П.ғ.магистр Ажибекова П.С.

Ы.Алтынсарин атындағы Арқалық мемлекеттік педагогикалық институты, Қазақстан

       Бақылауды өткізудің әдісі мен білімді  бағалау үлгісі

Бүгінде компьютерлік бақылау тапсырмалары өзекті мәселе болып отыр. Бақылау әдісін таңдауға ерекше көңіл бөлу керек, оны тиімсіз түрде пайдалану, көбінесе, мұғалімдердің еңбектерін еш етеді. Алдын  ала жоспарланбаған нәтижелерді бағалау жүйесінің жұмысы, білім сапасына өзінің жағымсыз әсерін тигізеді. Қазіргі заманда ұсынылған білімді компьютерлік бақылау әдісін  қарастыра отырып және оқыту үдерісінің  қазіргі таңдағы талабын ескере отырып, білімді бақылаудағы әдістің деңгейі мен артықшылығын анықтайтын маңызды фактор бұл білім алушылардың жеке мінездемесіне дағдылану деңгейі және бақылау тапсырмаларын өткізудегі қолайлы параметрді қолдану мүмкіндігі (мысалы: бақылау тапсырмасының түрі мен саны, бақылау уақыты, көмек түрі және т.б.).

Осы пікірмен, бақылауды өткізу әдісін екі топқа бөлуге болады:

·       Бейімделмеген әдістер:

       реттілік;

       кездейсоқ таңдау;

       құрама әдіс;

·       Жартылай бейімделмеген әдіс:

       білім алушылардың жеке параметр әдісінің есебімен кездейсоқ іріктеу;

       білім алушылардың жауабына негізделе отырып бақылау;

       оқу материалының әдісіне негізделе отырып бақылау.

Барлық бейімделмеген әдістерге ортақ, бақылау үдерісінде бүкіл студент, алдын ала автормен белгіленген бір тізбекті кадрдан (тексерілген тапсырмалар) өтеді. Бұл реттілік бақылау уақытындағы білім алушылардың әрекетіне байланысты емес, нәтижесінде барлық студенттерге тиянақталған жинақ түрінде, не кездейсоқ түрде күрделілігі бірдей бақылау сұрақтары беріледі. Тапсырмалар саны барлық білім алушылардың дайындық деңгейіне қарамастан тұрақты болып табылады.

Білімді бақылауды өткізудің жартылай бейімделген әдісінде білімді, орташа және нашар студент үшін бақылау тапсырмаларының саны мен реті әртүрлі. Бақылау сұрақтарының саны студент дайындығының деңгейіне байланысты және әрдайым өзгермелі санда бола бермек. Бұл жағдайда бақылау жұмысын әртүрлі қиындықта құру, оқушы жауабының не бақылау тапсырмасының өтілуі автордың (мұғалімнің) дайындаған сценарийіне (мысалы: оқу материалынан не білім алушылардың моделінен мәліметтерді пайдалана отырып ) негізделе отырып болады.

Бейімделген әдіс барынша студент моделіндегі деректерді (мысалы: білім алушылардың дайындық деңгейі,  мазасыздық деңгейі, жауабының дұрыстығы т.б.) не оқу материалының моделін (мысалы: бақылау арасындағы қатынас)  пайдаланады және бақылау тапсырмасындағы оңтайлы күрделілік деңгейі не бүкіл курс, бөлім, жеке тақырып бойынша бақылаудың жеке стратегиясын құру мысалы арқылы қолдап, әрбір студентті жеке бақылауды  құруға көмектеседі.

 Білім алушылардың білімін бақылау, баға құрудағы түрлі критерийлерді ескеру арқылы жүзеге асуы мүмкін. Осыған байланысты білімді бағалау әдісін негізгі үш тапқа бөлуге болады:

Сандық критерийлер негізіне сүйене отырып:

       жеңіл модель;

       тапсырма түрін ескеретін модельдер;

       білімді бақылау параметрін және тапсырма сипаттамасын ескеретін модельдер;

Ықтимал критерийлерге негізделе отырып:

       дұрыс жауап мүмкіндігін ескеретін модельдер;

       жауаптың белгісіздігін ескеретін модельдер.

Классификациялық критерийлер негізіне сүйене отырып:

       бағаны санайтын алгоритм негізіндегі модельдер;

       тақ жиынтығына негізделген модельдер.

Оқу міндетіндегі компьютерлік әдісті құрудағы ең бір маңызды мәселе, ол білім бақылауын ұйымдастыру. Сонымен бірге, құрылған жағдайды талдай отырып, қазіргі кезде білім алушылардың компьютерді оқудағы әрекетін, икемін, білімін сапалы бағалаудағы мәселесін шешу, білім алушылардың даралық қабілеттілігін ескере отырып, сенімді білім алуға мүмкіндік жасайтын ұйымдастырылған әдістің және білім бақылауы өткізілуінің дұрыс таңдауымен байланысты деп тұжырым жасауға болады.

Бақылауды өткізудің әдістері мен бағалаудың әдістері тығыз байланысты. Алгоритмді бағалау және бақылау үшін тапсырмалар жинағын құрудағы ана не өзге тәсілді қолдану, білім алушылардың дайындық деңгейін талап ететін  білімді бақылау параметрін пайдаланатын білім бақылауының  түріне және мақсатына байланысты. Сондықтан, білімді бақылауды ұйымдастырудағы модель мен тәсіл таңдауы, студент және оның жұмысы жайлы толық мәліметтің білім бақылауындағы компьютерлік жүйесінде, сондай-ақ білімді бақылаудың жоспарлы түрін қаншалықты пайдалануына байланысты.

 

Пайдаланған әдебиеттер тізімі:

1.   Зайцева Л.В. Некоторые аспекты контроля знаний в дистанционном обучении. - Образование и виртуальность - 2000. // Сборник научных трудов 4-й Международной конференции  Харьков –Севастополь : УАДО, 2000, - с. 126 - 131.

2.   Зайцева Л.В. Некоторые аспекты контроля знаний в дистанционном обучении. - Образование и виртуальность - 2000. // Сборник научных трудов 4-й Международной конференции  Харьков –Севастополь : УАДО, 2000, - с. 126 - 131.

3.   Вергазов Р.И., Кревский И.Г., Жильцов А.Ю. Подсистема статистики и проверки качества тестовых материалов // Университетское образование: Сборник материалов VII Междунар. науч.-методич. конф. - Пенза: ПДЗ, 2003. - С.497-498