Қоршаған Орта дизайны өнердің бір
түрі ретінде
М.Х.Дулати атындағы ТарМУ, «ЖӨБТК
және дизайн» кафедрасы,
Тараз қаласы.
Аға оқытушы, магистр – Иманбекова
Калдыбике Көбейевна
Аға оқытушы, магистр –Каримов
Абдусамат Абдумаликович
Оқытушы, магистр - Туребекова Арай
Сауқынбекқызы
Бұл
мақалада Ренессанс
дәуірінен қазіргі заманмен өзара іс-әрекет
етулерінің әртүрлі тарихи формалары, сонымен қатар,
дизайн мен көркемсуреттердің пайда болуы және даму тарихы
қарастырылған. Дизайн, көркемсурет, Ренессанс, образдық-
стильдік, сызықтық кеңістік, орта-көркем-суреттік,
көркем эстетикалық. Қазіргі кездері қоршаған орта
дизайнының адамның рухани әлеміне әсер ететін өзіндік
құралдары бар, ол адам санасына өмір сүрудің
жайлы, жақсы жағдайларын жасау арқылы әсер етеді.
Бұл түсінікке тек жұмыстың
ыңғайлылығы, керемет микроклимат режимдері ғана емес,
сонымен қатар адамға эстетикалық ләззат алдыратын
заттар мен формалардың бейнелері, оларды гармониялы, тиімді орналастыру
жатады. Көркемсуреттің, графиканың, сәулеттің
және өнердің шығармашылық процесінің
мақсаты - осы өнердің құралдарының
көмегімен автор өмірдегі құбылыстың ең
маңызды, қажетті тұсын нақты сезімталдықпен
көркем етіп көрсете білу. Көркемдік образ материалдық
сфераға жатпайды, ол сезім органдары арқылы адамның психологиясына
әсер етеді. Ол тыңдаушыға, көрерменге,
оқушыға суреткерлердің табиғат және
қоғамдық құбылыс жайлы өзінің жеке
пікірін ұсынуы, қолдатуы, мойындата білуі, яғни олармен
өмір туралы, осы құбылыс туралы ортақ мәмілеге,
пікірге келудің тәсілі.
Дизайнның соңғы өнімі
толық көркемдік болмайды, ол дизайнерлік, материалдық -
жобалық образ болып саналады, ол нақты болмыстың идеалы,
яғни кей жағдайларда дизайнерлік образдан көркемдік
образға айналуы мүмкін. Ол үшін образды интеллектуалдық
сезіммен байытып, символ дәрежесіне дейін көтеріп көрермен
санасына эмоционалдық - психологиялық әсер етуі қажет.
Дизайнерлік пішін құру
процесінде, дизайн бұйымының өндірісі мен көркемдік
жобалаудың арасындағы байланыстың маңызы үлкен.
Дизайндық
бұйым пішіні оны дайындау, жасау тәсілдерімен тікелей байланысты.
Дизайн нәтижесі жаппай өткізілетін болғандықтан, оны
өндіру тиімділігі мен жоғары технологиялылығына басты назар
аудару қажет. Осылайша,
дизайнерлік тауарлардың тұтыну сапасын қолжетімді
бағаға сатылуын қамтамасыз етуге болады. Сондықтан,
дизайнерлік пішін әрқашан өндіріс шешімдеріне сәйкес
болуы тиіс, яғни материалдарды, электр және басқа қуат
көздерін, ресурстарды үнемдеуге, жабдықтарды толық
пайдалануға мүмкіндік туғызулары тиіс.
Дизайн
көркемдік және көркемсуреттік өнердің жобалаушы
түрі ретінде сонымен қатар кеңістіктегі
құндылықтарды алып жүруші және көрсетуші
ретінде қарастырсақ, олардың жалпы бағытының бір
екендігін, жалпы стиль құру заңдылықтарына
бағынатындығын, көркемдік образдың сапасын
көрсететіндігін байқауға болады. Осы тұрғыдан
алып қарағанда бүкіл көркемсурет тарихын –
адамзаттың даму кезеңдерін көрсететін заттар мен
кеңістіктің орналасу проблемаларын шешу жолдары ретінде
қарастыруға болады.
