ТҰҒЫРЫҢ
БИІК –ТӘУЕЛСІЗДІК!
Дөненбаева М.А., қазақ тілі мен
әдебиет пәнінің мұғалімі;
Бажанова Алтынай, 11 сынып оқушысы,
Қ.Сәтбаев атындағы орта мектеп,
Алматы облысы Қарасай ауданы
Түйін Автор тақырыптағы өз ойын
өз сөзі арқылы толық аша білген. Жазып отырған
тақырыптан алшақтамай, оның мазмұнын нақты
ашуға талпынған.
Артық баяндау, қажетсіз
дәлелдемелер мен көпсөзділікке жол бермей, басқаларға
да түсінікті болатындай орамды тілмен, аз сөзге көп
мағына сыйғыза баяндауды мақсат еткен. Мақаланың идеялылығы мен
мазмұндылығына, ой-пікірдің жүйелілігіне, стиліне,
грамматикалық сауаттылығына қарасаңыз,
оқушының терең білімін байқауға болады. Себебі,
еркін тақырып оқушыдан ерекше қабілет-дарынды, терең
білімді, көркем әдебиетті, тарихи шығармаларды, ғылыми
көп еңбектерді көп оқуды талап етеді. Көркем тілі
жатық, дамыған, өз бетімен іздену, өз пікірін
салыстыру, қорытынды жасай білу; шығармашылық
жұмысқа дағдыланған қасиетімен де көзге
түседі. Негізгі ой тәуелсіздік туралы болғандықтан,
қаламгер көп ізденудің нәтижесінде, өзінің
жүрекжарды өлең жолдарымен аяқтауға
бекінген. Яғни, жоғарыда
айтылған ойды жинақтап,
тұжырымдап, тиісті өлең жолдарымен қорытынды
жасаған.
Қорыта
айтқанда, оқушы білімін өз ойымен, дүниетанымдық
көзқарасымен еркін ұштастыра отырып, әсерлі,
көркем тілде жүйелі баяндаған.
«Уақыт қарқыны зымыран. Күні кеше өткен
сияқты уақиғалар бүгінде тарих беттеріне айналып та
үлгерді. Бұл жаңа мемлекет пен жаңа
қоғамның дүниеге келуінің азапты
толғаққа толы, сонымен бірге ғаламат сәті еді.
Сол сәт әлі аяқталған жоқ, бірақ ең
қиын белестерден аса білдік. Ең қиын жылдар дәл
қазір артымызда қалды, сондықтан да мен еліміздің
еңсесі биіктей беретініне сенемін».[1]
(Н.Назарбаев )
Тәуелсіздік!
Неткен мағыналы, астарлы ойлы сөз едің! Соры арылмаған
халқымның тағдырын біржолата айқындап берген жол.
Бүгінде тәуелсіздік алғанымызға жиырма бес жыл толып
отыр. Тәуелсіздігіміздің жиырма бес жылдық мерейтойы
қазақ даласына келген зор кесепат –он алтыншы жыл зобалаңының
аяқталуына жүз жыл толған мерзіммен тұспа-тұс
сәйкес келіп тұр. Сонда бүгінгі қазақ кім?
Қазақты «қазақ» деп танытқан кімдер?![2] Мұны тану үшін, кешегі
тарихты білу қажет. Әрине, тамыры жоқ ағаш, тарихы
жоқ халық болмайды.
Ұлан-байтақ қазақ
жері-ең кең кемінде үш-бес мыңжылдық тарихы бар
көне мәдениет өлкесінің бірі. Тарихқа
үңіліп, ғасырлар қойнауының
қатпар-қатпар белесінен көз жүгіртіп
қарасақ, жарқын болашақ үшін батыл күресіп
ел–жұртының арман тілегі, мүдде-мақсатының
орындалуына аянбай ат салысып азаматтық тұғырдан
түспеген, ата-бабаларымыздың өз жерін еш жауға
басындырмаған, ұлын құл, қызын күң
еткізбеуге батырлық ержүректігін, шыбын жанын шүберекке
түйіп, найзаның ұшына үккі таққан
ұлдары мен қыздарының жауынгерлік үлгісі бізге аманат
болып жетіп отыр. Көкірегі ояу, көзі қырақты
қалың қазақ арасынан қайнап шыққан
қажырлы Қайрат пен Ләззаттай сынды жастарымыз
тәуелсіздікті алу жолында қыршын кетті. Ел мен ұлттың
тәуелсіздік құқын қорғау үшін бас
көтерген желтоқсандық жігіттер мен қыздардың
бұл қадамы шын мәнінде ерлік еді.
Жоғарыда
айта кеткендей, биыл мың тоғыз жүз он алтыншы жылғы
ұлт-азаттық көтеріліске жүз жыл толып отыр. Бұл
көтеріліс қазақ халқының тарихында аса
маңызды қызмет атқарған көтеріліс болды. [3]
Ол қазақ байларының бет-пердесін жұлды,
буржуазиялық-ұлтшылдардың опасыздығын әшкерелеп,
халықтың сана-сезімін көтерді, қазақ даласында
тап күресін күшейтті.
