Экономические науки/2. Инвестиционная деятельность и фондовые рынки

Имашева Р.С., магистрант

Дүйсенбаева Б.Б., э.ғ.к.

Қазақ-орыс халықаралық университеті, Қазақстан

Кәсіпорынның инвестициялық тартымдылығын

кешенді  бағалау

 

Қазіргі заманда кәсіпорындар бәсекелестік жағдайында әрекет етуде. Кәсіпорынның қарқынды дамуы үшін көптеген факторларды ескере отырып сан түрлі қиындықтырды шешу қажеттілігі туындайды:  мердігерлермен, тұтынушылармен, бәсекелестермен, қаржылық ұйымдармен және т.б. Кәсіпорынның тұрақты дамып отыруына  негізгі қызмет бағыттарын қаржыландыру тікелей байланысты. Өз инвестицияларын салу үшін, инвесторларды тарту үшін  кәсіпорын инвестициялық тартамдылыққа ие боуы шарт. Кәсіпорынның инвестициялық тартымдылығы оның өндірістік, коммерциялық, қаржылық және басқарушылық қызметтерін оң жағынан сипаттап беру болып табылады.

Бәсекелестік жағдайында барлық  дерлік кәсіпорындар кәсіпкерлікті дамыту мақсатында өздерінің инвестициялық тартымдылықтарын арттыруға тырысады, сол арқылы түрлі қаржыландыру көздерін тауып, инвесторлардың, мердігерлер мен мемлекеттік органдардың сеніміне ие болады.   Шаруашылық  жүргізу барысында кәсіпорындар  қаржыландырудың түрлі құралдарын қолдана алады:  банктік несиелер, қор нарығынан инвестиция тарту, стратегиялық немесе қаржылық инвесторларды тарту және т.б. [1].

Кәсіпорынның инвестициялық тартымдылығына келесі факторлар әсер етеді:

·                     Ақшалай түсімдердің   тұрақтылығы;

·                     Сала спецификасы;

·                     Өндірілетін өнім сипаттамасы;

·                     Тауарды өндіру барысында инновациялық технологияларды қолдану;

·                     Мүмкін болатын синергетикалық әсер және т.б.

Осылайша, кәсіпорынның  инвестициялық тартымдылығы кәсіпорынның кәсіпкерлік қызметтінің  негізгі сипатты белгісі болып табылады. Өйткені ол кәсіпорынның әрі қарай дамуына, тиімді қызмет етуіне, қаржылық жағдайы мен бәсекелестік жағдайында озып шығуына тікелей әсер етеді.

         Қазіргі таңда кәсіпорынның инвестициялық тартымдылығын анықтайтын  біртұтас әдіс жоқ. Бұл проблеманы зерттеушілер инвестициялық тартымдылық категориясына  мазмұны жағынан да әртүрлі  анықтамалар беруде.

         Кәсіпорын  инвестиция тартуға ниет білдірсе, ол өзінің инвестициялық тартымдылығына назар аударуы қажет.          Кәсіпорынның инвестициялық тартымдылығы  бұл осы кәсіпорынға инвестициялық қаражаттарды салудың дүрыстығын сипаттайтын кешенді көрсеткіш. Кәсіпорынның инвестициялық тартымдылығына көптеген факторлар әсер етеді: елдегі саяси және экономикалық жағдай, заң шығару және сот жүйесі, жемқорлық, саланың экономикалық жағдайы, персоналдың кәсіптік деңгейі, қаржылық жағдай және т.б.

         Инвестиция тартудың кең тараған түрлері:

Бірініші әдіс, ең оңай әдіс, бірақ ең қымбат әдістердің бірі болып табылады. Бұл әдіс банктік несие рәсімдеу арқылы жүзеге асады. Бұл жағдайда кредитор, яғни банк өзінің несиелік саясаты аясында несиенің берілетін шарттары негізінде (көлемі, мерзімі, пайызы, кепілдеме және т.б.) несие беру туралы шішім қабылдайды. Мұндай қаржыландыру тек өзінің төлем қабілеттілігін растаған және кепіл затын қамтамасыз еткен компанияларға беріледі. Жоба ойлағанындай жүзеге аспаса, несие көлемін компания өз қаражаты есебінен, жарғылық қоры есебінен, негізгі өндірістік қорларды сату арқылы жабады.

         Инвестицияларды қор нарығы арқылы тарту  немесе стратегиялық инвесторды  іздестіру кәсіпорыннан ашық есептілікті, қаржы ағындарын қадағалаудың  ашықтығын, бизнестің тазалығын талап етеді. Мұндай жағдайда кәсіпорынның инвестициялық тартымдылығы жоғары болған сайын  инвестицияға қол жеткізу мүмкіндігі артады.

