Қонақбаева Т.Е., Азимова А.Б.

Тараз мемлекеттік педагогикалық институты, Қазақстан

 

ШИЕЛЕНІСТАНУДЫҢ ТАРИХИ ТЕОРИЯЛЫҚ ЗЕРТТЕЛУІНІҢ КЕЙБІР НЕГІЗДЕРІ

    

Халықаралық соғыс, шиеленіс пен дау –дамайдың болмауына, күнделікті өмірдің өзіндегі  қарапайым шиеленістің де бір бөлшегі ретінде қарасақ,онда қазіргі таңдағы шиеленістану ғылымының алатын орны зор.

Көне қытай ойшылдарымен айтылған пікірлеріне назар аударған жөн. Олардың арасында ерекше орын Қытай философтарының бірі, Конфуцийға беріледі. Оның философиялық, сонымен қатар, шиеленістік те көзқарастары ғасырлар бойы басқа қытай ойшылдарымен дамуын алды. Шиеленістанудің алдыңғы тарихын ұғыну үшін антикалық философияға жүгіну жөн болады, себебі алғаш әлемді жаңадан тану әрекеті осы ілімде қабылданған болатын. Шиеленістерге деген антикалық кезқарастар қарама-қайшылықтар туралы философиялық оқулар негізінде құрастырылған болатын. Қарама-қайшылықтардың бірлігі және қақтығысы, мысалы, Гераклиттің пікірінше, фдамудың жалпыға бірдей және әмбебап тәсілі болып табылады. Оның айтуынша, «қарама-қайшылық келіседі, ал келіспеушіліктен ең әсем үйлесімдік туындайды. Шиеленіс мәселесіне туындаған антикалық көзқарастарды сараптауда, келесіге назар аудару қажет: сол кезендегі ойшылдар оларды әлеуметтік құбылыстардың мазмұнымен қатыстырғанда, түрлі  қақтығыстардың /шиеленістердің/ себептері айқындалмай, ғана, сонымен қатар оларға әлеуметтік салдар көзқарастарынан баға беріледі.

Ортағасырлық ойшылдардың көзқарастарында өз дамуын алған шиеленістік идеялардың маңызды ерекшелігі – олар негізінен діни сипатты иеленгені болатын. Бұл тезисті дәлелдеу үшін бір мезгілде қарама-қайшы және бөлінбейтін салаларда бірдей орын алатын адамзат және діни тарих бірлігі туралы Аврелий Августиннің пікірімен санасуға болады. Бұл қарама-қайшы және бөлінбес тарих екі патшалықтың өмірлік соғыс түрінде бейнеледі — құдай және жерлік. басқа әйгілі ортағасырлық ойшылы  Фома Аквинскийдің шиеленістік көзқарастары Августиннің пікірлеріне сай  келеді .Бұл пікірлерді оның философиялық таным, діни сөздер, ақсүйектер, діни билік, адамзат тіршілігі және Құдай т.б. туралы пікірлерін айқындауға болады.

Қайта өрлеу дәуірі ойшылдарының пікірлерінің шиеленіс мәселесіне маңызды ерекшелігі — олар көне грек философия идеясының адамзат ойының ұлылығы, оның қоршаған әлемді танудағы қызметінің жоғары деңгейде даму нәтижесінде қалыптасқаны. Адамзат мәселелерінің түйсігін діни сезім билігінен босатуда, осы дәуірдің философтары осыған ұқсас мәселелерге жер мағынасын беретін. Осы дәуірдегі әйгілі ойшылдар Н.Кубанский, Н.Коперник, Дж.Вруно, Н.Макиавеллинің көзқарастарын сараптауда, олардың басымы шіркеу тарапынан құғынға ұшырап, шиеленісте болғанын ескеру қажет. 

Ал, жаңа ғасыр және ағартушылық дәуірі ойшылдарының шиеленістік козқарастарын сараптауда, сол кезеңнің әлеуметтік-мәдени жағдайларын және қоғамдық өмір салтын ұғыну қажет. Ең алдымен, мұнда еуропалық мемлекеттердің тек қуатты зкономикалық ғана емес, мәдени өркендеуі де орын алды. Осының барлығы қоршаған әлемнің құбылыстарын танудағы жүйелік тәсілге алғышарттар құрастырды, оның ішіндешиеленістерді зерттеуде де. Қарастырылып жатқан мерзімі,
шиеленіске деген көзкарастар Фрэнсис Бэконның, Томас Гоббс,  Жан-Жак Руссо,  Адам Смиттың т.б. еңбектерінде қамтылды.

Шиеленістік ойының дамуының осы кезеңінде аса құндылыкқа классикалық неміс философиясы өкілдсерінің көзқарастары ие — Иммануил Канттың, Гегельдің, Людвиг Фейербахтың т.б.XIX ғасырдың бірінші жартысының әйгілі ойшылдарының пікірлеріне жүгінсек, олардың сол дәуірдегі аса өзекті әлеуметтік мәселелер туралы тереңдетілген философиялық толғауларына назар аудару қажет, бұл мәселе соғыс және бейбітшілік мәселесі болатын.

