СОТ ТӨРЕЛІГІНЕ ҚАРСЫ ҚЫЛМЫСТЫҚ ҚҰҚЫҚБҰЗУШЫЛЫҚТАРДЫ ЖІКТЕУ

 

Сыздық Болат Кенелұлы

Қазақстан, Қарағанды «Болашақ» университеті, з.ғ.к., профессор

Әбдіжәми Айтуған Жұмахметқызы

Қазақстан, Қарағанды «Болашақ» университеті, з.ғ.к., доцент

Абдрахимов Алишер Жанғазыевич

Қазақстан, Қарағанды «Болашақ» университеті, магистрант

 

Қазақстан Республикасында сот төрелігіне қарсы қылмыстық құқықбұзушылықтар және жазаны орындау тәртібі қолданыстағы заңда бір жүйеге біріктіріліп, арнайы тарау ретінде Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің Ерекше бөлімінің 17 тарауында 30 баптан тұратын 407-436-баптардан өз бекітілімін тапқан.

Аталған топтағы қылмыстық құқықбұзушылықтарды жіктеуге қатысты ғылымда көптеген пікірлер бар. Олар кейде бірін бірі толықтырып отырса, екіншілері мүлде жаңаша бағыт ұстанған. Дей тұрғанмен осы жерде айта кету керек, бұл топтағы қылмыстарды жіктеу әр түрлі сипатта болғанымен, олардың барлығы да ғылымды жетілдіруге, қылмыстық құқықбұзушылықтар құрамы мен түрлерін нақтылауға ықпалын тигізді деуге болады. Енді солардың бірқатарына тоқталып көрсек.

В.К. Глистин сот төрелігіне қарсы қылмыстарды жасайтын субъектілеріне қарай үш топқа бөліп көрсетеді: қылмыс анықтаушы, тергеуші, прокурорлар және соттар сияқты құзіретті тұлғалармен жасалған; б) сот төрелігіне қарсы қылмыстарды жеке тұлғалардың жасауы; в) сот төрелігіне қарсы қылмыстарды өзге тұлғалардың жүзеге асыруы [1, 331].

Е.Ю. Хлопцева да көрсетілген қылмыстарды үш топқа жіктейді. Бірінші топқа сот төрелігіне қарсы құқықбұзушылықтарды құзіретті тұлғалардың жүзеге асыруы. Осы топты өз негізінде екі топшаға бөледі: а) сот төрелігіне қарсы қылмыстарды анықтау органы, тергеу, прокуротура және соттың құзіретті тұлғаларының жүзеге асыруы; б) сот төрелігіне қарсы құқықбұзушылықтарды өзге құзіретті тұлғалар өздерінің қызмет бабын пайдаланып жасауы. Екінші топқа сот төрелігіне қарсы қылмыстарды жасаушылар жатады. Үшінші топқа Е.Ю. Хлопцева сот төрелігіне қарсы қылмыстарды арнайы белгілерге ие емес жеке тұлғалар жүзеге асырады [2, 16-17] деп көрсетеді.

М.А. Гаранина сот төрелігіне қарсы қылмыстарды 4 топқа бөледі: а) процеске қатысушылармен жасалатын қылмыс; б) құзіретті тұлғалармен жасалатын қылмыс; в) түрмеде жазасын өтеп жатқан не алдын ала қамауда отырған тұлғалармен жасалатын қылмыстар; г) өзге тұлғалармен жасалатын қылмыстар [3, 23].

