ТҰРҒЫН ҮЙДІҢ ӘЛЕУМЕТТІК – ЭКОНОМИКАЛЫҚ
МӘНІ
Жұмалы Ж.
Ғылыми
жетекші:Қосымбаева.Ш.И
Каспий мемлекеттік
технологиялар және инжинирнг университеті,
Ақтау қ., ҚазақстанРеспубликасы
Қазақстан
Республикасының нарықтық экономикаға көшуі
барлық экономика салаларына ықпалын тигізіп, көптеген
тұрмыстық бағыттағы мәселелерді туындатты,
сондай-ақ тұрғын үй сферасы да көптеген бірқатар
өзгерістерге ұшырады. Бұл Қазақстандағы
тұрғын үй нарығының дамуына әкеліп,
тұрғындардың тұрмыс тіршілігін нарықтық
бағытқа бұрды.
Тұрғын үй және жылжымайтын
мүлік нарығы кез келген ұлт экономиксының маңызын
құраушы болып табылады немесе жылжымайтын мүлік –
ұлттық байлықтың маңызды бөлігі, ол
әлемдік байлықтың 50 пайыздан астам үлесін
құрайды.
Кез келген кісі тұратын құрылым
мемлекетке немесе аймаққа, муниципалитетке, ведомстваға,
заңды және жеке тұлғаға тиесілі. Олар
тұрғын үй бойынша қатынастардың субъектісі болып
табылады, оларды игеру және пайдалану ерекшеліктерін анықтайды.
Жылжымайтын мүліктің ерекшелігі
микродеңгейде – кісі тұратын ұя (пәтер, бөлме,
ұй) жеке тауар ретінде көрінсе, ал макродеңгейде –
инфрақұрылымның бөлігі және
қоғамдық тауар ретінде көрініс табады.
Қазақстан Республикасының
тұрғын үй қоры мыналардан тұрады:
-
жеке тұрғын
үй қоры – меншіктің мемлекеттік емес формасына
негізделген, жеке меншік құқығы бойынша
азаматтарға және заңды тұлғаларға тиесілі
тұрғын үй.
-
мемлекеттік тұрғын
үй қоры - жеке меншік құқығы бойынша
мемлекетке тиесілі және жергілікті атқарушы органдардың
немесе (мемлекеттік коммуналдық тұрғын үй қоры)
мемлекеттік кәсіпорындардың қарауындағы
тұрғын үй (мемлекеттік кәсіпорындардың
тұрғын үй қоры).
Тұрғын үй саласын дамыту
мемлекеттің саяси маңызды міндеттерінің бірі болып табылады
және ол Қазақстанның 2050 жылға дейінгі даму
Стратегиясының басым бағыттарынан көрініс тапты.
Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.
Назарбаевтың Қазақстан халқына арналған жыл
сайынғы Жолдауларында да тұрғындардың баспана
жағдайы, тұрғын үймен қамтамасыз ету,
халықтың әлеуметтік жағдайы басым міндеттердің
бірі болып қарастырылады.
Тұрғын
үй – адамның тұрмыс жағдайын көлемді
айқындауға мүмкіндік беретін, жеке және топтық
қоғамдық қажеттіліктерді қанағаттандыратын,
әл-ауқат деңгейін қамтамасыз ететін стандартты
еңбек өнімі және өмір үшін қажетті
талаптардың бірі.
Қазіргі заман экономистерінің конструктивті зерттеу
еңбектерінің негізі бойынша (Корнаи Я., Аксенов А.А., Ясько В.Л.
және т.б.) әлеуметтік-экономикалық игілік ретінде
тұрғын үйдің негізгі сипаттамаларын анықтап
аламыз: [1]
1. Тұрғын үйге жеке меншік және
қоғамдық тауардың белгілері тән. Жеке меншік
тауарға пәтер, үй жатады. На уровне района, города элемент
инфраструктуры, который должен соответствовать не только экономическим, но и
экологическим, эстетическим критериям.
2. Тұрғын үй бір жағынан алып
қарағанда тұтынушының өмірлік іс-әрекетіне
қажетті игілік, ал екінші
жағынан алып қарағанда оны сатып алуды күрделі
қаржы жұмсаудың әдісі ретінде қарастыруға
болады.
3. Тұрғын үй сатып алынуы үшін
көп қаражат талап ететін сирек кездесетін тұтынушы игілігі
болып табылады. Тұрғын үйді сатып алу көп
жағдайда ұзақ мезгіл ішінде жиналған қаражат
негізінде жүзеге асады. Яғни тұрғын үйге деген қажеттілік
адамдар арасында еңбекке және қор жинауға деген
талпыныс тудырады.