Қарап отырсақ, ғасырлар
бойы қазақ даласында болған әрбір оқиға,
әрбір шайқас тәуелсіздікке жасалған бір қадам.
Желтоқсан оқиғасы осы бір соқтықпалы,
соқпақтағы ең соңғы ірі адым болды. Халқымыз
өзінің қалыптасу жолында талай қилы-қилы
белестерді асып, тар жол тайғақтарды кешті. Зар еңіреген
азалы күндердің қасіретін қинала еске алсақ та, халқымыздың тарихы ізсіз,
сұраусыз кетпеді, қазынасы
жоғалмады.
Ал, бүгінде Қазақстан-тәуелсіз мемлекет! Өз
басым тәуелсіздіктен кейін туылған ұрпағы бола
тұрсам да, бұл егемендіктің қандай қиын жолмен
келгенін жақсы білемін. Халқымыз бостандықты аңсап,
тәуелсіздікке зарығып жетті. [4] Айта берсек, 25 жылда жеткен еліміздің жетістігі көп.
Қазақстан жас мемлекет бола тұрса да, қазіргі
таңда көптеген елдерден әлдеқайда алда, сонымен
қатар, әлем сахнасында мақтанарлықтай беделге ие.
Тәуелсіздік-біреу. Ол біз сияқты, қазақ
сияқты халыққа жүздеген жылдардан кейін ғана
келіп жеткен Алланың ақ нұры. Тәуелсіздіктің
күн нұры күлім қағып, қыраны
қалықтаған туы желбірегенде, жүзінде мақтаныштан
нұр күлкісі төгілмеген қазақ жоқ
шығар, сірә?!
Тәуелсіздік –ел дәулеті, халқымыздың ертеңі. [5]
Тәуелсіздік-ұлтымыздың ұлы мұраты емес пе?!
Тәуелсіз тудың астына топтасқан бүгінгі
ұрпақ міндеті кешегі алаш азаматтарының табаны тозып,
қабырғасы қайыса, қайсарлықпен жас өмірін
пида етіп, армандай аңсаған еркіндігіміздің
қадір-қасиетін түсініп, болашақ атты жаңа
өмірге жалғастыру дер едім. Сондықтан менің ел
мүддесін, мемлекет абыройын, халық қамын ойлап,
қоғам игілігі үшін білек сыбана кірісетін, бел шешіп
жұмыс істейтін азамат болғым келеді. Тәуелсіз егеменнің
болашағы менің
болашағым екенін түсіне отырып, болашақта атқарылар
істерге үлес қосып, кемел келешек иелері зерделі жастардың
қатарынан өзімді көргім келеді.
Менің бүгінім, ертеңім, келешегім туған елім
Қазақстанмен байланысты. Сондықтан да «Тәуелсіз
Қазақстан» деген аттың айбынды естілуі үшін мен бір
ғұмырымды Қазақстанға, Отанға деген шексіз махаббатыммен көмкеруге тиіспін.
«Өз Отаныңның перзенті бол,оған перзентше
қара, одан алғаныңды үш еселеп қайтар»,- деген
екен К.Д.Ушинский. Сол айтқандай өз еліміздің
тәуелсіздігі баянды болу үшін аянбай еңбек ету керек.
«Жұмыла көтерген жүк жеңіл» деп халқымыз текке
айтпаса керек. Ел
тәуелсіздігінің тағдыры сіз бен біздің қолымызда
екені баршамызға аян.
Қандай ел болмасын,
өзінің таңдаған даму жолы, өзінің
алдына қойған мақсаты
мен міндеті болады. Үш мыңжылдық тарихы бар қазақ
халқы бүгін әлем көзін тіккен мәртебелі мемлекет.
Тәуелсіздікпен бірге қазағымның тағдыры,
басын оққа тіккен бабалар қайта оралды.
Ұрпақтарға аманатқа жолданар руханияттың
жаңа мұралары Қазақстанда қаншама десеңізші
?!
« Өзіңдікі-Туың
да,
От пен ауа суың да.
Жаса, Қазақстаным,
Белді бекем буын да!»- деп ақын Иран Ғайып жырлағандай,
халық өзінікіне өзі ие болып, рухани жаңғыру
жолына түсті. Халық қалауымен Елбасы болып, қазірге
дейін еліміздің өсіп-өркендеуі жолында жарғақ
құлағы жастыққа тимей, аянбай қызмет етіп
келе жатқан Елбасыммен мақтана аламын. Қазіргі кезде небір
азуын айға білеген мемлекеттер тәуелсіздік тұғыры
жылдан-жылға биіктеп келе жатқан, батыл да өжет
Қазақстанды өздеріне тән әріптес деп санайды.
