Даникеева А.Б., Торебекова У. К.
Тараз инновациялық-гуманитарлық университеті
Қазақстан Республикасы, Тараз қаласы
ЖЕТКІНШЕКТЕРДЕ
КЕЗДЕСЕТІН МІНЕЗ АУЫТҚУЛАРЫ ЖӘНЕ ОНЫҢ СЕБЕПТЕРІ.
Жеткіншек жас кезеңінде орын алатын мінез
ауытқуларын зерттеу және оның негізінде мінез типологиясын
жасау ХІХ ғасырдың аяғында басталды. Бұл мәселені
зерттеушілер мінез ерекшелерінің жеке тұлғаның
қоршаған әлеуметтік ортаға икемделуіне және қарым-қатынас
мәдениетіне үлкен әсер ететінін атай отырып, типология
жасаудың қажеттілігін көрсеткен. Бірінші типологияны жасан
неміс психиатры Э.Кречмер, кейінірек бұл проблеманы тереңірек
зерттегендер У.Шелдон, Э.Фромм, К.Леонгард, А.Е.Личко т.б. ғалымдар. Мінез типологиясын жасаушылар келесі
ортақ пікірлерге сүйенген:
Л.С.Выготский «Кризистік кезең» теориясы бойынша
кризистік жас дегеніміз, бір жағынан балалардың
қоғамдық қарым-қатынас жүйесіндегі
өзгерулері жататын, екінші жағынан баланың «ішкі
позициясынан» өзгеруі жататын
дамудың әлеуметтік ситуациясының қайта
құрылу нәтижесі.
Осы ерекшеліктерге байланысты, жалпы АҚШ
психологтарының жүргізген зерттеулері нәтижесінде,
оқушылардың мінез-құлқының үйлеспеуі
80% осы жеткіншектік кезеңге тән екендігі белгілі болады,
өйткені, мектеп оқушыларында, яғни, кіші және орта мектеп жасындағы балалардағы қабылдау өте жоғары
болатындығы белгілі, сонымен қатар, оқушылардың
дүниеге көзқарасы, жағымды қасиеттерінің
қалыптасып келе жатқандығымен байланысты. Осы
анықталған мәліметтерді негіз ете отырып,
Г.Д.Пировтың басшылығымен
бір топ Болгария психологтарының жүргізген зерттеулері нәтижесінде 15-17 жас
аралығындағы балаларға «ашушаңдық» тән
екендігі белгілі болды. Сонымен қатар, олардың психикалық
нормаларының үлкендерден айқын ерекшеленіп
тұратындығын 14-15 жастағы
15 000 американ жеткіншектеріне психодиагностика ретінде
жүргізген «даралық минесоттық» тестімен дәлелдеуге
болады. Өйткені, бұл тест нәтижесі бойынша, нормадағы
балалардың өздері «псиопатия», «шизофрения», «гипомания», шкалалары
бойынша көрсеткіштері
үлкендерден жоғары. Бұдан үлкендер үшін ауру
симптомы болып табылатын бұл
көрсеткіштер жеткіншек немесе
жасөспірімдер үшін норма болып табылады деген
қорытындыға келеміз.
Оқушылардың басқа да
психологиялық ерекшеліктерін анықтау мақсатында С.Хатауэй
және Э.Монакези жүргізген «Роршах» және «Тақырыптық
апперцепция» тесті бойынша 12-16 жас аралығындағы
оқушылардың мазасыздану
деңгейінің жоғары болатындығы, сонымен қатар,
Кеңес уақытында үлкен маман болып табылатын жеткіншектер
психиатры А.А.Мехрабянның мәліметі бойынша, осы жас
аралығындағы балалардың жекелік ауытқуларының бірден өсетіндігі
дәлелденді. Сонымен қатар, әр жас кезеңіндегі мазасыздану деңгейінің
ерекшелігіне байланысты В.Д.Кисловская «проективті тест» көмегімен
мазасызданудың жас ерекшелік
динамикасын қарастырды. Оның нәтижесі бойынша, кіші мектеп жасындағы
оқушылардағы мазасыздану
бейтаныс үлкен адамдармен қарым-қатынас кезінде және
қатарластарымен қарым-қатынас кезінде көрінсе, жеткіншектерде бейтаныс
адамдармен жеткіншектерден гөрі, қатарластары және
ата-анасымен қарым-қатынас кезінде, ал жасөспірімдерде мазасыздану барлық
қатынас сферасында,
әсіресе ата-аналармен немесе
балалар тәуелді болып табылатын
басқа да үлкендермен қарым-қатынас кезінде
көрінеді екен және жасөспірімдерге мазасыздану деңгейінің жоғарылылығы тән болып
шықты. Мұның себебі, жеткіншек кездегі эмоционалды
реакцияның әсерінен дифференциацияның жалғаса беруінде
және эмоционалды реактивтіліктің
төмен дәрежеде болуында. Төмен реактивтілік психологиялық жағымсыз
фактор болып табылады. Осыған
байланысты жүргізілген Калифорниялық лонгютидтің зерттеу
нәтижесі бойынша төмен эмоционалды реактив тән жеткіншектер
мен жасөспірімдерге біршама мазасыздық тән, эмоционалды
тұрақсыз, икемсіздеу және қарым-қатынассыздау
болып келеді екен.
1. Мінез онтогенезде қалыптаса бастайды және
адамның өмірінің барысында біршама
тұрақтылықпен көрініс береді.
