Машабаев
А.Ж., Сейтимбетова А.Б.
Е.А.Бөкетов атындағы ҚарМУ,
Қазақстан
Экологиялық
қылмыстар үшін жауаптылықты реттейтін заңнаманың
қалыптасу тарихы
Экологиялық қылмыс
дегеніміз – Қазақстан Республикасы қылмыстық
құқықығында көрсетілгендей
қоршаған ортаға нұқсан келтіретін қылмыс
түрі. Экологиялық қылмысқа шаруашылық қызмет
және басқа қызметке қойылатын экологиялық
талаптардың бұзылуы, экологиялық тұрғыдан қауіпті химиялық, радиоактивті
және биологиялық заттарды өндіру мен пайдалану кезінде
микробиологиялық немесе басқа да биологиялық агенттермен
жұмыс істеу кезінде сақталуға тиіс қауіпсіздік
ережелерінің, ветеринарлық ережелердің,
өсімдіктердің аурулары мен зиянкестеріне қарсы күресу
үшін белгіленген ережелердің бұзылуы, суды ластау, бітеу,
сарқу, теңіз аясын ластау, Қазақстан
Республикасының айрықша экономикалық. аймағы туралы
заңдардың бұзылуы, жануарлар дүниесін
қорғау ережелерін бұзу, су жануарлары мен өсімдіктерін
заңсыз аулау, заңсыз аңшылық жасау, жануарлар мен
өсімдіктердің сирек кездесетін және құрып кету
қаупі төнген түрлерімен заңсыз әрекет жасау,
ағаштар мен бұталарды заңсыз кесіп жою, ормандарды жою немесе
зақымдау, ерекше қорғалатын табиғи аумақтарын
бұзу, т.б. жатады [1].
Экологиялық қылмыстар үшін
жауаптылықты реттейтін заңнама ерте заманнан қалыптасып дамып
келуде. Ежелгі тайпалардың бірінде Орта Африкада бамбути тайпасында мекен
еткендерге бекітілген тәртіпті бұзу маңы келесідей
бағаланған: ол қылмыстардың ішінде 4 экологиялық
қылмыс көрсетілген. Жабайы жануарларға негізсіз
қатыгездік көрсету; ағын суларды ластау; аңшылық
кезінде қорқақтық таныту; үлкен ағаштарды
кесу; Алжир мен Мали Туарегтерде мал шаруашылығымен айналысу үшін
келесі тәртіп бұзушылықтар жасағандар үшін
қатаң жазалар қарастырылған: шөптердің енді
шығып жатқан кезінде мал жаю, басқа арналған жайылымнан
көп жер алу, бұлақтарды ластау, талдар мен ағаштарды
кесу.
Б.з.д. ІІ мың жылдықтардан бастап
табиғатты қолдануға қатысты ең бірінші
заңнамалық актілер қолданысқа шыға бастады.
Вавилонның Хаммурапи патшасының тасқа қашалып
жазылған заңына ( б.з.д. ХVІІІ ғ.) сәйкес платиналар
мен арықтарды бұзғаны үшін қатаң жаза қолданылған,
ал жеміс ағаштарын кескені үшін төленетін айыппұл
көлемі адам денесіне өлімге әкеп соғатын ауыр
жарақат салу құнымен бірдей болған
[2].
Б.з.д. І мыңжылдықта Қытай мемлекетінде
қоршаған ортаға байланысты заңдық қаулылар
«Гуань-цзы» (б.з.д. VІ –ІІІ ғасыр) және «Сюнь-цзы» (б.з.д. ІІІ
ғасыр) жинақтарында корсетілген. Қытайда көктемде
мезгілінде жас бұғыларды өлтіруге, өсімдіктердің
бұталарын сындыруға тыйым салынған, аңшылықпен
айналысуға тек жылдың белгілі бір мезгілдерінде ғана
рұқсат етілген және ағаштар мен өсімдіктерді
гүлдеу кезінде, тасбақалар мен балықтарды
жұмыртқа салу мен уылдырық шашу кезінде
қорғауға, саз балшықтарды сақтауға
және табиғи тепе-теңдікті сақтау үшін тау
баурайларында орман отырғызуға міндетті болған. «Гуань-цзы»
жинағы мезгілдік өзгерістеріне сәйкес реттелген.
