п.ғ.м., аға
оқытушы Жамалова С.А.
Ы,Алтынсарин атындағы Арқалық
мемлекеттік педагогикалық институты, Қазақстан
Мәліметтер қорының ғылымда, техника
қолданылуы
Қазіргі
уақытта ақпараттық жүйелер тек жақсы
техникалық сипаттамаларды ғана қажет ететін ресурстар
ғана емес, олар тиімді әрі сауатты басқаруды да талап етеді. Деректер базасы
жүйелері кез келген ақпараттық жүйенің негізгі
ядросы болып табылатындықтан олар негізгі администрациялық
мәселелер ортасында болады. Ақпараттық жүйені тиімді
басқару дегеніміз ондағы Деректер базасының дұрыс
ұйымдастырылып, басқарылуымен тікелей байланысты.
Алғашқы ДББЖ архитектурасы
орталықтандырылған типті болатын. Бұл жағдайда
ДББЖ-ң өзі, ДБ және ДБ-мен жұмыс ұйымдастыратын
қолданбалы программалардың барлығы орталық компьютерге
орналастрылып, жұмыс жасайтын. Компьютерлік желіліердің дамуы мен
кең таралуы ДБ-сын ұйымдастырудың жаңа
архитектуралық принциптерінің дамуына әкелді. Жергілікті
желілердің кең қолданылуы ресурстарды бөлу мүмкіндігін
береді. Осыған орай жергілікті желіде жұмыс станциялары мен
серверлерді бөліп қарастырылады. Жұмыс станциялары
пайдаланушылардың қолданылуына арналған сәйкесті
жергілікті ресурстардан тұрады. Жергілікті желі сервері жұмыс
станцияларын және басқа да серверлерді ресурстармен (қызмет
көрсету) қамтамасыз етеді. Қандай да бір сұраныс
беретін компьютер клиент деп, ал пайдаланушыларға қызмет
көрсететін компьютер сервер деп аталады. Серверге мыналар мысал
бола алады:
· жергілікті желі
арқылы сыртқы ортамен байланыс орнату қызметін
көрсететін телекоммуникация сервері;
· жұмыс
станцияларында жүзеге асырылмайтын есептеулерді орындауға
мүмкіндік беретін есептеу сервері;
· басқа жұмыс
станциялары мен серверлерге де пайдалануға беру мүмкіндігі бар,
сыртқы жадының кеңейтілген ресурстары бар дискілік сервер;
· барлық жұмыс
станциялары үшін файлдардың сақталу орталығымен
байланысты қамтамасыз ететін файлдық сервер;
· жергілікті желіліерден
сұраныстарды қабылдап, нәтижелерін қайтарып отыратын
Деректер базасы сервері.
Файлдық сервер архитектурасы ДББЖ-ң
орталықтандырылған архитектурасын көп пайдаланушылық
режимі бағытында дамытуға мүмкіндік беретін негізгі
бағыт болып саналады. Мұндай жүйесінде ДББЖ бір мезетте бірнеше
компьютерде орналасып, жұмыс жасай алады, ал ДБ жекелеген файлдарда
файлдық серверде орналасады. Пайдаланушы ДББЖ арқылы файлдық
сервердегі ДБ-на сұраныс жібере алады. Ал Файлдық сервер
сұранысқа сәйкес мәліметтер блогын жібереді.
Бұл
архитектураның кемшілігі болып жоғары желілік трафик (желі бойымен
бүтін файлдар жіберілуі жылдамдықты азайтады) және
мәліметтерді пайдалану қауіпсіздігінің төменгі
деңгейде болуы саналады.
MS Access-те файлдық сервер технологиясы бойынша ДБ-сын бірлесе
қолданудың екі негізгі варианты бар: бүтін (толық)
ДБ-сын Access-те бірлесе қолдану; аccess-тің тек кестелерін
ғана бірлесе қолдану.
Файлдық сервер архитектурасының
кемшіліктері:
· Пайдаланушы
өзінің деректер қоймасының Жергілікті
көшірмесімен жұмыс жасайды, ал ондағы мәліметтер кез
келген кестеге сұраныс жасау арқылы толтырылады. Сонымен қатар
серверден мәліметтері өзгертілген қажетті кестелер
жіберіледі. Желіде мәліметтердің үлкен көлемі айналыста
болғандықтан желіге ауырлық түседі. Бұл
ақпараттық жүйенің өнімділігі мен
жылдамдығын төмендетеді.
· Деректер
қоймасының жаңа көшірмесі әр компьютерде бар
болғандықтан, ондағы пайдаланушының жасаған
өзгерістері
біршама уақыт басқа пайдаланушыларға белгісіз болады.
Деректер қоймасының көшірмесін үнемі жаңартып
және пайдаланушының жұмысымен синхрондап отыру керек.
· Деректер қоймасын
басқару әр түрлі компьютерлерден жүргізіледі.
Осыған байланысты деректер қоймасының бүтіндігін
сақтауға және енуді басқаруды ұйымдастыру
қиын.
Бір қосымшамен бірлесе жұмыс
атқаратын, бірақ жергілікті есептеу желісіне қосыла
алмайтын пайдаланушылар үшін Access ДБ репликациясын қолдануды
ұсынады. Репликация деп ДБ-ның жалпы базасының арнайы
көшірмелерін атайды, бұл көшірмелермен пайдаланушылар бір
мезгілде әртүрлі компьютерлерде жұмыс ұйымдастыра алады.
ДБ файлдарының кәдімгі көшірмесінен ДБ репликациясының
айырмашылығы мәліметтердегі өзгерістерді синхрондау
мүмкіндігінің бар болуында.
ДБ-н пайдаланушылар қолданып
болғаннан кейін синхрондау процесі жүргізіледі. Бір
пайдаланушының өзгерткен мәліметтер ортақ репликадан
да, басқа да пайданаушылар қолданып отырған көшірмелерден
де көрініс табады. Синхрондау процесінде жаңартылған жазбалар
мен репликациялар арасындағы объектілер арасында алмасу
жүргізіледі. Егер екі репликаның пайдаланушылары бір ғана
жазбаны әртүрлі етіп өзгертсе, онда репликаларды синхрондау
барысында конфликтілі кесте құрылады. Мұндай жазбаларды
тексеріп, сәйкесті өзгерістер енгізу керек. ДБ-да барлық
объектілер репликацияланбайды, кейбір объектілер жергілікті түрде
ғана пайдаланылады. Access программасында репликациялар
Сервис-Репликация-Создать дополнительную репликацию бұйрығы
көмегімен құрылады. Ал синхрондау Синхронизация
бұйрығы көмегімен жүзеге асырылады. Сондай-ақ ДБ
репликациясын құру үшін Windows «Портфелін» де қолдануға
болады.
Әдебиет
1.
Атре
Ш. Структурный подход к организации баз данных. – М.: Финансы и статистика,
1983. – 320 с.
2.
Бойко
В.В., Савинков В.М. Проектирование баз данных информационных систем. – М.:
Финансы и статистика, 1989. – 351 с.