Жұмабаева Ж.А.

п.ғ.м., оқытушы

Тұрсынхан Г

«Мектепке дейінгі оқыту және тәрбиелеу» мамандығының 3-курс студенті

Ы.Алтынсарин атындағы АрқМПИ, Қазақстан

 

ЕЛІМІЗДЕГІ ШАҒЫН ОРТАЛЫҚТАРДЫ ҰЙЫМДАСТЫРУ ЖӘНЕ БАСҚАРУ МӘСЕЛЕСІ

 

Мектепке дейінгі білім беру- Қазақстан Республикасының білім беру жүйесінің құрылымдық бөлігі ретінде маңызды рөл атқарады, өйткені соның аясында баланың табиғи зеректік қасиеті мен ерекшелігі ашылады, оларды дамытуға жағдай жасау қамтамасыз етіледі, баланың мектепке дайындау кең көлемді бағдарламасы жүзеге асырылады.

Мектепке дейінгі тәрбиелеудің негізгі міндеттері:

- балалардың денсаулығын нығайтуды сақтау, олардың салауатты өмір салтын сақтау әдеттерін қалыптастыру;

- балалардың психикалық және толымды психикалық дамуы мен тәрбиеленуі;

Балаларды шағын орталыққа қабылдау Білім және Ғылым министрлігінің 07.07. 2006 жылғы №372 бұйрығына, шағын орталықтардың қызметін реттеудің типтік ережелеріне сәйкес жүргізіледі. Шағын орталық ата-аналар арасындағы келісім шартпен реттеледі. Шағын орталық өз қызметінде Қазақстан Республикасының Заңдарын, Конституциясын, типтік ережелерін және өзге де нормативтік –құқықтық актілерді басшылыққа алады. [1]

Шағын орталық-мектепке дейін тәрбиелеу мекемелерінің тапшылығы жағдайында әр балаға мектепке дейінгі балалық шақты қуанышпен және мазмұнды өткізуге және мектепке ойдағыдай дайындалуға мүмкіндік береді.

Шағын орталық қызметінің негізгі мақсаты:

-                     білім саласындағы мемлекет саясатын жұзеге асыру;

-                     мектеп жасына дейінгі балалардың жан –жақты дамуына жағдай жасау;

-                     бала тәрбиесін ұйымдастыруда ата –аналарға кеңестік әлеуметтік қолдау көрсету, баланың әлеуметтік қалыптасуына жағдай жасау.

Шағын орталықтың негізгі міндеті:

1) балаларды ерте жастан әлеуметтендiрудi қамтамасыз ету;

2) әрбiр баланың жеке ерекшелiктерi мен мүмкiндiктерiн есепке ала отырып, балалардың ақыл-ой, адамгершiлiк, дене бiтiмi, эстетикалық, эмоциялық, танымдық қабiлеттерiн дамыту;

3) балалардың денсаулығын сақтау;

4) балаларды күтудi, қарауды ұйымдастыру;

5) балалардың дамуындағы ауытқуларды уақытында түзеу;

6) ата-аналарға педагогикалық-психологиялық кеңес беру болып табылады.

Шағын орталықтарға 3-5 жасқа дейінгі балалар қабылданады. Шағын орталықтың жұмыс кестесі және онда балалардың болу ұзақтығы 2 сағат 40 минут. Оқу мекемесінің құрылымдық бөлімшесі ретінде ұйымдастырылған шағын орталық тобының әр баласына ойын бөлмесі ретінде жабдықталған бөлмесі бар, әр балаға шаққанда 2 м2 кем аудан бөлінеді. Шағын орталықтың шаруашылық, қаржылық, педагогикалық, медициналық қызметін басқару және қабылдау, сол шағын орталықта құрылған білім беру ұйымының әкімшілігіне жүктеледі. Мемлекеттік шағын орталық мектепке дейінгі білім беру ұйымының қаржыландыру және мамандармен қамтамасыз ету нормативтеріне сәйкес қаржыландырылады және мамандармен қаматамасыз етіледі.

