Ахметова Л.С.
Аға оқытушы,тарих магистрі
А.Байтұрсынов атындағы Қостанай мемлекеттік университеті
ИСЛАМДАҒЫ
ӘЛЕУМЕТТІК ҚҰҚЫҚ МӘСЕЛЕСІ.
Ислам назарында өмір дегеніміз адамдардың
мейірімділік және жанашырлықпен өзара жәрдемдесулері
мен қарайласуларынан тұрады. Ислам ұсынатын әлеуметтік
әділдік адамзат өмірінің жан–жағын толығымен
қамтитын адамгершіліке негізделеді. Ол адамдардың арасын дінге,
нәсілге қарай ажыратпайды. Оның экономикалық,
материалдық әділдігі адамзаттың ойымен
тұрғызылған жүйелер мен қаулыларға
мүлде ұқсамайды.
Ислам адам мен оның өзінің, адам мен
отбасының, халық пен басқа халықтардың араларында
ынтымақ орнатты. Адам көңіл құмарына еруден
тыйылып, күнәлар мен жамандықтардан тазарып, тура жолмен
жүруі қажет. «Отан отбасынан басталады» демекші, отбасы –
қоғам құрылысының тірегі. Ислам діні отбасы
мүшелерінің арасындағы ынтымақты,
әрқайсысының өзіндік міндеттері мен құқықтарын
бекіткені секілдікез келген ауылдың, ауданның, қаланың
тұрғындары да бір – бірінің жағдайларына
қарайласуы қажет.
Қоғамдағы әр адам ең
алдымен, өз жұмысын жақсы орындауға, жұмыс
уақытына сақтықпен қарауға, қызметін
тақуалық пен этикаға сай атқаруға міндетті.
Екіншіден, оның мойынында қоғам игілігінің қамын
ойлауға, оның алдындағы жауапкершілігін сезіну борышы
тағы бар. Пайғамбарымыз (с.а.с): «Бәрің –
бақташысыңдар және бәрің өз
бағымындағы үшін жауаптысыңдар, басшы – бақташы
және бағымындағы (қол астындағылар) үшін
жауапты, ер кісі өз отбасында бақташы және
бағымындағы үшін жауапты, әйел күйеуінің
үйінде бақташы және бағымындағы үшін
жауапты...», – деген. [50]. Сондай–ақ әр адам өз
қоғамындағы адамдарды ұрлық,
қарақшылық, маскүнемдік, нашақорлық, зинақорлық,
жезөкшелік, парақорлық, өсімқорлық
сияқты жамандықтардан тыйып, жақсылыққа,
яғни Аллаh тағаланы тануға, Оған сенуге,
бойсұнуға, ізгі адамдарға бойсынуы қажет [31, 130-б].
Осылайша қоғамда тыныштық пен тәртіп орнап адамдар
қауіпсіз өмір сүріп, өз
құқықтарына қол жеткізе алады.
Қай заманда болмасын адамдардың
әлеуметтік қамсыздандыруға деген
құқықтары ерекше назар аударуды қажет етеді.
Өйткені, әрекетке қабілетсіз адамды, қарттарды,
әртүрлі келеңсіз оқиғалардың салдарынан
өзінің дұрыс өмірін қамтамасыз ете алмаушы
тұлғаларды заман талабына сай материалдық және
әлеуметтік тұрғыдан қамтамасыз етуге кез келген
қоғамның шамасы келе бермеуі мүмкін. Сондықтан,
Адам құқықтарының жалпыұлттық
декларациясында әрбір адам өзінің және отбасының
денсаулығы мен жақсы тұрмыс халін сақтау үшін
азық-түлік, киім-кешек, баспана, медициналық үтім,
қажетті әлеуметтік қызмет көрсетілуімен қатар
жұмыссыздыққа ұшыраған ,
сырқаттанған, мүгедектікке шалдыққан, жесір
қалған, кәрілікке душар болған және де еркінен
тыс оқыс жағдайларға тап болған кездерде
әлеуметтік қамтамасыз етілуге толық
құқылы[51].
Біз жекелеген елдерде адам
құқықтарының мұқият
сақталатындығына қуанып, ал кейбір елдерде, керісінше,
адамдарға өз құқықтарынпайдалануға
мүмкіндік берілмегендігіне өкінішімізді білдіріп жатамыз. Ал ислам
дінінде жалпы әлеуметтік қамсыздандыру мәселесі қалай
шешілген деген сұраққа тоқталар болсақ, бұл
дінге сәйкес әрбір адамның толыққанды өмір
сүруге деген құқығы бар. Сонымен қатар
әрбір адамның тең дәрежеде өмір сүруі
үшін барша жағдайлармен қамтамасыз ету ислам
мемлекетінің басты міндеті болып табылады. Ислам өмір сүру
жағдайын қамтамасыз етуге шамасы келмегенадамдардың
жағдайларын қараастырып, жағдайы бар, әл-ауқатты
адамдарға өзінің тұрмысы төмен туыстарына
қарайласуды міндеттейді. Әсілінде, шариғаттағы
белгіленген адамдардың зекет, садақа беру шаралары осы
мәселені шешуге негізделген.
Ер адам өз әйелін, әкесә
балаларын нәпақамен қамтамасыз етуі керек.
