Жақсыбаева С.Д., Қанат Ж.

М.Х.Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университеті, Қазақстан

 

ІСІК АУРУЛАРЫН АЛДЫН АЛУ ШАРАЛАРЫ

 

Медицинада аурудың алдын алу ұғымы кеңінен пайдаланады. Аурудың алдын алу дегеніміз - аурудың алдын алуға қолданатын шаралар жиынтығы. Алдын алудың 1-ші кезектегі алдын алу - бұл аурудың себептері мен шығу жағдайларын жою арқылы аурудың алдын алуға бағытталған медициналық - гигиеналық және тәрбиелік жиынтығы. Организмнің қорғаныш күштері де маңызды роль атқарады. Бірінші кезектегі алдын алу, сау адамның денсаулығын сақтауға, табиғи және әлеуметтік ортадағы денсаулыққа зиянды, ауру тудыратын факторларды жоюға бағытталады. Екінші кезектегі алдын алу мақсаты ауруды неғұрлым ертерек анықтап оның асқынуынан сақтандыруға бағытталады. Екінші кезектегі алдын алуды әдетте медициналық мекемелердің мамандары жүргізеді.

2013-2015 жылдарды 2015 жылмен салыстырғанда науқастар пайызы 2015 жылы жоғарғы көрсеткішті көрсетіп отыр. Жас балалар арасында қатерлі ісіктің таралуы да назар аударарлықтай болып отыр. Өйткені қатерлі ісікпен ауырған жас балалардың өлімі, жол апатынан өлгендерден кейінгі екінші орын алады. Жыл сайын қатерлі ісікпен Жамбыл облысында 25-30 бала ауырады. Олардың ішінде көп тараған қатерлі ісік түрлері мыналар: лейкоз - 30%, орталық жүйке жүйесі ісігі - 17%, қатерлі лимфа ісігі - 11%, бүйрек ісігі - 7%, нерв, сүйек, көзде 6% - дан кездеседі. Жас балалар арасында өте аз кездесетін қатерлі ісіктер тобына: ішек, асқазан, тік ішек, сүт безі және тері рагы жатады.

Денсаулықты сақтаудың тиімді жолдарының бірі салауатты өмір салтын қалыптастыру болып табылады. Ол келесі құрамдас бөліктерден тұрады:

1. Жеке және қоғам гигиенасы. Дененің және қоршаған ортаның тазалығын сақтау. Күн тәртібін сақтау, жұмыс пен уақтылы демалуды үйлестіру.

2. Белсенді қозғалыс организмнің бірқалыпты дамуын қамтамасыз етеді. Гиподинамия қазіргі уақыттағы аурулардың басты бір себебі.

3. Дұрыс тиімді тамақтану

4. Организмді шынықтыру

5. Зиянды құмарлықтардан бас тарту

6. Жыл сайын флюрографиялық зерттеуден өту.

«Елім бай болсын десең-денің сау болсын» деген халық даналығы бар. Сондықтан әрбір адам «менің саулығым-ұрпағымның саулығы» деп түсінген абзал. Елбасының Қазақстан халқына арнаған Жолдауында халық денсаулығына аса зор мән беріліп, салауатты өмір салтын кеңінен насихаттау жұмысын жандандыру қажеттілігіне көңіл бөлінеді.

Салауатты өмір салты ұғымын әр түрлі түсінуге болады. Оған ұтымды пікірлер адам деген ізгі қарым-қатынас пайдалы еңбек, спортпен шұғылдану тазалық және жеке бас гигиенасын жатқызуға болады. «Денсаулық зор байлық» деп халық тегін айтпаған. Дене саулығы ең алдымен адам жанының саулығы мен оны үздіксіз жетілдіру болып табылады.

Қазіргі таңда жастар арасындағы нашақорлық, темекі шегу мен ішімдік ішуге қарсы күрес бүгінгі күннің өзекті мәселесіне айналып отыр. Осы жағдайларды ескере отырып, облыстық балалардың құқықтық қорғау департаменті Тараз қаласының жалпы білім бөлімінің жалпы мектептерінің бірқатарында әлеуметтік зерттеулер жүргізді. Осы себептен де жастардың денсаулығын нығайтуды ата-ана мен қоғам мүшелері бірігіп жұмыс атқаруы тиіс.

Сондықтан қоғамдық орындармен осы мәселеге байланысты бұқаралық ақпарат құралдары арқылы насихаттау жұмыстары жүргізілсе нақты ережелер қалыптасып оның негізінде адамгершілік мінез құлқының механизмі үлесімен табар еді.

Денсаулық бұл күрделі ұғым. Көптеген ғалымдар оған әртүрлі анықтама береді, бірақ олардың бәрінің негізгі көзқарасы шамамен бірдей. Денсаулық - бұл адамның еңбекке белсенді болуы әрі ұзақ өмір сүруі тәнінің саулығын және рухани саулығын сезінуі. Профессор В.П. Казначевтың айтуы бойынша «денсаулық деп біз адамның белсенді өмірінің ұзақтығы жағдайындағы биологиялық және физиологиялық функциясын, еңбекке қабілетті мен әлеуметтік белсенділігін сақтау және дамыту процесін түсінеміз». Денсаулық күйіне қоршаған орта жағдайлырында ықпалы бар. Адам денсаулығына температура, жарық, ылғал, ауаның, судың құрамы және көптеген басқа заттар әсер етеді. Денсаулықтың негізгі функциясы адамның дамуымен тіршілігін қамтамасыз ету болып табылады.

 

 

Әдебиет:

1.  Назарбаев Н.Ә. «Қазақстан 2030 ж.» Астана, 2000 ж.

2.                2009-2011 жж. арналған денсаулық сақтау бағдарламасы Егемен Қазақстан 20-наурыз 2009 ж.

3.                Медициналық энциклопедия Алматы 2000 ж.