Көктемде мезгілінде каналдар мен шұңқырларды тазалап
қана қоймай, жолдар, егістіктерді қалыпына келтіріліп,
қылмыскерлерді кешіру де жазылған. Жаз мезгілінде
алқаптағы жұмыстан басқа, ескі дәндерді тарату
ұсынылған, ұшып жүрген құстарды
өлтіруге тыйым салған. Күз айларында егіс ,
азық-түлік және отын қорын жинау, сонымен қатар мүлікті тексеру
керек болған.
Ресейде (ХІ-ХІІ ғасыр) ағаштардағы ара
ұясын бүлдіргені үшін немесе жойғаны үшін
айыппұл төлеген. XVII ғасырда табиғатты
қорғауға байланысты 20-ға жуық заң
қабылданған. 1635 жылы Ресейге тайга аудандары (солтүстік –
шығыс аудандары, Приуралье және Зауралье) қосылғаннан
кейін патша жарлығымен құндызды және кәмшатты
қақпанмен аулауға тыйым салынды. Осы заңды
бұзғандарға айыппұл төлетті, дүре
соқты және қамауға алды. Шіркеудегі заңдар
жинағында 1649 жылы қоршаған ортаны қорғау
нормалары енген. Осы талаптарды
патшалық және мемлекеттік деп бөлген. Онда еркін
аңшылыққа тыйым салынған. Жинақтың Х тарау
223 бабында жануарлар мен өсімдіктерге залалын тигізген жағдайда,
абайсызда өртесе де жауап беретіні айтылған. Бұл тарауда
аулау құралдары туралы да айтылған: темір
қақпан,жиі үлкен ау, құс аулауға
арналған білтелі мылтықтар қолдануға тыйым
салынған. Бұл ережелерді бұзғаны үшін келесідей
жазалар қабылданған: айыппұл, қамшы мен дүре
соғу, кейбір жағдайларда өлім жазасын да кескен.
Петровскийдің бұйрығына сәйкес XVIII
ғасырдың басында кеме жасауға жарайтын ормандарды тіркеуге
алды. Кейбір ормандар мен кейбір ағаш түрлері қорық
болды, өзен бойындағы ағаштарды жоюға тыйым салды.ТМД
елдерінде қоршаған ортаны
қылмыстық-құқықтық қорғау
объектісі ретінде ХІХ ғасырда анықтылап көрсетті.
Осыған дейін экологиялық деп атауға болатын жекеленген
нормалар ғана болды. Шіркеу заңында 1649 ж. (Х тарау 223 бап)
орманды жою немесе қасақана өртеу, егер жануарлар мен
өсімдіктерге залалын тигізген жағдайда, абайсызда өртесе де
жауаптылық көрсетілген[3].
Басқа елдер сияқты Қазақстанда да
қоршаған орта мен табиғи ресурстарды қорғау
заңнамада көрсетілген. Қазақстан Республикасының
экологиялық заңнамалық құқықтық
көздері мындай: Қазақстан Республикасының Конституциясы,
заңдары мен кодекстері, жарлықтар, нормативтік актілері және
т.б.