          Кәсіпорынның инвестициялық тартымдылығын талдаудың келесі құрамдас бөліктерін атап өтуге  болады:

·                     табыстылықты талдау  - салымдардың альтернативті нұсқаларын сараптау, пайда деңгейі мен тәуекелді салыстыру;

·                     қаржылық талдау – кәсіпорынның қаржылық тұрақтылығын талдау; бар мәліметтер негізінде кәсіпорынның дамуын болжау;

·                     нарықтық талдау  - тауардың нарықтағы болашағына баға беру, ұқсас тауарлармен нарықтың қамтылуы, нарық сыйымдылығы мен нарықта тауарды өткізуге  бағытталған қадамдар;

·                     технологиялық талдау – жобаның технико-эконо­микалық  альтернативаларын зерттеу, бар технологияларды қолданудың түрлі нұсқаларын зерттеу, осы инвестициялық жобаны қанағаттандыратын оптималды технологиялық шешім іздестіру.

·                     басқаруды талдау  - кәсіпорынның басқару және ұйымдық саясатына баға беру, және кәсіпорынның ұйымдық құрылымы, қызметті ұйымдастыру, персоналды оқыту сияқты мәселелер бойынша ұсыныс білдіру.

Қазіргі таңда экономикалық талдаудың дамып  келе жатқан бағыттарының бірі инвестициялық талдау  және кәсіпорынның инвестициялық тартымдылығын  талдау болып табылады[2].

Кәсіпорынның инвестициялық тартымдылығы  бұл – осы кәсіпорынға инвестиция салуды жүзеге асырудың дұрыстығын айғақтайтын өндірістік, коммерциялық, қаржылық, басқару қызметтерінің көрсеткішерінің жиынтығы.          

Батыстың ғалым-экономистерінің пайымдауынша, инвестиция салу объектісі ретінде,  кәсіпорынның инвестициялық тартымдылығын бағалауда кәсіпорынның негізгі қызметінің келесі тұстарының маңызды көрсеткіштеріне  жіті назар аударылуы тиіс:

1.                 Активтердің айналымдылығын талдау. Инвестициялаудың басында тиімділік нақты  кәсіпорынның  қызметі  барысында салынған қаржылардың қаншалықты тез айналым жасайтынына тәуелді.

2.                 Капитал табыстылығына талдау. Инвестициялаудың  бас мақсаттарының  бірі салынған қаржыларды пайдалануда жоғары табыстылықты қамтамасыз ету болып табылады.  Бірақ қазіргі таңда  кәсіпорындар өздерінің табыстылық деңгейін белгілі деңгейде басқара алады (амортизациялық саясат, тиімді салықтық жоспарлау және т.б.есебінен), ал талдау барысында  пайданы қалыптастырудың потенциалын  толығырақ сараптауға болады.

3.                 Қаржылық тұрақтылықты талдау. Мұндай талдау инвестициялық ресурстардың құрылымдық қалыптасуына байланысты  инвестициялық тәуекелді, сондай-ақ шаруашылық қызметті ағымдағы қаржыландыруының оптималдылығын бағалауға мүмкіндік береді.

4.                 Активтердің өтімділігін талдау. Активтердің өтімділігін бағалау кәсіпорынның өзінің қысқа мерзімді міндеттемелері бойынша  төлеу қабілетін анықтауға, активтердің кейбір түрлерін тез сату нәтижесінде банкроттықтың алдын-алуға мүмкіндік береді. Сондай-ақ активтердің жағдайы қысқа мерзімдегі мүмкін инвестициялық тәуекелдерді сипаттайды.

           Негізінен кәсіпорынның инвестициялық тартымдылығын  аталған көрсеткіштер бойынша талдау инвестициялық циклдың сатыларына байланысты орын алады. Өйткені әр сатыда бұл көрсеткіштердің мәндері кәсіпорын мен инвесторлар үшін әртүрлі  құндылыққа ие [3]. 

 

                                              Пайдаланылған әдебиеттер:

1.                 cfin.ru/finanalysis/invest/investment_appeal.shtml

2.                 Анализ инвестиционной привлекательности организации: науч­ное издание/ Д.А. Ендовицкий, В.А. Бабушкин, Н.А. Батурина и др.; под ред. Д. А. Ендовицкого. - М.: КНОРУС, 2010. - 376 с.

3.                 Анализ финансового состояния и инвестиционной привлека­тельности предприятия: Учеб.пособие для студентов вузов, обучающих­ся по специальностям: «Финансы и кредит», «Бух.учет, анализ и аудит», «Мировая экономика», «Налоги и налогообложение» / Э.И. Крылов, В.М. Власова, М.Г. Егорова.