АУЫЛШАРУАШЫЛЫҚ ТЕРМИНДЕРІ АУДАРМАСЫНЫҢ

МАҒЫНА АШУДАҒЫ КЕМШІЛІКТЕРІ

 

С.Сейфуллин атындағы Қазақ агрогтехникалық университеті, ауылшаруашылығын электрқуатымен қамтамасыз ету -107 тобының студенті Мырзабек Ғылымбеков

 

Ғылыми жетекші ф.ғ.к. А.Е.Жүсіпов

 

Локализация (өртке, індетке қатысы жоқ) дейді де, Өнеркәсіп саласында, «50 процентная локализация производства сельскохозяйственных машин» (белгілі бір елдің машина бұйымдарының 50 пайызын өз елімізде өндіру) деген мысал береді де, оқшаулау деген аударманы ұсынады. Аудармасы дұрыс емес – ауылшаруашылық машина өндірісінің 50 пайызын елімізде шоғырланлыру болуы керек.

Өрт, індетке қатысы жоғын ескердік, дегенмен түрлі сала сөздігіндегі аудармаларды ұсынуды жөн көрдік. 1/275 – локалдау; 3/315 – төңіректету; 4/283 –жергіліктендіру; 6/318 – жергіліктендіру; 8/305 – ауыздықтау; 8/305 – бұзылған жерді жөндеу; 14/402 – орналасу, орналасқан жер; 22/370 – оқшаулау, бөлектеу, ауыздықтау; 24/358 – оқшаулау; 25/399 – оқшаулану, шектелу; 26/407 – оқшаулау; 29/375 – оқшаулау.

Аудармалары өз саласының ерекшелігіні ескеруге бағытталғаны байқалады, алайда толық мағынасын аша алмайды. Ол, әрине, бөлек мәселе. Біз нақты мысалға қатысты ойымызды білдіреміз. Көріп отырғанымыздай, информатика, механика және элтекроника саласы терминерінің сөздігінде - төңіректету; жергіліктендіру сөздері ұсынылған. Бұл локализация сөзінің бойындағы «локальный» - төңірек, жергілікті деген мағынадан туындаған аудармасы. Сын есім тұлғасын заттандырып ұсынған сөздердің біздің сөзге жақындығы бар. Оқшаулау деген сөз бойында – бөлектендіру, бөліп орнату, бөлек орналастыру деген мағына бар. Ал мысал ретінде ұсынған сөйлемде бөлектендіруден гөрі – жинастыру, шоғырландыру мағынасы басым. Ауылшаруашылық машина жасау өндірісін бөлектендіру емес (оқшаулау, яғни бөлектеу емес) бір жерге (біздің жағдайда, Қазақстанда) жинақтау, топтастыру, шоғырландыру деген мағынасы дұрыс деп санаймыз.

Организм сөзінің аудармасы ретінде организм, ағза деп 2 (екі) нұсқасы берілген. Басқа сөздіктерде - 14/437 организм; 15/389 – организм, ағза; 21/471 – ағза; 30/355 – ағза деп аударылған. Екі нұсқаның бірін ғана ұсыну керек.

Поставщик – өнім беруші, жеткізуші деген аудармасымен ұсынылған. Басқа сөздіктерде 3/357 – жеткізуші, сүйемелдеу; 5/345 – жабдықтану, жеткізуші; 10/508 – жеткізуші; 20/389 – жабдықтаушы, жеткізуші; 29/433 – жеткізуші деген аудармалары бар.

Бекітілуге ұсынылған терминдерден гөрі бұл сөздің семантикасына жақыны – жабдықтау деп есептейміз. Себебі өнім беруші – производитель, жеткізуші – доставщик, доставлениеге жақын. Поставка сөзінің бойында әрине жеткізу бар, дегенмен орыс тіліндегі снабжение мағынасындағы жабдықтаушы толық мағынаны аша алады деп есептейміз.

Түрлі салада производитель-поставщик, поставщик-производитель деген тіркестер де кездесіп жатады. Дегенмен поставщиктің производитель болуы міндетті емес. Сол секілді поставщиктің міндетті түрде жеткізіп беруі де талап етілмейді. Қазіргі кезде делдалдар (посредник) жеткілікті. Мәселен, В Астану была поставлена партия цветов. Поставщиком является фирма «Роза». Форма вывоза разная: самовывоз, доставка и т.д. сондықтан, осы терминге қатысты ойды толықтырып, саралап, бекітуге қайтадан ұсыну қажет деп санаймыз.

