аға оқытушы Байдалина Ж.Ж.
«Шетел тілі: екі шетел тілі» (3-жылдық жедел)
мамандығының
3 курс студенті Мукашева А.Т.
Ы.Алтынсарин
атындағы Арқалық мемлекеттік педагогикалық институты
Шетел тілінде бұқаралық ақпарат құралдарын
қолдану
Қазақстан
Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаев Қазақстан
халқына жолдауында «Мен қазіргі заманғы
қазақстандықтар үшін үш тілді білу
әркімнің дербес табыстылығының міндетті шарты
еккендігін айтып келемін. Сондықтан 2020 жылға қарай ағылшын
тілін білетін тұрғындар саны кемінде 20 пайызды құрауы
тиіс деп есептеймін»- деді.
Қазіргі
заманғы білім беру жүйесі оқытудың инновациялық
нысандары мен әдістерін енгізу педагог қызметкерлердің
тұлғасына кәсіби құзыреттілігіне жоғары
талаптар қоюда.
Бұқаралық
ақпарат құралдары - арнайы техникалық
құралдардың көмегімен және газет
баспасындағы, кез келген тұлғаларға әртүрлі
мәліметтерді ашық жариялауға арналған ақпараттар.
Біз дүние жүзіндегі күнделікті жаңалықтар мен
таныстыратын газеттерді, радио мен теледидиарды «бұқаралық
ақпарат құралдары» деп атаймыз.
«Ақпарат»
сөзі латынның түсіндіру, баяндау, мәлімет деген
ұғымдарды білдіретін «information» сөзінен
шыққан. Қазіргі ақпарат сөзі күнделікті
тұрмыста, ғылымның әр түрлі: философия,
экономика, физика, математика, информатика тағы басқа салаларында
кеңінен қолданылады. Бірақ әр бір ғылымның
ақпарат туралы өз ұғымы мен түсінігі бар.
Олардың ерекше белгілерін атап көрсетеді: жариялылық,
яғни тұтынушылардың шексіздігі; арнайы техникалық
құралдардың, аппаратуралардың болуы; ақпарат
таратушының (коммутатор) қабылдаушыға біржақты
ықпалы; тұтынушы аудиторияның тұрақсыз
әркелкілігі. Қоғамның өмір сүруін қамтамасыз
етудегі бұқаралық ақпарат
құралдарының рөлі зор.
Наполеон:
«Жауға қарсы жүздеген мың қол әскерден, төрт
газеттің ойсырата соққы беру мүмкіндігі
зор»,-деген.1840 жылы француз жазушысы О. Бальзак баспасөзді
«төртінші билік» деп атаған. Қазіргі электронды ақпарат
құралдарының пайда болуы мен бұқаралық
ақпарат құралдарының биліктік қатынастардың
барлық қырларын түбірімен түрлендіріп жібереді.
Сонымен: бұқаралық ақпарат
құралдарының атқаратын қызыметі әр
түрлі, олардың аса маңыздыларына мынылар жатады:
ақпараттық, білімдік, әлеуметтендірушілік, мүдделерді
тоғыстырушы, жұмылдыру және т.б.
Бұқаралық ақпарат құралдарының
қызыметі азаматтарға, қоғамға аса маңызды
жалпы оқиғалар, құбылыстар, процестер жайлы
мағұлматтарды таратудан тұрады. Бұл қызыметсіз
кез келген қоғамның толыққанды өмір
сүруі мүмкін емес. Біз теледидардан жаңалықтарды
көреміз, радиодан естиміз, бір- бірімізден қызықтырған
нәрселерді сұраймыз, яғни ақпарат аламыз. Бұл
мысалдардан біз «ақпарат» деген сөз белгілі бір хабардың,
жаңалықтың, өткен оқиғаның
мазмұнын білдіретінін көреміз. Мысалы: археологиялық
қазба жұмыстары арқылы табылған бұйымдар бізге
сол кездегі тұрмыс- тіршілік туралы, адамдар жөнінде, қандай
жағдайда өмір сүргендері туралы аса бағалы
ақпарат береді.
Тас
бөктерлерінде, жер қатпарларында ертеден сақталып
қалған хайуанаттар сүйектерін, өсімдіктер
жапырақтарын зерттеу нәтижесінде де біз жер бетінде көне
заманда өмір сүрген жануарлар, өсімдіктер туралы көп
мәлімет аламыз. Шексіз алыс әлемді, физиканың жұлдыздар
жүйесін зерттеу барысында физиктер, астраномдар олардан жерге жетіп
жатқан электромагниттік сигналдар арқылы олардың
құрылысы, шығуы жөнінде көп
мағлұматтар алады.
XIX- XX
ғасырларда телеграфтың, радионың пайда болуы, ақпаратты
кез- келген қашықтыққа жарық
сәулесінің тарау жылдамдығы мен жеткізуге, ал
теледидардың шығуы үйде отырып- ақ, дүние
жүзінде не болып жатқанын көріп білуге мүмкіндік туады.
Бұқаралық
ақпарат құралдарының білімдік қызыметі
азаматтарға әр түрлі ғылым саласынан
қоғамдық - гуманитарлықтан жаратылыстану
ғылымдарына дейінгі танымдық хабарларды дайындап, таратуынан
көрінеді. Қазіргі қоғамда адам өз
өмірінің әр кезеңінде білімнің басым
көпшілігін осы бұқаралық ақпарат
құралдары арқылы алады.
Бұқаралық
ақпарат құралдары адамдардың бойына әлеуметтік
ережелерді, құндылықтарды сіңіріп,
мінез-құлықтарын қалыптастыруға септігін
тигізеді.
Бұқаралық
ақпарат құралдары жүйелі түрде күнделікті
хабарламасы жалпы әлемдік процестердің бір бөлігі ретінде
өзінің қоғамға, мемлекетке, саясат әлеміне
қатысты көрсетеді.
Бұқаралық
ақпарат құралдары мүдделерді тоғыстырушы
қызметі: бұқаралық баспасөз бен теледидар
арқылы алғашқылардың бірі болып
қоғамдағы өзекті мәселелерге назар
аударады,ықтимал әлеуметтік және саяси
қақтығыстар жайлы дабыл қағып, билік
құрылымдарын жағдайды саралап, арнайы шешім қабылдауына
итермелейді. Сондай – ақ олар қоғамға өмірлік
маңызы бар міндеттерді шешеуге азаматтарды жұмылдыруда
биліктің тиімді одақтасына айнала алады.
Пайдаланған
әдебиеттер тізімі:
1.
Қазақстан Республикасының
Президентінің 2011жыл 29 қаңтардағы
Қазақстан халқына жолдауы.
2. Шетел тілін оқыту әдістемесі №3/17 2007ж 21 бет
3. Т.А.Китайгорская
«Методические основы интенсивного обучения иностранным языком» Москва 1986г 78
бет