Биологические науки/2.Структурная ботаника и
биохимия растений.
Сайдахметова Б.Т., Дурмекбаева Ш.Н..
Ш.Уәлиханов атындағы Көкшетау мемлекеттік университеті,
Қазақстан
Жакенова Ж.Ж., Торгаутова Д.Ж., Мустафина А.З.
Физика-математика бағытындағы Назарбаев Зияткерлік
мектебі, Қазақстан
Техногенді
ластану жағдайына байланысты Аchillea
millefolium L. өсімдігі сабағының
анатомиялық құрылыс ерекшеліктері
Қоршаған ортаның ластануы қазіргі уақытта
көпшіліктің назарын аударатын және алаңдататын бірден
бір мәселе болып табылады.
Адамға және табиғи экожүйеге
зиянды әсер ететін физикалық-химиялық және
биологиялық заттардың, агенттердің қоршаған ортаға келіп түсу процесі ластану
деп аталады.
Ластану –
табиғат жаратылыстарына қайшы келетін және оның
қалыпты жағдайын бұзатын сандық, сапалық
және құрамдық өзгерістер болып саналады. Ластану
объектіге байланысты жер үсті және жер асты суларының
ластануы, атмосфералық ауаның ластануы, топырақтың
ластануы және т.б. деп жіктеледі. Ластанудың табиғи
және антропогендік түрлері бар.
Техногендік ластанудың негізгі көзі болып
экожүйе құрамына енетін кез-келген организм популяциясына
зиянды әсер ететін өнеркәсіп орындары, яғни,
химиялық, металлургиялық, целлюлоза-қағаз,
құрылыс материалдары және т.б., жылу энергетикасы,
көлік, ауылшаруашылық саласы және басқа да
технологиялар саналады.
Семей полигоны аймағында ұзақ уақытқа
созылған ионданған сәулеленудің әсерінен
өсімдіктерде анатомиялық
өзгерістер болатыны анықталған. Сабақтың ішкі
құрылысында алғашқы қабық
қалыңдаған немесе азайған, екінші ретті жабындық ұлпа перидерма
қалыңдаған, өзек паренхималарының мөлшері
артқан, ксилема түтіктерінің ауданы үлкейген, шоқтық
және шоқаралық аймақ көлемі ұзарған,
өзектік сәуле кеңейген және т.б. өзгерістер пайда
болған [1]. Тіршілік формалары әртүрлі өсімдіктер
өркендерінің ішкі құрылысында радиоадаптациялық белгілер анықталған.
Co, Cr, Ni, Cd, Cu, Zn сияқты әртүрлі металдармен
ластанған жағдайда өскен Galamagrotis epigeios (L.) Roth
және Artemissia marshalliana Spreng жерүсті вегетативті мүшелерінің
құрылысындағы сабақ пен жапырақ
ұлпаларының сандық көрсеткіштерінде өзгерістер
байқалған (өткізгіш шоқтардың мөлшері,
эпидермис қалыңдығы, алғащқы қабық
және жапырақ тақтасының мөлшері) [2].
Техногенді ластану жағдайына байланысты Аchillea millefolium L. өсімдігі
сабағының анатомиялық құрылыс ерекшеліктерін
сипаттау үшін зерттеу жұмыстары мынадай нүктелерде
жүргізілді:
1.
Ақмола
облысы, Зеренді ауданы, Зеренді ауылының табиғи фитоценоздарында
жүргізілді (1-ші бақылау нүктесі).
2.
Ақмола
облысының Алтынтау кен-байыту комбинаты
(бұрынғы Васильков КБК) маңайындағы
фитоценоздар (2-ші нүкте). Қазақстандағы алтын
өндіру саласындағы ең ірі, әлемдік деңгейдегі кен
орны (1980 жылдың басында ашылған). Көкшетау
қыратының солтүстік бөлігіне қарай 17 км
қашықта орналасқан.
Aнaтомиялық зерттеулер
гүлдену кезеңінде жинaлғaн Аchillea
millefolium L. өсімдік сабағында жүргізілді.
Сaбaқтың ортaңғы бөлігінен aнaтомиялық
кесінділер дaярлaнды, қaлыңдығы 10–15 мкм, бaрлығы 50 уaқытшa препaрaттaр дaйындалды.
Өсімдіктер мүшелері Стрaсбургер – Флемминг әдісі бойыншa
фиксaциялaнды. Aнaтомиялық зерттеуде сызықтық өлшеуге
aрнaлғaн окулярлы микрометр (окуляр х 15, объектив х8) қолдaнылды. Анатомиялық
зерттеулерде М.Прозина [3], құрылысын сипаттауда К.Эзау [4],
зерттеу нәтижелерін математикалық өңдеуде Г.Ф.Лакин [5]
еңбектері қолданылды.
Achillea millefolium L. өсімдігі сабағының
көлденең кесіндісі жабындық ұлпа- эпидермис,
алғашқы қабық және орталық шеңберден құралған. Эпидермис астыңғы
жағында колленхима клеткаларының қабаты
орналасқан.
Алғашқы қабық 4-5 қатар паренхима клеткаларынан
тұрады. Сабақтың
ортаңғы бөлігінде алғашқы
қабықтың ішкі қабаты - эндодерма (крахмалды қынапша) өте анық байқалады. Өткізгіш шоқ
ашық коллатеральды, яғни флоэма, камбий, ксилемадан тұрады.
Өзек паренхималары
–жұқа қабықшалы,
ірі.
Achillea millefolium
L. бақылау нүктесінен алынған
өсімдік сабағының ішкі құрылысында:
алғашқы
қабық
қалыңдығы – 35,40 ± 1,25 мкм, екінші нүктеде-41,20±2,24 мкм, яғни алғашқы
қабық қалыңдығында айырмашылықтар бар. Өзек
паренхималарының
мөлшері бақылау нүктесінде - 30,40 ± 1,20 / 28,65 ±0,79 мкм болса, екінші
нүктеде - 33,3±2,20/ 32,3±2,23 мкм.
Ксилема
түтіктерінің ауданы
бақылау нүктесінде 1,72 х10-3 ± 0,24 мм 2 болса, екінші нүктеде 2,58±0,17 мм 2, яғни ксилема түтіктерінің
ауданында да өзгешеліктер
байқалады.
Осы нәтижелерді қолдана
отырып, өсімдіктің анатомиялық құрылысына
техногенді ластанудың бір қатар әсері бар екенін көруге
болады. Алайда, адам қолынан жасалған ластанудың өсімдіктерге
және олардың құрылысына әсері әртүрлі
болуы мүмкін.
Әдебиеттер:
1. Айдосова С.С., Мухитдинов Н.М., Дурмекбаева Ш.Н.
Семей полигоны
аймағындағы өсімдіктердің морфо-анатомиялық ерекшеліктері. – Алматы,
Қазақ университеті, 2002. –140 б.
2.
Исмаилова Д.С., Айдосова С.С., Ахметова
А.Б. Структура Galamagrotis epigeios (L.) Roth и Artemissia marshalliana Spreng
в условиях загрязнения тяжелыми металлами //Вестник КазНу, серия экологическая,
№1 (22) 2008. -44-50 с.
3.
Прозина М.Л. // Ботаническая микротехника. – М.: Высшая школа, 1960. –208 с.
4.
Эзау К.
Анатомия семенных растений. – М.: Мир, 1980. – 558 с.
5.
Лакин Г.Ф.
Биометрия. – М.: Высшая школа, 1990. – 352 с.