Педагогические
науки/5. Современные
методы преподавания
П.ғ.м., Ералинова Т.
Е., Бакенова Г. А., Муханжанова А. А.
Е. А. Бөкетов
атындағы Қарағанды мемлекеттік университеті
Ағылшын
тілін ерте жастан оқытудың тиімділігі
XXI ғасыр табалдырығын білім мен ғылымды
инновациялық технология бағытымен дамыту мақсатымен аттауымыз
үлкен үміттің басты нышаны болып табылады. Ұрпағы
білімді халықтың болашағы бұлыңғыр
болмайды, жас ұрпаққа саналы, мән мағыналы,
өнегелі тәрбие мен білім беру, бүгінгі күннің
талабы.
Қазіргі Қазақстандық
қоғам көпұлттық, көптілділік және
көпмәдинеттілік жағдайда. Сондықтан осы
қоғамға бейімделген көп тілді
меңгерген мәдениетті тұлға қалыптастыру -
өзекті мәселелердің бірі. Еліміздің Президенті
Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев Қазақстан халқына арнаған
«Қазақстан жолы – 2050: бір мақсат, бір мүдде, бір
болашақ» атты Жолдауында «Мектеп түлектері қазақ, орыс
және ағылшын тілдерін білуі, сындарлы ойлау, өзіндік ізденіс
пен ақпаратты терең талдауға машықтануы да қажет»
делінген. Сонымен қатар шет тілін кеңінен
білмейінше, ұлттың бәсекеге шынайы қабілеттілігі туралы
айту қиын болатындығын ескерте отырып, барлық ата-аналарды
балаларын үш тілде оқытуға шақырды [1].
Ағылшын тілі – XXI ғасырдың тілі.
Бұл тіл қазақты дүниеге танытатын, әлемдік
деңгейге шығаратын тіл. Ал, әлемдік тіл ретінде бейресми
түрде орныққан ағылшын тілін меңгеру
ұлттың бәсекеге қабілеттілігін шыңдай
түседі. Ағылшын тілін біздің халқымыздың жаппай
меңгеруі сол тілде жасалған, жасалатын шексіз байлықты аудару
жөніндегі машақаттан, артық шығыннан
құтқарады . Демек , балаларымыздың ағылшын тілін
білуі – уақыт талабы.
Ағылшын тілі халықаралық
қатынаста қолданылатын ортақ тіл, бүгінгі таңда
алыс-жақын шетелге шығушылар, шетелде оқушылар, білім
жетілдірушілер, қызметкерлер үшін тіл үлкен
маңызға ие болып отыр. Қазіргі кезде мектеп оқушылары
ағылшын тілінде еркін сөйлеуді мақсат етеді, олар
өзінің болашақ оқуы мен қызметіне кажет екенін
түсінеді.
Ағылшын тілі дүние жүзіне
кең тараған тіл. Ол Канада, Ұлыбритания, АҚШ,
Австралия, Жаңа Зеландия елдерінің мемлекеттік тілі болып табылады.
Канада, Ирландияда мемлекеттеріндегі қос тілдің бірі. Алты
құрлыққа кең тараған бұл тілде
қазір 400 млн-нан астам адам сөйлейді. Қазақстанда да
XX-ғ-дың 50-жылдарынан бастап жоғары және орта
оқу орындарында ағылшын тілі оқытылып, мамандар дайындалуды.
Ағылшын тілі Британдық және Американдық болып екі
түрге бөлінеді. Британдық ағылшын тілі өз ішінде
шотландиялық, солтүстік, батыс, шығыс, оңтүстік
диалектілерге жіктеледі.
Еліміздің басқа мемлекеттермен
қарым-қатынасы артып отырған шақта ағылшын тілін
еркін меңгерген, келешекте білімін түрлі саладағы
қарым-қатынас жағдайында пайдалана алатын адамды мектеп
қабырғасынан оқытып шығару - біздің казіргі
кездегі міндетіміз.
Бастауыш сынып барлық білімнің
қалануының негізі. Бастауыш сынып оқушыларына нені
үйретсең соны санасына сіңіретін нағыз қабылдау
жасында болғандықтан, мейлі қандай тіл болмасын өте тез
игеріп алуға болады. Сондықтан бұл тілді үйренуде
мектеп жасына дейінгі балалардан бастаған қолайлы.
Неғұрлым көп естіп білуге ынталанған балалардың
еске сақтау қабілеті соғұрлым жоғары
дәрежеде дамиды. Ал ерте жастан балаға көңіл аудармай
оның жан-жақты дамуына көмек жасамасақ оның
ақыл-ой, қабылдау, есте сақтау қабілеті баяу дамиды.
