УДК 373.31:51
МОДУЛЬДІК ОҚЫТУ
ТЕХНОЛОГИЯСЫНЫҢ ТИІМДІЛІГІ
Ертаева
Л.М. –
магистр, оқытушы, Жунисбекова
Д.А. –
п.ғ.к., доцент,
М.Әуезов ат.
ОҚМУ, Шымкент,
Молдабекова А.Б. – дефектолог,
Жетісай, Қазақстан Республикасы
Қазіргі уақытта
Қазақстанда білім берудің өзіндік ұлттық
үлгісі қалыптасуда. Бұл процесс білім парадигмасының
өзгеруімен қатар жүреді. Білім берудегі ескі
мазмұнның орнына жаңасы келуде. Я.А.Коменскийдің,
И.Гербарттың дәстүрлі объект-субъектілі педагогикасының
орнын басқасы басты, ол балага оқу қызметінің
субъектісі ретінде, өзін-өзі өзектілендіруге, өзін
танытуға және өзін-өзі жүзеге асыруға
ұмтылатын дамушы тұлға ретінде бағытталған.
Мұндай жағдайда педагогикалық процестің маңызды
құрамы оқу ісіндегі субъектілер — оқытушы мен
оқушының тұлғалық-бағытталған
өзара әрекеті болып табылады.
Жаңа білім парадигмасы бірінші
орынға баланың білімін, білігі мен дағдысын емес, оның тұлгасын, білім алу арқылы дамуын қойып отыр.
Егер «жеке тұлға»
ұғымының мазмұнын талдап, түсінік беретін
болсақ, біздің ойымызша, төмендегідей анықтама
неғұрлым дәл келеді:
«Жеке тұлға — бұл
адамның психикалық, рухани мәні, ол әр түрлі
жинақталган қасиеттер жүйесіне тән:
•
адамның
әлеуметтік маңызды қасиеттерінің жиынтығы;
•
өзіне
және өзімен-өзінің, дүниеге және
дүниемен қатынастарының жүйесі;
•
іс жүзіне
асырылып жүрген әлеуметтік рөлдер қызметінің
жүйесі, мінез-құлық әрекеттерінің
жиынтығы;
•
айналадағы
қоршаған әлемді және онда өзін-өзі жете
түсінуі;
•
қажеттілік жүйесі;
•
шығармашылық
мүмкіншілігі мен қабілеттерінің жиынтығы;
• сыртқы жағдайларға әсерінің жиынтығы және т.б.» (Г.К. Селевко).
Модульдік технологиялардың ерекшелігі: тек білімді
меңгерту емес, оқушының танымдық қабілетін
және танымдық процестерді жадының алуан түрлерін есту,
көру, қимыл ойлауды, ынтаны қабылдау қабілетін дамытып,
оны бекіту, шығармашылық деңгейін арттыру.
Сабақтың қызықты, сапалы
өтуі тікелей мұғалімнің шеберлігіне байланысты болады.
Осы орайда белгілі ғалым Ахмет Байтұрсынұлы
«Шеберліктің белгісі – түрлі әдісті болу», - деген
өткен ғасырда айтылған сөздері ойға оралады. Бір
сабақтың әр кезеңдері түрлі әдістері
орнымен пайдалану арқылы көп нәтижеге жетуге болады.
Оқушы санасына білімді жүйелі түрде
меңгеруіне және қабілет деңгейлерін дамыту.
М.Жанпейісованың «Модульдік оқыту технологиямының»
маңызы ерекше екені мәлім. Себебі аталмыш технология әдістері
оқушыларды өз бетімен жұмыс істеуге, қорытындылар
жасауға, жүйелі білім алуға жетелейді, өзін-өзі
өзгені де бағалай білуге үйретеді.
Оқушының оқу және танымдық
әрекеттерінің белсенділігін
арттыру – ең негізгі әдістемелік мәселе. Модуль арқылы
оқыту сы мәселені шешуге мүмкіндік беретін тиімді жолы болып
табылады. Модуль арқылы оқыту технологиясының өзіндік
ерекшеліктері қағидалары, белгілі бар.
Модульдік оқыту технологиясының негізі –
модуль. Осы технологияны басшылыққа ала отырып, бағдарламада
берілген тақырыптарды логикалық бір жүйеге келтіріп,
модульдерге бөлдім. Бұл модульдік оқытудың негізгі
идеясы – жаңғырту. Оның мазмұны:
1. оқытудың
жалпы мақсатын қою;
2. жалпы
құрылған мақсатты нақтыландыруға
көшу;
3. оқушылардың
білім деңгейін алдын-ала бағалау;
4. оқу
әрекеттерінің жиынтығы;
5. нәтижені
бағалау.
Модульдік технология мұғалімнің алдында
тұрған көптеген мәселелерді шешуге көмектеседі:
-
жалпы білім сапасын жоғарылату;
-
сабақтың тиімділігін жоғарылату;
-
дарынды оқушылармен жұмыс жүйесін
жасау;
-
оқушылардың мақсаттарына жету жолындағы жетістіктерін есепке
алу жүйесін жасау;
-
жеке тұлғаның өзін-өзі
реттеуі, өзін-өзі тәрбиелеуі, өзін-өзі дамытуы.
Модульдік технология алға қойған
мақсатқа оқушылармен бірлесе отырып проблемаларды шешуге
мүмкіндік береді.
Бұл жерде аталмыш технологияда
оқушылар оқу модульдерінен «шыққанда», қорытынды
(бақылау) бөлімде оларға білім стандарты деңгейіне
сәйкес тапсырмалар берілетіні (ҚР БжҒМ бекіткен оқу
бағдарламаларын караңыз) есепке алынуы тиіс. Он екі баллдық
білім бағалау жүйесі енгізілсе, оқу модулінің
қорытынды (бақылау) бөлімінде оқушыларға үш
деңгейлік (сөйлесу бөліміндегі сияқты) тестілер,
бақылау жұмыстарын ұсыну керек болады.
Осылайша білімді бағалау
жүйесі сабақта емес, тақырыптар бойынша іске асырылады,
өйткені сөйлесу бөлімінде оқушылардың білімін
негізінен оқушылардың өзі бағалап, ол тек ынталандырушы
сипатта болатын.
Литература
1.Жанпеисова М.М. Модульная технология обучения как средство
развития ученика. - Алматы: Рауан, 2002.
2.Жанпеисова М.М. Технология модульного обучения. - Актобе:
Мектеп, 1999. –
100 с.
3.Селевко Г.К. Современные образовательные
технологии. – М.: Народное образование, 1998. – 256 с.