ӘОЖ
631.6.02(574.54)
ҚЫЗЫЛЖАРМАКЕН
ОРНЫНЫҢ ЖЕР АСТЫСУЛАРЫН ӨНДІРУДЕГІТЕХНИКА-ЭКОНОМИКАЛЫҚ
НЕГІЗДЕУ
Шонбаева
Ғ.А – аға оқытушы, техника ғылымдарының кандидаты
Амангелді А.Ж– «Су ресурстары және суды
пайдалану» мамандығының магистранты
Қорқыт Ата атындағы
Қызылорда мемлекеттік университеті, Қызылорда қаласы,
Қазақстан Республикасы, E-mail: aea_aaj@mail.ru
Қызылжарма жер асты сулары кен
орнын пайдаланудың әлеуметтік-экономикалық
қажеттілігі-қазіргі уақытта Қызылорда қаласы
мен оған жақын елді мекендер негізінен Сырдария
өзенінің суымен (50%-жуығы) және Қызылорда жер
асты сулары кен орнынан (27%) сумен жабдықталады. Олардың сулары
Қазақстан республикасының қолданыстағы
санитарлық нормаларына сәйкес келе бермейді және қымбат
тұратын тазалауды қажет етеді. Ол өз кезегінде судың
бағасын көтереді. Қызылжарма жер асты сулары кен орнына не
бәрі 23% келеді.
Қызылжарма жер асты сулары кен
орнының сапалық құрамы, «Қызылорда су
жүйесі» МКК мәліметтері бойынша, жалпы
кермектілігі,құрғақ қалдығы және
сульфаттар санынан басқасы (олардың жоғары
құрамда болуы санэпидқадағалау ұйымдарымен
келісілген), ҚР Денсаулық сақтау министрінің
28.07.10ж №554 бұйрығымен
бекітілген Сан Е ж/е Н сәйкес.
Өнімге
(жер асты сулары) қазіргі және болашақтағы
сұраныс келесідей: қазіргі уақытта-36,02 мың
м³/тәу, болашақта-90,69 мың м³/тәу
.Мұндай су көлемі, 25.05.2011 жылы ГКЗ РК №1071-11-у хаттамасымен
25жыл пайдалану мерзіміне бекітілген, А+В+С1 санаттары бойынша ,оның ішінде А-санаты бойынша-6,9
мың м³/тәу., В-санаты бойынша-9,65 мың
м³/тәу, С1-санаты бойынша-66,77 мың
м³/тәу. Жобалау құқымен, барлығы 83,32
мың м³/тәу. Қызылжарма жер асты сулары кен орны
арқылы толық қамтамасыз етуге болады.
Қызмет тұтынушылары:
елді мекен, кәсіпорын мекемелері, Қызылорда қаласының
әлеуметтік және мәдени тұрмыстық нысандары.
Суды іске асыру
саласындағы саясатты таңдау келесідей:
«Қызылорда су жүйесі» МКК өнімі-ауыз су ,негізгі
қызметі-елді мекенді сумен қамтамасыз ету. Оның
әрекеттерінің экономикалық көрсеткіштеріне шешуші
әсер ететін, ауыз суды сандық және сапалық есепке алу.
Қазіргі уақытта мекеме өзінің жұмыс жасау
ерекшеліктеріне байланысты, олардың үрдісті түсініктері
бойынша бәсекелестері де, нарық та жоқ, десе де
экономикалық жағдайларға қарамастан тұтынушыларды
сапалы қызметпен қамтамасыз етуге міндетті. Мұнан
басқа, мекеменің ерекшеліктерінің бірі-ұзақ
болашаққа есептелген шараларды жүргізуді басқару.
Мекеме өзіндік қаржылық саясат стратегиясын,
өзінің дамуын жоспарлау керек; тарифті көтеру ең
жоғарғы пайда табуға ұмтылу емес, мүмкін болар
төлем төлемеу және құнсыздану жағдайында
қалыпты, ағымды әрекетін ұстап тұруға
негізделуі тиіс.
Қалыпты пайдалану мен жетілдіруді
қамтамасыз ететін, инфрақұрылымның қаржылық
көзі, қолданыстағы қызмет тарифі болып табылады.
Тарифтердің жалпы деңгейі пайдалану шығындарын, сумен
жабдықтау жүйелерін жақсарту бойынша қажетті
жұмыстар шығынын жабуға толық жеткілікті болуы керек,
сонымен қатар әлеуметтік әділеттілікті қолдап, сумен
жабдықтау қызметіне жалпыға бірдей қол жетімділікті
қамтамасыз етуі тиіс, әртүрлі деңгейдегі табыстармен,
барлық топтардың бейімділігн ескеріп, осы қызметтерді
төлеуі тиіс.