«Нәпақа» деген түсінікке толыққанды өмір
сүруі үшін қажетті нәрселердің барлығы жатады.
Сонымен қатар ата-анасына жәрдем беру балаларының міндеті
болып табылады. Мұндай өзара міндеттемелербасқа да
жақын туыстар арасында бекітілген. Бұл парыздардың бір
бөлігі орындалмай жатқан жағдайда мемлекет заңның
күшімен мұқтаж және қаржылай көмекке
құқылы тұлғалардың пайдасына
мәжбүрлі түрде тиісті қаражаттардың бөлініп
отыруын қадағалайды.
Аллаh тағала Ниса сүресінде: «Аллаhқа
құлшылық қылыңдар. Оған еш нәрсені
ортақ қоспаңдар және әке-шешеге,
жақындарға, жетімдерге, міскіндерге жақын көршіге,
бөгде көршіге, жан жолдасқа, жолда
қалғандарға және қол
астыңдағыларға жақсылық қылыңдар.
Негізінен Аллаh тәкаппар, мақтаншақты жақсы
көрмейді»,- деп бұйырады(Ниса сүресі, 36).
Бұл аятта
әлеуметтік қамсыздандыру тұрғысынан
алғанда қоғамдағы мұқтаж адамдардың
құқығы мен бай адамдардың өздерінің
жақын туыстарын өмірге қажетті
нәрселерменқамтамасыз ету міндеті қамтылған. Белгілі
бір себептермен қиын жағдайға тап болып қалған
туыстарына көмек көрсетпейтін адамның қылығы
олардың басты адами құқығын таптау деп бағаланады.
Аллаh тағала үлгілі мұсылмандарды
сипаттай отырып Құран Кәрімде: «Сондай малдарында белгілі хақ бар.
Сұрағанға да сұрамағанға да» (Мағариж
сүресі, 24-25) дейді. Аятта келтірілген Аллаh тағаланың
бұйрығына сәйкес, әрбір мұсылман адам
мүмкіндігі болса, өзінің ата анасы мен туыстарынан
бөлек жетімдерге, кедейлерге, жақын және алыс
көршілеріне, жолдастарына, жат елде қалып қойған
адамдарға, сонымен қатар өзінің қарамағында
қызмет етушілерге қолынан келгенінше көмек көрсетуі
керек.
Имам Ахмад пен әл-Хакимнен келіп жеткен
пайғамбарымыздың хадисінде: «Егер де белгілі бір
аймақтың бір тұрғыны аш қалатын болса, онда
шындығында Аллаh пен Оның пайғамбары олар үшін
жауапкершілікпен босатылады », деп келеді. Ислам тағылымдары бойынша,
әрбір ауданның, ауыл мен қаланың тұрғындары
араларында ешкімнің аш қалмауын қадағалап, соған
жағдай жасауы керек.
Ислам дінінің әлеуметтік
қамсыздандыруды қоғамдық деңгейде қалай
қарастыратындығына мысал келтіре кетелік. Имам Муслимнен келген
хадисте: «Пайғамбарымыз сахабаларына қарап: «кімде артық
маркаб (көліктің кез келген түрін айтады:ат, есек,
қайық және т.б.) болса, оны жоқ адамға берсін.
Кімде азық - түлік артық болса, оны мұқтаж
адаммен бөліссін», - деп айтты да, ол басқа да заттарды атап
өтті. Сонда біз ешқайсысымыз артық нығметке
құқылы емес екенбіз деп ойладық»[52], - деп келеді.
Бұл хадистен жасайтын қорытындымыз –
мұқтаж адамға көмек беру әрбір шамасы келген
мұсылман адамның міндеті болып табылады.
Ислам мемлекеті өз қарамағындағы
әрбір азаматқа тамақтану, киіну, баспаналы болу секілді
құқықтарының орындалуына толық кепілдік
береді. Исламның бұл тәлімдері шариғаттың
теориясынан іс жүзіне асқан. Бұған Аллаh
елшісінің тұтқындарға құрмет
көрсетіп, оларға өздерінің азғантай
азықтарынан бөліп берген мұсылмандарды мадақтауы
дәлел болады. Аллаh тағала бұл туралы Құранда:
«Тамақтану өздеріне де ұнамды көрінуіне
қарамастан, бейшараны, жетімді және тұтқынды
тамақтандырды» (Инсан сүресі, 8), - деген.
Көріп отырғанымыздай, ислам дінінде
әрбір тұлғаның әлеуметтік
қамсыздандыруға деген құқығын
қамтамасыз ету онымен бірге өмір сүріп
жатқандарға жүктеліп отыр. Егер де біз қысқаша
ғана атап өткен ережелер сақталатын болса, адамдарды
әлеуметтік тұрғыдан қамтамасыз ету мәселесі
өз шешімін сөзсіз тауып отыратын еді.
Қолданылған әдебиет:
1.Мұхаммед Махфуз.Исламның мүлікке
деген көзқарасы // «Әлеуметтік және экономикалық
дамудағы діннің ролі» атты халықаралық
ғылыми-практикалық конференция.-Алматы,2009.
2.Абдуллаh ибн Абдулмухсин эт-Турки.Пер.:Владимир
Нирша.ислам и права человека.-Ар-Рияд,2008.