Қонақ үй саласындағы маркетингтің ерекшеліктері

 

 

Басшиева Ж.К. - Қ.Жұбанов атындағы АӨМУ-нің аға оқытушысы

Қожаева Д. - Қ.Жұбанов атындағы АӨМУ-нің Маркетинг мамандығының студенті

 

 

Қазақстан экономикасының тұрақты дамуына қол жеткізу, салаларды әртараптандыру және бәсекеге қабілеттілікті арттырудағы міндеттерді орындауға тікелей байланысты. Қоғамдық тамақтану саласын тиімді дамыту үрдісіндегі басты рөлі экономиканың өсуіне белгілі бір көлемде салымдар салуды қажетсінеді. Қазақстан Республикасындағы Сауда қызметіндегі қоғамдық тамақтану сферасының ЖҰӨ-дегі үлесі 12,2% құрайды.

Бұл әрине үлкен көрсеткіш, Қазақтандағы қоғамдық демалыс кәсіпорындарының қарқынды дамып, ауқымды салалармен қалыспай экономиканың дамуына үлкен үлес қосып отырғандығын көрсетіп отыр. Жалпы, қонақ үй саласына салынған қаражат  3-4 жылда қайтарым береді. Сондықтан бұл нарық сегменті жедел өсім беретін салалардың бірі. 

Қоғамдық тамақтану жүйесіндегі қонақ үйдің орны зор. Қонақ үйлік бизнес – тұрғындардың қажеттілігін сапалы демалыс орындарымен қанағаттандыруға, клиенттерге сапалы қызмет көрсетуге, клиенттердің эмоционалды және эстетикалық қажеттіліктерін қанағаттандыруға қабілетті ерекше қызметтердің бір түрі.

Соңғы жылдары қазақстандағы қонақ үйдің қызметі үлкен жағымды өзгерістерге ұшырады, өйткені тұрғындардың әлеуметтік-экономикалық жағдайының жақсаруы мәдени-демалу саласындағы қызметтерге деген сұранысты арттырып, қонақ үйлер, мейрамханалар мен кафелердің санының өсуіне ықпалдасты. Қызмет көрсету нарығындағы қонақ үй қызметтері әлеуметтік-экономикалық жағдаймен тікелей байланысты болғандықтан, экономикадағы өзгерістер, реформалар, қонақ үй бизнесіне маркетинг стратегияларын тиімді қолданудың қажеттілігін туындатты. 

Қазақстандағы көптеген қонақ үйлік бизнесте маркетингтік басқару құрылымдарының жетіспеушілігі, нарық талабына сай маркетинг әзірлемелердің әдістерін дайындауды талап етеді. Қазақстандық ғалымдар қонақ үй бизнестегі маркетингтік шарттардың әдістемесін зерттеу үстінде, дегенмен де олардың ғылыми ізденістері жеткілісіз. Осы тұрғыда қонақ үй бизнесіндегі маркетингтік басқару жүйесіндегі шешілмеген проблемалар, ғылыми зерттеудің тақырыбын таңдауға және оның өзектілігін айқындауға ықпал етті.

Қонақ үй бизнесі туристік индустрияның материалды-техникалық базасының негізгі бөлігі болып табылады. Сондықтан қонақ үйде жасалған жұмыстар құрылысы, ішкі және сыртқы безендірілуі, қызмет көрсету кешені, қонақ үйдің орналасуы, мәзірі барлығы бір-бірімен үйлесімді болуы қажет.

Қонақ үй бизнесінің өркендеуінің басты концепциясы оның орналасуында, сонымен бірге бизнес әлеуетті қонақтардың талғамымен сәйкестенуі аса маңызды.

Қазақстандағы қонақ үйлер жіктеулерге ие, дегенмен де нақты белгілі бір статусқа ие обьектілерге бөлінбеген. Қазақша стилі бар, ұлттық тағамдарды пісіріп, халықтың көңілінен шығып отырған қонақ үйлер жеткілікті.

Қонақ үй қызметіндегі маркетингтің мазмұны нарыққа бағытталған болуы қажет, яғни тұтынушылардың қажеттілігін қанағаттандыру үшін өндірушіден өндірілген өнімді түпкілікті тұтынушыға жеткізу. Бұл қонақ үй қызметінің ұсынатын қызметтерімен тікелей байланысты, біріншіден жоғары сапалы өнім тауардың материалдық құндылығын сақтауға көмектессе, екіншіден тұтынушылардың денсаулығына кепілдік береді. 

Туризм саласындағы қонақ үйдің ерекшелігі.

1. Қонақ үй сферасындағы маркетинг 7 элементтен тұрады: тауар/қызмет, баға, өткізу, коммуникация, қызмет көрсету үрдісі, персонал және қоршаған орта.

2. Бұл салада тауар өндіріс мен қызметінің үзілмейтіндігімен ерекшеленеді.

3. Қонақ үй қызметіне деген сұраныс мезгілдік сипатқа ие. Тәжірибе көрсеткендей, сату көлемінің өсуі қыс айларында жоғарылап, жаз мезгілдерде төмендейді. Сондықтан маркетингтік басқару үрдісінде баға түсірімдерін жасау сияқты мәселелерді шешуді қолдану маңызды.

4. Маркетингтің осы салады тағы бір маңызды элементі тауар болып табылады. Мысалы, тауардың сапасының жоғары болуы экономика секторының, оның ішінде ауыл шаруашылығы, өнеркәсіп шаруашылығы, мәдениет, білім беру саласымен өзара тығыз байланыста болады. Қонақ үй қызметіндегі қызметтің сапалы болуы қонақ үй статусына тікелей байланысты.  Ассортимент, өнім сапасы нарық сегментін кеңейтуге және маркетинг стратегияларын әзірлеуге, бәсекелестікті арттыруға мүмкіндікті арттыратын болады. 

5. Бағаны қалыптастыру мекеменің статусына тікелей байланысты болады. Бағаны белгілеу кәсіпорынның өмірлік циклына, тұтынушылардың төлемқабілеттілігіне, сату көлеміне және мекеменің орналасуына тығыз байланысты. 

6. Аталмыш сферадағы жылжыту және өткізудің басты құрайтын элменттері ретінде, өткізу арнасы, қызмет көрсету формасы және коммуникация жатады. Өткізу жүйесінің қоғамдық тамақтану саласындағы ерекшелігі тікелей каналдың қолданылатындығында. Ережеге сай, ол тұтынушыларға қызмет көрсету стилімен тікелей байланысты. 

7. Қонақ үй қызметтің өзгеріске жылдам ұшырайтындығында. Ол білікті персоналдардың деңгейіне тікелей байланысты. Бұл маркетингтік әдістерді қолдануды талап етеді. Оның ішінде мамандарды оқыту, біліктілігін арттыру т.с.с.