Қонақбаева Т.Е., Бақытова А.Ш.
Тараз мемлекеттік
педагогикалық институты, Қазақстан
ҚАЗІРГІ ТАҢДА ӘЛЕУМЕТТІК ПЕДАГОГТЫ ДАЯРЛАУДЫҢ
КЕЙБІР МӘСЕЛЕЛЕРІ
Тәуелсіз еліміздің берік тірегі –
білімді ұрпақ. Ендеше жаңа дәуірдің күн
тәртібінде тұрған келелі мәселе – саналы, рухани бай,
жан – жақты дамыған тұлға даярлау барша
ұстаздардың басты парызы. Бүгінгі жас өркеннің
ертеңі әлеуметтік – саяси қоғам мүшесі ретінде
қалыптасуында тәлім – тәрбиенің маңызы зор
екендігі белгілі.
Елбасы
Н.Ә.Назарбаевтың мемлекеттің тұтас
қоғамдық ортасын құруға байланысты 2020
жылға дейінгі стратегиялық даму жоспарындағы
басымдықтардың бірі – адами ресурстарды дамытуда ең алдымен
оның әлеуметтік капиталының қалыптасуына ықпал
ететін әлеуметтік функцияларды жүзеге асыратын факторлар
төмендегідей атап өтті:
• Девиантты
және деликвентті балалармен жұмысты күшейтуді жоспарлау;
• Отбасы, мектеп, бос
уақыттағы орта және тұтас қоғам
құру;
• Арнайы және
ерекше режимде ұстайтын білім ұйымдарына баса назар аудару;
• Кәмелетке
толмағандарды дағдарыс жағдайынан шығуға
және өмірін орнықтыруға, баланы отбасымен
қосуға көмек көрсету мен отбасын әрі қарай
сүйемелдеу [4]. Сондықтан,
бүгінгі күннің талабынан туындаған әлеуметтік
педагог маманына қойылатын
талаптар өте жоғары болып отыр.
Әлеуметтік педагог маманы – басқа
мамандықтармен салыстырғанда біздің ел үшін жаңа,
кенже мамандықтың бірі. Сондықтан әрбір педагогке еңбек жолын әлеуметтік
педагог ретінде басқару әртүрлі топтағы жанұямен,
олардың балаларымен қалай жұмыс атқару керектігі,
қызығы да, қиындығы да мол ұстаздық жолдан
мүдірмей етсем, жаңарған қоғамда жаңа
мамандықтың міндетін қалай атқарамын деген
ойларының болуы заңды. Әлеуметтік педагог қызметі
үздіксіз ізденіп, қажымай еңбектену, оқушы жүрегіне
жол тауып, әртүрлі
топтағы жанұяның балаларына қолдау көрсету, алуан
түрлі мінезді балалардың тілін табу үшін жоспарлы түрде
жұмыс жүргізуді қажет етеді. Сонымен қатар,
әлеуметтік педагогтың жан – жақтылығы, білімділігі,
әдістемелік - шығармашылық иесі болуы, әлеуметтік
қарым – қатынастар түрін меңгеруі, кәсіби білік
дағдыларын шыңдауы ең басты алғышарты болып табылады.
Әлеуметтік педагог
қызметінің мақсаты - социумда балалар мен ересектердің
әлеуметтік маңызы бар, профилактикалық қызметін
ұйымдастыру, баланың дамуын, білім алуын әлеуметтік
қолдау [1].
Әлеуметтік педагог біріншіден,
мүмкіндігінше проблеманың алдын - алуына тырысады, проблеманы
тудыратын себептерді анықтай және уақытында оны жойып
отыру, адам бойындағы олардың қарым-қатынасындағы
әртүрлі ауытқушылардың алдын - алып, отыру, осы
арқылы қоршаған әлеуметтік ортаны сауықтырып
отырады. Әлеуметтік педагог – өсіп келе жатқан
тұлғаның мүддесін, заңдық
құқын қорғаушы. Әлеуметтік педагог -
сырттан бақылаушы емес, ол балалар мен ересектердің бірлескен
қызметінің тікелей қатысушысы, сонымен қатар –
бұл қызметтің жетекші ұйымдастырушысы. Оның
барлық күш жігері адамды әрекетке, әлеуметтік
инициативаға қиын жағдайдан шығу жолын іздеуге
оятуға бағытталады, адамдардың проблемасын өздері шеше
алуына көмектеседі.
Аталған
жағдайларды ескере отырып, әлеуметтік педагог даярлаудың
өзекті мәседерін атап өткенді жөн санадық.
Еліміздің ЖОО бүгінгі таңның сұранысына
сәйкес «Әлеуметтік педагогика және өзін-өзі
тану» мамандығы бойынша мамандар даярлап жатқаны
қуантарлық шара болып табылады.
Десек те, әлеуметтік
педагог және өзін-өзі тану мұғалімін кәсіби
қалыптастыру бірнеше кезеңнен тұратын үдеріс. Осы
кезеңдердің арасында маманды кәсіби әлеуметтік педагог
тұлғасына дейін дамытатын әлеуметтік кәсіби
іс-әрекет, яғни практика арасында өзара педагогикалық
сабақтастық болуы шарт. Әлеуметтік педагог, бір
жағынан, өмір сүріп отырған кезеңнің
қажеттілігіне, әлеуметтік жағдайына, қоғамның
нақты сұранысына қарай оқытылып тәрбиеленсе,
екінші жағынан, қайырымдылық, ізгі іс-әрекет
арқылы әлеуметтік маңызды идеяларды, дәстүрлерді
қолдайтын, мәдениет жетістіктерін сақтаушы және оны
халыққа жеткізуші маман ретінде қоғамға
қызмет ететін болып дайындалуының да маңыздылығы зор.
Қысқасы, маман дайындаудың сапасын жақсартудың
механизмі – теория мен практиканы қатар алып жүру. Қазіргі
білім – азаматтық қоғамдағы әлеуметтік
талаптарға бағытталған күрделі де жан-жақты
қоғамдық құбылыс, оқыту және
тәрбиелеу түріндегі педагогикалық әрекеттің
тұтас жүйесі.
Бүгінгі
таңдағы жоғары білімнің мақсатына жаңаша
түсінікпен қарасақ, оны дамытудың басты
стратегиялық бағдары - өмірге жауапкершілікпен
қарайтын, дүниетанымдық мәдениеті жетілген, шығармашылық
ойлауға дағдыланған, іскерлік қабілеттілігі
биік, гуманистік ойлауы басым, кәсіби ілімімен
қаруланған, адамгершілік қасиеттері мол білікті
мамандардың жаңа ұрпағын қалыптастыру болып
табылады.
Әдебиет:
1.
Қазақстан Республикасында білім
беруді дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған мемелекеттік
бағдарламасы. – Астана, 2010 ж.
2.
Қазақстан Республикасының
«Білім туралы» Заңы 2007 жылғы 27 шілдедегі N 319
3.
Шағыр Қ. Әрбір
ұстазға берері мол// Тәрбие құралы. – 2005. - №5
– Б.55-56
4.
Халитова І.,
Әлеуметтік педагогика.: Оқу құралы-Алматы: «Білім»
баспасы, 2007-200б