ТЫРНАҚША МЕН ЖАҚШАНЫҢ ЖАЗЫЛУ ЕМЛЕСІ ЖАЙЛЫ

 

С.Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университеті, Балық шаруашылығы 115 тобының студенті Ержан Маратов

 

Ғылыми жетекші ф.ғ.к. А.Е.Жүсіпов

 

Тырнақша («»)және (жақшаға) қатысты қиын, екіұшты мәселе туындаған жағдайда, әрине, ережеге жүгіну керек.

Қос («») тырнақша, не қос (()) жақшаға қатысты даулы мәселе болса мына ережені есте сақтауларыңыз керек.

Қазақ тілі – математика емес, белгілер қосымайды, сондықтан сөйлем, тіркес соңында қос жақша не тырнақша қоюдың қажеті жоқ.

Мәтінді дұрыс түсіну үшін жақша ішіндегі жақша және тырнақша ішіндегі тырнақшаның әр түрін қолдану қажет.

Сол кезде оқырман қай жерде қай тіркес, сөйлем аяқталғанын еш қиналмастан түсінеді.

«Түрлі тырнақша немесе жақша деген не» және олар қалай белгіленеді?

Жақшадан басталық. Негізгі жақша – дөңгелек (мынадай). Екінші деңгейдегі жақша – шаршы, яғни [мынадай]. Қос жақша кездескен жағдайда сөйлемдер құрылысы былайша болмақ:

… (… […])…, … ([…]…)… немесе …(… […] …)… .

Мәселен, «Маған «Нокс Аркана» (Nox Arcana деп жазылады [латыннан аударсақ – «құпия түн»]) тобының өнері өте ұнайды».

Тырнақшаны ресімдеудің жолдары:

Тырнақшаны қолдану тәртібі де жақшаға ұқсас, алайда өзіне тән өзгешелігі болады. Тырнақшаның бірнеше түрі бар, әр тілде түрліше қолданылады. Біз қазақ тіліне қатысты ережеге тоқталайық. Баспа өнімдеріндегі «бірінші деңгейдегі» тырнақшаны шартты түрде шырша («») деп атайды.

Екінші деңгейдегі тырнақшаны шартты түрде „табанша“ деп („“) атайды.

Жалпы тілде тырнақшаның жиі қолданылатын негізгі төрт түрі кездеседі.

Француз тырнақшасы

«шырша»

Неміс тырнақшасы

табанша

Ағылшын қос тырнақшасы

ағылшынша қос

Ағылшын дара тырнақшасы

ағылшынша дара

Тырнақша түйдектеліп келген жағдайдың жазылуына бірнеше мысал бере кетелік.

 «Біз жақында отбасымызбен „Арсенал“ кинотеатрына бардық, онда „Жау жүрек мың бала“ фильмін көрдік. Жақсы кино», — деді құрбым.

«„Самұрық“ компаниясы» ААҚ.

Сөреде: «„Алмұрт пен алма“ шырыны» деп жазылған екен.

Тырнақшаға алынған сөйлемнің ішінде тағы да тырнақшаға «жабылатын» тіркес не сөйлем кездессе олар жоғарыдағы мысалдан көргеніңіздей („ “) табанша тырнақшасының ішінен алынады.

Жоғарыда аталған ағылшынша дара тырнақшаны (немесе, оны марров тырнақшасы деп те атайды) (‘ ’) шет ел тілінен аударған кезде қолданатын кездер болады, мысалы: ағылшын. reader - ‘оқырман’.

Мысалды бере кетсек, дұрыс нұсқасы:

Мектеп директоры: «Алғашқы қоңырауды Кел, балалар, оқылық... деп Ыбырай бабамның сөзінен бастаушы едім...», - деген болатын.

 «Кел, балалар, оқылық...» мәңгі есімде қалыпты», - деп күрсінді қария нұсқасында жазуға болады.

«„Кел, балалар, оқылық...“мәңгі есімде қалыпты», - деп күрсінді қария нұсқасында жазуға болады.

Ал техникалық жағдайға байланысты түрлі тырнақша жазу мүмкіндігі болмаса: ««Кел, балалар, оқылық...» мәңгі есімде қалыпты», - деп күрсінді қария деген нұсқасы қате болады.

Пернетақтада тырнақшаны қосу тәртібі:

X Window Systemде (Linuxте жиі қолданылады) француз тырнақшасын теру үшін  алдымен Compose, кейіннен < белгісі екі рет, не мына белгіні > екі рет басып жазуға болады. Қазақ тілді пернетақтада shift пернесі мен жоғарыдағы сандар ішінен (1) бір санын екі мәрте басса («») тырнақшасы шығады.

Windows ОЖ Num Lock пернесін басқан соң оң жақтағы пернетақта жұмысқа қосылады, Alt+0171, Alt+0187 басқан кезде («»), және сәйкесінше Alt+0132, Alt+0147 басқан кезде („ “) жазылады. Ағылшын қос тырнақшасын басып шығару үшін (“”) Alt+0148, ал дара тырнақша үшін (‘ ’ ) Alt+0145 және сәйкесінше Alt+0146 пернелерін басу керек.

Тырнақшаның басқа да тыныс белгілермен тіркесуі:

1. Нүкте, үтір, нүктелі үтір, қос нүкте мен сызықша жабылатын тырнақша алдына қойылады; алайда осы белгілердің тырнақша сыртында келетін кездері де бар. Мәселен: Біреулері «жақтап», басқалары «қарсы» дауыс берді, қолдаушылар саны басым түсті; Картадағы «ақ дақтарды» жою – географтардың басты мақсаты.

2. Сұрақ әрі леп белгілері мен көп нүкте тырнақша ішіндегі тіркес, сөздерге қатысты болса жабылатын тырнақша алдында жазылады, мысалы: «Қайдасың, қасқа құлыным?» шығармасын қызыға оқып едім; Алыстан «Жарайсың, алға!» деген дауыстар естіліп жатты; «Менің Сізге айтар бір әңгімем бар еді …» – деп айта бастап еді, біреу әңгімеге араласып ойын бұзып жіберді.

Сұрақ, леп белгілері мен көп нүкте тырнақшаға алынған барлық сөйлемге қатысты болса, онда ол сөйлем соңында қойылады, мысалы: Сіздер «қара алтын» бай қорын іздеп жүрсіздер ме? Сендердің «жауапты күтіңіз» деген әңгімелерің шаршатып жіберді! Ол осылайша ойын аяқтай алмай қалды: – «Абай жолы» романын оқымастан бұрын….

2007 жылы «Алматы» баспасында жарық көрген Орфографиялық сөздік, 2013 жылғы орфографиялық сөздікте «Балабақша» сөзінің бірге жазылатындығы «тайға таңба басқандай» көрсетілген. Сондықтан – балалар бақшасы, балабақша деп құбылтып жазуға еш негіз жоқ.

Сондықтан тыныс белгілеріне қатысты ережелерді қатаң сақтау қажет деп санаймыз. Алдағы уақытта да осы бағытта біраз зерттеу жасауды мақсат етіп отарған жайымыз бар.