Осындай
үзіліссіз, көркемдік – эcтетикалық, образдық – стильдік
көріністерде көркемсурет пен дизайнның өзара
байланыстарын көруге болады. Олар барлық кеңістік
өнеріндегі бірін – бірі толықтырып, алмастыратын екі бағыт
ретінде көрінеді.
«Дизайн» ұғымы қазіргі
кездері толығуда, оған жобалау мәдениетінің
шығармашылық мақсаты, нәтижелері және
тәсілдерінің түпкілікті өзгерістері кіргізілуде.
Бұрынгы кездері суретшілер, сәулетшілер, қолөнершілер,
өнертапқыштар өздерінің шығармаларымен (суреттер,
құрылыстар, жабдықтар) жұмыс жасағанда, олар
өздеріне таныс және өздерін қызықтыратын
микроорналастыру мәселелерін яғни әлеуметтік
мәселелерді шешуге тырысатын, ал «екінші табиғат» немесе
адамның өмір сүру ортасының конструкциясы
өздігінен стихиялы түрде пайда болатын. Адамзат қазіргі
кездері адамның өмір сүру ортасын жаңаша жобалауды
қолға алды, яғни өмір сүру ортасының
материалдық – физикалық, функционалдық – прагматикалық,
әлеуметтік және көркемдік – эмоционалдық параметрлерін
бір – бірімен гармониялық байланыстырып жобалай бастады. Сонымен «орта»
дегеніміз не? Қазақ
тілінде оған мынадай анықтамалар беруге болады: ішінде белгілі бір
іс – қимылдар жасалатын табиғи (физикалық) жағдайлар
жүйесі, адамды әлеуметтік – тұрмыстық
қоршаған нәрселер, заттар мен адамдардың
жиынтығы, орта кеңістігін толтырушылар. Бұл берілген
барлық анықтамалар бір жағынан ортаның бізді
қоршаған дүние екендігін көрсетсе, екінші жағынан
бізді қоршаған дүниенің өзі бір
нәрсенің ішіне орналасқандығын көрсетеді.
Бұл екі жақтылық бекер емес, ол объектінің өмір
сүру жағдайы мен объектінің өзінің бірлігін
көрсетеді. Жалпы «орта» категориясы мен «сәулеттік орта»
арасындағы тығыз байланыс та осыған негізделген.
Осы
жағдайлардың нәтижесінде «сәулеттен тысқары»
заттар мен құбылыстардың орасан әлемі (олар
эстетикалық міндеттерден алыс болса да) көркемдік
құбылыстар қатарына жедел түрде енген, олар
өнердің жаңа түрінің шығармаларына
арқау бола алды. Біріншісі – көрерменге берілген кеңістік пен
өмір мағынасы жайлы өз түсінігін ұсынса, екіншісі
– қоршаған ортаға көңіл бөлмей,
көрерменмен бірге өмірді түсінуге тырысады.
Қазіргі
кездері дизайнның рационалдығы мен эмоционалдығы
көркемдік – образдық бағытта дамуда, яғни
заттардың мәдениет үлгісіне айналуына жағдай
жасалуда. Қазіргі кезеңде
техника гуманизмін адамзаттың өмір сүру ортасын
жақсартуды жүзеге асыру, дизайн мен көркемсурет
өнерлерін бір – бірімен жақындастыру арқылы
жүргізілуде.
Әдебиеттер:
1. Н.А. Ковешников Дизайн: «История и
теория» ООО Издательство «Омега-Л» Москва, 2008.
2. Иожеф Косо. Квартира
загородный дом планировка и дизайн интерьера ЗАО «Издательская группа
«Контент», Москва, 2009.