Современные информационные технологии/ 2. Компьютерная инженерия

 

П.б.б.м. Айтбенова А.А., т.ғ.к. Ерсултанова З.С.

 «Информатики және КТ» кафедрасының аға оқытушылары,

Қостанай мемлекеттік педагогикалық институты, Қазақстан

Информатика курсын оқытуда мультимедиа құралдарын қолдану

 

Қоғамды жаппай ақпараттандыруға байланысты сыртқы факторлар, білім беруді ақпараттандырудың мемлекеттік және мемлекетаралық бағдарламалардың қабылдануына, білім беру мекемелеріндегі қазіргі заманғы компьютерлік техника мен бағдарламалық жасақтаманың таралуына, барған сайын көптеген оқытушыларға ақпараттандырудың қажетті тәжірибелерінің пайда болуына байланысты ішкі факторлар да мультимедиа технологияларының білім беру іс-әрекетінің әртүрлі салаларына күн сайын барынша еніуіне мүмкіндік туғызады. Көптеген жағдайда мультимедиа құралдарын пайдалану педагогтардың еңбегін қарқынды етуге, сондай-ақ білім алушыларды оқытудың тиімділігіне оң ықпал етеді.

Мyльтимeдиa әртүрлі типті aқпaрaттaрды өңдey мeн ұсынyдың тиімді құрaлы болып тaбылaды. Мультимедиа технологиялары – бұл оқу үрдісін ақпараттандырудың жаңа бағыттарының бірі. Мультимедиа технологиялары оқыту үрдісін белсенді етеді, оқуды тиімді етуге мүмкіндік береді.

Мультимедиа технологияларын информатика курсын оқытуда қолдану – оқытылып отырған бағдарламалық қамтамасыз етудің мүмкіндіктерін көрнекі түрде көрсетуге мүмкіндік береді, сонымен қатар, бейнесабақтар (мультимедиалық бейнелер мен файлдар) білім берудің тиімділігі мен мотивациялығын арттыруға көмектеседі [1].

Мyльтимeдиa құрaлдaрын оқытy процeсінe eнгізyдің eкі бaғыты бaр. Біріншісі, мyльтимeдиa құрaлдaры дәстүрлі оқытy әдістeрінe қосымшa, оқытy процeсін дaмытy құрaлы рeтіндe қолдaнылaды. Eкіншісі, оқытy процeсін ұйымдaстырy формaлaры мeн әдістeрін жәнe білім бeрy мaзмұнын жaңaртyғa мүмкіндік бeрeтін, жaңa құрaлдaр, құрылғылaр, тeхнологиялaр eсeбінeн жүзeгe aсырылатын құрaлы рeтіндe пaйдaлaнылады.

Соңғы кездері көптеген мультимедиалық және оқыту бағдарламалары құрылған. Әрбір информатика пәнінің оқытушысы мультимедианы тиімді оқыту құралы ретінде пайдалана алады.

Мультимедиалық бағдарламамен жұмыс жасау барысындағы (өз бетінше жаңа білімді меңгерудегі, бекітудегі, бақылау-бағалаудағы) білім алушы мен компьютердің, оқытушы мен білім алушының өзара әрекетін ұйымдастыруға негізделген оқыту әдістері білім алушының танымдық қызметін ұйымдастыруда, қызығушылығын туғызуда өте маңызды қызмет атқарады.

Оқытуда мультимедиа құралдарын қолдану дидактиканың негізгі қағидаларын кешенді түрде іске асыру үшін өте қолайлы. Экрандағы сөздердің қимыл-қозғалысы, түрлі-түсті графикалық бейнелер, аудиовизуалды көрнекіліктер, бейнеқатар, бейнематериалдар, диктордың дауысы – мұның барлығы білім алушының белсенділігі мен жоғары мотивациялық қызығушылығын тудырып, саналы түрде, өз бетінше ешқандай қорқынышсыз еркін жұмыс істеуіне, сөйтіп, оқу үрдісінің тиімді ұйымдастырылуына оң әсер етеді [2].    

Мультимедиа құралдарының ішіндегі сабақ барысында қолданылатын көрнекіліктерді құрудың тиімді құралдарының бірі – скриншоттарды түсіруге арналған Snagit бағдарламасы болып табылады.

Snagit – скриншоттарды түсіруге арналған ең жақсы бағдарлама. Скриншот дегеніміз – монитордың қандай да бір бөлігінің кескіні. Кез-келген бағдарламаның, не терезенің ең қызықты жерін графикалық файл ретінде сақтап алуға болады. Аталған бағдарлама барлық экранның, не оның бір бөлігінің, терезенің скриншотын түсіреді. Бағдарламадағы аннотациялардың кірістірілген редакторы скриншоттарға түрлі жазуларды енгізуге, мәтіннің астын сызып, басқа жерге көшіруге, әртүрлі фигураларды енгізуге арналған.

Бағдарламаның негізгі мүмкіндіктеріне: экрандағы суреттерді басып алу және оларды өзгерту (белгілеу, қиып алу, мәтін енгізу, сақтау); экрандағы болып жатқан іс-әрекеттерді жазып алу; скриншоттарды безендіру; алынған кескіндерді басқа бағдарламаларға (Word, PowerPoint, Excel, MindManager, Flickr) жылдам ауыстыру; скриншоттарды Print Screen батырмасымен түсіру;

түсіру үшін бөлек үзінділерді таңдау; скриншоттарды түсіруге арналған таймер; «Ыстық» пернелермен және автоматты режимдегі жұмыс жасау; сканерлермен, цифрлық камералармен жұмыс жасау; алынған скриншоттарды автоматты түрде веб-сайттарға орналастыру, скриншоттарды веб-парақтардан түсіру; Windows Vista және Office 2007-де жұмыс істеу мүмкіндіктері жатады.

Сонымен қатар, бұл бағдарлама стандартты графикалық кескіндермен қоса, экранда болып жатқан процестерді бейнеге түсіруге мүмкіндік береді. Бейнежазбаны түсіру кезіндегі бағдарламаның негізгі жұмыс істеу    принципі – тұтынушының, оқытушының жасап жатқан барлық іс - әрекеттерін белгілі бір файлға *.avi кеңейтіліміне жазып отырады. Осылай дайындалған бейнеүзінділер белгілі информатика пәннің жекелеген сұрақтарын қамтитын, қандай да бір тақырыпты түсіндіретін қысқаша фильмге ұқсас болып шығады [3].

Қорыта айтқанда, информатика курсын оқытуда мультимедиа құралдарын, соның ішінде  Snagit бағдарламасын қолдану экрандағы ақпаратты көрнекі қабылдауға және білім алушылардың танымдық қасиеттерін дамытуға, олардың сабаққа деген қызығушылықтарын қарқынды түрде арттыруға ерекше септігін тигізеді. 

Әдебиеттер:

1.   Аскандиева Р.Д. Мультимедиа технологияларын қолдану туралы //География және табиғат, 2008, №3, 17-18б.

2.   Шлыкова О.В. Культура мультимедиа. МГУКИ – М.: ФАИР-ПРЕСС, 2004. – 416 с. + цв. Вкладка.

3.   Бейсенова Г. Жаңа ақпараттық технологияның тиімділігі // Қазақстан мектебі – 2006.-№6 – 17- 19б.