МАҢҒЫСТАУ
ОБЛЫСЫНДАҒЫ ЖАСТАР ТӘРБИЕСІНІҢ ӨЗЕКТІ МӘСЕЛЕЛЕРІ
Тастемірова І.К
Ғылыми
жетекші:Қосымбаева.Ш.И
Каспий мемлекеттік
технологиялар және инжинирнг университеті,
Ақтау қ., ҚазақстанРеспубликасы
Жасөспірім - бұл
мемлекеттің негізгі тірегі бола отырып, болашақта ел
басқаратын ұрпақ өкілдері. Жасөспірім
тәрбиесімен жұмысты жақсарту, егемен еліміздің
салауатты ұрпақтарын қалыптастыру – Елбасының
биылғы “Болашақтың іргесін бірге қалаймыз!” атты елге
Жолдауында атап көрсетілген басты міндеттердің бірі. Болашағы
зор айбынды Қазақстанның сенім артар азаматтары –
асқақ рухты жастар. Елбасы Н.Ә.Назарбаев білім мен
ғылым қызметкерлердің екінші съезінде «Болашақта
еңбек етіп, өмір сүретіндер – бүгінде мектеп
оқушылары». Қоғам оларды қалай тәрбиелесе,
Қазақстан сол деңгейде болады.Жасөспірімдер
арасындағы қылмыстың көбеюі – ел үшін, ұлт
үшін алаңдарлық жағдай. [1]
Елімізде кәмелетке
толмағандарға қатысты қылмыстар саны 2013
жылғымен салыстырғанда 2014 жылы 9 пайызға өскен.
Бүгінгі таңда Астана, Алматы сияқты ірі қалаларда
ғана әр мектепке бір-бір инспектордан бекітілген. Ал шалғай
аймақтарда 3-4 мектепке бір инспектордан ғана
бөлінген.Маңғыстау облысында кәмелетке толмағандар
саны 121042 адам құрайды. Маңғыстау облысы бойынша
кәмелеттік жасқа толмағандардың қылмыстық
көрсеткіші 2012 жылы 216-ны көрсетті. Ал, 2013 жылы
қылмыстың саны 130-ға жетсе, 2014 жылы 137-ге өскен. Бүгінде
ғаламторға тәуелділік атты жаңа дерттің пайда
болғаны жасырын емес. Мектеп жасындағы балалар әрқилы
әлеуметтік желілердің тұрақты «қонағына»
айналғалы қашан. Тіпті сабақ үстінде ұялы телефон
арқылы хат алысатын оқушылар да жеткілікті. Балаларды
ғаламтордан
қорғаудың түрлі жолдары бар: Біріншіден, әр ата-ана
баласына ғаламтор туралы толық мәлімет беруі тиіс. Оның
пайдасымен қоса зияны туралы да айтуы керек. Негізінен, қазір
балалардың көбі кітаптан алшақтап барады. Менің
оларға берер кеңесім: компьютермен қатар бір мезгіл кітап
оқу да – пайдалы дүние. Екіншісі – білім беру компанияларын дамыту.
Яғни әрбір ата-ана, ұстаздар қауымы балаларға
ғаламтордағы кейбір сайттардың зияндылығы туралы айтып
отыруы керек. Үшіншісі
– жаңа технологияларды пайдалану. [2]
Қазір
ғаламтордағы сайттарды реттеп, бақылап отыратын арнайы
бағдарламалар бар: 1.
Оқушылардың шығармашылық ізденісін жетілдіретін
шығармашылық аудитория ашылып, «Жас бағдарламашы» атты үйірме ұйымдастырылса; 2.
Тәжірибелі мектеп мұғалімдері оқушыларды
өз бетінше ізденуге,
өзіндік ой-тұжырымын жеткізе білуге,
шығармашылықпен жұмыс істеуіне мұрындық болып,
мектепте қосымша факультативті курс ашылса;3. Ғаламтордың
пайдасы және зияны жайлы насихаттау үшін компьютерлік
сауаттылық курсы ашылып, халыққа тиімді ақпарат берілсе;
4. Мектептегі әлеуметтік желілерге құлып салу. Мемлекеттік
сайттарға рұқсат беру. Жасөспірімдер ұйымының
мақсаты: Отанды сүйетін, өзге ұлтты силай білетін ,
адамгершілігі жоғары, білімді, рухани бай еңбек сүйгіш
Қазақстан Республикасының азаматын тәрбиелеу. [3]
Міндеттері:
Мектептегі оқу-тәрбие
жұмысын жетілдіруге бүкіл білім алушылардың араласуына
ықпал етеді.Мектептегі оқушылардың демократиялық
принципін сақтап, қалыптастырады. Оқушылардың білімді
мемлекеттік стандартқа сай менгеруіне, адамгершілік тәрбиеге дейін
жауапкершіліктерін көтеруге ат салысады. Білім алушылардың
өмірге, қоғамға, еңбекті сүюге, адам мен
адамзаттық мұраларды қастерлей
білуге және туған елі мен табиғатты қорғай білуге
деген көзқарастарын қалыптастырады.
«Құлагер»
жасөспірім ұйымының мектептегі жұмысы
1. Мектептегі жалпы
оқушылардың жиналысын өткізу
2. «Құлагер» ұйымы
мүшелерін сайлау
3. Оқушылар
кеңесінің жиналысын өткізу айына 2 рет
4. Әрбір
оқушылар кеңесі мүшесінің жеке міндеттерімен таныстыру
5. Олардың
есебін тыңдау
6. «Құлагер» ұйымы
мүшелерінің арасында жүргізілетін жұмыс жоспарымен
таныстыру
7. Апта сайын
сыныптардың кезекшілігін тексеру
8. Сынып
аралық жарыс өткізу
9. Оқу
үлгерімін, оқушылардың сабаққа
қатысуын, форма, оқу құралдары, күнделіктерін
тексеріп отыру
10. «Жыл
оқушысы» жарысын өткізу
11. «Парламент
Стар» газетін шығару
12. Оқушылар
кеңесінде әр сыныптың көш басшыларының
есебін тыңдау
13. Өтілетін
сыныптан тыс жұмыспен танысу
14. Сынып
жиналысының уақытында өтілуін қадағалау
15. Мектеп ауласын
көгалдандыру
16. Көктемгі,
күзгі маусымдарда саяхатқа шығып отыру
17. «Құлагер» ұйымы
бойынша жарыс ұйымдастыру
18. Спорт жарысын
ұйымдастыру
Қолданған әдебиеттер тізімі:
1. Қазақстан
Республикасының «Білім туралы заңы», 2007 ж.
2. «Қазақстан
Республикасының 2015 жылға дейінгі білім беруді дамыту
тұжырымдамасы» , 2004 ж.
3. Қазақстан
Республикасының Конституциясы // Қазақстан мектебі, 1995.
4.http/ www.Google.kz.