Педагогика/Современные методы преподавания

1-курс магистранты Мусагулова С.Б.

Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті

Қазақстан Республикасы, Алматы қ.

БАСТАУЫШ СЫНЫП ОҚУШЫЛАРЫНЫҢ ҚАЗАҚ ТІЛІ САБАҒЫНДА ҒЫЛЫМИ-ЗЕРТТЕУ ІС-ӘРЕКЕТІН ҰЙЫМДАСТЫРУДЫҢ ТИІМДІ ӘДІС-ТӘСІЛДЕРІ

 

Қабілетті оқушыларды ерте айқындау, оларды тәрбиелеу білім беру жүйесін жетілдірудегі негізгі міндет болып табылатынына бүгінгі таңда ешкім шүбә келтірмейді. Арнайы бағдарда оқыту тәсілінің негізінде зерттеуші оқушыларға практикалық көмек көрсету , психо-диагностикасын жүргізу, қабілеттерін зерттеу арқылы жақсы нәтижелерге жетуге болады. Оқушылардың дүниетанымын кеңейту, зерттеушілік қызметке баулу, ізденушілік қасиеттерін жетілдіруде қазақ тілі сабағы тақырыптары бойынша сыныптан тыс жұмыстарды жүргізудің маңызы зор. Үйірме жұмыстарын, оқушылардың қазақ тіліне деген бейінділігін анықтап, олимпиадаға дайындау, конференция, дәстүрлі емес сабақ түрлерін жүргізуді ұйымдастыру жұмыстарын өзін-өзі басқару әдісі бойынша жүргізу керек.

Оқушылардың қабілеттерін артыруда логикалық ойын пайдалану үшін және зерттеушілік қызметін жандандыруда жаңалық ашуға жетелейтін жолдың бірі – өздігінен тапсырма құрастыру. Тапсырма құрастыруда оңайдан бастап, біртіндеп күрделендіре түскен пайдалы [1: 8-9].

Бүгінгі таңда жеке тұлға, яғни зерттеушілік тұлға қалыптастыру білім мен тәрбие берудегі мемлекеттік істің ең маңыздысы болып отыр. Осы жолда педогогикалық технология оқыту мақсатында жетудің тиімді, нақты жолдарын көрсетеді. Оқытудың жаңа технологиясы іс-әрекеттің жоспарланған нәтижесіне жетудің шартты тәсілі ретінде қарастырылатын жаңа әдістердің жиынтығынан тұрады. Оқушылармен ғылыми - зерттеу жұмыстарын дамыту үшін өздігінен жұмыс істеуге баулу, өз ойын тұжырымдауға дағдыландыру болғандықтан сабақ барысында кеңінен соңғы кезде деңгейлеп оқыту, дамыта оқытудың модульдік әдісін жиі пайдалану өте тиімді. Бұл әдіс педогогика ғылымының докторы, профессор Ж. Қараевтың тұжырымдамасы негізінде жасалған.

Жалпы оқушылардың тәрбиелік және ғылыми-зерттеу жұмысындағы жаңашылдықты қалыптастыру үшін зерттеу топтарын құру өзектілігі мынаған саяды:

-бірінщіден, оқушылардың үрдісін демократияландыру және ізгілендіру.
Бұл оқушының тұлғалық әлеуетін аша түсуге қажетті жағдай туғызады;

-екіншіден, оқушының оқу жәңе тәрбиелік деңгейін анықтайтын педогогтердің кәсіби шеберлігін дамыту міндеттері;

үшіншіден, оқушының білімін арттырудағы мектепішілік жүйесінің қажеттілігі.

Оқушылардың мүмкіндіктерін айқындап, инновациялық тәрбие мен ғылыми-зерттеу жұмыстарын қолдану саласын және ынталандыру әдістерін анықтау керек. Мұндағы зерттеу қызметі шығармашылық ізденіс бағдарламасын жасау, қазіргі заманғы әдебиеттерді оқып-үйренуге, оқыту мен тәрбиелеу нәтижелерін жасау, оқушылардың даярлық деңгейін және олардың жас ерекшеліктерін есепке ала отырып даму динамикасын анықтауға мүмкіндік береді. [1: 10-11].

Оқушылардың ғылыми-зерттеу жұмыстарын дамыту үшін тиімді әдіс-тәсілдер жалпылау, арнайы оқушылардың тұжырымдар қолдану жұмыстар өздеріне сол жасау
жүргізу, жұмысты тапсырма беру талдату, салыстыру.