Шағын орталықта білім беру үрдісін ұйымдастыру ГОСО РК 23.08.12 №1080 арқылы нақтыланады және жүйеленеді. Шағын орталықтағы оқу –тәрбие жұмысы оған келушілердің жас шамасына және психологиялық жеке ерекшеліктерін есепке ала отырып жүргізіледі. Мектепке дейінгі шағын орталықтар ыңғайлы режим бойынша аптасына 2 күннен 7-і күнге дейін, таңертең, сондай-ақ түстен кейін 2 сағаттан 10 сағатқа дейін жұмыс істей алады. Мектепке дейінгі шағын орталықтардың топтары жинақталуына қарай оқу жылының ішінде ашылады. Мектепке дейінгі шағын орталықтардың жұмыс істеу тәртібі және балалардың оған келу уақытының ұзақтығы ішкі тәртіп ережесімен айқындалады. Мектепке дейінгі шағын орталықтарды санитарлық-эпидемиологиялық ережелер мен нормалар, өрт қауіпсіздігінің ережелеріне жауап беретін 2-3 қабаттан биік емес үй-жайларда ашуға рұқсат етіледі. Білім беру ұйымының құрылымдық бөлімшесі ретінде құрылған мектепке дейінгі шағын орталықтардың бір тобы үшін ауданы бір балаға арналған 2 шаршы метрден кем емес, ойын түрінде жабдықталған және безендірілген бөлмелері, шешінетін және тамақтанатын зоналары бар үй-жайлар бөлінеді [2].

Мектепке дейінгі шағын орталықтардың мынадай түрлерін құруға болады:

1)бейімдеуші - 1 жастан 5 жасқа дейінгі балаларға және олардың ата-аналарына арналған;

2)дамытушы - 3 жастан 6 (7) жасқа дейінгі балаларға арналған;

3)келу уақыты бойынша: күндізгі, кешкі, түнгі, жексенбі және мереке күндері жұмыс істейтін - 1 жастан 6 (7) жасқа дейінгі балаларға арналған;

4)үйде қарау, күту және дамыту бойынша - 1 жастан 6 (7) жасқа дейінгі балаларға арналған;

5)арнайы әлеуметтік, медициналық және түзеу – педагогикалық жағдайларын қатаң сақтауды ескере отырып, 1 жастан 6 (7) жасқа дейінгі мүмкіндіктері шектеулі балаларға арналған.

Мектепке дейінгі шағын орталықтарды үйде ұйымдастыру үшін:

-5 бала үшін 1 бөлмелі пәтер немесе тұрғын үй (пайдалы ауданы 30 шаршы метрден кем болмауы керек);

-10 бала үшін 2 бөлмелі пәтер немесе тұрғын үй (пайдалы ауданы 50 шаршы метрден кем болмауы керек);

-20 бала үшін 3 бөлмелі пәтер немесе тұрғын үй (пайдалы ауданы 80 шаршы метрден кем болмауы керек) пайдаланылады.

Бұл пәтерлердің немесе тұрғын үйлердің санитарлық торабы әр 10 балаға 1 унитаз бен 1 қолжуғыштан қарастырылып жабдықталуы тиіс. Мектепке дейінгі шағын орталықтарда жастары шамалас мынадай топтарды толықтыру белгіленеді:

-бір жастан екі жасқа дейін - 10 тәрбиеленушіден артық емес;

-екі жастан үш жасқа дейін - 15 тәрбиеленушіден артық емес;

-үш жастан жоғары және олардан жасы үлкен - 25 тәрбиеленушіден артық емес.

Елімізде мүмкіндігі шектеулі балаларға арналған шағын орталықтар балалардың жас ерекшеліктерін есепке ала отырып, арнайы білім беру ұйымдарды құралдармен жабдықтауды, қажетті жағдай жасауды, материалды-техникалық қамтамасыз етуді жергілікті атқарушы органдар жүзеге асырады.

Мүмкіндігі шектеулі балаларға арналған мектепке дейінгі шағын орталықтарға:

1) ата-аналары үйде тәрбиелегісі келетін мүмкіндігі шектеулі балалар;

2) туғаннан үш жасқа дейінгі дамуында бұзушылықтары бар балалар;

3) көру, есту, сөйлеу бұзушылықтары бар;

4) ақыл-ойында кемістігі (интеллектуалдық бұзушылықтары) бар;

5) тірек-қозғалыс аппараты бұзылған балалар;

6) күрделі кемістіктері бар балалар қабылданады.

