ЭНЕРГЕТИКА САЛАСЫНА ҚАТЫСТЫ (МҰНАЙ-ГАЗ) ТЕРМИНДЕРДІҢ АУДАРЫЛУ ТАБИҒАТЫ

 

С.Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университеті, энергетикалық факультет, Ауылшаруашылығын электрқуатымен қамтамасыз ету мамандынығы 107 топ студенті – Оразай Жайдарбек

 

 

Ғылыми жетекші ф.ғ.к. А.Е.Жүсіпов

 

Термин ғылыми ұғым, заттың ғылыми атауы екендігін ескерсек терминді түсіндіруде беріліп отырған бірліктің лексикалық мағынасын ғана беру жеткіліксіз. Қандай да бір терминге анықтама бергенде, оның ғылыми ұғымдық жағына баса назар аударылуы қажет. Сілтеме жасалған еңбектер де терминологиялық сөздіктер болуы тиіс. Бекітілуге ұсынылған терминдердің аудармасы берілген, дефинициясы орыс тілінде ғана берілген, оның өзінде барлық сөз, атау түгел қамтылмаған. Қазақ тілінде дефинициясы бар екі термин ғана, бірі стержень (управляющий) – «сап» деген аударма ұсынылған, дефинициясы ретінде  2 мағынасын берген. (а) Бірдеңенің осі, ортасы немесе негізі болып табылатын ұзындау зат; (ә) (ауысп.) Бірдеңенің негізгі бөлігі, маңызды ортасы. Қазақ тіліндегі дефинициясы бар екінші термин – дострел – жеткізе ату - Оқты белгілі бір жерге жеткізу, атысты аяқтау. Партубок – келтеқұбыр терминінің қазақ тілінде ұсынылған мағынасы - құбырдың бір кесінді бөлігі.

Ұсынылған термин, сөздердің дефинициясы (орыс тілінде болсын) жоқтары.

1

абсорбировать

сіңіру

2

агломерация

кесектендіру

4

амальгирование

амальгамдау

6

безотлипный

ажырамайтын

8

вилка с защелкой

шаппалы айыр

17

ингибитор коррозий

тоттежегіш

23

козловой кран

сырғыма шығыран

29

кран на вводе

қосушы шүмек

30

кран на отпуске

босатушы шүмек

31

кустовая станция

шоғырлаушы станция

34

надвиг (взброс)

қапсар (қапсарласу)

36

насосная/ое пенопожаротушение

көбікпен өрт сөндіру сорабы

37

нефтеносность

мұнайлылық

41

опробователь пласта

қабат сынағыш

47

погружная (установка)

тоғытпалы, бататын (қондырғы)

50

портальный кран

төрттағанды шығыран

51

портовой кран

кемежай шығыраны

53

ракат (при погрузо-разгрузочных работах)

төсем

58

станок винторезный

бұранда салғыш станок

59

станок сверлильный

кесу станогы

61

стравливание газа

газ шығару

64

торцевое уплотнение

жақтық тығыздама

66

трубопроводчик

құбыршы

67

трубоукладчик

құбыр төсеуші.

68

утечка

жылыстау, ағып кету,

71

чалочный канат

чалочты арқан

72

шаровой кран

шар-шығыран

74

шлифовально-заточный станок

тегістеу-қайрау станогы

77

щелевая коррозия

саңылаулы тот

Мұнай-газ салалары терминдерінің түрлі салада берілуімен қатар, аударуда бірізділік байқалмайды:

4/206 – адгезия***, тұтасу; 5/230 – жабысқақтық; 7/194 – адгезия; 12/257 – адгезия; 13/265 – жабысулық; 14/273 - жабысулық; 18/258 - адгезия, тұтасым; 20/245 – адгезия, жабыстыру; 21/306 – жабысқақтық, адгезия. Бекітілуге ұсынылған термин – жабысу. 9 сөздіктің бірінде де – жабысу нұсқасы жоқ, бұл қаншалықты дұрыс аударма екендігін ашып айту қиын. Орыс тілінде ұсынылған дефинициясына бұл аударма сай келеді. Терминдерде бірізділік жоқ.

Вентиль терминін – шұра деп ұсынған. Бұл сегіз сөздікте еш өзгеріссіз шұра деп берілген. Мысалы, 3/255 – шұра; 4/219 – шұра; 5/240 – шұра; 7/263 – шұра; 8/241 – шұра; 12/274 – шұра; 16/258 – шұра; 21/336 – шұра. Сондықтан бірізді, көптеген сөздікте бірдей аударылған сөзді термин ретінде бекітуге ұсынудың қажеттілігі жоқ деп есептейміз.

