АЗАМАТТЫҚ  IС ЖҮРГIЗУГЕ  «ШЕТЕЛДІК»  АДАМДАРДЫҢ   ҚАТЫСУЛАРЫ  ЖӘНЕ ОНЫҢ ҚҰҚЫҚТЫҚ  АСПЕКТІЛЕРІ

 

Наурызбаева М.А.

М.Х.Дулати атындағы Тараз Мемлекеттік Университеті, Тараз қ.,

 

Қазақстанда демократиялық қоғам мен құқықтық мемлекет құруға шешімнің конституциялық бекітілуі сапалы заңдардың қабылдануын, құқықты жоғары деңгейде қолдануды, соттардың жүйелі түрде және қатесіз жұмыс істеуін, сот беделінің айрықшалығын тануды талап етеді.

            Қазақстанда сот жүйесін реформалау сот төрелігінің шынайы тәуелсіздігін қамтамасыз етуге бағытталған болатын. Осыған орай, азаматтық сот ісін жүргізуде де түбегейлі өзгерістер болды.

"Азаматтык, қуқық " атауы ежелгі уақыттан бері белгілі, оны римдік заңгерлер Рим азаматтарының кұқығы-цивильді (jus civile) құқық деп атаған. [1].

Азаматтық құкықпен реттелетін коғамдық қатынастар негізінен мүліктік катынастар болып табылады. Материалдық игіліктермен (мүлікпен, жұмыспен, қызмет көрсетумен, ақша-мен, қүлды кағаздар мен басқа да мүліктермен) байланысы бар қоғамдық қатынастар мүдікіік қатъшасіар деп аталады. Мұндай қатынастар иелену немесе мүліктің тиістілігіне карай (заттык қатынас), мүліктің бір адамнан екіншісіне ауысуы, етуі (міндеттемелік катынас), меншік иесінің қайтыс болуына байланысты заттың тағдырын шешу (мұрагерлік катынас) тәрізді қатьшастар тұрғысынан  көрінсе, онда олар  азаматтык заңмен реттеледі. Бір сезбен айтқанда, мүліктік катьшаслегеніміз мүліктерді сатып алу, иелену, басқа адамдарға беру мен пайда-лану жөніндегі қатьшас болып табылады.

            Азаматтық процесс азаматтардың ар-намысын қорғаудың, еңбек және басқа да дауларды шешудің, азаматтық-құқықтық қатынастың барлық субъектілерінің құқықтары мен заңды мүдделерін қамтамасыз етудің тиімді құралы болуы тиіс.

Кез келген мемлекеттегі халықтардың құқықтық жағдайы оның ішкі заңдарымен айқындалады. Бұдан мемлекеттердің осы саладағы ынтымақтасу мүмкіндіктері мен мүдделілігі болмай қалады деген ой тумауы керек. Халықтың құрамы, әдетте, өзінің азаматтарынан, шетел азаматтарынан және азаматтығы жоқ адамдардан құралады, сондай ақ екі азаматтығы бар адамдар болады [2].

Азаматтық іс жүргізушілік құқықтық қатынастар азаматтық істер бойынша сот төрелігін жүзеге асыру кезінде сот пен іске қатысушылар арасында пайда болатын  АІЖ  құқық нормаларымен реттелген қоғамдық қатынастар.

АІЖ құқықттық  қатынастарының ерекшеліктері:

  1. АІЖ құқығының міндетті субъектісі ретінде: бір тарап сот екінші тарап іске қатысушы тұлғалар болып табылады.
  2. АІЖ құқықтық қатынастары  тек құқықтық нысанда пайда болады.
  3. АІЖ құқықтық қатынастары бір-бірімен тығыз байланысты және әрбір азаматтық іс үшін жеке жүйе құрайды. (іс жүргізу сатылары)

Азаматтық іс жүргізу құқықтық қатынастарын субъективті құрамына қарай былай бөлуге болады.