Сот төрелігіне қарсы қылмыстарды жіктеуде Ш.С. Рашкованың ұсынысы назар аударарлық. Ол алдымен көрсетілген қылмысты екі топқа бөледі: 1) сот төрелігіне қарсы қылмыстарды анықтау және тергеу органдарының, прокуратура, соттың өкілетті тұлғаларының жасауы; 2) сот төрелігіне қарсы қылмыстарды жеке тұлғалардың жасауы. Ары қарай көрсетілген екінші топтағы құқықбұзушылықтар жасалу тәсіліне байланысты үш топшаға бөлінеді: а) сот төрелігі органдарының қызметінің дұрыстығын шындықты бұрмалау жолымен немесе ол туралы оның айтпауы арқылы бұзуы; б) сот төрелігі органдарының қызметінің дұрыстығын басқа қарсы әрекеттің нысандарымен бұзу; в) жасалған не дайындалып жатқан қылмысты біле тұра жеткізбеу жолымен сот төрелігі органдарының қалыпты қызметін бұзу [4, 9-10].

ҚазақКСР Қылмыстық кодексінде көрсетілген қылмыстарды Г.Ф. Поленов белгілері бойынша 4 топқа бөлінеді:

а) алдын ала тергеу, анықтау, прокуратура, соттың құзіретті тұлғаларымен жасалатын іс әрекет;

б) сот төрелігін орындауға ықпал етуші заң күшімен міндетті тұлғалардың жасаған қылмыстары;

в) ұсталғандар мен қамалғандардың іс әрекеті;

г) өзге тұлғалармен жасалатын, сот төрелігіне қарсы қылмыстық құқықбұзушылықтар  [5, 118-119].

Қырғызстан Республикасының қылмыстық заңнамасы бойынша Л.Ч. Сыдықова көрсетілген қылмыстарды келесідей үш топқа жіктейді:

а) құзіретті тұлғалардың сот төрелігіне қарсы қылмыстары;

б) сот төрелігін жүргізбейтін жеке тұлғалардың сот төрелігіне қарсы қылмыстары;

в) сот төрелігіне қарсы өзге де құқықбұзушылықтар [6, 497-516].

Осылайша, көптеген ғалымдар сот төрелігіне қарсы қылмыстардың жүйесін, субьектілік белгілер бойынша құрғанды қалайды.

Біздіңше, қылмыстың субьектілік белгілері бойынша сот төрелігіне қарсы қылмыстарды жіктеуге қатысты заң әдебиеттерде өте көп және әртүрлі көзқарастар келтірілген, оған жоғарыдағы пікірлер де дәлел бола алады. Бұл заң шығарушылық процеске теріс әсерін тигізуі мүмкін. Заң шығарушы көрсетілген қылмыстарға жауапкершілік туралы нормаларды қамтитын Қылмыстық кодекстің ішкі бөлімдерінің қатаң, ғылыми, нақты тәртіпте, сот төрелігіне қарсы қылмыстық құқықбұзушылықтар  үшін жауапкершілік қарастырған нормаларды тиімді орналастырмауы мүмкін.

Осыдан-ақ түсінуге болады, біздің көзқарасымыз бойынша, қолданыстағы ҚР ҚК «Сот төрелігіне және жазалардың орындалу тәртібіне қарсы құқықбұзушылықтар» бөлімінде көрсетілген нормалардың орналасу тәртібі ойға сыйымсыз. Түсіндіру қиын, мысалы, көрсетілген бөлім алдын ала тергеу өндірісіне және сот төрелігін жүзеге асыруына қарсы тұруға жауапкершілік қарастыру туралы баптан басталатын болса, одан кейін дереу алдын ала тергеу не сот төрелігін жүзеге асыратын тұлғаның өміріне қауіп төндіруге жауапкершілік көздейтін норма орналасқан.

