Магистр Туребекова А.С., Магистр Иманбекова К.К.

М.Х. Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университеті, Қазақстан

Интерьерді көркемдік жүйеге жетілдіру кезеңіндегі дизайнердің қосатын үлесі

 

Интерьер стильдері әр түрлі болып келеді, дегенмен олардың барлығы дерлік сіздің көзқарастарыңызға, мінез-құлығыңызға және әдет-қылықтарыңызға байланысты. Қоршаған кеңістікке енгізілгелі отырған қандай да бір элементтің үйлесімділігі мен қолайлылығы өте үлкен маңызға ие. Сіздің интерьеріңіздің стилі өзіңіздің жеке даралығызды ерекшелеп тұруға тиіс, сондықтан интерьер стилінің таңдауына аса маңыздылықпен қараған жөн. Көбінесе әр орын немесе пәтердің дизайны: қонақжай дизайнының қайталанбас нұсқасы немесе ас үй дизайнының лайықты шешімі болмасын, ас бөлмесінің дизайны, балалар бөлмесінің ерекше дизайны немесе жұмыс бөлмесінің іскер стилі болмасын, жатын бөлмесінің жекеше дизайны немесе жуынатын бөлменің функционалды дизайны болмасын, кіре берістің қонақжай дизайны немесе киім бөлмесінің заманауи дизайны болмасын – барлығы  интерьер стилі секілді жеке жасалады.Әр орынның интерьер дизайнында интерьер стильдері болады, оларды тағы стильдік бағыттар деп те атайды [1].

  Интерьердің гармониялық үйлесімділігі оның ішкі элементтеріне: бөлменің құрылымына, оның ішіндегі жиһаздарға және олардың дұрыс орналастырылуына, түстеріне, шамдар мен люстраларға, есік-терезе перделеріне, тіпті сәндік бұйымдары Интерердегі стильге байланысты,  Ал осы жоғарыда аты аталған нәрселер шамадан тыс артық болса, ол адамның көңіл күйіне кері әсерін тигізеді. Адамды жалықтырып. шаршатуы мүмкін.               

Бүгінгі таңда пәтерді көркемдік жүйеге желтілдіру үшін маманды дизайнерді табу қиындыққа түседі. Өйткені осы мамандық соңғы жылдары танымал болды, және де әрі қарай да дамып келеді. Бірақ бұл немен байланысты? Ең алдымен осындай мамандардың бүгінгі таңдағы қажеттілігімен, сонымен қатар осы мамандықты алу оңай, және де сіз дизайнды оқу жайнда көптеген ұсыныстар аласыз. Бірақ үш айлық курсты бітіріп, қызметтерін ұсынатын мамандарға сенуге болама. Әрине, бұндай дизайнерлер бұл салада ештеңені түсінбейді, сондықтан әдемі және стильді көрінетіннің бәрін ұсына береді, бірақ кейінрек оның ұсыныстарының барлығы тұрмыста тек ыңғайсыз ғана емесе, сонымен қатар кей жағдайларда қауіпті екенін түсінесіз.

Ең алдымен кәсіби дизайнер, арнайы оқудан өту керек, бірақ бұл үш айлық дайындық дегенді білдірмейді.

Сондықтан, дизайнерді жалдамас бұрын, оның қайда білім алғанын біліп алған дұрыс. Сонымен қатар мынадай дизайнердің классификациясы бар екенін ұмытпау керек, сондықтан егер әңгіме бөлменің қайта жоспарлау немесе евро жөндеу жайында болса, онда сәулетшіні жалдаған дұрыс, өйткені оның міндеттеріне  құрылыс – жобаны жасау кіреді.

Міндетті түрде жұмыс алдында сізге жағымсыз күтпеген жағдай болмас үшін  қызмет құны жайында сөйлесіп алыңыз. Сапалы жұмыс арзан болмайтынын түсіну керек. Құнын анықтау үшін бір параққа барлық ұсынылатын жұмыстарды жазып алыңыз, содан соң сіз таңдаған барлық мамандардың құнын салыстырыңыз. Осылайша өзіңізге ұтымды нұсқасын таңдай аласыз.   

Қазіргі таңда әр дизайнер – маман өз жұмысының заңгерлік жақтарын білу керек, өйткені оның міндетіне, бөлмені қайта жоспарлау жұмыстары бойынша безендірудің барлық қажетті жұмыстары кіреду, сондықтан осы машақатты процесс соған жүкетеледі.

Дизайнер мамандардың қызмет классификациясының екі түрі бар. Сонымен, бірінші жағдайда тұтынушы үйінің дайын, авторлық жобасын қарастырады, яғни ол бекітілген документ алады, оған жоспар, жоба, сызбалар, смета кіреді. Жұмыс жүргізілгенде тұтынушының қалауы есептелмейді, сондықтан оладры дизайнермен жоба бекітілмес бұрын сөйлесу керек.