1903 жылғы Қазақстан
Республикасының Қылмыстық Заңында, 9-11 тарауларда
көрсетілген суды ластайтын, ішуге жарамсыз ететін заттарды лақтыру
арқылы ішуге арналған немесе суаттағы суды бүлдіру (1
айға дейін қамауға немесе 500 сомға дейін
айыппұл), ауылшаруашылық өсімдіктер немесе отын немесе жидек
ағаштарын бүлдіретін жануарлар мен құрт – құмырсқалардың
пайда болғанын жасыру (1 айға дейін қамау немесе 100
сомға дейін айыппұл), заңда бекітілген немесе міндетті
қаулыдағы ауылшаруашылық өсімдіктер немесе отын немесе
жидек ағаштарында пайда болған жұқпалы ауруларды
уақытында жеткізу міндетін атқармау (100 сомға дейінгі
ақшалай айыппұл), рұқсат етілмеген жерде
рұқсат етілмеген уақытта рұқсат етілмеген
түрде немесе жазылған ережелерді сақтамай балық
және т.б аулау (25 сомға дейін айыппұл, кәсіби
себептерде кәсіби түрдегі әрекет немесе улау, жару – 1
айға дейін қамау немесе 100 сомға дейін айыппұл ),
аң аулау - 1) бекітілген аң аулауға арналған
куәліксіз, 2) басқа біреудің аң аулау куәлігімен,
3) сол уақытта рұқсат берілмеген құсты аулау, 4)
рұқсат етілмеген түрде (1 бойынша 25 сом айыппұл, 2,3,4
– 100 сом), тыйым салынған құстар ұясын бұзу
немесе ұясынан жұмыртқаларды алып тастау (25 сомға
дейін айыппұл), жабайы өгізді немесе ұрғашы
бұғы, марал, жабайы ешкіні немесе осылардың бұзауларын
аң аулау кезінде сою (әр жабайы өгізге - 500 сомға
айыппұл, әр ұрғашы бұғы, марал үшін –
50 сом, жабайы ешкіні немесе осылардың бұзаулары үшін – 25
сом), 254 бап - тыйым салынған теңіз мысықтарын теңізде
аулау немесе құрғақ жерде осы кәсіппен айланысу
(қамау) орман қожайыны немесе орманды басқаруға берген
адамның заңмен тыйым салынған жағдайда өсіп
тұрған орман ағаштарын кесуі, ағаштың түбін
аршу немесе жазылған ережелерді бұзу (жергілікті орман
бағаламасына сәйкес кесілген немесе аршылған орман
бағасына тең ақшалай айыппұл).
1995 жылы 30 тамызда Қазақстан
Республикасында қабылданған Конституциясы қоршаған
ортаны қорғаудың негіздері бекітілген. Осы Конституцияға
сәйкес еліміздің азаматтары табиғат қорғау
заңнамасының талаптарын сақтауға, қоршаған
ортаны қорғауға қатысуға міндетті. ҚР
Конституциясы азаматтардың жерге және т.б. табиғи
ресурстарға құқықтарын жариялайды, әрбір
адамның қолайлы қоршаған ортаға байланысы
құықғын бекітеді. Азаматтардың сол
табиғатқа, оның байлықтарын қорғауға
қатысты міндеттерінде белгілейді. Қоршаған табиғи
ортаны қорғау саласындағы барлық заңдар
табиғи ресурстың құқықтық негізін
құрайды. Олардың құрамына «Атмосфералық
ауаны қорғау туралы», «Тұрғындардың
радиациялық қауіпсіздігі туралы», «Ерекше қорғалатын
табиғи аумақтар туралы», Жануарлар әлемін қорғау,
өсіру және пайдалану туралы» және т.б. кіреді[4].
Елімізде экологиялық қылмыстардың
қауіпті түрлерімен күресу шараларын анықтайтын Қылмыстық
заңнама біздің ел аумағымызда қазіргі таңда 16
шілде 1997 жылы қабылданған және №160-1 «Қоршаған
ортаны қорғау туралы» ҚР Заңы экологиялық
заңнама жүйесін басқарады. Табиғи ортаны
қорғаудың мәселелерінде басқа
заңдардың нормалары Қазақстанның Конституциясына
және аталған заңға қайшы келмеуі тиіс.
Қазіргі кездегі қолданылып жүрген ҚР-ның
Қылмыстық кодексінде экологиялық қылмыстар
13-тараудың 324-343-баптарында көрсетілген[5]. Сөзімізді
қорытындылай келе, экологиялық қылмыстар үшін
жауаптылықты реттейтін нормалар тарихы тереңге кететінін
анықтап отырмыз. Осы тариғи зерттеу негізінде экологиялық
жүйеге қарсы қолсұғатынын әрекеттерді
қазіргі заманғы қылмыстармен өзара салыстырып, зерттеу
жүргіздік.
Пайдаланылған
әдебиеттер тізімі:
1.http://www.google.ru/
2.Хрестоматия по истории государства и права зарубежных стран / Под ред.
З.М. Черниловского. – М.: Юрид. лит., 1984. – 472 с.
3. Лопашенок Н.А. Экологические преступления:
Науч.-практич. Коментарий. – СПб.: Пресс, 2002. – 802 с.
4. Қазақстан Республикасының
Конституциясы 1995 жылы 30 тамыз
5.Қазақстан Республикасының
Қылмыстық Кодексі 2014 жылғы 3 шiлдедегі № 226-V ҚРЗ.