Себебі қазақ халқы
ертеңі үшін, келер ұрпағы үшін өмір
сүріп келе жатқан халық.
Елбасы Н.Ә. Назарбаев басшылығымен «Қазақстан
-2050» бағдарламалық бағытымен болашаққа бара
жатырмыз. Бейбіт аймаққа айналған мемлекеттер достастығы; шетелдермен экономикалық
байланыс; ұлттық валюта; тіліміз бен дініміздің
жаңаруы; көзімізден көмескіленген әдебиет
жұлдыздарының қайта оралуы; арқа жерінен
салтанатпен
таңғалдырға, тамсандыра бой көтерген әсем
қала-Астана; қазақтың қара топырағынан ғарышқа
самғаған қос перзенті Тоқтар мен
Талғат-бәрін бір мақалаға сыйдыру мүмкін емес. Не
деген бақыт, не деген мақтаныш?! Бұл ұлт бақыты,
ұрпақ бақыты. Бірақ алдымызда әлі
ұзақ-ұзақ жол жатыр. Ұлан асу бел жатыр.
Тәубемізден жаңылмасақ, тәуекелімізден
тайынбасақ, тәуелсіздігіміздің тасы өрге домалай бермек! Иә.....
“ Әділ ханның жерін жау араламайды, әділ бидің
жерін дау араламайды ’’ дегендей, Елбасымыз Нұрсұлтан
Әбішұлының бастауымен елімізде тыныштық, бейбіт
достық орнап нығаюда.
Елбасымыз :
«Алдымызда асу- асу белдер бар,ұлт жолында ұйтқи соғар
желдер бар. Белде талар, жел де беттен қағар. Бәріне
төзу керек, бәріне көну керек. Жас ұрпақ!» -
деген қанатты сөздері арқылы біздің санамызға
болашаққа деген сенім мен қайрат жігерді бойымызға
ұялатады.
Замана көшін
қуып жетіп, ертең де, бүрсүгіні де, алыс
болашақта да ұлт ретінде, ел ретінде өмір сүру
үшін, біз жастар, жан аямай
күресуіміз керек. Ол
күрес-терең білім, талмас
қанат, қажымас қайратты талап етеді.
Қорыта айтқанда, Біз-егеменді
елдің азаматымыз. Біздің міндетіміз –Қазақстанды
әлемде ойып тұрып орын алатын мемлекет ретінде паш етіп
көрсету. Жылдар, ғасырлар мен замандардың, ұйтқып арқадан
сұққан қылышы, сенің іргетасыңды
ешқашан, біз барда шайқалтпайды.
Біз барда сенің іләңкар, дәрменсіз халге
түсуіне жол бермейміз. Осыдан жиырма бес жыл бұрын
босағамыздан иіле аттаған бостандығымыз мерейлі болсын! Елі
үшін еңбек етер, білімін де аямайтын –біздерміз, Тәуелсіз
Қазақстанның жастары.
Тәуелсіздік-өмір жолының
символы ретінде, мақаламды өзімнің жан жүрегімнен
суырыла шыққан өлең жолдарыммен аяқтағым
келіп тұр.
Жасасын, Тәуелсіз Отаным!
Тағдырдың тарлығынан
өткен күндер,
Желтоқсанды жылатты талай үндер.
Тар қапаста қамалып
қаһармандар,
Азаттық үшін азап шеккен күндер.
"Елім" деп, жүгірген талай жастары,
Өлімге де тігілді олардың бастары.
Аяусыз тепкі астында жараланып,
Қыздардың жұлынды бұрым-шаштары.
Қаза тапты қазақтың ұл-қыздары,
Соққы болды қыстың кесек мұздары.
Ұмытылуға тиіс емес бұл күндері,
Желтоқсанның жанға батқан ызғары.
Осылай ЕГЕМЕНДІК келді бізге,
Бейбітшілік орнады жерімізде.
Тұғырдан биік болар
Тәуелсіздік,
Аманат боп қалады енді бізге.
Шырқалсын әнұраным-ғажап үнім,
Сақтайық ана тілдің тазалығын.
Көгімде желбіресін көк байрағым,
Тәуелсіз мекен болған ҚАЗАҒЫМНЫҢ...
Пайдаланылған
әдебиеттер тізімі
1. Ақшолақов Т. Қазақ әдебиеті
“Рауан” баспасы 1996
2. Әдібаев Х.,Базарбаев М.,Қабдолов
З.,Нұрғалиев Р.,Қазақ әдебиеті . Алматы“Рауан”
1994
3. Қирабаев С ., - Әдебиетіміздің
ақтаңдақ беттері.
Алматы “Білім” 1995
4. Шәбжантайқызы М., Ибрагимова К,. Шығарма тілі-дана, іші сара
мұрасының айнасы .
5. “ Келешек-2030 ”
ЖШС 2012