Себебі, баланың дамуы кішкентайынан бастап
қалыптасқандықтан, тілді үйрету мәселесін де ерте
бастаған тиімді екені айтылуда.
Үш тұғырлы тілді алға
ұстаған қазіргі кезде мектептерде ағылшын тілі бірінші
сыныптан бастап өтуде. Бастауыш сынып оқушыларының тілі
толық дамып жетілмегендіктен әрине, ағылшын тілі басында
қиынырақ сезілетіндіктен, соңына келе біртіндеп
қалыптасып, жаттық әрі әдемі ағылшын тілін сөйлеуіне
болады. Бастауыш сынып оқушлары ауыр сабақ жүгін алып
жүре алмайтындықтан балаларды ағылшын тілінен жалықпауы
үшін көбінесе жаңаша үйрету тәсілдерімен
тәрбиелеу қажет. Елдің болашағы келешек
ұрпақтың қолында, яғни олар тәртіпті
болумен қатар мықты білім иесі болуы тиіс.
Елімізде қазіргі таңда 1 сыныптан
ағылшын тілінің оқытылуы басталған. Ағылшын тілін
ерте жастан оқытудың мақсаты – оқушылардың
ағылшын тілінде қарым-қатынас жасай алу негіздерін
меңгеруі болып табылады. Ерте жастан ағылшын тілін оқыту
оқушылардың коммуникативті даму біліктілігін арттырады,
оқушылардың қызығушылығын оятуға
мүмкіндік береді, бірден көп тілдерде сөйлеуге
мүмкіндік алады. Ал, әлемдік тіл ретінде бейресми түрде
орныққан ағылшын тілін меңгеру ұлттың
бәсекеге қабілеттілігін
шыңдай түседі. Қазіргі заман талабына сай ағылшын тілін
білу міндетті болып табылады.
Қазіргі таңда бастауыш сынып
оқушыларына ағылшын тілін үйрету барысында олардың
қызығушылықтарын оята отырып, ауызша сөйлеудің
алғашқы дағдыларын қалыптастырамыз. Оқыту
әдісінің бастапқы кезеңінде сұрақ-жауап
әдісі қолданылады, себебі диалог балаларды қарапайым ауызша
сөйлеуге үйретіп қана қоймай, сонымен қатар,
тыңдай отырып ұғынуына және өз ойын жеткізе
білуіне үйретеді. Балаларды алғашқы оқыту сатысында сөзді
жаттау, тілдік үлгідегі ұғымды түсіндіру,
өлең және тағы басқалары қолданылады.
Бұл жаттығулардың мақсаты балалардың өз
ойын толық жеткізуге мүмкіндік береді. Сондай-ақ, ерте кезден
оқыту тілдік кемшіліктерді жоюға және болашақта тілді
тез игеруге көмектеседі. Бала тез есте сақтау үшін ойындар,
тез жатталатын сөздері бар ұйқас тақпақтар,
өлеңдер, қысқа рөлдік ертегілік
қойылымдарды ролінде ойнауды үйреткен тиімді және
балаға ойын барысында тіл үйрену қызықтырақ
болады.
Ағылшын тілін ерте жастан
оқытудың тиімділігі оқушылардың пәнге деген
қызығушылығымен бірге олардың сабаққа
түгел атсалысатындығы, бәсекеге қабілеттілігі,
бір-бірінен қалғысы келмей емін-еркін, сөздерді
қайта-қайта айтуда бір-біріне ықпалдарының әсер
етуі жақсы нәтижелерге жетелейді.
Ағылшын тілін оқытуды бастауыш сыныптан бастау керектігі көптеген елдердің тәжірибесіне сүйене отырып басталған.
Бастауыш сынып балаларына тән
қасиеттер, олар: шыдамсыздык, назар аударудағы тұрақсыздық, тез қажу, шаршағыштық, зейіннің тұрақсыздығы сияқты кейбір теріс қылықтарын ескере отырып, ағылшын тілін ойын түрде өткізу керек .