2. Мінез ерекшеліктерін сипаттайтын жеке тұлға
көрсеткіштері кездейсоқ болмайды, олар анық байқалатын
типтерді құратын болғандықтан осы ерекшеліктер
негізінде типология жасауға болады.
3. Адамдардың басым көпшілігін типтерге
жатқызып зерттеуге болады.
Э.Кречмер /29/ жеке тұлға
құрылымындағы психологиялық және физикалық
қасиеттердің бір-біріне тәуелді деп тұжырымдама жасап,
барлық адамдарды дене құрылысына байланысты конституционалды
типтерге бөліп, олард: астеникалық, атлетикалық және пикникалық топтарға бөлді. Әр тип өкілдері өздеріне тән
ерекше темперамент иелері деп көрсетті. Сонымен қатар әр тип
өкілдері психоз ауруына ұшыраса оның бір түріне
жақындығымен сипатталатынын атап өтті. Кречмердің айтуы бойынша, психоз ол «нормадағы жеке
тұлғаның келемежденген сипаты».
Кейінгі кезде жүргізілген зерттеулерге осы
типология негіз болды. А.Безумен /46/ жеткіншектердің өз-өзін
бағалауындағы өзгерістердің динамикасын алты
деңгейге бөліп көрсеткен. Солардың ішіндегі ең
бағалыларын қарама-қарсы көрсеткіштермен
бағалайды, мысалы: күшті-әлсіз; дені сау-ауыру; сұлу-ұсқынсыз.
Жеткіншектерді осы қоршаған ортадағыларды бағалауын
негізгі көрсеткіш ретінде анықтау арқылы типологиялау
жолдарын К.Леонгард /46/ ұсынған. Леонгард жеткіншектік жас
кезеңінде орын алатын акцентуация мәселесін жан-жақты
зерттеді. Оның айтуынша акцентуация ол нормадағы
мінездің шекаралық жағдайға дейін дамыған
варианттары болып табылады. Акцентуация жеткіншектер алдына
көптеген проблемалар қояды да баланың
қоршағандармен қарым-қатынасында
түсініспеушіліктер, дау-дамайлар мен қиындықтар
туғызады. Безумен, Леоггард, Личко т.б. ғалымдардың
зерттеулеріне сүйенсек жеткіншектердің жартысынан
көбінің мінезінде акцентуация байқалады. К.Леонгардтың концепциясы бойынша, акцентуация деп
барлық адамға тән психикалық қасиеттердің
кейбір көрсеткіштері ерекше дамып, шектен шыққанын айтады. Типология
жасағанда оны мінез бен темперамент акцентуациясы деп екі
түрге бөледі.
Осы айтылған факторлардың себебі, Л.Е.Личко
/65/ пікірі бойынша, осы
ерекшеліктердің негізгі себебі, 12-18 жас аралығының
психопатияға кризистік
кезең болуында. Сондықтан да дәл осы кезеңде
оларға аса көңіл бөлінбесе олардың мінез-құлқының
эмоционалды үйлеспеушілігінің
тереңдеп кетуі мүмкін. Бірақ, эмоционалды
үйлеспеушілік тек қана гармоналды
өзгерумен ашылмайды, сонымен қатар, әлеуметтік
факторға және тәрбие шартына тәуелді және
индевидуалды – типологиялық ерекшеліктерге де байланысты болады.
Өсіп келе жатқан балаға әсер ететін және оның пайымдау
дүниесін өзгертетін сыртқы және ішкі факторлардың
көлемін білу күрделі нәрсе.
Сондықтан да есеюдің психологиялық
қиындықтары «мен» бейнесі және талпыну еңгейінің
қарама-қайшылығы сияқты жеткіншектерге тән
эмоционалды күштену ерте
жасөспірімдерде болады деуге алып келеді. Сонымен қатар,
балалардағы дисгармонияның
жеткіншектік синдромы, яғни, оқушылардың өзінің денесіне және
сыртқы көрінісіне
көңіл бөлуі, тағы сол сияқты
жағдайлар олардың эмоционалды үйлеспеуіне әкеліп
соғады. Бірақ нормадағы оқушылардың эмоционалды
үйлеспеушіліктің психопатиялық белгілері аз көлемде
болады. Жалпы эмоционалды үйлеспеушілік
өтпелі кезеңнің барлық кезіне тән және олар қиын балалар
қатарына жатады. Мұндай балаларға оқудың
өзі қиын, үйде ешкім көмектеспейді, өздігінше
өмір сүруге ешкім тәрбиелемейді. Олардың өзіндік
бағасы оқудағы жетістіктерге жетпеуіне байланысты төмен
болады. Бұл жағдайда бала өзін-өзі көрсетуге
қысылады. Жеткіншектердің
оқу әрекетінде апатия, ашушаңды, қаталдық,
өкпе, түңілушілік кездесіп отырады, сонымен бірге,
олардың мінез-құлқына тітіркенудің импульсивті формасы тән болып
отырады.
Пайдаланылған
әдебиеттер тізімі:
1. Абрамова Г.С.
Практическая психология. - М.: 2001.
2. Айғабылов Н. Бала мінезінің қалыптасуы
және оны тәрбиелеу жолдары. Алматы, 1972.
3. Әтемова
Қ.Т. Оқушылар бойындағы гумандық қасиеттерді қалыптастырудағы
отбасының рөлі. – Алматы: 2000.
4. Бекмұратова Г.Т.
Мінез-құлқында ауытқушылықтары бар
балалардың ерекшеліктерін психологиялық тұрғыда
зерттеу. - Алматы: 2005.