УДК.632.9:633.16(574.5)
Есіркепов У.Ш., Елікбаев Б.К.
Қазақ
ұлттық аграрлық университеті
ҚАЗАҚСТАННЫҢ ОҢТҮСТІК
ШЫҒЫС ШӨЛДІ АЙМАҚТАРЫНДА КСЕРОФИТТІ ӨСІМДІКТЕРДІҢ
БИОЛОГИЯЛЫҚ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ ЖӘНЕ ӨСІРУ ТЕХНОЛОГИЯСЫ
Андатпа
Орман мелиоративтік ксерофит ағаштарының
бірі - егіс қорғайтын орман жолақтары. Оларды жазық
жерлерде микроклиматты жақсарту үшін, топырақты жел
эрозиясынан сақтауға, ауыл шаруашылығы өсімдіктерін
желдің зиянды әрекеттерінен қорғау мақсатында
өсіреді. Осы мәселені шешуде біздің отандық ғалымдарымыздың
қосқан үлесі аса үлкен [1].
Түйінді сөздер: сексеуіл,
жусан.
Кіріспе
Қазақстанның шөл
және шөлейт жерлеріндегі табиғи өсімдіктердің
көлемі мол болғанымен олардың өнімділігі төмен,
жыл мезгілдеріне байланысты шығымдылығы күрт
құбылып отырады. Сондай-ақ бұл жерлердің
жазық және ашық жататыны, топырақ алқаптарының
құмды және құмдауыт топырақты
алқаптардың көлемділігі, күшті өкпек
желдердің жиі болатыны, ауа райының өте
құрғақ екені белгілі. Дегенмен, бұл ерекшеліктер
ескерілмей, сақтау мен пайдалану арасындағы теңестірілген
қатынас сақталмады, соның салдарынан күрделі шөл
өсімдік байлығы кеми бастады.
Зерттеу әдістері және мәліметтер
Егу тереңдігі және
өңдеу тәсілдері, фенологиялық бақылау Бейдеман
И.Н. әдістемесі пайдаланылды [2]. Өсімдіктің биоморфологиялық
ерекшеліктерін латенттік, виргинальдік және генеративтік
өсіп-өну кезеңдерін Т.А.Работнова әдістемесімен
байқадық [3].
Зерттеу нәтижелері
Біз зерттеу жұмысымызды Балқаш
ауданының орман шаруашылығында сексеуіл көшеттерін
тұқымымен көбейтудің және шөлді
құмды мекендерге ақ, қара сексеуілдің екпелерін
отырғызу мерзімі бойынша (көктем, күз) ажыратылатын қайталануы
4 реттен қойылған 6 бақылау алаңшасы зерттелінді.
1-ші бақылау алаңы. Бұл
алаң 40-орамның 2-телімінде сеппелер арқылы
отырғызылған құм екпелерінде орналасқан. Орман
типі – құмды аймақтың сортаңдағы қара
сексеулдері (ЧСП). Топырағы – құмды. Алабота
тұқымдастарының құрамы: 10Скч. Бонитет класы III,
толымдылығы 0,5 өскіндері: 10Скч, орташа жасы 5-жыл, биіктігі 1,4см.
Орман астындағы бұталар: құрамы 9Ж1Ап, 1га-да
0,1мың данаға дейін. Шөптесін өсімдіктерден жусан
өседі биіктігі 0,5 см-ге дейін.
2-ші бақылау алаңы. Бұл
алаң 50-орамның 5-телімінде тұқымнан себілген екпелерге
жасалынды. Орман типі – сортаңдағы қара сексеуілдер (ЧСП).
Жер бедері – құмды, жазық.
Топырағы – сортаңдар. Бонитет класы III, толымдылығы 0,3.
Өскіндер - 10Скч, орташа жасы - 4 жыл, биіктігі 1,2см. Шымдану
деңгейі - әлсіз.
3-ші бақылау алаңы.60-орамның
4-телімінде сеппелер арқылы отырғызылған орман екпелеріне
жасалды. Орман типі – құмды аймақтағы қара
сексеуіл орманы (ЧПП). Жер бедері – аласа құмды жоталар мен
олардың арасындағы еңістер. Топырағы – шөлдегі
құмдар. Толымдығы – 0,6. Бонитет класы – II, орман
құрамы – 10 Скч. Өскіндер біркелкі орналасқан, орташа жасы
- 4 жыл, биіктігі – 1,1м.
4 –ші бақылау алаңы. 70-орамның
5-телімінде сеппелер арқылы отырғызылған орман екпелеріне
жасалынды. Орман типі – құмды аймақтағы қара
сексеуіл орманы (ЧПП). Жер бедері – аласа құмды жоталар.
