Заурбекова А.М, Нүсіпжанова Т.

Тараз мемлекеттік педагогикалық институты, Қазақстан

 

ОҚУШЫЛАРҒА  ХАЛЫҚ ПЕДАГОГИКАСЫ АРҚЫЛЫ ИМАНДЫЛЫҚ  ТӘРБИЕ БЕРУ

        

Имандылық - адамның қоғамдағы, күнделікті өмірдегі іс-әрекеттерін белгілі-бір қалыпқа түсіретін ішкі рухани реттеуіш қадір-қасиет, адам бойындағы адамгершілік, ізгілік, кісілік белгісі.Дәстүрлі қазақ қоғамында адамның имандылығына-мінез-құлық жүйесіндегі ерекшеліктеріне көп көңіл бөлінген. Адамның жарық дүниеге келуі, өсуі, ержетуі, тіршілік етуі, қартаюы, ата мен баланың қарым-қатынасы, үлкендік пен кішілік, сыйластық, әдептілік пен арлылық, инабаттылық тәрізді маңызды мәселелер имандылықтың маңызды құрамдас бөлігі ретінде ешқашан да назардан тыс қалмаған. Жастардың үлкендерге құрмет көрсетуі, үлкендердің кішілерге ізет білдіруі өмір сүру салтына айналған. Қоғамда берік қалыптасқан осындай көргенділікпен өмір кешу дағдылары жинала келіп, барша адамгершілік қағидалардың, имандылықтың жазылмаған кодекстерінің қалыптасуына негіз болған. Бойына адамгершілік асыл қасиеттерді жинап өскен жасты «көргенді»  деп, жүрегінен нұр, өңінен жылу кетпейтін, әрдайым жақсылық жолын ойлайтын, әр істе әділдік көрсететін адамдарды «иманды» деп атаған.

Мұсылмандық дүниетаным бойынша, имандылық иманнан пайда болады. Ал иман – жүректегі нұр, нұрдың сыртқы болмысы, яғни имандылық – Алла тағалаға иман еткен адамға бітетін көркем мінез. Алла жіберген әрбір пайғамбарының міндеті – иман мен имандылыққа уағыздау деп саналған.

Инабаттылық-әдептілік,тәрбиелілік,мәдениеттілік ұғымдарымен жақын мағынада қолданылатын, кісілік қасиеттер. Инабаттылық көбінесе, адамның мінез-құлық ерекшеліктерімен айқындалады. Оның басты көріністеріне: адамгершілік, қайырымдылық, кішіпейілділік, жауапкершілік, тәртіптілік, қанағатшылық, биязылық, ілтипаттылық, ізеттілік, сабырлылық, әділдік, шыншылдық т.б. жатады. Инабаттылықтың негізгі шарттарының бірі – ар-ұятқа кір келтірмеу. Халық «жарлы болсаң да, арлы бол» дейді. Ар-ұяты бар кісі ғана биязы, ақжарқын, иманжүзді, инабатты келеді.

  Инабаттылық-әдептіліктің әсем көрінісі. Инабаттылық рәсімдері: қарапайымдылық, сыпайылық, тіл алғыштық, адалдық, ұқыптылық, жауапкершілік.

  Қазақта «Кішіпейілділіктен кішіреймейсің», «Ұлық болсаң, кішік бол» деген мақал бар. Инабатты, биязы мінезді, қатардағы қарапайым, қамқоршы адамды халық нағыз перзентім деп үлгі тұтады. Сөзі дөрекі, мінезі шайпау, менмен, мақтаншақ, керенау кесір мінезбен халық аянбай күреседі. «Көзі соқырдан қорықпа, көңілі соқырдан қорық», «Өзін-өзі мақтаған өліммен тең» деп мақалдап, кесірлінің кемшілігін кесіп айтып, ел оны жөнге салып отырған.

  Халық сыпайы адамның мәдениеттілікті сақтай білетінін жастарға үлгі тұтады. Сыпайы болу дегеніміз - әдеп сақтау, әдептілік үлгісін, мәдениеттілікті көрсету. «Болған жігіт болдым демес, болдым десе – болғаны емес» деп, халық кейде сыпайылықтың жөні осы екен деп, оны теріс түсініп, басқадан өзін артық көретін, сыпайылық пен кербездікті артықшылық санайтын санасыздықты қатты сынайды.

  Инабаттылық қасиетінің ұрпақ бойында қалыптасуы индивидтің өзі қоршаған ортасындағы түрлі қарым-қатынастардың ықпалына байланысты деуімізге негіз бар. Себебі, әр халықтың өсіп келе жатқан ұрпағына ең алдымен қоятын үлкен талабы - оның шынайы адам болып қалыптасуы дегенге саяды.

  Инабаттылық ұғымы кең. Оның астары адамгершілік, парасат, салауаттылық, имандылық қасиеттермен ұштасып жатыр. Осыған орай, халық педагогикасында инабаттылық қағидасы тек шектеулі қоғам талабы ғана болып қалмай, жас ұрпақтың өзі қоршаған айналасындағы түрлі құбылыстарға барынша бейімделуіне ерекше жағдай туғызатын құбылыс болып табылады.

 Имандылық бастаулары мен тәлімдік әлеуеті адамды  мейірімділікке, сабырлылыққа, ұстамдылыққа, әділеттілікке, даналыққа, қонақжайлылыққа, яғни, рухани құндылықтарды адам бойында жинақтауға бағыт ұстайды.

Діни дастандарда Құран аяттары мен хикаяларынан, пайғамбарлардың өмірі мен белгілі діни тұлғалар баяндалып, үлгі аларлық тәлім-тәрбиелік мәні бар мәселелер көтеріледі. Сондықтан да, жыр дастандардың тақырыптары ұлттық рухта жырланып, ұлттық болмысты ашып көрсетті.

Имандылық-иманнан пайда болады. Ал иман - жүректегі нұр, яғни имандылық Алла тағалаға иман еткен адамға бітетін көркем мінез. Оқушының бойына имандылықты ұялату үшін ислам дінінің кереметтілігімен байланыстыра тәрбие беруіміз керек. Қасиеттіқұранкәрімдіжатқабілмесе де, МұхаммедПайғамбарымыздыңхадистеріненхабардар болу керекдепесептеймін. Адам тәрбиелеудегіжауапкершіліктіұстаздарқауымыныңмойнына арта салуменісбітпейді. Нәтижелі болу үшіната-ана мен қоғамдық орта тәрбиеісіненшетқалмаукерек. Бала жетілдірудебұлмәселе-бастымақсат.

 

Әдебиет:

1.       Сәдірмекова Ж.Б. Жеткіншектерді халықтық педагогика арқылы имандылыққа тәрбиелеу. Кандидаттық диссертация – Алматы, 2011.

2.       Жақыпов Ж. Баланы семьяда тәрбиелеу.-Алматы, 2009

3.       Әбенбаев С.Ш. Тәрбие теориясы мен әдістемесі. –Алматы, 2014.

4.       Жарықбаев Қ., Қалиев. Қазақ тәлім-тәрбиесі.