Ғылыми-зерттеу жұмыстарында оқушылардың шығармашылық қабілеттерін дамытуда қолданылатын әдіс-тәсілдер: 1. Тақырыпты мамұнына қарай жинақтау; 2. Арнаулы бір тақырыпта пікірталас тудыру; 3. Логикалық ойлауын дамытатын ойындармен берілген тапсырмаларды шешу; 4. Әңгімені салыстыру, бөліктерге бөлу, ат қойғызу; 5. Қиялдау арқылы сурет салу; 6.Өлең шумақтарын құрастыру; 7. Мәтін, әңгіме, ертегіні өз бетінше аяқтау;8. Әр түрлі тақырыпта пікірталас, сайыс өткізіп, алған әсерлерін шығарма етіп жаздыру. Осындай жұмыстарды үнемі жүргізу оқушыларды шығармашылыққа баулуға, шәкірт бойындағы қабілет көзін ашып, тілін байытуға, қиялын ұштауға, өз бетінше ізденуге зор әсерін тигізеді.

Сондықтан, оқушыларды ізденушілікке баулу, оған зерттеу дағдысы мен білігін игерту бүгінгі білім беру саласының маңызды міндеті болып саналады.
«Ғылыми-зерттеу» түсінігі «Үлкен кеңес энциклопедиясында»: «жаңа білімді өңдеу процесі және таным қызметінің бір түрі болып есептеледі» деп түсіндіріледі.
Ғылыми-зерттеу тәртібін ғалым А.И. Савенков күрделі психологиялық құбылыс деп түсіндіреді. Ғылыми-зерттеу - дарынды балаларды оқытудың негізі деп қарастырады. Онсыз баланың потенциалды қабілетін ашу, дамыту мүмкін емес. Түрлі әдістемелік тәсілдер пайдалану арқылы әртүрлі балалардың ортасынан қабілеті жоғары баланы танып, жұмыс жасау, оның шығармашылық деңгейін бақылау. Ғылыми-зерттеу жұмыспен айналысатын дарынды оқушыны қалыптастыру үшін жұмыстың мақсаты мен міндетін айқындап, оқушының ерекше қабілетін ашу жолдарына бағыт жасау керек.

Міндеттері:

- оқушының жек ерекшелігі мен қабілетін зерттеп, зерделеу;

- шығармашылық ғылыми ізденіске өзіндік зерделігін дамуын назарда ұстау;

- оқушының өз бетінше әрекет етуіне мүмкіндік беру.

Ғылыми жоба жарыстарына дайындауда төмендегі мәселелерге ерекше көңіл бөлу керек: 1. Тақырыпты қабілетіне қарай таңдау ; 2. Аталған тақырыпты ашудағы шәкірт еңбегінің сипаты, қосқан жеке үлесі; 3.Шешендік сөз саптауы, сөйлеу мәнері, ойын ұтымды,жағымды жеткізе алуы, өзін ұстауы,аудиторияны тартуы; 4. Көрнекілігі мен ұсынылған материалдың сапалылығы; 5. Жұмыстың көркем безендірілуі.
Оқушының дарындылығын әлеуметтік қажеттігіне сай ғылыми негізіңде дамытудың шарттарын анықтап, оны қанағаттандыруда оқушылар ұжымының дайындық деңгейінің, дәрежесінің диогностикалық әр кезеңде жүргізу керек, себебі, ғылыми –зерттеу жұмысының екінші, үшінші кезеңдері осыны міндетті түрде талап етеді, өйткені, бұл оқушылардың жас ерекшелігіне байланысты.

Зерттеу жұмысымен айналысу, шығармашылық жоба жазу оқушының аналитикалық ойлау қабілетін дамытады, шешім қабылдай алу қабілетін қалыптастырады. Оқушыны ізденушілікке баули отырып, ғылым мен техниканың жетістігіне сәйкес армандарына жетуге, өз жолдарын дәл табуға көмектеседі.

Оқушыны ғылыми-зерттеу жұмысына қатыстыру үшін алдымен, оны қызықтыра отырып, зерттеу талабын қалыптастыру керек. Яғни оқушы ақпаратты ала білуге, оны басқаларға хабарлай білуге талпынуы тиіс. Ең алдымен оқушыны өздігінен шешім қабылдауға, ақпараттар алуға, оны басқаларға жеткізе білуге үйрету қажет.

Қазіргі білім мен тәрбиенің негізгі бағыты-жан-жақты дамыған тұлға қалыптастыру, тұлғаның «Мен» менталитетін қалыптастыру, өзін-өзі тану, өзін-өзі дамыту мәселесінің айналасында болып отыр.

Расында да, тұлғаға дұрыс бағыт беру, даму, қалыптасу аймағына енгізу, өз белсенділіктерін туғызу, өзін-өзі тәрбиелеу іс-әрекеттерін ықпал ету-ұстаздар алдындағы жауапты міндет.

 

Әдебиеттер:

1. Жанпеисова М.М. Модульдік оқыту технологиясы оқушыны дамыту құралы ретінде. - Алматы, 2002.

2. Бастауыш мектеп - №3,4. -2010.

3. Тұрғынбаева Б.А Дамыта оқыту технологиялары. -Алматы, 2000

4. Қазақстан мектебі. - №8 - 2003.