Тәжірибе көрсеткендей, осы кезде тапсырыс беруші үшін ең танымал қауіптілік жасырылып тұр, өйткені жұмыс жүргізген уақытта көптеген ұқсастықтар пайда болады, олардың кейбірлерін алдын ала қарастыру мүмкін емес. Жоба шынайы іске асырылса, тапсырыс берушілер өздерінің жаңа идеяларын ұсына бастайды, бірақ оларды есепке алу мүмкін емес.

Екінші нұсқасы, тапсырыс берушінің қалауын жұмыс бойы орындау. Кйбіреулер үшін бұл нұсқа тым машақатты болып көрінеді, бірақ адамдардың екінші бөлігі осыны таңдайды. Өйткені осылайша отбасыңызбен рахаттанып тұратын нағыз жайлы үй жасай аласыз.

Бірақ тапсырыс беруші осы үрдіске қажет уақыт бөле алмайды, немесе ол өз идеяларын нағыз маманға айту үшін тым ақылсыз деп санайды, нәтижесінде сіздің үйіңіз қонақ үйдегі стандартты номерлерге ұқсас болып шығады.

Сондықтан дизайнермен алғаш кездескенде алдағы жұмыстың басты ойын ақылдасып, анықтауыңыз керек. Бұл жағдайда маман, отбасы мүшелеріңіздің санын, олардың мінездерін, туыстарыңыздың арасындағы атмосфера және т.б. жайын айтатын отбасы психологы ролін ойнайды.

Мынадай да жағдайлар болады, маман өз жұмысын аяқтап жатқан кезде тұтынушы жаңа үйіне саяжайындағы жүздеген кітаптарды әкелуді шешеді, бірақ  жоба бұл жағдайды қарастырмаған. Бұл жағдайдың шешімін табуға болады, бірақ бұл өте қиын, өйткені ең жақсысы барлық ұқсастық жайлы дизайнерге алдын ала ескерткен жөн [2].

Сонымен қатар, сіз дизайнеріңізбен жұмыс уақытында қанша рет кездесетініңізді ақылдасуыңыз керек. Егер ол екі рет кездесуді ұсынса, онда таңдаған маманыңызды қайта қарастырыңыз. Өйткені сіз жасалып жатқан жұмыстың барлығын біліп отыруыңыз қажет.

Сонымен қатар алдағы уақытта көптеген сымдарға сүрінбеу үшін,  дизайнермен міндетті түрде электрөткелдерді, өшіргіштерді және резеткаларды ақылдасыңыз.

Және де бастапқы смета құнына жөндеу жұмыстарын жүргізген уақытта сызбаларды дұрыстау кіретінін немесе кірмейтінін анықтаңыз, өйткені жобаның өзін бірнеше рет қарстыру қажеттілігі туындайды.

 Сызбаларға қатысты, міндетті түрде маманнан оларды кім дайдындайтынын анықтаңыз: дизайнер немесе ұжым. Осы жұмыстармен көп адам айналысқан сайын қателіктер де көбейеді, ал оларға тек сіз ғана төлейсіз.

Егер дизайнер сызба жұмыстарын өңдеудің уақытын бір ай деп айтса, өйткені жобаның өзі он ай бойы жалғасады, онда келісім шарт жасасқан кезде ол тек дизайн – жобаның жалпы бағытын бастайды. Өткені бұл тек болашақ жоспар ғана емес, сонымен қатар жалғасатын үрдіс. Жұмыс жасалған соң, нағыз маман бір жыл бойы сізбен хабарласып тұрады, және онымен жасалған жұмыс көңіліңізден шықтыма жоқпа біліп тұрады.     

Жиі жиі дизайнер өзіне жұмысшылар тобын іздесітруді жүктейді, осылайша, тұтынушыға ештене істеудің қажеті жоқ. Сондықтан жұмыс алдында осы жұмыспен сіздің маманыңыз айналысатындығын анықтаңыз, егер ол айналыспайтын болса, онда сізге өз бетінше айналысу қажет болады. Бірақ бұл өте қиын үрдіс, өйткені жұмысшыларды іздестіруден басқа сізге смета жасау, құрылыс фирмаларымен келісім жасау және т.б. қажет болады.  

Осылайша қарапайым сәулетші немесе безендірушіңмен жұмыс істегенше  жобаның барлығын өзі жасайтын дизайнермен жұмыс істеген дұрыс.

Дизайнерді таңдаған кезде оның жасына мән беріңіз, себебі алдыңызда ЖОО кеше бітірген түлек болса, оған қатты сенудің қажеті жоқ. Өйткені тәжірибе жинау үшін бір жыл қажет. Оның үстіне тәжірибелі шебер бірге қызмет етуге сізді қызықтыру үшін, онымен жасалған жұмыстардың үлгісін көрсету керек.  

 

 

Әдебиеттер:

1.     Крутских Е.Ю., Литвинов Д.В. «Интерьер вашего дома.» Екатеринбург: У-Фактория, 2005.-272с.

2.     Протопопов В.В. «Дизайн интерьера. Теория и практика организации домашнего интерьера.» Ростов-на-Дону, Феникс,2004.