Магистры Кадырбекова А., Байжигитова М.Т.
М.Х.Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университеті, Тараз
қаласы
Қазақстан
аумағындағы орналасқан өзендерде төтенше
жағдайлар (ТЖ) жыл сайын қайталанып, елдің экономикасы мен
саяси, әлеуметтік жағдайына өте үлкен зардап тар
әкелуде. Сол себепті төтенше жағдайларға
болжамдық бағалау бойынша практикалық ұсыныс беру
негізгі мәселелердің бірі [1-3]. Болжамдық
бағалаудың практикалық ұсыныстарын шартты түрде
бірнеше тарауға бөлуге болады:
1.Нормативтік-техникалық және
әдістемелік базаны жетілдіру бойынша ұсыныстар:
ТЖ ғарыштық қызметі
нәтижелерін, оның ішінде Жерді дистанциондық зондылау
нәтижелерін пайдалану бойынша
нормативтік-құқықтық базаны жетілдіру.Жерді
дистанционды зондылау (ДДЗ) деректері облысындағы ұлттық
стандарттар мен регламенттер қызметін
құру.Ғарыштық ақпаратты
өңдеудің әдістері мен технологияларын жетілдіру.Ғарыштық
ақпараттар мен олардың өнімдерін өңдеуді
сертификаттау қызметін құру.Жерді дистанциондық
зондылаудың шетелдік ғарыштық аппараттары тізімін
анықтау және бекіту, олардан алынған деректерді
Қазақстанда су факторлары әсерімен туындаған ТЖ
әсерін бағалау және болжау, мониторингі үшін пайдалану
қажет.
2.Инфрақұрылымды дамыту бойынша ұсыныстар:
Ғарыштық деректер базасын
құру
(Государственного фонда данных ДЗЗ и продуктов их обработки), цифрлық
картографиялық материалдар, су
тасу және тасқын кезеңінде суға көмілген
және суға батқан өзендер теліміндегі гидробекеттер
деректерін жасау.
Ғарыштық ақпаратты
қабылдау және өңдеудің арнайы
Бірыңғай Орталық Құру (немесе осы жұмыс түрлерін орындауға жауапты мекемені
анықтау),
ол ғарыштық база құру
бақылау құралдарын пайдаланып аумақтың ахуалын
жедел бақылайтын да, және су факторлары әсерімен байланысты мүмкін
болатын төтенше жағдйаларды болжай алу міндеттерін орындауға
қабілетті болады.
Берілген Орталық үшін жұмыстар
бағдарламасына сәйкес, базалық
тұрақты қаржыландыру анықталуы тиіс. Орталықта табиғи ортаның күйін үздіксіз талдауды
жүргізу қажет.
«Бірыңғай
Орталыққа ...» бағынышты, алаптық принцип негізіндегі
ТЖ ғарыштық мониторингтік аумақтық жағдайлар орталығы желісін
құру,
және Қазақстанның
«электронды үкіметі» жүйесіне оны интеграциялауды
қамтамасыз ету.Деректерді алмастырудың телекоммуникациялық
жүйесін және ТЖ ғарыштық
мониторингі Орталығын басқару, ғарыштық
ақпаратты өңдеу және тарату желісін құру.Ұзақ
мерзімдік болашаққа ғарыштық
мониторингтің қазақстандық жүйесін дамыту
қажет.
Осыған байланысты, Қазақстанның
ДЗЗ өзіндік топтарын құру кезінде су нысандарында ТЖ
мониторингі қажеттерін ескеру қажет.
Техникалық ұсыныстар:
Бақылаулар үлкен
кезеңділігіне орай және хабарды алу мен өңдеудің
өте жоғары жеделдігінен ғарыштық деректер қазіргі гидрометеорологиялық мониторинг әдістеріне
қосымша, көктемгі су тасуы және жазғы-күзгі
тасқын кезеңінде өзендердегі жағдайды жедел мониторинг
жасау есептерін шешу кезінде өте қажет болуы тиіс.
Ғарыштық деректерді
ауқымды, ел аз қоныстанған және жету қиын
аумақтарда қолдану, ерекше маңыз ие болып, құнды
болуы тиіс.
Су факторлары әсерімен туындаған ТЖ
ғарыштық
мониторинг технологиясы, оптикалық
диапазонның дәстүрлі деректері ретінде де, және
де бұлтқа қарамастан және радиолокацииялық
деректер ретінде қолданылуы қажет.
Жағдайды болжау үшін арналық желідегі ағынынң қалыптасуы
әртүрлі сандық модельдері қолданылуы
қажет.
Және аумақтың қар басуы
және гидрологиялық бекеттердің деректері ғаырштық
деректер ескеріліп, модель параметрлері оптимизациялануы қарастырылуы
қажет.Адамдар мен өндірістік нысандар үшін қаупі жоғары
учаскелерге ГАж жүйелері,
ғарыштық түсірілімдер мен геоақпараттық модельдеу деректері су
деңгейі мәнінен көмілу ауданынан байланысты анықталуы
қажет.
Жоғары кеңістік түсіріліміндегі
ғарыштық деректер (10-нан 30м-ге дейін) су
басу барысын жан-жақты зерттеу, олардың салдарын бағалау,
және де шағын арналардағы процестің динамикасын зерттеу
мақсаты бар, жеке деңгейлі мониторингті қамтамасыз
етуі қажет.
Орташа кеңістікті көрсетілім деректері (100-250м) өңірлік деңгейдегі жайылмалық су
көмілудің мониторингі үшін пайдалануы қажет. Солардың
көмегімен ірі өзендердің бүкіл ұзындығында
жайылмалардың көмілу динамикасы мен дәрежесін бағалау, және
де апат әсерінен мейлінше зардап шеккен учаскелер мен нысандарды
анықтау қажет.
Ғарыштық суреттердің автоматтандандырылған өңдеуі жүргізілуі тиіс, ол
кезде
бұлт, қар, еріген қар, мұз,
мұздағы су, ашық су және т.б. сияқтылар
көрінеді.
Ауа-райынан тәуелсіздікті қамтамасыз ету
үшін жоғары кеңістік түсіріліміндегі (8-15м)
радиолокациялық та ғарыштық деректер қолданылуы
қажет.
Радиолокациялық түсірілім жылдың басым
бөлігінде бұлтты немесе түтін басып тұратын аудандарда
жер бетінің зондылау әдісі шешуші әдіс болуы қажет. РЛ-суреттерде
жоғарыда аталған нысандардың классификациясы жүргізіледі.
Жақын болашақта (қысқа
және орта мерзімді)
заманауи ғарыш аппараттарынан ақпараттарды
алу есебінен ғарыштық ақпаратты қабылдау тәсілін
лғайту қажет.
Қолданылған әдебиеттер
1.Акимов В.А., Лесных В.В., Радаев Н.Н. Основы анализа и
управления риском в природной и техногенной сферах. М.: Деловой экспресс, 2004.
- 352 с.
2.Безопасность плотин в Центральной Азии: создание
потенциала и региональное сотрудничество. Проект. Вторая фаза. Доклад от Республики Казахстан. Алматы, 2010.
3.Беллендир Е.Н., Никитина Н.Я. Управление риском аварий
гидротехнических сооружений - проблемы, подходы, опыт, перспективы // Проблемы
безопасности при чрезвычайных ситуациях. 2003. Вып. 3.С. 124-135.