Мүмкіндігі шектеулі балалар үшін мектепке дейінгі шағын орталықтарда топтарды толықтыру балалардың категориясына және олардың жасына (3 жасқа дейін және 3 жастан жоғары) байланысты белгіленеді және тиісінше:

-сөйлеу қабілеті күрделі бұзылған балалар үшін - 10-нан 12-ге дейінгі балаларды;

-сөйлеу тілінде фонетика-фонематикалық бұзушылықтары бар балалар үшін үш жастан жоғары - 15 балаға дейін;

-саңырау балалар үшін - екі топтың балалары үшін - 8 балаға дейін;

-нашар еститін балалар үшін - 10-нан 12-ге дейінгі балаларды;

-көзі көрмейтін балалар үшін - екі топтың балалары үшін 10 балаға дейін;

-нашар көретін, көру қабілеті төмендеген, көздері қыли балалар үшін - 10-нан 15-ке дейінгі балаларды;

-тірек-қозғалыс аппараты бұзылған балалар үшін - 10-нан 12-ге дейінгі балаларды;

-ақыл-ойында бұзушылықтары бар балалар үшін - 6-дан 10-ға дейінгі балаларды;

-психикалық дамуында кідіріс бар балалар үшін - 6-дан 10-ға дейін;

-ақыл-ойының күрделі кемістіктері бар балалар үшін үш жастан жоғары - 8 балаға дейін;

-күрделі кемістіктері (2 және одан да көп) бар балалар үшін - екі топтың балалары үшін 8 балаға дейін;

-дамуында басқа да ауытқулары бар балалар үшін - 15-тен 20-ға дейінгі балаларды құрайды.[3]

Мектепке дейінгі шағын орталықтардың қаржы-шаруашылық, педагогикалық және медициналық қызметіне басшылық етуді және бақылауды осы ұйымның базасында ашылған сол білім беру ұйымының әкімшілігі жүзеге асырады. Мемлекеттік мектепке дейінгі шағын орталықтар мектепке дейінгі, мектептен тыс, арнаулы білім беру ұйымдарын, сондай-ақ кәсіптік орта білім беру ұйымдарын қаржыландыру және кадрлық қамтамасыз етудің тиісті нормативтері бойынша қаржыландырылады және кадрмен қамтамасыз етіледі. Мектепке дейінгі, мектептен тыс, арнаулы білім беру ұйымдары, сондай-ақ кәсіптік орта білім беру ұйымдары үшін Қазақстан Республикасының заңнамаларымен белгіленген тәртіпте мектепке дейінгі шағын орталықтар қажетті ойыншықтармен, оқу құралдарымен және жабдықтармен жарақтандырылады. Мектепке дейінгі ұйымдардың базасында ұйымдастырылған мемлекеттік мектепке дейінгі шағын орталықтарда баланы ұстауға ақы алудың тәртібі Үлгілік ереженің 16, 17, 18-тармақтарына сәйкес жүргізіледі. Орта білім беру базасында ұйымдастырылған мектепке дейінгі шағын орталықтарда балалардан (білім беру, дамыту, сауықтыру) үшін ақы алынбайды. Баланы тамақтандыру ата-аналардың қаражаты есебінен ұйымдастырылады. Осыған байланысты жергілікті атқарушы биліктің шешімі бойынша көп балалы және аз қамтылған отбасыларының балалары тамақтандыруға ақы алудан босатылуы мүмкін. Мүмкіндіктері шектеулі балаларға арналған мектепке дейінгі шағын орталықтарда білім беру, дамыту, сауықтыру, тамақтандыру және басқа қызмет көрсетулер үшін ата-аналардан ақы алынбайды. Жеке меншік мектепке дейінгі шағын орталықтардың білім беру және өзге де қызметтер көрсеткені үшін, оның ішінде мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың мемлекеттік жалпыға міндетті стандарттары шеңберінде ақы алуға құқығы бар [4].

Қорыта айтқанда, шағын орталықта білім беру әр бала үшін тұлғалық мазмұндығын қамтамасыз етуге және ол үшін өз ісіне де, өз өмірінде жеке тұлғалық ойын құруға, өзіндік қорғану, өзіндік тәрбиелеу механизмін қалыптастыруға және адамдардың адаммен, табиғат, өркениет, мәдениет пен қауіпсіз қарым-қатынас жасауын қамтамасыз етеді. Жарқын болашақтың тамырын терең, тұғырын биік жасаймыз деген игі мақсатымыз, ізгі іспен көмкеріліп, үзіліссіз жүйемен өріліп жатса еліміздің әрбір азаматының арманы орындалып жатыр деп ұғынуға болады.

 

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі:

 

1.“Мектепке дейінгі тәрбие” журналы. 6[19] 2013 ж.

2.“Мектепалды даярлық (мектепте және балабақшада)” журналы. №5 2014 ж.

3.Бала мен балабақша журналы. №7, 2014ж.

4.“Отбасы және балабақша” журналы. №1 2013 ж.