«Мектепке дейінгі балалардың
экологиялық мәдениетін тәрбиелеу»
Тараз
қаласы № 17 Балабақша « Балапан » тобы тәрбиешісі
Досымжанова Сандуғаш
Досымжанқызы
Қазіргі таңда
жас ұрпаққа тәрбие берудегі басты мақсат -
ұлттық рухы жоғары, өз Отанын, туған жерін сүйе
білетін азамат тәрбиелеу. ХХІ ғасыр жеткіншегі дене, рухани ойлау
жағынан жан-жақты, өз-өзіне басшы, кез келген
сәтте шешім қабылдай алатын жеке тұлға болуы тиіс.
Оған “Еліміздің білім беру жүйесінің
Қазақстанның бәсекеге нақты қабілеттілігіне
қол жеткізудегі негізгі міндеттеріне - Қазақстан
Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың
“Қазақстанның әлемдегі бәсекеге
қабілеттілігі 50 елдің қатарына кіру стратегиясы” атты
Қазақстан халқына Жолдауы” негіз болады. Бұл үшін
тәрбиешінің шығармашылдығы, жаңашылдығы,
көп ізденісті қажет етеді. Ал мектепке дейінгі оқытуда білім,
білік дағдыларымен қатар тәрбие жұмыстарының сан
алуан, қызықты, тартымды, баланы қажытып алмайтындай
жұмыс түрлерін жүргізу тәрбиешіден шеберлікті талап
етеді.
Табиғат
– қызықты да тамаша әлем .... Ол баланы көптеген
дыбыстарымен, алуан-түрлі хош иістерімен, жүздеген сыры мен
жұмбақтарымен қарсы алып, қоршаған ортасына
зейінмен қаратады, тыңдатады және ойландырады.
Адам
табиғаттың бір бөлігі, онымен өзара
әрекеттесуінсіз адамның өмірі құнды болуы
мүмкін емес. Табиғаттың арқасында дамып, өсіп
келе жатқан жас ағза ақырындап күш пен
денсаулықты жинақтайды. Табиғат әлемі мен
қозғалыс әлемі бірлесе келе, психологиялық
жайлылық күйінде баланың жан-жақты дамуының
үлкен құралына айналады.
Мектеп
жасына дейінгі балалардың экологиялық тәрбиесі маңызды
да қызықты және де көкейкесті сұрақ болып
тұр. Балаға ерте жастан табиғатты сүю – ол
жақсылық жасау деген сөз екенін, біздің ортақ
Үйіміздің бұрынғысынан да әдемі және бай
болуына біздер не істеу қерек екені туралы ойландырып, сезім туғызу
қажет деп кәміл сенемін.
Балаларды
табиғатпен таныстыруда алдымызда мынандай мақсат тұрады:
балалардың табиғатқа деген көзқарасын дамыту,
өлі және тірі табиғатпен таныстыру, ол туралы өз
ой-пікірін айтуға үйрету. Өз өлкеміздің
аң-құстарын, өсімдіктерін таныту,
қорғауға, әсемдігін көруге, сезінуге, пайдасын
түсінуге тәрбиелеу.
Баланы мектеп жасына
дейінгі кезеңнен өзі өсіп-өнетін ортасын,
қоршаған табиғатын бағалай білуге және
оларға дұрыс қарауға үйретудің маңызы
зор. Бала табиғатты өзіне ғана арналған бір зат ретінде
түсінеді, ол іскер, зертханашы: «мынаны былай істесем не болар екен?»
деген сауал ойында әрдайым орын алып тұрады, сондықтан
балалар жиі өздерінің іс-әрекетіне жауап бере алмайды.
Бөбектер әсем көбелекті, көрікті гүлді
көргенде шаттанып, және сол мезетте ешқандай ойсыз жерде
өрмелеп бара жатқан жәндікті аяғымен таптап тастауы,
ағаш бұтағын сындыруы мүмкін.
Қоршаған
ортамен танысу барысында бала улы өсімдкті жұлып алып, аузына
салады, дәмін татады, қолына кез-келген жәндікті алып
қысады, ал сол әрекеттері өзіне де жәндікке де
зақым келтіруі әбден мүмкін. Сондықтан балаларға
табиғат туралы білім беріп қана қоймай, сонымен қатар
күштемеу, сүйіспеншілік, шындықты білуге талаптану және
парасатты мінез-құлық сияқты адамдық
қасиеттерді танытуға, өзіміздің ортақ
үйіміздегі кіші көршілерімізбен қауіп-қатерсіз
өмір сүруді қамтамасыз етуге тырысу қажет.
Күштемеу деген
табиғатқа жасалып тұрғанның кез-келгеніне мейлі
ол ағаш, көбелек, бұтақ болсын оларға ешбір зиян
келтірмеу керек дегенді білдіреді. Балалар тірі атаулының бәрін
бағалай білуі тиіс. Табиғатқа деген сүйіспеншілікті тек
оның әсемдігімен масаттану және тынығуға жиі бару
деп түсінбеу керек. Балалардың өздері де ағаштар
отырғызуға, бұлақтардың көзін ашуға,
ұя жасауға қатысып, табиғатқа зиян келтіретін
тұрмыстық қалдықтардан құтылудың
тәсілдері туралы сұрақтарға жауаптар іздейді.