Профилактика терминінің аудармасы ретінде «профилактика, алдын алу» сөздері ұсынылған. Түрлі сөздіктегі нұсқалары: 3/369 – профилактика; 7/298 – профилактика; 8/359 – алдын алу; 10/532 – алдын алу; 14/ 263 сақтандыру, алдын алу; 15/420 – алдын алу; 21/509 – алдын алу, профилактика; 24/431 – алдын алу; 29/449 – алдын алу, профилактика; 30/387 – алдын алу. Бұл терминді аударудағы бірізділік байқалады. Екі сөздікте профилактика дара өзі аударылмай, екі сөздікте алдын алу сөзімен бірге берілген. 5 сөздікте тек алдын алу нұсқасы, бір сөздікте (су шаруашылығы) сақтандыру деп аударылған. Соңғы сақтандыру сөзі страховкадан гөрі предотвращение мағынасын алып осы нұсқа берілген. Қазақ тілінде «ауырып ем іздегенше, ауырмайтын жол ізде» деген мақал бар. Бұл - сол профилактиканың өзі. Сондықтан аурудың алдын алу, қылмыстың алдын алу және т.с.с. жұптарда кездесетін алдын алу тіркесін аудармасы ретінде қалдыруға болады деп санаймыз.

Репродукция сөзінің аудармасы ретінде тағы да екі – репродукция, көбейту нұсқалары берілген. Түрлі сөздікте өз саласына қатысты мына аудармалар ұсынылған: 15/431 – репродукция; 20/403 – репродукция; 23/409 – репородукция, көбейту; 24/442 – қайта жасалым; 25/468 – көшірме; 26/505 – репродукция. Бұның арасындағы «көшірме» сурет өнеріндегі баламасы. Репродуктивный возраст деген тіркес бар, ол көбеюге, бала тууға, сәбилі болуға қолайлы жас дегенді білдіреді. Сондықтан репродукция бойынан көбеюді табудың заңды екенін даусыз. Алайда, репродукциясыз, тек көбейту терминін алар болсақ, аудармасы ретінде ойымызға бірден умножение, размножение сөздері келері анық, оның репродукция екенін бірден тану (әсіресе, контекстіде) қиын болар.

Міне, бас-аяғы 20 сөздің ішінен бірдей аударылған келесі бір термин , ол – тавро. 4 салада ол «клеймо» секілді – таңба деп аударылыпты.

Мәселен, мына сала сөздіктерінде 15/462 (ауыл шаруашылығы) – таңба; 21/555 (тамақ өнеркәсібі және тұрмыстық қызмет) – бажы, таңба; 23/433(тарих) – таңба; 29/485(заңтану) – таңба деген аударма берілген.

Осыған қарап, тавроны да, клеймоны да еш өзгеріссіз аудармай қалдырғаны дұрыс па деген ойдамыз.

Мағынасын ашып беруге тырысып ұсынылған соңғы сөзіміз, условие. Оны үш сөзбен шарт, талап, жағдай аударып берген.

Түрлі сала терминологиялық сөздігінде - 2/415 – шарт; 3/418 – шарт; 4/377 – шарт; 5/414 – шарт, жағдай; 7/344 – шарт; 8/404 – шарт, жағдай; 9/426 – жағдай, шарт; 10/609 – шарт, жағдай; 12/464 – жағдай, шарт;14/508 жағдай; 16/475 шарт, жағдай; 16/462 шарт, жағдай; 18/474 – шарт, жағдай; 21/564 – жағдай, шарт; 22/458 – жағдай, шарт; 25/510- жағдай; 26/569 – шарт; 29/502 – жағдай, шарт, талап; 30/438 – жағдай, шарт деген түрлері бар. Условие түрлі сөзбен тіркесіп келіп бекітілуге ұсынылған үш мағынаны ашатыны түсінікті, олай болса соның ара-жігін ашып ұсыну қажет. Условия кредитования – несиелеу шарты, условия проживания – тұру жағдайы, условия приема – қабылдау талабы және т.т..