Шиеленістану дербес бағыт ретінде XX ғасырдың 50-ші жылдарында әлеуметтануда анықталып, «шиеленіс әлеуметтануы» атауына ие болды.

Әлеуметтану мен психологиясы ғылымы салаларындағы зерттеулер шиеленісті зерттеу тәжірибесінің дамуына септігін тигізді. Шиеленіс тәжірибесінің тұрақтануы XX ғасырдың 70-ші жылдары орын алды. Бұл кезеңде Горовиц және Бордман шиеленістік өзара әрекет етуде құрылымдық мінез білдіруді үйренуге бағытталған психологиялық тренинг бағдарламасын құрастырады.

80-ші жылдары шиеленіс орталықтары АҚШ-та әлемнің басқа мемлекеттерінде де пайда болуда. Ал 1986 жылы Аустралияда, БҰҰ бастамасымен шиеленісті шешудің Халықаралық орталығы құрылады. Ресей елінде шиеленісті шешудің алғаш орталығы 90-ші жылдардың басында Санкт-Петербургте құрылды.

XX ғасырдың басы шиеленістанудің дербес теория ретіндегі тұрақтануында ерекше орынға ие, және ол келесі шарттармен себептелген. Бұл кезеңде шиеленіс мәселесі бойынша айтарлықтай мәлімет жинақталған болатын. Ол өткен дәуір әйгілі ойшылдарынын көзқарастарында қамтылған. Бұл уақыт күшті әлеуметтік сілкіністермен сипатталынатын: соғыс, экономикалық дағдарыс, әлеуметтік төңкеріс
т.б. Мұның барлығы тереңдетілген ғылыми сараптауды, әлеуметтік мәселелерді зерттеуде жаңа теориялық тәсілдерді қолдануды талап етті. Осы жағдайда әлеуметтік танымдағы адамзат мумкіндіктерін түпкілікті өзгерткен бірқатар жаңа ғылым және тұжырымдамалар туындайды.

Әсіресе, ерекше неміс теоретигі К.Клаузевицтың «Соғыс туралы» еңбегін, Э.Дюркгейм мен О.Конттың әлеуметтану саласындағы, П.Сорокин мен З.Фрейдтің психология саласындағы еңбектін атаған жөн.

Жоғарыда шиеліністің зерттелу тарихына сүйене отырып, шиеліністердің шығу себептерін олардың пайда болу тарихын анықталып келесідей өткізілу серпінін белгілеуге болады. Шиеленіс себептері - бұл шиеленістің алдында болатын құбылыстар, оқиғалар, фактілер, жағдайлар, және әлеуметтік өзара әрекет ету субъектілердің белгілі жағдайларында оны болдыруға септігін тигізеді. Көптеген шиеленістердің пайда болу себептерінің арасында ең алдымен барлық туындайтын шиеленістерде тәжірибеде айқындалатын жалпы себептерді атап өтейік. Оларға келесі себептерді жаткызуға болады:

1)       Әлеуметтік-саяси және экономикалық себептер мемлекеттегі әлеуметтік-саяси жене экономикалык жағдаймен байланысты;

2)       Әлеуметтік-демографиялық себептер адамдардың жынысымен, жасымен, этникалық топтарға қатыстығымен т.б. себептелген адамдардың бекітпе және сарындарындағы айырмашылықтарды бейнелейді.

Сайып келгенде, шиеленістер себептері нақты шиеленіскен жағдайларда айқындалып, және оларды жою шиеленістерді шешудің қажетті шарты болып табылады. Шиеленіскен жағдай - бұл әлеуметтік өзара әрекет ететін субъектілердің әрекетімен байланысты және олардың арасындағы нақты қарама-қайшылыққа негіз тудыратын жинақталған қарама-қайшылықтар. Шиеленістер сараптамасы және олардың шешімімен байланысты тәжірибелік мәселелерді шешуде, шиеленіскен жағдайлардың жіктемесе ерекше маңызға ие.

 

Әдебиет:

1.     Анцупов А.Я., Шишлов А.И., Конфликтология. —М.: ЮНИТИ, 1999.

2.     Бандурка А.М., Друзь В.А. Конфликтология. —Харьков: Университет внутренних дел, 1997.

3.     Гришина Н.В. Психология конфликта. — СПб.:ІІитер, 2000.

4.     3дравомыслова А.Г. Социология конфликта.-М.: Аспект Пресс, 1996.

5.     Зеркин Д.П. Основы конфликтологоии: Курс лекций.-Ростов н/ Д: Феникс, 1998.

6.     История философии в кратком изложении. —М.: Мысль, 1991.

7.     Конфликтология  /Под ред. А.С. Кармина.-СПб.:Лань, 1999.