ТӘРБИЕ- ОТБАСЫНАН БАСТАЛАДЫ

Ғылыми жетекші:  оқытушы Садыбекова Л.С.

Адильбек Гулнар, Чернияз Гульзира В15 ЭКО - СО  тобының студенті

 

Ұлт болып ұйысып, ел болып еңсемізді тіктеген кезеңде қолданар ісіміздің бірі де, бірегейі де – ұрпақ тәрбиесі. Қазақ халқының сан ғасырлар бойы қалыптасқан тілімен мәдениетіне мойын бұрып, ұрпағымызға төл тәрбие, ұлттық тағылым беру - бүгінгі күннің бастысы. Кімді және қалай тәрбиелеу керек бұл қоғамның маңызды  мәселесі.          Адамгершілігі мол, иманды, тәрбиелі адам кез келген мемлекеттің байлығы, әлеуметтік өмірдегі бейбітшілік пен мәдениеттіліктің кепілі, сол елдің мақтанышы. Мектеп қабырғасында тәрбиеленген жас тәрбиелі, білімді, мәдениеті, дене тәрбиесі мықты болуы шарт. Тәрбиелілік - иман жүзді, адамгершілікті, өзін өзгенің орнына қойып түсіне білуі. Білімділік - ғылым негіздерін бағдарламалық деңгейде білу, ой  еңбегінің негізі қағидаларын меңгеру. "Адамға ең бірінші білім емес, тәрбие керек. Тәрбиесіз берілген білім адамзаттың қас жауы.
         Әрбір ата-ана өз перзентінің әдепті, саналы, иманды да ибалы, Отанының сүйікті және кішпейіл азаматы болып жетілуін қалайды. Ата-ана перзентінің жақсы азамат болып жетілуі үшін өз отбасында балаларын тәрбиелеудің нәзік жақтарының зандылықтарын білуі шарт.
         Бала тәрбиесінің алғашқы алтын қазығы – тұған ұясы, өз отының басындағы тәрбиесі, тілі. Қазақтың: «Баланың бас ұстазы – ата-ана», «Балапан ұяда не көрсе, ұшқанда соны іледі» – дегендей, есі кіріп, тілі шыға бастасымен-ақ баланы байсалды, ұғымпаз, тілалғыш етіп баулыған жөн.

Отбасы- адам баласының өсіп-өнер алтын ұясы. Адамның өміріндегі ең қуанышты қазақ дәурені осы отбасында өтіп жатыр.   
         «Ұяда не көрсең ұшқанда соны аласын» дегендей бала тәрбиесі ол дүниеге келген алғашқы күннен басталады. Бала өскен сайын, оның тәрбиесі де күрделеніп, оған қойылатын талаптар да күшейе түседі. Ақыл-ойының дамуы, ұнамды мінез-құлқын қалыптастыру ең негізгі міндетке айналады. Бала жақсы адам болып өсуі үшін ол күн сайын отбасы мүшелері арасындағы ең жарасымды, ең әділетті қарым-қатынастардың куәсі болуы керек. Ол ата-анасының өзіне қандай қамқоршы, сүйеніш екенін сезінуі керек. Анасы баласына әкесін өз әрекеттері арқылы қуанып, сыйлап құрметтеуді, оның жұмысын жеңілдетіп, оған қолқанат болып жүруін талап етіп түсіндіріп отырады.

         Отбасының негізгі міндеті- баланы еңбек етуге, жарқын сезімдер мен нұрлы мұраттарға тәрбиелеу және адамдар арасында өмір сүре білуге үйрету. Бұл қасиеттердің бәрі негізінен отбасы- ошақ қасында қалыптасып нығаяды. Мұнда әсіресе отбасындағы ересек адамдар өздерінің жеке бастарының өнегесі арқылы жас балалардың бойында сезімдерді қалыптастырады.  
         Өз ата-анасын сыйлап, құрметтеп үйренген бала өзге ата-аналарды да құрметтей біледі, қашан да үлкендер алдында өзін дұрыс ұстап, құрметпен қамқорлық таныта біледі.  Бала тәрбиелеу оңай жұмыс емес, ол үлкен шеберлік пен шыдамдылықты талап етеді. Сондықтан халық өмір есігін енді ғана ашқан бөбек тәрбиесін бесіктен бастаған.  
Қазақтын ұлы ақыны Абай да отбасындағы баланы тәрбиелеуде ата-аналар тарапынан жол берілетін кемшіліктерді ескерте отырып, отбасы тәрбиесін ұйымдастыруға кеңестер береді. «Балаға білім беру үшін, ең алдымен оны тәрбиелеген жөн, тәрбиесіз берілген білім, ол ертең бір аптада әкеп соғады» деген дүние жүзілік білім мен мәдениеттің екінші ұстазы атанған данышпан, ойшыл, энциклопедист ғалым Әбу Насыр Әл-Фараби.  
Баламызды мектепке жіберіп, мектеп тәрбие береді, білім береді деп бар ауыртпалықты мұғалімге салып қойғанымыз жеткіліксіз. Баланы мектепке берген соң ата-ана мұғаліммен тығыз қарым-қатынаста болып, оның дұрыс тәрбие мен білім алуына бірлесе әрекет етуі тиіс.  Бұл – ең әуелі ата-анасын, үлкенді және қоғамды, яғни өзі өмір сүріп жүрген ортаны сыйлау. Осы айтылғандарды сыйлап өскен, ата көрген бала тәрбиесіз болмайды.

Пайдаланған әдебиеттер:

1. Қ.Оразбекова «Иман және инабат» Алматы, 1993

2. «Педагогика». Ж.Б.Қоянбаев, Р.М.Қоянбаев – 2006 жыл

3. С.Л.Рубинштейн Основы общей психологии. Т.1-4. М., 1989.