Көріп отырғанымыздай, сөз, атау, термин, тіркестердің жазылу емлесі сақталмаған, бірізділік жоқ. Түрлі сөздікте түрліше, түрлі сала өзінше аударып жұмсаған.

Бұл терминдерді тиісті сала мамандары түсіндіріп, балама бергені дұрыс деп ойлаймыз. Себебі әр саланың терминдерін сол сала мамандары ғана жете түсінеді. Бірнеше салаға ортақ терминдерді келсін-келмесін ұсына беруді де дұрыс емес деп есептейміз. Ауыл шаруашылығы саласына ғана тән терминдерді іріктеп ұсыну қажет деп санаймыз. Терминологиялық комиссияның отырысына жоғарыда көрсетілген салалардың тарапынан жолданғаны дұрыс деген шешімдеміз.

Көріп отырғанымыздай, біраз термин басқа да салада кездескен, аударылуында да өзгешелік бар. Төменде қай салада қанша термин кездескендігінің статистикалық көрсеткішін ұсынып отырмыз:

р/с

Сөздік атауы

Терминнің саны

Ескерту

1

1 том. Физика және астрономия 2014ж.

2

10

2

2 том. Математика 2014ж.

4

20

3

3 том. Информатика және есептеуіш техника. 2014ж.

5

24

4

4 том. Механика және машинатану. 2014ж.

6

29

5

5 том. Энергетика. 2014ж.

8

39

6

6 том. Электроника, және  2014ж.

1

5

7

7 том. Машинажасау.2014ж.

8

39

8

8 том. Көлік және қатынас жолдары. 2014ж.

12

57

9

9 том. Сәулет және құрылыс. 2014ж.

6

29

10

10 том. Статистика, стандарттау және зияткерлік меншік. 2014ж.

8

39

11

11 том. Әскери іс. 2014ж.

9

43

12

12 том. Химия. 2014ж.

2

10

13

13 том. Биология. 2014ж.

7

33

14

14 том. Медицина. 2014ж.

9

43

15

15 том. Ауыл шаруашылығы 2014ж.

15

71

16

16 том. Су шаруашылығы. 2014ж.

11

52

17

18 том. Кен ісі және металлургия 2014ж.

6

29

18

20 том. Жеңіл және тоқыма өнеркәсібі. 2014

8

39

19

21 том. Тамақ өнеркәсібі және тұрмыстық қызмет. 2014 ж.

10

48

20

22 том. Философия және саясаттану 2014 ж.

8

33

21

23 том. Тарих 2014 ж.

9

43

22

24 том. Педагогика және психология 2014ж.

5

24

23

25 том. Мәдениет және өнер 2014 ж.

7

33

24

26 том. Әдебиет және лингвистика 2014ж.

6

29

25

29 том. Заңтану 2014 ж.

14

67

26

30 том. Дене тәрбиесі және спорт 2014ж.

4

20

 

Талдауға ұсынылған 21 терминнің 71% - ауыл шаруашылығы саласы сөздігінде, заңтану саласы сөздігінде - 67%, көлік және қатынас жолдары саласындағы терминдер сөздігінде - 57%, су шаруашылығы саласы терминдерінің сөздігінде – 52 %, тамақ өнеркәсібі және тұрмыстық қызмет саласында 48% кездеседі, тарих, медицина, әскери іс салаларында - 43%, машинажасау, жеңіл және тоқыма өнеркәсібі, стаститика, энергетика салаларында - 39%, қалған 15 салада шамамен көрсеткіш – 2-33%. Жиырма бір терминнің 21 (жиырма бірі, яғни 100%) өзге сала сөздіктерінде кездесетіні анықталды. Сондықтан, осы олқылықтың орнын толтырып, жоғарыда айтып өткендей ауыл шаруашылығы саласына ғана қатысты терминдерді іріктеп алып бекітуге ұсыну керек деп есептейміз.

Қорыта айтқанда, жоғарыда көрсетілген қате тұстарды барын ескердік, көрсеттік. Бұрын бекітілген терминдердің орнына жаңадан бекітілмеген терминдер ұсыну керек. Терминологиялық комиссия мүшелеріне түсінікті болу үшін, терминнің дефиницияларын қазақ тілінде, және кеңірек ашып жазу қажет деп санаймыз.