ҚЫСҚАРҒАН СӨЗДЕРДІҢ ЖАЗЫЛУ
ЕМЛЕСІНЕ ҚАТЫСТЫ ОЙЛАР
С.Сейфуллин атындағы Қазақ
агротехникалық университеті,
Менеджмент-103 тобының студенті Ағысбай
Жарасқан
Ғылыми жетекші – ф.ғ.к. А.Е.Жүсіпов
Қысқарған
сөздердің (аббревиатураның) негізгі міндеті – жазу
мәтіні мен сөйлеу тілін қысқарту, үнемдеу.
Қысқарған сөздерді атау үшін орта есеппен бес есе
аз, жазған кезде одан да артық уақыт үнемделеді. Соңғы
кезеңде белең алған, түрлі құжатты
толтыруға қатысты енгізілген аббревиатуралардың шамадан тыс
кездесуі алаңдатады.
Мысал ретінде
ұсынған аббревиатураның орысша-қазақша баламасын
бере кеткенді жөн санадық.
БИН – бизнес идентификационный номер = БСН – бизнес-сәйкестендіру нөмірі;
ИИН -
индивидуальный идентификационный номер = ЖСН – жеке сәйкестендіру
нөмірі;
РНН -
регистрационный номер налогоплательщика = СТН – салық
төлеушінің тіркеу нөмірі;
НДС - налог
на добавленную стоимость = ҚҚС – қосылған
құн салығы;
ОКПО - общий
классификатор предприятий и организаций = КҰЖЖ – кәсіпорындар
және ұйымдардың жалпы жіктеушісі;
ИИК -
индивидуальный идентификационный код = ЖСК – жеке сәйкестендіру коды;
БИК -
банковский идентификационный код = БСК – банктік сәйкестендіру коды. Осы секілді қысқарған сөздерді
тіркеп бере беруге болады.
Жоғарыда айтып отырғанымыздай,
бұл қысқарған сөздердің қазақша
түгілі орысша мағынасының нені білдіретіндігін анық
білетін адамдар да аз болар. Болғанның өзінде сол салық,
бизнес, банк саласындағы мамандар ғана жете білетін болар.
Ендігі мәселе,
қысқарған сөздерді қазақшалауды орыс тіліне
жүгінбей тура аудару туралы ойыңыз туралы айтарымыз.
Жалпы қазақ
тіл білімінде шет тілдегі аббревиатураны (қысқарған
сөзді) аударудың негізгі төрт тәсілі бар:
1. Қазақ
тілінде бар қысқарған сөздермен алмастыру. Бұл
терминдердің қатарына еш түсіндіруді қажет ете
қоймайтын, барша қауымға түсінікті деп саналатын
қысқарған сөздер (аббревиатуралар) жатады:
PC (ПК) - ЖК, CIS
(СНГ) – ТМД, UFO (НЛО) БҰН, СССР –ССРО және т.т..
2. Екінші тәсіл –
толық форманың қысқартылған сипаттама аудармасы.
Кез келген шет елге ғана тән аббревиатураның
қазақ тіліндегі аудармасы болмаған жағдайда
қолданылатын тәсіл. Мысал ретінде Ph.D (Doctor of
Philosophy) алсақ болады, біз оның ДФ емес, философия докторы
деген аудармасын қолданамыз. B&B (Bed and Breakfast)
– мейрамхананың қонғаны және таңғы асы
үшін ақысы төленген қызмет түрі (оны Б&Б деп аудармаймыз).
3. Интернационалдық
терминдер (аббревиатураның) аудармасыз қолданылу тәсілі.
Бұл көбінесе компьютер, ғаламтор (Интернет) саласында жиі
қолданылады: HTML, CDROM, DVD.
4. Саяси ұйым мен
басқа да қоғам атаулары көп жағдайда еш
өзгеріссіз алынады. Алайда соңғы кезде олардың да орыс
тіліндегі нұсқаларының аударылуы байқалады. NATO (North
Atlantic Treaty Organization) - НАТО, UNESCO (United
Nations Educational, Scientific and Cultural Organization) - ЮНЕСКО, NASA (National Aeronautics and Space Administration)
- НАСА.
Сонымен қатар,
шетелдік термин-қысқарған сөздердің бірнеше
мағына беруі (омонимдік қасиеті) де шет тілден тура аударуға
мүмкіндік бере қоймайды.
Мысалы:
ЕР = electric primer – электр тұтандырғыш;
EP = equipment part – техникалық сайман қоймасы;
ЕР = extreme pressure – шеткі қысым;
EP = earth plate – жерге
тұйықтау тілімшесі.
Сол секілді САТ аббревиатурасының мынадай
мағыналары бар:
1) computer-assisted
trading (тауарларды компьютерлендіріп саудалау);
2) corrective action
team (өзгерту енгізетін топтар);
3) capital
acquisitions tax (капитал алуға салынатын салық);
4) customer activated
terminal (клиентті белсенді етуші терминал).