4. Тұрғын үй қажеттілігі шексіз
тауарлардың қатарына жатады. Я. Корнаи тұрғын үй
қажеттілігінің осы қырын зерттей келе «адамдардың
көпшілігі қалай болғанда да екі бөлмелі пәтерде
тұратын болса, олардың көпшілігі кем дегенде үш бөлмелі
пәтер иеленуді қалайды; өте жақсы пәтерде
тұратын адамдар мұнымен қоса жаздық тұрғын
жайы болғанын қалайды; бөлмелер саны қисынға
келетін (адекватты) пәтері бар адамдар бұдан да үлкен,
бұдан да жақсырақ жабдықталған және
бұдан да дұрысырақ, әдемірек қоршалған
үлкен үйді қалайды» деп атап өтеді.
5. Тұрғын үй тек заттық
ұғым ғана емес, тұтынушылық игілік болып
табылады. Бұл адамдардың өмірлік іс-әрекет
шарттарының бірі, отбасылық қарым-қатынастың бір
аясы, сайып келгенде, тұрмыс салтының ажыратылмайтын бөлігі.
Мұнымен қоса тұрғын үй ең бірінші
қажетті игілік ретінде иеленушінің әлеуметтік статусын
айқындайтын беделі үлкен (престижді) тауардың айқын
сипатын көрсетеді.
6. Тұрғын үй физикалық
және моральдық тұрғыдан таусылмас үлкен қор
және оны пайдалану айтарлықтай ұзақ мерзімді
қамтиды. Осыған байланысты тұрғын үй – бірнеше
ұрпақтың өмір сүру және даму шарттарын
қамтамасыз ететін ұзақ мерзім пайдаланылатын игілік
(және тауар).
7. Тұрғын үй тұрақты (стационарлы)
өнім болып табылады, яғни оны бір орыннан екінші орынға
орнықтыру тіптен мүмкін емес. Әрбір тұрғын
үй өз сипаттамалар тізбегін құрайды, алайда
сипаттамалар нақты орналасқан аумағына байланысты негізге ие.
Пайдаланылған тұрғын үйдің ауыстырылуының
басқа кез-келген тауардан өзгешелігі көп шығынымен
байланысты түсіндіріледі. Тұрғын үйдің стационарлылығы
оның тауар ретінде өткізу мүмкіндігін шектейді. [2]
8. Тұрғын үй құрылысы
және оның қажеттіліктерін қамтамасыз ету едәуір мультипликациялық
нәтиже береді. Тұрғын үйдің салынуы және
қолданысқа берілуі көптеген кәсіпорындармен, институттар
қызметімен және т.б. салалармен байланысты. Тұрғын
үйдің ұзақ мерзім тұтынылатын еңбек
өнімі екені ескеріліп, тұрғын үй қорының
пайдаланылуымен айналысатын тұтас жұмыс күші
құрылған. Тұрғын үймен қамтамасыз
етілу деңгейінің жоғарылауы және оның сапасы
ұзақ мерзім қолданылатын басқа тауарларға деген
тұтынушылар санының көбеюіне мүмкіндік береді, ал
бұл тұтас ел экономикасы құрылымының
өзгеруіне түрткі болады.
Тұрғын үй тамақтану, киім, су,
ауа секілді адамның тіршілік етуіне өмір бойы қажет болып
табылатын шарттардың біріне жатады. Сондықтан адамзаттың ерте
заманнан бастап қазіргі кезеңге дейінгі бүкіл тарихы
адамның қажеттіліктерін қанағаттандыратындай
тұрғын жайға ие болуға деген ұдайы талпынысын
көрсетеді. [3]
Әлеуметтік сұрақтар бойынша
Қазақстан азаматтарының көп бөлігі
тұрғын үй шарттарының жоғарылауын бірінші
орынға қоятыны белгілі болған. Олай болса әлеуметтік
шиеленіс деңгейі және қоғамдағы саяси
жағдай көп жағдайда азаматтардың
қажеттіліктерінің жүзеге асу мүмкіндігіне
тәуелді. Сондықтан да қолжетімді әрі жайлы
тұрғын үй денсаулық сақтау, білім және ауыл
шаруашылық салаларындағы ұлттық жобалардың
мақсатқа жетудегі маңызды құрама
материалдық негізі болып табылады.
Қолданған әдебиеттер тізімі:
1. Корнаи Я. Дефицит - М.: Наука, 1999 - с. 607.
2. Кудрявцев А.П. и др.
Архитектурное образование. Проблемы развития. – М., 2005.
3. Кулумбетова Л. Новая жилищная политика
Казахстана // Саясат – POLICY, 2007, №9. – с. 38-42.