Нурмаганбетова М.С., Авилова С.В., Садықова Д.А.

КММ «Есту қабілеті зақымдалған балаларға арналған жалпы білім беретін

мектеп-интернаты» Қарағанды қ., Қазақстан

Қол еңбегі есту қабілеті зақымдалған оқушылар үшін жан-жақты даму құралы ретінде

 

Соңғы уақытта есту қабілеті зақымдалған оқушылардың әлеуметтік бейімделуі сұрақтарына көбірек назар аударылуда. Оқушыларда дұрыс жеке қасиеттерді қалыптастыруда технология пәні маңызды рөлді атқарады. Тікелей тәжірибелік әрекеттер барысында оларда адалдық, еңбек әрекетіне деген әдет, ұжымда жұмыс істеу қабілеті сияқты адамгершілік сапалар қалыптасады, ол одан әрі әлеуметтік бейімделуі үшін өте маңызды.

Оқушылардың даралық дамуында жалпы алғанда шығармашылық мүмкіндігі, ал жекелей алғанда қолдың ұсақ моторикасын дамытуда – өнімді көркемдік-шығармашылық қызмет тиімді құралдардың бірі болып табылады. Қазіргі кезеңде арнайы мектептердегі оқушылардың дамуы үшін маңызды педагогикалық мағынаға ие қол еңбегімен айналысу болып табылады.

Қол еңбегі сабақтарында оқушылар әр түрлі материалдар мен құралдармен жұмыс жасау әдістерін игереді. Қол еңбегі есту қабілеті зақымдалған оқушылардың негізгі және шығармашылық қасиеттерін дамытуда міндетті компонент, ақыл-ой, шығармашылық-эстетикалық дамуы және адамгершілік тәрбиесінде маңызды құрал болып табылады, оқушыларда бастапқы құрылымдық біліктері мен дағдыларын дамытуға мүмкіндік береді, рухани дамуына жағдай жасайды. Шығармашылық қол еңбегі – бұл ойындарда, сауықтарда, үй тұрмысында қолдануға болатын шынайы заттарды жасауға көмектесетін қызмет.

Көптеген авторлар өзінің зерттеулерінде қолдың ұсақ моторикасының дамуын еңбек қызметінің тәсілдері арқылы ашады. Қол еңбегінің пайдасы мен қажеттігі туралы В.Л.Выготский, С.Л.Рубинштейн, И.М.Сеченов, М.Монтессори, К.Д.Ушинский сияқты ғалымдар айтып кеткен.

Арнайы мектептегі қол еңбегі сабағына келесі талаптар ұсынылады:

1.       Сабақтың мақсаттылығы.

2.       Оқу материалы көлемінің тиімділігі. Қол еңбегі сабағында оқушының жеке және еңбектік мүмкіндіктеріне байланысты оқу материалының қатаң мөлшерлігі өте маңызды.

3.       Сабақтың дидактикалық кезеңдерін сақтау. Әрбір қол еңбегі сабағының нақты айқын құрылымы немесе дидактикалық кезеңі болуы тиіс.

4.       Оқыту әдісінің дидактикалық мақсатқа және оқу материалының  мазмұнына сай болуы. Көптеген әр түрлі оқыту әдісінің ішінен берілген жағдайға білімді меңгеру мен білік пен дағдыны игеруде ең көп нәтиже беретін әдісті таңдап алу өте маңызды.

5.       Оқу уақытын ұтымды пайдалану. Оқу уақытының көп бөлігі сол немесе өзге де бұйымдарды дайындау тәжірибесіне бөлінуі қажет.

6.       Оқытуда жеке тіл табу. Жеке тіл табуды іске асыру оқушылардың жеке қасиеттерін әрдайым меңгеруді көздейді.  

Ұсақ заттармен (оларға бисер, моншақ жатады) тәжірибелік іс-әрекеттер жасауды ұсынатын еңбектің түрлері оқушының жан-жақты дамуын қамтамасыз етеді. Мектептегі білім беру жүйесі бұл іздеудің негізі болып табылады. Ол болашақ әлеуметтік мінез-құлық іргетасын қалайды, тұлғаны қалыптастыру үшін жағдайлар жасайды, шығармашылық қабілеттерін жетілдіреді. Бисермен тоқу сабақтарында жүргізілетін жұмыстар сауықпен бірге елеулі қызығушылықты байланыстырады, мұнымен қатар, оқушы түрлі өмірлік жағдайларда маңызды болатын қарым-қатынастың таптырмайтын тәжірибесін алады.

Арнайы мектептердегі бисермен өру сабақтары тек қана оқу пәні болып қана қоймайды, сонымен қатар есту қабілеті зақымдалған балалардың тұлға болып қалыптасуына, олардың бойында еңбекқорлық, қайсарлық, ұжымда жұмыс жасай білу, ұқыптылық, шыдамдылық, сабырлылық сияқты қасиеттерді тәрбиелеуге ықпал етеді. Бисермен жұмыс жасау сөйлеудің дамуы мен жалпы ақыл-ойының дамуымен тығыз байланысты болатын ұсақ моториканың дамуына жағдай жасайды. Бисердан бұйымдар жасаған кезде әр түрлі сызбаларды түсініп, бисерлар есебін жүргізуді білу қажет, бұл, әрине, ойлау қабілетін дамытады.

Бисермен өру оқушыны өте өзекті міндет болып табылатын өз қолымен материалдық дүние заттарын жасауды үйретеді, еңбек дағдысын қалыптастырады, бастапқы кәсіби ақпарат береді. Бисермен өру барысында еңбектің сыйымдылығына, күрделілігіне, ықтияттылығына қарамастан, оқушылар өз қолымен жасаған бұйымдардан үлкен қуаныш алады, ата-аналары мен достарына сүйсініп сыйлықтар жасайды. Сөйтіп, бисермен жұмыс жасау еңбек және эстетикалық тәрбиенің тиімді құралы болып табылады.

Бисермен жұмыс жасауда сабақтың көп бөлігі тәжірибелік әрекеттерге бөлінеді. Оқушылар жоспар, сызбалар бойынша жұмыс жасайды. Берілген мектеп оқушыларының жұмысы үшін қол жетімді өру техникалары таңдап алынады. Әрбір сабақта жасалған жұмыстың сапасы бағаланады, оқушылар өзінің және сыныптасының бұйымына анализ жасайды, орындалған жұмысқа есеп жасайды, қолмен жасалған бұйымның мұқияттылығын белгілейді. Оқушыларға ең әдемі жұмысты таңдап алу ұсынылады, таңдау себебін түсіндіріп (мұғалімнің көмегімен), ол мектеп маңындағы тұрақты жұмыс істейтін көрмеге жіберіледі.

Осылайша, қол еңбегі есту қабілеті зақымдалған оқушылардың ақыл-ой және эстетикалық тәрбиесінде үлкен рөл атқарады, олардың шығармашылық қабілеттерін дамытады.

 

Қолданылған әдебиеттер:

1.                     Мирский С.Л. Индивидуальный подход к учащимся вспомогательной школы. М.: «Педагогика», 1990. – С.20.

2.                     Жидкина Т.С. Методика преподавания ручного труда: Учеб.  пособие для студ. высш. учеб. заведений. – М.: «Академия», 2005. – 192 с.