Бір
қарағанда, орыс тіліне жүгінбей-ақ тура ағылшын
тілінен баламасын контекстіге (мәнмәтінге) қарап, алып
қысқартуға болады деген ой қалыптасар, бірақ сол
САТ терминінің (аббревиатурасының) компьютерлік бағыттағы
тағы да терминдерін қайда жібереміз, мәселен: computer-aided
testing (автоматтанған тестілеу), computer-aided tomography
(компьютерлік томография), computer-assisted training (автоматтандырылған
білім беру) және computer-aided translation (автоматтанған
аударма).
Түрлі мекеме мен
ұйым атауларын тырнақшасыз (бас әріппен жазылған
жағдайда) әрі бас әріппен жазылып ұсынылады. ENEL –
ENEL фирмасы немесе ЭНЭЛ фирмасы, ВВС – «Би-би-си» компаниясы, FIAT –ФИАТ
фирмасы не болмаса «Фиат» фирмасы деп жазу, айту ұсынылады.
Енді PIN (personal identification number) аббревиатурасына келетін
болсақ, бұл сөздің біз күнделікті өмірде
жиі (банк, салық және басқа да салада) қолданатын ПИН-кодтан басқа түйреуіш, қорытынды, қада,
істік, түйреу, шаш түйреуіш, (шетмойын) цапфа және т.б. секілді
баламалары барын айта кеткіміз келеді.
Енді DQ қысқарған
сөзінің (аббревиатурасының) баламасына тоқталар
болсақ, DQ, definite quantity – белгілі мөлшер; DQ,
detention quarters – гауптвахта; DQ, Director of
Quartering – пәтерді пайдалану басқармасының
бастығы; DQ (1) спорт: Disqualified; (2) әскери термин:
Destination Quantity, Director of Quartering, Drawn and Quartered, definite quantity, detention quarters; (3) техника: drawing quality; (4) боғауыз сөз:
Dish Queen, Drag Queen (5) саясат: Jarvis Island; 6) қысқарту: civil
aircraft marking (Fiji), Dairy Queen, Data Qualifier, Dragon Quest; (7)
университет: Discussion Questions; (8) іскери лексика: Disclosed Quantity; (9)
Сахалин Энерджи компаниясының глоссариі:(Drilling and Quarters), бұрғылау
платформасы (Drilling and Quarters); (10) желілік технология: Distributed Query; (11) бокс:
дисквалификация (боксқа қатысу құқығынан
айыру); (12) өлшем бірлігі: Dimension Quantifier; (13) деректер базасы:
Database Qualifying және тағы да мысалдарды келтіре беруге болады.
Жалпы кез келген
терминді, қысқарған сөзді аударған кезде оның
стилистикалық, синтаксистік, морфологиялық нормаларын
басшылыққа алған жөн. Қазақ тіліне
(басқа тілдерде де) аудару кезінде құлаққа
жағымды, эвфониялық қырына (дыбыс үйлесіміне) мейлінше
назар аударылады. Мектеп бітірушілер үшін осыдан 10 жылдай бұрын енгізілген
ЕНТ (Единое национальное тестирование)
алғашында қазақ тіліне (Біріңғай
ұлттық тетістеу) БҰТ деп аударылып, кейіннен оның ҰБТ болып өзгертілгенін
жақсы білесіз деген ойдамыз.
Көршілес Ресей
елінде милицияның полицияға ауысуы салдарынан
түрлі келеңсіздіктердің болғанынан да хабардармыз:
аббревиатуралар - ПУППС (Полицейское Управление Патрульно-Постовой Службы), ГЕИ
(Государственная Единая Инспекция), ПИДР (полицейский инспектор дорожного
регулирования) және тағы басқалары.
Сонымен қатар, ИИН - индивидуальный идентификационный номер
= ЖСН – жеке сәйкестендіру нөмірі;
Қазақстанның кез келген азаматының жеке
куәлігінде ЖСН/ИИН деп оң
жақ төменгі қырында жазылып тұр. Ал басқа
аббревиатураға келсек, тағы да қайталаймыз, орыс тілінде де
түсіне бермейтін қысқарған (БСН-БИН және т.т.)
сөздерді игеру кез келген азаматтың жеке басының
мүддесі деп санаймыз.
Жоғарыда
айтылғанды басшылыққа ала отырып, қазақ
тілінің қысқарған сөздерін (аббревиатурасын)
айналымға енгізу үшін, осы бағытта жүздеген
ғалым-тәжірибеші зиялы қауым, кез келген оқырманнан
түскен ұсыныстар жан-жақты талданып, қысқартылу
ерекшелігі, өзіне тән белгісі, заңдылықтарының
сақталуына қатысты сараптама, саралау жұмыстары жасалатынын,
бірнеше деңгейлік комиссиядан өтіп барып нәтижесінде
Қазақстан Республикасы Үкіметінің жанындағы
Терминология комиссиясына бекітуге ұсынылатын ұзақ әрі
күрделі жұмыс екенін айтып өткіміз келеді. Осы жұмысты
жасауда мейлінше абай болу қажет деген ойдамыз.