Н.К. Крупская өзінің көптеген еңбектерінде
ойынның бала өміріндегі маңызына үлкен мән
берген. Қандай ойын болмасын, әйтеуір бірнәрсеге
үйретеді, ең бастысы баланы – мұқияттылыққа,
еңбекке, жолдасымен ынтымақтастықта болуға
үйретеді. Ойын – балалар үшір оқу да, еңбек те. Ойын
-айналадағы дүниені танудың тәсілі. Ол
балаларға өмірде кездесетін қиыншылықтарды жеңу
жолын үйретіп қана қоймайды, ұйымдастырушылық
қабілетіен қалыптастырады дегенді айтады [2]. Ал
заманымыздың талантты педагогы В.А. Сухомлинский «ойынсыз, музыкасыз,
ертегісіз, шығармасыз ойсыз толық мәндегі ақыл-ой
тәрбиесі болмайды» деп санайды. Тиімді қолданылған
ойынның түрлері мұғалімнің түсіндіріп
отырған материалын, оқушылардың зор ынтамен тыңдап,
терең меңгеруіне көмектеседі. Өйткені, төменгі
сыныптағы оқушылардың аңсары сабақтан гөрі
ойынға ауыңқырап тұрады. Қызақты ойын
түрлерінен кейін олар тез серігіп, тапсырманы ықыласпен орындайды
[3]. Сондықтан да, балалардын ой
өрісін үздіксіз дамыту үшін ұйымдастырылған
оқу іс-әрекеттін ойын арқылы өткізудің және
оқушылардың білім – біліктілік, танымдық, коммуникативтік
құзыреттілігін қалыптастыруда ойын элементтерінің
маңызы зор. Дыбыстарды дұрыс айту, үйрету үшін
артикулясына айрықша көңіл бөлеміз тілдің,
еріннің, тістің, жақтын атқаратын қызметін
көрсетіп түсіндіру қажет. Ойын әдісі арқылы
оқыту олардың, пәнге деген қызығушылығын
арттырады, өз ойын, пікірін, көзқарасын білдіруге, екінші бір
оқушының жауабын тыңдап, оны толықтыруға,
жетістіктері мен кемшіліктерін айта білуге
жаттықтырады. Жақсы құрастырылған
және де үздік әдіспен ұйымдастырылған ойын
практикалық, тәрбиелік және дамытушылық жағынан
тиімді оқыту тәсілі болып табылады.
Ойын – жалпы адамзат мәдениетінің бірегей феномені, оның
қайнар көзі мен шыңы. Мәдениет феномені ретінде ойын
оқытады, дамытады, тәрбиелейді, әлеуметтендіреді,
көңіл көтертеді, дем алдырады, сонымен қатар, ол
сықақтап, күлдіріп, кез-келген әлеуметтік
мәртебенің шартты екендігін көрсетеді. Баланың
өмірге қадам басардағы алғашқы
қимыл-әрекеті – ойын, сондықтан да оның мәні
ерекше. Қазақ халқының ұлы ойшылы Абай
Құнанбаев: «Ойын ойнап, ән салмай, өсер бала бола ма?»
деп айтқандай баланың өмірінде ойын ерекше орын алады. Жас
баланың өмірді тануы, еңбекке қатынасы, психологиялық
ерекшеліктері осы ойын үстінде қалыптасады. Ойын арқылы
баланың дене құрылысы жетіліп, өзі жасаған
қимылына сенімі артады. Баланың бойында ойлау,
тапқырлық, ұйымдастырушылық, шыдамдылық,
белсенділік қасиеттер қалыптасады. Ойын дегеніміз – жаттығу,
ол арқылы бала өмірге әзірленеді [4].
Бастауыш сыныпта ағылшын тілін үйретудің
тағы бір әдісі ретінде сабақ барысында әндерді
қолдануға болады. Сабаққа байланысты ән,
тақпақтарды ғаламтордан алып баланың жас
ерекшеліктеріне қарай таңдауға да болады. Сабақ
барысында оқушылармен ән, тақпақтар айтып және
олардың ауызекі тілінің дамуы мақсатында ағылшын
тіліндегі ертегілерді рөлге бөліп ойнайды. Ән тілдік
қарым-қатынас құралы ретінде жаңа сөздер
мен сөз тіркестерінен құралып, оны әуенімен қоса
айтқанда оқушының сөздік қорының
көбеюіне ықпал етеді. Ән, өлең тыңдау
кезінде таныс лексика оқушының есінде тез жатталады. Ағылшын
тілінде ән айтып үйрену барысында оқушы дыбыстарды
дұрыс атап үйренеді, сөйлемге дұрыс екпін қояды.
Әнмен жұмыс барысында оқушының көңіл
күйі көтеріліп, тілге деген қызығушылығы арта
түседі. Сабақ барысындағы ағылшын тілінде мультфилмдер
көрсету арқылы оқушылардың тыңдап, көру
қабілетін арттырамыз.
Сонымен қатар күрделі
құралдарды қолдануға болады. Оларға: аудио
құралдар: магнитафон, радио, музыка ойнатқыш; аудиовизуалды:
дыбысты фильм, телевизор, бейнежазба; оқыту процесін автоматтандыру
құралдары: мультимедиялық кабинет, компьютерлер,
ақпараттық жүйе, телекоммуникациялық жүйе.