Топырағы – сусымалы құм. Бонитет класы – III. Орман құрамы:
10 Скч. Толымдылығы 0,4. өскіндер 10Скч, орташа жасы 3 жыл, биіктігі 0,6см. Шөптесін
өсімдіктерден – жусан.
5және 6-шы бақылау алаңдары. 75-және
80-орамдарының 7-10-телімінде сеппелер арқылы
отырғызылған орман екпелеріне жасалынған. Орман типі
құмды – саздауытты жазықтағы өзен
аңғарындағы қара сексеуіл орманы (ЧпР). Жер бедері
әлсіз толқынды жазық. Топырағы тақыр
тәрізді және саздауыт. Бонитет класы I және II. Орман
құрамы: 10Скч.Толымдылығы 0,4 және 0,5.Өскіндер 10Скч,орташа
жасы5-3 жыл,биіктігі1,3- 0,7см.
Кесте 1- Бақылау алаңдарының
таксациялық сипаттамасы
|
Бақылау алаңы № |
Орамдар |
Телім номері |
Орман типі |
Орман құрамы |
Бонитеті |
Толым дылығы |
Өскіндер құрамы |
Өскіндердің орташа жасы |
Өскіндердің орташа биіктігі |
|
1 |
40 |
2 |
ЧСП |
10Скч |
III |
0,5 |
10Скч |
5 |
1,4 |
|
2 |
50 |
5 |
ЧСП |
10Скч |
III |
0,3 |
10Скч |
4 |
1,2 |
|
3 |
60 |
4 |
ЧПП |
10Скч |
II |
0,6 |
10Скч |
4 |
1,1 |
|
4 |
70 |
5 |
ЧПП |
10Скч |
III |
0,4 |
10Скч |
3 |
0,6 |
|
5 |
75 |
7 |
ЧпР |
10Скч |
I |
0,5 |
10Скч |
5 |
1,3 |
|
6 |
80 |
10 |
ЧпР |
10Скч |
II |
0,4 |
10Скч |
3 |
0,7 |
Бұл жердің топырағы
сұр, құмды. Топырағы ерте пар жүйесі бойынша,
тереңдігі 25-27см тереңдікте аудара жыртылған. Егу жұмыстары
мтз-80 тракторымен жүргізілді.
Кесте 2-Топырақ кескінінің
сипаттамасы
|
А 0-25см |
Жоғарғы қабаты сусылдақ құм,
құрғақ ашық сұр құрылымды.
Келесі қабатқа өтуі шұғыл. |
|
В 25-45см |
Сұр тығыз. Жарықтар жиі кездеседі. Түсі
және тығыздығы бойынша келесі горизонтқа өтуі біртіндеп. |
|
С 45-80см |
Ақшыл сары құмдауыт, түбіне қарай
ылғалды құм. |
Сексеуілдің өсу жағдайын
сипаттайтын бақылау нәтижелері төмендегі кестеде
көрсетілген.Күзгі санақ көрсеткендей (2-кесте) екпелерді
құру кезінде себу арқылы жүргізілген жұмысына
қатардағы өсімдіктер біркелкі орналаспайды және
жеткілікті қалыңдықты қамтамасыз ете
алмайды.Өсімдіктер арасындағы ара қашықтығы бір
қатарда екі түрлі топырақта бірінші жылы 8,5м-ден 9,2м
аралығында және отырғызу арқылы егілген екпеде олар
2,2м -3,4м аралығында ауытқиды.
Алғашқы жылы өскіндерінің
көп мөлшерінің өсетінін байқадық,
яғни 1 шаршы метрде 31-41 тан астам өскін саналды, бірақ олар
біркелкі орналаспаған, қатар ұзындығы бойынша кең
жолақты - 0,5м-ге жуық.
Кесте 3- Себу және отырғызу
арқылы құрылған сексеуіл екпелерінің өсуі
|
№ |
Топырақ түрі |
Құру мерзімі |
Жерсінуі % |
Орташа биіктігі, см |
Орташа қашықтығы, м |
|
1 |
2 |
3 |
4 |
5 |
6 |
|
Себу |
|||||
|
1 |
Сұр түсті жеңіл құмдауытты |
күз |
75,0 |
22,7±1,4 |
9,5 |
|
2 |
Сұр түсті, құмды |
күз |
68,2 |
24±2,1 |
8,0 |
|
Отырғызу |
|||||
|
3 |
Сұр түсті жеңіл құмдауытты |
күз |
81,5 |
51,0±2,5 |
3,6 |
|
4 |
Сұр түсті құмды |
көктем |
90,0 |
66,0±3,3 |
2,6 |
Мамыр-маусым айларында ауа
температурасының жоғары болу салдарынан топырақ кеуіп кетіп,
әрі арамшөптің қаулап кетуінен жаппай қурап
қалу қаупі туындайды.