Балаларға экологиялық білім беру
міндеттерінің табысты жүзеге асуы үшін мынадай жұмыс
жүйесіне сүйену керек:
·
педагогикалық мамандардың
экологиялық тәрбие беру жөнінде білім
деңгейін көтеру;
·
балаларды
айналамен таныстырудың бағдарламасын ата-аналар арасында
насихаттау;
·
экологиялық
дамытушылық орта құру.
Мектеп
жасына дейінгі балаларға экологиялық мәдениет
тәрбиесінің тиімді болу үшін, барлық жұмыс мына ұстанымдарды сақтау
қажет:
1. Ғылыми.
Ғылыми
ұстаным жағынан шамалағанда ол жас ерекшелігін ескере отырып,
баланың көзқарасының негізін қалыптастыру, танымдық
қызығушылықтарын дамыту және элементарлы экологиялық
білімдерінің жиынтығымен таныстыстыру.
2. Қолжетімділік.
Қолжетімділік
ғылыми ұстанымымен тығыз байланысты және белгілі
жастағы балаларға аса маңызды. Экологиялық
мәдениет тәрбиесінен ғылыми терминдерді алып тастау
қажет, бірақ кейбірінің мән-мағынасын
балаларға жас-шамаларын ескере отырып, түсіндіріп кету қажет.
3. Адамгершілік.
Айтылмыш ұстаным
экологиялық мәдениет ұғымымен тоқулы.
Тәрбие беру тұрғысынан бұл ұстанымды
қолдану: өз
денсаулығына қамқор болатын және салауатты өмір
салтын сақтайтын адамдағы жаңа
құндылықтарын қалыптастыру деген сөз. Экологиялық білім беру мазмұны
адам табиғаттың бір бөлігі екені және табиғаттың
құндылығы туралы, планетамыздағы барлық тіршілік
етушілерге құрметпен қарауды, бағалауды балада
қалыптастыруға мүмкіндік беруі қажет.
4. Болжамдаушылық.
Болжамдаушылық
ұстаным – ол әдетті және қоршаған ортаға
деген қарым-қатынасқа күнделікті іс-әрекеттеріне
баға беруді, табиғатқа зиян келтіру ниетін тоқтата білу
қасиеттерін қалыптастыру.
5. Қызметтілік.
Қызметтілік
ұстаным – бұл мектеп жасына дейінгі балаларға
экологиялық мәдениет тәрбиесінің негізі.
Қоршаған ортаны аялай отырып қорғауға
арналған әр-түрлі игі іс-әрекеттерге қатысу
барысында баланың оқыту барысында алған экологиялық
білімінің мінезінде қалыптасуына себеп болады. Қызметтілік
ұстанымы түрлі экологиялық жобаның негізінде жатады.
6. Интеграция.
Интеграция
қағидатының астарында баланың әртүрлі
іс-әрекеттерін экологияландыру.
7. Жүйелілік
Жүйелілік
ұстанымы бұл баланың алған білімінің
бірізділікпен меңгерту: Кейінгі алынып-қалыптастырылған
мағлұматтар алдыңғыдан туындау, ал барлық
жүйе орталық өзегі сияқты бастапқы деректерге
сүйенеді.
Мектеп
жасына дейінгі балаларға экологиялық мәдениет
тәрбиесінің бір маңызды шарты ол дамытушы-заттық ортаны
дұрыс ұйымдастыру және экологияландыру болып табылады.
Ондай ортаны
құрудың негізгі мақсатының мынадай шарттары бар:
- балада экологиялық
мәдениеттің қалыптасуына жағдай жасау;
- табиғат аясында
экологиялық дұрыс тәртіп орнату, өзіне және
қоршаған ортаға қауіпсіз жағдай орнату;
- баланың табиғатпен
жанасуына және қарым-қатынасына жағдай туғызу.
Мектеп жасына дейінгі балаларға
экологиялық заттық-дамытушы ортаның беретін
мүмкіндіктері:
·
баланың
танымдық дамуына;
·
экологиялық-эстетикалық дамуға;
·
денсаулығын
нығайтуға;
·
адамгершілік қасиеттерінің
қалыптасуына;
·
экологиялық-сауатты тәртіп қалыптастыру;
Пайдаланылған
әдебиеттер:
1.С.Мирсеитова.Оқыту ізденіс ретінде және
ізденіс оқыту ретінде.
2. Отбасы журналы 2015-2016 ж.
3.Жаңа тұрпатты
мұғалімдердің озық педагогикалық
тәжірибесін зерттеу жинағы. Тараз
2013 ж.
4.Ашық сабақ журналы. №3, 2010 ж.
5.Оқыту мен оқудың белсенді
әдістері.Астана 2013ж7
6.Білімгер газетінен мақалалар 2016ж.