т.ғ.к. доцент
Отарбаева Г.К.,
1 курс магистранты
Сейілбекова А
ОҚМУ, Шымкент қ.
Көшпенділер
өмірі ХVIII – ХІХ ғасыр аяғындағы Ресей
қоғамының көзімен
Ресейдің
қазақ жүздерімен тығыз қарым-қатынасы Петр
І – нің кезінен ақ туындай бастаған. Оның жиені Анна
Иоанновнаның билік құрған аралығында империя
бірінен соң бірін Кіші, Орта және Ұлы жүздің
қазақтарын өз қол астына алады. Жаңа қол
астына алынған қазақтар империяның
ақсүйектерімен қу, ішітар, саны көп, азаттықты
аңсаған сонымен бірге жеңіл ойлы адамдар ретінде
қабылданды. Жаңарған және батыстанған ресей
ақсүйектері не үшін көшпенді қоғам заманауи
өркениеттің жетістіктеріне немқұрайлы
қарайтындығын түсіне алмайтын. Сонымен бірге империялық
тәжірибенің жоқтығының арқасында,
қазақтардың өзіндік этникалық және
өркениеттік ерекшелігін түсіне алмауы, үкімет пен білімді
қоғамның көзқарасы бойынша қазақтарды
«таныс» және «түсінікті» еділмаңы татарларымен бірдей деп
қабылдауы көптеген саяси қателіктерге алып келді. Осыдан
барып дипломатиялық жазбаларды татар тілінде жүргізу, ислам
дінінің таралуына қолдау жасау, жергілікті хандар мен
сұлтандарға еуропалық патшалар мен ақсүйектер
сияқты қарым-қатынастар жүргізілді.
Екатерина ІІ
– нің билік құрған ағартушылық заманыныда,
түсінікті жағдайларға байланысты, қазақтар
қарапайым да надан бақташылар, нанның дәмін де біліп
көрмеген, қалай жасалатын білмегендіктен жер игерумен де
айналыспайтын халық ретіндегі көзқарас қалыптасты. Олар
өздерінің отарлары мен табындарының қырылып
қалуына жол берді, өйткені олар қоралардың не екенін де
білмеді. Қысты күні киіз үйлерде тоңды, өйткені
олар ағаш өңдеу қолөнерімен таныс емес еді.
Бұл
қалыптасқан стереотип империяның үкіметінің дала
халықтарына деген «пасторальді» саясатын жүргізуге алып келді.
Қазақтарды нанды тағам ретінде пайдалану мен оларды шөп
шабындығына үйрету науқанын бастады. Олар үшін
қазына есебінен малға арналған қыстаулар мен
тұрғын үйлер салына бастады. Тағы да мемлекет есебінен
мешіттер құрамында өзіндік діни-ағартушы
орталықтар, мектептер және керуен сарайлардың кең көлемді
құрылысы басталды. Оқушыларды онда ақшалай
төлемдер мен сыйлықтар арқылы тартуға тырысты.
Бұл іс-шаралардың барлығының нәтижесі ретінде
далада губернияны басқарудың жалпыимпериялық Мекемесін
(Учреждение) енгізу еді. Осы шаралардың дайындығы ретінде қазақтар
үшін жергілікті тұрғындардан сайланатын билер мен
жалпыимпериялық іс жүргізуге негізделген жаңа ресейлік сот
жүйесін (управалар) енгізу болып табылды.
Көзделген
іс-шаралардың көбісі атқарылды, бірақ діттеген
мақсатына (қазақтарды империяның толыққанды
мүшесіне айналдыру) жете алмады. Нәтижесі күткендей болды,
қазақтар мемлекеттің мұндай қамқорын
түсіне де, бағалай да алмады. Олар жаңа үйлерде
тұрғысы келмеді, жаңа мектептерде оқығысы
келмеді, жаңа мешіттерде құлшылық еткісі келмеді,
жаңа соттарда соттасқысы келмеді. Тек қана сот
управаларының мүшелері ғана Орынборға жалақысын
алу үшін үнемі келіп тұрды. Керісінше, дәстүрлі
қақтығыстар мен көршілес барымталар өз
қалпында берік сақталды. Нәтижесінде үкімет «жартылай
тағыларды» өркениеттендіру ниетінен толығымен бас тарту
мәжбүр болды, сол кездегі қоғамда айтылатындай, аз
сұранысты, бірақ бір жағынан пайдасы жоғары
көшпенділерді азықтандыра отырып, мал барымтасымен келіспес
күрес жүргізуге көшті. Қоғам империяның
жаңа мүшелерінің басимеугіштігіне және жыртқыштығына
налалы болды.
Орталық Азияға
империяның өркениеттік миссиясы.