Сот төрелігіне қарсы қылмыстарды қылмыс субьектісі бойынша жіктеудің артықшылығы болып сол қылмыстық құқық нормаларының ішкі бөлімдерін топтарға бөлуде қиындықтар тудырмауы танылады. Бірақ бұл жіктеу қылмыс субьектісін Қылмыстық кодекс баптарында, әртүрлі бөлімдерде әртүрлі белгілерге ие болуына әкеледі. Мысалы, ҚР ҚК 416-бабы (айғақтарды және жедел іздестіру материалдарын бұрмалау), 426-бап (бас бостандығынан айыру орнынан, тұтқындаудан не қамаудан қашу), 430-бап (сот үкімін, сот шешімін немесе өзге де сот актісін немесе аткару құжатын орындамау). Ал ҚК 429-бабы (қоғамнан оқшаулауды қамтамасыз ететін мекемелердің қалыпты қызметінің тәртібін бұзу) қарастырылған қылмысты субьектівтік белгісі бойынша қандай да бір топқа жатқызу өте қиын.

 Сондықтан оны даусыз және және дұрыс деп қабылдауға болмайды, қанша дегенімен Қылмыстық кодекстің Ерекше бөлімінің жүйесі негізінен қылмыс обьектісінің топтасуы жағдайында құрылған. Осыған байланысты жіктеу басқаша жүргізілуі керек, яғни дәстүрлі түрде, негізгі обьектіге немесе түрге қатысты критерийге байланысты жүргізілгені дұрыс.

Айтылғандар негізінде ғылыми әдебиеттердегі пікірлерді талдау нәтижесінде сот төрелігіне қарсы қылмыстарды жіктеуде М.Голоднюк ұсынысын қолдауға болады. Мұндай жіктеу жоғары дәрежеде қоғамдық қатынасты көрсетеді және нақты топтарға қылмыстық зиян келтіреді.

Сот төрелігіне қарсы қылмыстардың нақты обьектісіне қарай үш түрге жұмылдырылады:

1.                     Сот төрелігінің тапсырмасы мен мақсатын жүзеге асыруға байланысты құқық қорғау органдарының қызметкерлерінің міндеттерін жүзеге асыруға қарсылық келтіру қылмыстары;

2.                     Құзіретті тұлғалардың (судьялар, прокурорлар, анықтаумен алдын ала тергеуді жүргізуші тұлғалар) сот төрелігінде процесске жіберілуінде жасалатын қылмыстар;

3.                     Сот үкімін, сот шешімін және өзге де сот актісін мемлекеттік мәжбүрлеу шарасын жүзеге асыруға кедергі ететін қылмыстар [7, 18].

Бұл көзқарастың дұрыстығын негіздеуге болады, бұл сот төрелігін кең көлемде қамтиды және сот шешімдерін орындаудың мәселелерін қамтамасыз етеді.

Заңды түрде күшіне енген қаулы, үкім және басқада сот актілерін орындау барысында істі шешу актісі болмаса да, бірақта бұл кезеңді сот төрелігін мақсаттарынан орындаудан айырмау керек. Егер заң күшіне енген актілерін орындау қамтылмаса, онда сот төрелігі орындалды дейге болмайды.

Заң күшіне енген үкім қаулы және басқа сот актілері қатынасын, сот төрелігінің қоғамдық қатынастарының бөлігі деп қараған дұрыс болады.

 

Пайлаланған әдебиеттер:

 

1.                     Курс советского уголовного права. Часть Особенная. Т. 4. -Л., 1978.

2.                     Хлопцева Е. Ю. Уголовно-правовая охрана правосудия. Автореферат дисс. на соискан. учен. степ. канд. юрид. наук. -Екатеринбург, 1995.

3.                     Гаранина М. А. Системы преступлений против правосудия (формирование и развитие). Автореферат дисс. на соискан. учен. степ. канд. юрид. наук. -М., 1998.

4.                     Рашковская Ш. С. Преступления против социалистического правосудия. -М., 1957.

5.                     Уголовное право Казахской ССР (Особенная часть). Учебное пособие. Часть 2. -Алма-Ата, 1981.

6.                     Уголовное право Кыргызской Республики. Особенная часть Под ред. К. Ш. Курманова. -Бишкек, 2001. 620 с.

7.                     Российское уголовное право. Особенная часть: Учебник Под ред. М. П. Журавлева и С. И. Никулина. -М., 1998.