А) Негізгі құқық қатынастары-сот және талапкер, сот және жауапкер, сот және арызданушы, ерекше өндіріс бойынша  сот және өзге тұлғаның мүддесін қорғап іске қатысушылар (55-56 ст.) арасында пайда болды.

В) Қосымша құқыққатынастары-сот және дербес талабын мәлімдейтін 3-ші тұлғалар арасында.

Азаматтық іс жүргізу құқығының нормалары -әділсотты жүзеге асыруға сот пен іске қатысушыларға қатысты жалпыға міндетті тәртіп ережелері.

Іс жүргізу нормаларының белгілері:

а) Нормаларды мемлекет бекітеді

б) Нормалар ҚР территорияда барлық субъектілер үшін міндетті болып табылады

в) Олар тек азаматтық сот өндірісі саласындағы қатынастарды реттейді.

Азаматтық іс жүргізу құқық субъектілік –бұл азаматтық іс жүргізу құқықтары мен міндеттерін иелену қабілеттілігі. Ол 2 элементтен тұрады:

а) құқық қабілеттілік

б) әрекет қабілеттілік (АІЖК 45-46 баб)

Азаматтық іс жүргізу құқықтары мен міндеттеріне ие болу қабілеттілігі материалдық құқық субъектілері болып табылатын барлық азаматтар мен ұйымдар үшін бірдей дәрежеде танылады. Азаматтардың  іс жүргізу құқық қабілеттілігі ол туылған кезде пайда болады, қайтыс болғанда тоқтатылады.Заңды тұлғалардың құқық қабілеттілігі заңда көзделген тәртіп бойынша заңды тұлға ретінде тіркелген уақыттан бастап пайда болады, ол тараған уақытта тоқталады. Заңды тұлалардың құқық қабілеттілігі мен әрекет қабілеттілігі бір мезгілде пайда болады, бір мезгілде тоқталады.

Сотта құқықтарын өз әрекеттерімен жүзеге асыру  және міндеттерін орындау, іс жүргізуді өкілге тапсыру, яғни азаматтық іс жүргізу әрекет қабілеттілігі он сегіз жасқа толған азаматтарда және ұйымдарда толық көлемде болады. Он төрт жастан он сегіз жасқа дейінгі кәмелетке толмағандардың, сондай-ақ әрекет қабілеттілігі шектеулі деп танылған азаматтардың құқықтарын, мүдделерін сотта олардың ата-аналары, заңды өкілдері қорғайды. Алайда сот мұндай істерге кәмелетке толмағандардың немесе әрекет қабілеттілігі шектеулілердің өздерін тартуға міндетті. Он төрт жасқа толмағандардың және әрекетке қабілетсіздердің құқықтары мен бостандықтарын сотта олардың ата-аналары қорғайды. 

Шетелдіктіктердің жағдайы оған тән барлық күрделіліктер мен қарама-қайшылықтарға қарамастан уақытша сипатта болады. Сондықтан, халықаралық құқықта шетелдіктердің жағдайы туралы айтқанда, оны мәртебе деп емес, режим деп атаған дұрыс болар еді. Сол арқылы проблеманың уақытша сипаттамасы ғана көрсетілмейді (соғыс тұтқыны мен жараланғандар режимінің ұқсастығы бойынша), сонымен қатар, босқындар жағдайының халықаралық құқықтағы басқа категориядағы тұлғалардың жағдайынан негізгі айырмашылықтары анықталады.