Бұл технологияларды әсіресе ағылшын тілін
үйренуде пайдасы өте зор. Себебі, тіл үйрену
арқылы адам бүкіл бір ұлттың мәдениеті мен
әлеуметін қатар үйренеді. Ал оны толықтай меңгеру
үшін оқулықтың аздық етері анық. Адам
көру, есту арқылы тіл қолданушылардың
мәдениетін тезірек сезінеді. Яғни, өзінің де сол тілді
меңгергендердің қатарына қосылуы әбден
мүмкін. Қазіргі таңда жаңа ақпараттық
технологияларды оқушылардың ағылшын тіліне деген
қызығушылығын арттыру құралы ретінде
қолдану өте тиімді. Жаңа ақпараттық
технологияларды енгізу және қолдану, интеллектуалды дамыған,
ақпараттық ортада жақсы әрекеттене білетін
тұлғаны қалыптастыру жолында пайдалы болуы мүмкін
коммуникация құралдарының барлығын пайдаланудың
белсенді процесі жүріп жатыр.
Оқушылдарының оқу-танымдық
құзыреттіліктерін қалыптастыра отырып, танымдық
іс-әрекет белсенділіктерін арттыру үшін, көрнекі
құралдар, техникалық құралдарды жиі пайдалану
қажет. Мұнда оқушыда кез-келген ақпаратты
алғаннан кейін немесе мәтінді алғаннан кейін сол
мәліметке қатысты өзіндік көзқарас туындайды. Яғни,
адамның ішкі жан дүниесінде сезімдік, эмоционалдық із
қалдырады, сол себепті мұғалім берілетін
ақпараттарға жағымды қатынас туындатып, білімнің
негізін қалайды.
Оқушыға жалпыға бірдей
қалыптасқан, дәстүрлі әдістермен әлемдік
деңгейдегі озық технологияларды салыстыра, байланыстыра, өмір
тәжірибесіне ұштастыра отырып білім беру, білімге дұрыс
бағыттай білуге үйрету - әрбір оқытушының
міндеті.
Сонымен оқушылардың
шығармашылық қабілетін арттырып, ынталандыру үшін
сабақтарды мынадай жолдармен өткізуге болады.
1.Сабақта кең көлемде
көрнекі құралдарды пайдалану;
2. Сабақты түрлендіріп өткізу;
3. Сабақта оқушылар өздері
жасаған суреттер, схемаларды пайдалану;
4. Техникалық құралдарды тиімді
қолдану;
5. Сабаққа қатысты
бейнетаспаларды, фильмдерді көрсетеміз.
Бастауыш сынып оқушыларына ағылшын
тілін меңгертуде әр баланың психологиясына ауыртпалық түсірмейтіндей
әр түрлі әдіс тәсілдерді тиімді қолдана
білсең ғана сапалы білім бере алатынымыз хақ.
Ерте жастан ағылшын тілін
үйретудің тиімділігін оқушылардың тілге деген
құштарлығынан, жаңа сөздерді жаттау
қабілеттерінің ересек оқушыларға қарағанда
жылдам жаттауынан және де оқулықтан, жұмыс
дәптерінен тапсырма орындағанда тиянақты, ұқыпты
орындауларынан байқауға болады. Оқушылардың
оқуға деген ынтасы айтарлықтай жақсарып, олардың
білім алуға деген қызығушылығы артады.
Оқушылардың ағылшын тілін
үйренудегі тағы бір жақсы жағы 2, 3, 4 сыныптарда
сөз қорының едәуір ұлғаюын
байқауға болады. Ағылшын тілін оқу мен оқыту
барысында жетістіктермен қатар қиыншылықтар да кездеседі.
Қашан да жаңа бастаған істе көптеген кемшіліктер болары
анық. Дегенмен біздің жұмысымыздың әлі де дамуына
кедергі жасайтын кемшіліктер де бар.
Тоқсан ауыз сөздің тобықтай
түйіні дей келе, қазiргi уақытта, ғылым мен
техниканың дамыған ғасырында, ағылшын тiлiн
меңгеру, еркiн сөйлеу - заман талабы. Елбасы болашаққа
үлкен сенiм артып отырғандықтан, жас
ұрпаққа ағылшын тiлiнiң қыры мен сырын
меңгерту - әрбiр пән мұғалiмiнiң мiндетi.
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі:1. «Қазақстан жолы – 2050: бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ» атты Жолдауы.
2. Крупская Н. К. Педагогические сочинения в 10 т. Т.3. Обучение и воспитание в школе.
3. Сухомлинский В.А. О воспитании.,- М.: Педагогика, -1979.
4. Үш тілдегі дидактикалық ойындар жинағы. Әдістемелік құрал.- Астана,- 2013,- Б.3-5.