қалануы керек.

Сонымен бірге мемлекеттік стандартта белгіленген білім беру қызметінің көлемі мен сапасы, жеке тұлға қалыптастыру талаптары жауап берсе, оқушының қызығушылығы мен бейімділігіне байланысты мүмкіндік деңгей жұмыстарын орындату арқылы әрі қарай дамыту жұмыстары жүргізіледі. Ауызша сөйлеудің диалог және моногол түрлері тапсырмада орындалады. Пікірлесудің қандай түрлері болса да сөйлеу кезінде сөз арқылы жүзеге асады. Ауызша сөйлеудің негізгі бір түрі диалог сөйлеу болса, ол деңгейлік тапсырмаларды орындау байқалады.

 Орыс мектептерінде қазақ тілін оқытып үйретудің сапасын арттыру мақсатында тәжірибеге әр түрлі оқыту технологиялары енгізілуде. 

Модулдік бағдарламамен оқыту оқушылар дың сабаққа деген белсенділігін , қызығушылығын арттырады . Оқытудың модулдік технологиясының басты элементінің бірі  модулдік бағдарлама . Мұнда оқыту әдістері мен тақырыпты меңгеру жүйелілігі көрсетіледі , яғни модулдік бағдарлама белгілі бір тақырыпты оқып үйренудегі оқушы іс-әрекетінің бағдарламасы . Бұл бағдарлама бірнеше оқу элементтерін қамтиды .        

 Ойлау–баланың таным әрекетінің ең жоғары түрі. Ойлау сөйлеу әрекеті арқылы іске асады. Ойлау нақты сұрақтарға жауап беруді іздеуден басталады.Сондықтан баланың ойлау қабілетін ойдағыдай дамыту үшін тиімді технология мен тәсілдер қолдану арқылы арнайы жұмыстар жүргізіп,оқушылардың өздеріне талдау, салыстыру, жалпылау, қорытынды жасатамын. Сөздік диктант жазғанда жұмбақтар жасырып, шешулерін жазғыздым. Сөзжұмбақ шешу, сөзжұмбақ құрастыру, ребус шешу.Білімді тиянақтау кезеңінде сұрақтың дұрыс жауабын табу, шығармашылық тапсырмалар қолданамын.

Ойындар оқушылардың танымын, ақыл–ой белсенділігін қалыптастырудың маңызды құралы бола отырып,олардың бағдарлама материалының негізгі тақырыптары бойынша  алған  білімдерін тереңдете түсуді,әрі пысықтауды  көздейді.Бұл ойындар балалардың сабақ үстіндегі жұмысын түрлендіре түседі, олардың пәнге қызығушылығын оятып, ынта –ықылыас қоюына баулиды және оқушылардың зейінін,ойлау қабілеттерін дамытады.  Ойындар арнайы  мақсатты көздейді  және нақты  міндеттерді шешеді.

Әдебиеттер тізімі : .

1. Оқушылардың танымдық белсенділігін дамытудың әдістемесі. ҚМУ. Хабаршы , 2010ж 

2. Г.Пазылова. Оқушылардың танымдық белсенділігін  арттыру.  Бастауш Мектеп 2000ж. 

3.Айдосова З. “Дамыта оқыту технологиясының мәселелері – 2004ж.

4. Қайыпова Ш. Танымдық белсенділік тәсілдері. Қазақстан мектебі 2005ж.