Этнографтардың,
әскерилердің және Түркістан билігі
өкілдерінің зерттеулері мен бақылаулары жергілікті
тұрғындардың тікелей әлеуметтік гографиялық
факторларға байланысты біркелкі еместігі туралы түсінік
қалыптастырды. Көшпенділер (қазақтар мен
қырғыздар) өз дамуында көрші отырықшы
халықтардың деңгейіне жетпеген қаңғыбас
халық ретінде қабылданды. Бірақ олардың
ортасындағы діни түсініктерінің берік еместігі
өркениеттік ықпал жасау үшін жақсы болып көрінді.
Көшпенділердің кейбір ұстанымдары ресейлік
қоғамның қызығушылығын туғызды:
олардың әйелдері толығымен жабық жүрмейді,
көп әйел алу тарамаған.
Көшпенділер
менталитеті өзінше қабылданды. Орыстардың танымында
көшпенділер жалқау және меңіреу, кекшіл және
өз сезімін басқара алмайтын, өтірікші және
ұрлыққа бейім, мақтаншақ және
көрсеқұмар, ырымшыл және салақ болып
көрінді. Қоғамдық санада көшпенділердің менталитетіне
географиялық-экологиялық ортаның әсері бар деген
түсінік үстем болды. Табиғатқа жақын
болғандықтан қазақтар мен қырғыздар
балалардың қылығы мен бейкүнәлігін сақтап
қалған деп саналды. Кез келген еуропалық олармен танысу
кезінде жек көруден қызығушылыққа, одан
сыйлауға дейін кезеңдерден өту керек еді. Көшпенділер
жеңілтек және тұрақсыз, амалсыз өтірікші
және басқаның ықпалына тез түсетін, көңілді
және мейірман, ақын және сазгер ретінде суреттелді.
Өлкені жаулап алумен бірге жүргізілген этнографиялық
зерттеулер ресейліктерді көшпенділерде бай эпикалық поэзияның
бар екендігіне сендірді. Отырықшылы халықтарға
қарағанда көшпенділер арасында «орыс азаматтылығы» тез
сіңіп кетеді деп саналды.
Отырықшы
халық (тәжіктер, өзбектер, сарттар) бұдан
күңгірттеу түстермен суреттелді. Олар сенімге берілген
және екіжүзді, пайда түсетін болса өте пысық, ал
пайда жоқ болса өте жалқау болды. Жергілікті биліктің
шексіздігі мен әскери үкіметтің бассыздығы оларды
тұйық, сенімсіз, мақтаншақ, алдауға бейім,
өз пайдасын ойлау мен дөрекі, билік алдында жағынышты
және төмен етті. Өз бауырының немесе туысының
өмірі ештеңе тұрмайтын. Қой бауыздау мен адам
өлтіру – оларға бірдей. Бір кездері өркениеттері өте
жоғары болған отырықшы халықтың
құлдырауы мен тоқырауға ұшырауы олар туралы
түсініктердің жалпылама тұсы болды.
Орталықазиялық
шындықтың мұндай көрінуі қоғам мен билікті
жергілікті халық бақытты болашаққа тек Ресейдің
қатысуымен ғана жете алады деген дегенге сендірмей қоймады.
Қоғам
империяның Шығыстағы саясаты «өзін-өзі
құрбан ету саясаты, жауланғандарға олардан
алғаннан көп беретін саясат» деген оймен толығымен келісуі
керек еді.
Бірақ
үкіметтің үгітіне барлық білімдар қоғам
түсе қойған жоқ. Бұл зияткер қауым тобы
Түркістандағы әскерилердің санының шектен тыс
көптігін, оның кейбірі өз еркімен қосылған
жергілікті халықты ағартушылыққа емес қанау мен
мәжбүрлеуге ғана қолданылатынына көңіл
аударды.
Аймақтағы
кейбір енгізілген өзгерістердің іске аспауы және
еуропалыққа айналудың өте жай жүруі 1880-жылдары
аймақтың өзіндік ерекшелігі бар екен деген
тұжырымдамаға алып келді.
Империяның
Түркістанға деген өркениеттік ықпалы толығымен
1872 жылы Мәскеуде өткен Бүкілресейлік политехникалық
көрмеде ұсынылды. Бұл көрме өлкенің табиғатын,
өндірістік күштерін және халықтарының
өмірін жанжақты көрсете білді.
1880-жылдардың
аяғында орталықазиялық аймақтың географиясы,
тарихы және этнографиясына арналған бірінші оқулық
пайда болды. Ол ресейлік-еуропалық өркениеттік тезисті
құптай түскен, Түркістан өлкесінің тарихы,
этнографиясы мен географиясына арналған мақалалар жинағынан
тұрды. Қырғыздар мұнда өмірі суықтап
қалған, кедей, ауру түрінде көрсетілді.
Қазақтар – бай, өмірге ырза, сонда да жартылай тағы
болып суреттелді. Түркмендер кәсіпкер, мейманжай бірақ
қу болып көрсетілді.
Оқушылар
санасына Ресей мұндағы өркениетті енгізу мәселелерін
Үндістандағы ағылшындардан жақсы орындады деген
түсінік бекітілді.
Әдебиеттер тізімі