Минасипова А.Р., Қамбатыр Ж.

М.Х.Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университеті, Қазақстан

 

МАЗАСЫЗДАНУ ЖӘНЕ ОНЫҢ ЖЕТКІНШЕКТІК КЕЗЕҢДЕГІ ДАМУЫНЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ АСПЕКТІЛЕРІ

 

Мазасыздану — санасыз дау-жанжал деңгейінде басталатын реакция. Мазасызданудың қорқыныштан айырмашылығы оның белгілі бip объектісі болмайды. Мазасыздануға негізсіз қорқыныш, үрей тән. Мазасыздану әркдшан интрîпсихикалық яғни оның себептері iшкі болып табылады.  Мазасыздану тіптен негативті сипатта болмайды. Әр адамда оптимальды немесе калыпты деңгейде мазасыздану бар. Бұл тұлға белсенділігінің шарты ретіндегі пайдалы мазасыздану. Мазасыздану бұл ең алдымен кауіптен сактандыру áåëãiñi, бұл бағыт бағдарлаушы процесс. Осы жағынан бұл процесс кұнды болып табылады.

Мазасыздану сигнал ретінде біздң әрекеттерімізді, өзімізді белгілі  бip жағдайға бейімдейді. Мазасыздану бұл тек қауіптен  алдын-ала  сактандыратын  сигнал  ғана емес, сонымен қатар белгілі бip денгейде дау-жанжалдан қорғайды. Ceбeбi психикалық қорғаныс  механизмдерін  жумысқа  қосады. Бұл мәселеге тек психология және психиатрия ғылымдарында ғана емес сонымен бipre биохимия, физиолîгия, философия, социология ғылымдарында да  көп  зерттеулер  арналған  жариялаулардың саны  жыл санап  көбейіп  келеді. Бірақ  олардың  көпшілігі  батыстық  ғылымдарға  тән  екенін  ескерген  жөн. Ресейлік әдебиеттерде мазасыздану мәселесіне арналған зерттеулер аз. Олар фрагменттік сипатта. Бұл көбіне әлеуметтік себептерге байланысты. Сонымен қатар ресей психологиясында бұл мәселенің жете зерттелмеуінің ceбeбi батыстың психиология және психиатрия ғылымдарында психоанализ, экзистенциалды  бағыттардың  өpic  алып  дамуы әсер етуде. Соңғы  он жылдықта ресей   психологтарының   мазасыздану мәселесін зерттеуге деген қызығушылықтары қоғам өміріндегі өзгерістерге байланысты күрт арта түсті.

Сонымен қатар, қaзipri заманда Ресей елінде мазасыздану нақты колданбалы мәселелер шегінде зерттелетінін ескерген жөн. (емтихан, жарыс алдындағы мазасыздану, психиатриядағы мазасыздану, спортшылардың, ұшқыштардың мазасыздануы). Мазасыздану мәселелерін зерттеудегі мұндай жағдайдың ceбeбi Ресейдің психологиялық ғылымдарының даму логикасымен байланысты. Онда эмоция және эмоциялық күйлерді зерттеу психофизиологиялық деңгейде жүргізіледі. Мазасыздану жалпы мағынасында қayiптi сезінумен байланысты жағымсыз эмоция. Мазасыздану құбылысына тән қayiптi алдын-ала сезіну ерекшелігі, оньң басқа эмоциялық құбылыстар арасындағы маңыздылығын көpceтeдi.

Мұны гештальтерапияның негізін калаушы Ф. Перлз бейнелеп көpceттi. "...Мазасызданудьң формуласы ете қарапайым.  Мазасыздық қaзipгi мен бұрынғы арасындағы шығын" [Перлз Ф.С., 1994 стр.145]. Мазасыздануды эмоциялық күй (жағдайлық мазасыздану) ретінде және үнемі мазасыздық күйге бейімділіктен  көрінетін жеке психикалык ерекшелік, тұрақты қасиет ретінде беліп қарастырады.    Психикалық деңгейде мазасыздану күштену, уайым басу, тынымсыздану невроздык, жалғыздык, шeшiм қабылдай алмаушылық байқалады.  Физиологиялық деңгейде мазасыздану ерекше реакциялық жағдай. Мазасыздану кезінде жүрек қағысы, тыныс алу жиілеп, қан қысымы көтеріледі, жалпы қозу күшейеді.   Кез-келген сферадағы (тестік тұлға аралык, экологиялық) тұрақты мазасыздануды — генеранизацияланған мазасыздану деп атау қалыптасқан. Ол адам өміріндегі маңыздылығының өзгеруіне  байланысты еркін түрде объект iciн өзгертеді. Мазасыздану қayiптi жағдайда сигнал ретінде, мүмкін болатын қиындықтар мен мақсатқа жетудегі кедергіліктерді жеңу үшін бар күшті жұмылдырып, жақсы нәтижеге жетуге мүмкіндік береді.  

Сондықтан мазасызданудың қалыпты (оптимальды) деңгейі ақиқат жағдайына нәтижелі бейімделу үшін қажет болып табылады, ал мазасызданудың жоғарғы деңгейі кepiciншe  дезадаптивтік  реакция  ретінде  қарастырылады. Мазасыздану мәселесін зерттеуде, қалыпты бейімделуге кедергі келтіретін кұбылыс ретінде мазасызданудың тіптен жоқ болуы және ic-әрекеттің өнімділігімен қалыпты дамуына кедергі келтіретін тұрақты мазасыздану қарастырылады. Мазасызданудың тұлға дамуына әcepi әлі де нақты  анықталмаған,  дегенмен мұны ең алғаш айтқан С. Кьеркегор болды. Оның пікірінше мазасыздану адамзат өмірінің тарихын анықтаушы негізгі фактор. Кейінен бұл көзқарас экзистенциалистердің философиялық жұмыстарында, психоаналитикалық  зерттеулерде  дами  бастады. Мазасызданудың тұлға дамуына әcepi жөнінде қaзipri замандық пікірлер негізінен клиникалық зерттеулердің мәліметтеріне сүйенеді. Сонымен қатар, осылайша эмпирикалық зерттеулерде орныққан мазасыздану және тұлғаның ерекшеліктері, мысалы: мазасыздану және талаптану деңгейі [Рейковский Я., 1979],  мазасыздану және акцентуация типтері  [Захаров Л.Н., 1994] арасындағы байланыстар талданады.

 

Пайдаланылған  әдебиеттер

 

1.       Аболин Л.М.      Эмоциональная     устойчивость     в     напряженной деятельности,   ее  психологические  механизмы  и  пути  повышения Автореф. Дис. Докт.психол наук. М-1989.

2.       Александровский Ю.А. Состояние психологической дезадаптации и их компенсация. М. Наука, 1976

3.       Березен Ф.Б.  Психическая   и   психофизиологическая   адаптация человека. Л. Мед. 1988