Қазакстан Республикасында адам мен азаматтын, құқықтары Ата Заңымыз - Қазақстан Республикасының Конституциясымен кепілдендірілген. Қазақстан Республикасының Конституциясы, өз кезегінде, азаматтардың құқыктары мен бостандыкгарын бекітуде халықаралық құқықтың нормалары мен қағидаларына сүйенеді. Қазақстанның егемендікке ие болып, тәуелсіз мемлекетке айналуы, оның көптеген мемлекеттермен дипломатиялық қатынастар орнатуына алып келді. Осыған байланысты жылдан-жылға Қазақстан Республикасына әртүрлі жагдайларға байланысты шетел азаматтарының келуі орын алуда. Осы тұста біздің мемлекет алдында оның аумағына келуші шетел азаматтары қандай құқықтар мен міндеттерге ие бола алады деген мэселелер кешені пайда болды. Бұл мәселе тек теориялық қана емес, тәжірибелік маңызға да ие екені даусыз. Бұл мәселелерді шешуде, әрине, кез келген мемлекет халықаралық-құкыктық нормаларға сүйенетіні сөзсіз, сондықтан да халықаралық күдық нормаларының шетел азаматтарының құқықтық жағдайын реттеуге бағытталған кез келген ішкі заңнама нормаларынан басым күшке ие болатыны белгілі [3, 86 бет].

Бұл ереже Қазақстан Республикасы Конституциясының 4-бабының 3-тармағында көрініс тапкан: «Республика бекіткен халықаралық шарттардың Республика заңдарынан басымдығы болады және халықаралык шарт бойынша оны қолдану үшін заң шығару талап етілетін жағдайдан басқа реттерде тікелей колданылады» [4].

Азаматтық сот өндірісі-азаматтық құқықты мәжбүрлеп жүзеге асрудың тәртібі, яғни материалдық-құқықтық табиғаты бір-біріне сәйкес келетін, белгілі бір шеңберге кіретін азаматтық істерді бірінші инстанцияда заңда бекітілген тәртіппен қарап шешу. Азаматтық сот өндірісінің пәні нақты азаматтық істер. Азаматтық сот өндірісінің міндеттері кодекстің 5-бабында көзделген, онда азаматтар мен ұйымдардың даулы құқықтарын, бостандығын, заңмен қорғалатын мүдделерін қорғау, заңдылық пен құқық тәртібін нығайту, құқық бұзушылықтың  алдын алу болып табылады делінген. Азаматтық істердің жекелеген топтары қозғалуына, қаралуына, немесе шешілуіне байланысты бір-бірінен ажыратылады және өздеріне тән ерекшеліктері болады. Жұмыстың негізгі мақсаты азаматтық істер бойынша сот пен іске қатысушылардың арасында туындайтын қоғамдық қатынастарды реттейтін құқық нормаларының маңызы. 

Оның нысанының басымдылығын, құқық нормаларының оларды тәжірибеде қолданумен тығыз байланыстылығын студенттердің түсінуі, студенттерге құқықтық көзқарастарды, барлық негізгі іс жүргізушілік институттар мен ұғымдар: азаматтық іс жүргізу құқығы саласының мәні, азаматтық процестің соттың сот төрелігін жүзеге асыру бойынша қызметі екендігі, іс жүргізушілік қатынастардың ерекшелігі, процестің сатылары туралы яғни азаматтық іс жүргізу құқығы зерттейтін құқықтық ұғымдар мен категориялар туралы құқықтық түсініктерді қалыптастыру.

 

 

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі:

 

1.                  Рим құкығы шамамен мың жыл, біздің эраға дейінгі 450 жылдан біздіа
эраданкейін350жыл аралығывдадамыған. Corpusjuris Civilis Дегестерден, ИІІ-
ституциядан, Кодекс жэне Новеллалардан құралған.

2.                  Халықаралық құқық. Дәрістер курсы. - Алматы, ҚазГЗУ, 2003

3.                  Булдыбаев О.Ж. Қазақстан Республикасы аумағындағы шетел азаматтарының құқықтық жағдайы // Вестник КазНУ им.аль-Фараби - № 3 (41) - 2009

4.                  Қазақстан Республикасының Конституциясы 30 тамыз 1995 ж.

5.                  Баймолдина З.Х. К вопросу о сущности принципа дизпозитивности гражданского процессуального права // Научные труды КазГЮУ. – Алматы, 1999. – Вып.1. – С. 49-60.

6.                  ҚР Азаматтық іс жүргізу кодексі. Алматы 1999ж.

7.                  Зейдер Н.Б.Гражданские процессуальные правоотношения.- Саратов, 1965.