Күтіп баптаудың
механикаландырылған түрін бірінші жылында сеппелерде жүргізуге
болмайды, күтіп баптау жұмыстары қол күшімен
жүргізіледі.
Мұның бәрі
тұқымның шығымдылығының төмен
болуына, сеппелердің қатты сиретілуіне әкеп соғады. Күзде
отырғызылған екпелердің шығымдылығы
көктемгіге қарағанда төмен болды.
Өскіндердің сақталуы мен
өсуін бақылаудағы мәліметтерге қарасақ,
сеппелердің өсуі екпелерге қарағанда баяу екендігі
байқалады. Себу бойынша 2-жылдық өскіннің бойы 24см
құраса, екпенікі-51,0см (жеңіл құмдауытты
топырақта) ал құмды топырақта - 66см болды. Сақталуы
жағынан да айырмашылықтары жоқ емес. Бұл жерде көшетпен
отырғызылған екпедегі саны, сеппеге қарағанда бірнеше
есе аз болды.
Үш жылдық қара сексеуілдің екпелерінде
өсімдіктердің орташа ара қашықтығы
қатардағы сеппелерде 8,0-9,5м, ал отырғызылған сексеуіл
көшеттерінде 2,6-3,6м-ді құрайды. Сексеуілдің сол жерге
жерсінуі бойының өскен биіктігі бойынша анықталады.
Көшет түрінде отырғызылған екпелердің биіктігі
сеппелерге қарағанда 15-25см жоғары болды. Жүргізілген
зерттеу нәтижелерінде алабота тұқымдарын өсіруге себу
тәсілдерін қолдану қажет, ал көшетпен отырғызу
жұмысы екпе орман құруға тиімді.Су, жел, топырақ
эрозиясына қарсы құм көшкінін тоқтатуда орман
жолақтары ерекше рол атқарады. Мұндай құмды–шөлді
аймақтарда құрылған орман жолақтарында биоценоз
қауымдастығының түр құрамдарының санының
артуы байқалады.
Қолданылған
әдебиеттер тізімі
1.Утешкалиев М.Д.Вибе Г.Г.Бирюков В.И. Защитное
лесоразведение в полупустынной зоне. 1984.
2. Скупченко Л.Б. Агротехника выращивание сеянцев
и создание культур саксаула в Джамбульской области. Алматы, 1984.
3. Бессчетнов П.П. Мальцев С.Н. Редкие и ценные
растения Казахстана, Алматы, 1981. Временные рекомендации по созданию защитных
лесных насаждений, 1980.
4.Глазов Ю.А.Лесоводствнные основы хозяйства в
Причуйских саксаульниках. Алматы, 1968.
5. Бабаев А.Г. Принципы закрепления подвижных
песков.М.1986.
6. Колесниченко М.В.Агролесомелорация с основами
лесоводства.Москва, 1981.
7. Кокшарова Н.Е. Саксаул. М. 1983.
8. Пашковский К.А. Опыт посева саксаула в
Казахстане. Алматы, 1964
9. КасьяновФ.м. Опыт лесомелиорации пастбищ. М.
1929.
10.Данилин А.Л.,Парфенов М.Я. Шевчук Л.П.Лесомелирация
пустынных пастбищ. Ташкент, 1987.
Есиркепов У.Ш.,
Еликбаев Б.К.
БИОЛОГИЧЕСКИЕ ОСОБЕННОСТИ И ТЕХНОЛОГИЯ ВЫРАЩИВАНИЯ КСЕРОФИТОВ В ПУСТЫННОЙ
ЗОНЕ ЮГО-ВОСТОКА КАЗАХСТАНА
Резюме. В статье приведены результаты исследования саксаула, их биологических
особенностей. Указаны пути рационального использования и улучшения этих культур
пустынных зонах.
Ключевые слова: Саксаул, Полыни.
Esirkepov
U.Sh. Yelikbayev B.K.
BIOLOGICAL
FEATURES And TECHNOLOGY of GROWING of XEROPHYTES are In the DESERTED ZONE of
SOUTHEAST of KAZAKHSTAN
Summary. To the article the results of research of saxaul, their biological features
are driven. The ways of the rational use and improvement of these cultures are
indicated the deserted zones.
Key words: Haloxylon, Wormwoods.