Ингибитор терминін аударуда да бірізділік байқалмайды. 5/280 – ингибитор, толықтырғыш; 12/316 бәсеңдеткіш; 13/334 – тежегіштер; 14/368 тежегіш, ингибитор; 17/314 бәсеңдеткіш, ингибитор; 18/322 – ингибитор; 20/303 – ингибитор; 21/401 – тежегіш, ингибитор. Латын тілінен аударғандағы (лат.inhibere - задерживать, подавляющие или задерживающие течение веществ) мағынасына теже+(у)+гіш, теже+(у)+іш сөздері жақын деп санаймыз. Алайда екі сөздің арасында айырмашылық бар: тежегіш сөзін - тормоздың аудармасы ретінде қолданып жүрміз, ол сөздің бойында «задержка, подавление» және т.т. мағына бар, сондықтан баяулатқыш нұсқасын емес, тежеуіш терминін бекітуге ұсынуға болады деп есептейміз.

Бекітілуге ұсынылған нұсқасы – тежеуіш, баяулатқыш.

Инкрустация термині аудармасынсыз ұсынылған. 5/281 – инкрустация, әрлеу; 12/317 инкрустация поверхности – бетті безендіру; 20/303 – инкрустация, безендіру, әдіптеу; 23/317 -  сәнді қондырма, безендіру; 25/362 – инкрустация, әшекейлеу деген аудармалар түрлі сөздікте кездеседі. Көріп отырғанымыздай, бұлардың басым көпшілігі бағалы таспен әдіптеу, әшекейлеу, яғни, зергерлік бұйымдарға қатысты мағынадағы терминдер. Терминнің аудармасын ұсынып, дефинициясын қазақ тілінде беру қажет.

Калибровка – мөлшемдеу деп аударылып бекітілуге ұсынылған. 4/265- мөлшерлеу; 7/232 – калибрлеу; 19/342 калбировка снимков -  суреттерді калибрлеу; 21/405 – іріктеу, сұрыптау (9 сөзбен тіркесіп «іріктеу» деп аударылған. Өлше+(у)+м+де+у, көр+(ік)+е+(у)+м+де+у деген секілді қимыл есім шақтау, келістіру мағынасында жұмсалады. Ал  мөлше(р)+м+де+у формасында қолдан термин жасаудың қажеті жоқ, сондықтан терминді қайта қарап, бекітуге басқа нұсқасын ұсыну қажет деп есептейміз.

Водобойдың аудармасы ретінде бекітуге арын бәсеңдеткіш, суырма деген сөздер ұсынылған. Отыз томдық сөздіктердің үшеуінде үш түрлі нұсқа берілген, мәселен, 5/244 – субағыттағыш; 16/267 суұрма; 17/279 сутосқы. Бекітуге ұсынылған терминнің алғашқысы кейінгі үш нұсқаға еш ұқсамайды, дегенмен мағынасы орыс тіліндегі дефинициясына жақын. Ал екінші – суырма сөзін не себепті ұсынылғаны түсініксіз. Суырма деген тартпа сөзінің синонимі ретіндегі жиһаз бөлігі деген мағынасын ғана білеміз. Әріп қатесі кетіп қалса, жөні бөлек. Мүмкін, су шаруашылығы саласы терминдерінің сөздігіндегі (16 том) суұрма (суырма емес) формасын ұсынғылары келген болар. Қалай болғанның өзінде терминді нақтылап, сараптап, бір ғана нұсқасын бекітуге ұсыну қажет.

5/418 – бүріккі; (2 сөзбен тіркесіп бірінде «бүркігіші», 2 жағдайда «бүріккі» деп аударылған);  7/347 – бүріккіш; 8/408 – бүріккіш; 9/431 – бүріккіш; 12/470 – бүріккіш; 13/496 – бүріккіш; 18/480 форсунка, бүріккіш; 20/446 – бүріккіш – түрлі сөздікте форсунканың аудармасы ретінде ұсынылған. Бекітілуге ұсынылғаны – бүріккіш. Сөздіктердің басым бөлігінде бекітілуге ұсынылған терминдей нұсқа берілген. Сондықтан басымдық танытқан аударманы бекітуге ұсынудың қажеті бар ма деген ой туындайды.

Осы бағытта кез келген бағандағы терминдерді талдауға болады. Көбінің мағынасын толығырақ ашып, басқа салада ұсынылған терминдерді сараптап, тек мұнай-газ саласына қатыстыларып іріктеп бекітуге жолдау қажет деп есептейміз.

*** -  түрлі сөздікте берілген күйінде қайталап беріп отырмыз.

Қорыта айтқанда, жоғарыда көрсетілген кемшін тұстарды ескере отырып, бұл бағыттағы жұмысты әлі де жетілдіру қажет деп ойлаймыз. Бұрын бекітілген терминдердің орнына жаңадан бекітілмеген терминдер ұсыну керек. Терминологиялық комиссия мүшелері, жалпы тілшілер, оқырман қауымға түсінікті болу үшін, терминнің дефиницияларын әлі де болса кеңірек ашып жазу қажет.