Сумен
жабдықтау сұлбасының таңдап
алынған технологиясы Қызылжарма кен орының
жоғарғы турон су тасымалдаушы қабатында
бұрғаланған ұңғымалардан тереңдік
насостарымен қарастырылған. Қолданыстағы су алуларды
пайдалану ұңғымаларынан және жаңа
бұрғыланған ұңғымаларды пайдалану,
өнімділігі 10-нан 40м³/сағ, көтеру биіктігі 60-тан 120
метрге дейін, ЭЦВ-8 типтегі тереңдік насостармен
қарастырылған. Онан әрі, пьезодеңгейдің
төмендеуіне байланысты ЭЦВ-8-40-120,150,180 насостарын қолдану
ұсынылады. Олар кен орнын пайдалану мерзімінің аяғына дейін
тапсырылған өнімді 10000 тәулік ішінде қамтамасыз ете
алады.
Су тазалау стансасының технологиялық
және санитарлық беріктілігін арттыру үшін
қолданыстағы технологиялық әдістерге (тұндыру,
коагуляциялау, сүзу) қосымша, белсенді көмірлі
сүзгілерде сорбциялауды қолдану және «АКВАХЛОР»
қондырғысында өндірілетін оксиданттар ерітіндісімен суды залалсыздандыру
қарастырылған. Қосымша сорбция сүзгілерінде
тазаланған залалсыздандырылған су зарарсызданғаннан
соң, су тазалау стансасының алаңындағы ІІ-ші
көтеру насос стансасымен қаланың оң жаға
бөлігіндегі су құбырлары желісіне, таза су ыдыстары
алаңына және қаланың сол жаға бөлігіндегі
насос стансасына беріледі. Бас су құбырлары желісі сақиналы,
аз қысымда қарастырылады.
Диспетчерлік бақылау
жүйесі және бағдарламаланушы бақылаушыларды пайдаланып,
сумен жабдықтау нысандарын басқару қарастырылады.
Негізгі технологиялық
жабдықтар, оларды қолданудың технологиялық
және экологиялық қауіпсіздігін қамтамасыз етуін
ескеріп, таңдалған. ЭЦВ сериялы ұңғымалық
насостарды, HS насостарын су беруге, хромникель болаттан, дат баспайтын
болаттан, шар тектес графиті бар шөгеннен жасалған S,SV,SEV,NK
насостарын канализация үшін қолдану тозу - және дат
басудың жоғары беріктілігін және насостың жоғары
ПӘК қамтамасыз етеді.
Технологиялық шешімдер
2004 жылы «Урбостиль» ЖШС жасаған және 9 қыркүйек 2005
жылы №2-642/05 Қызылорда қаласының бас жоспарының
негізгі ережелеріне сәйкес қабылданған.
Мұнда,
Қазақстан Республикасының техникалық реттеу
заңдылықтарына сәйкес келетін, жер асты суларын барлау
және өндіру бойынша жұмыстарды орындауға қажетті,
бәсекелестін негізде сатып алынатын, Қазақстан
Республикасында өндірілген тауарлар,жабдықтар, материалдар мен
дайын өнімдердің жалпы көлемінің 75% міндетті
түрде пайдалану қарастырылған.
Сумен жабдықтау
жүйелерінің қуаттылығы,
өнеркәсіп мекемелерінде есептеуіштер қою және аз сулы
технологияларды енгізу арқылы суды үнемдеуді ескере отыра,
қабылданған.
«Қызылорда су
жүйесі» МКК еңбек ресурстары қолданыстағы және
жобаланудағы сумен жабдықтау жүйелерін пайдалануды
қамтамасыз етеді. Сондай-ақ, олардың жұмыс жасау
сенімділгін, ағымды қызмет жасау мен жөндеудің
барлық түрлерін ұйымдастыруды, пайдалану жоспарларын,
сметаларды жасауды, материалдық-техникалық жабдықтауды,
жетілдіру бойынша жұмыстарды өз уақытында жүргізуді
қамтамасыз етеді. Қазіргі сумен жабдықтау
құрылымдарының ұңғымаларына қызмет
жасаушылардың тізімдік саны 35 адам.
Жаңа су алу
құрылымдарын пайдалануға беруге байланысты қосымша штат
қажет болады. Болашақта қызмет жасаушылар саны 73 адам
болады. 01.01.2011ж жағдай бойынша орташа айлық жалақы 30000
теңге. Қазақстандық мамандар құрамы-100%.
Сумен
жабдықтау құрылымдарын қайта жаңғырту
және жаңасын салу Қызылорда қаласының
тұрғындарын сапалы ауыз сумен қамтамасыз етеді,
қоршаған орта сауығады, өмір сүру сапасы
жақсарады, ауру тәукелі төмендейді.
Нәтижиесінде
Қызылорда қаласының инвестициялық
қызықтырығушылығы артады. Ол жаңа жұмыс
орындарының пайда болуына және өмір сүру
жағдайларының жан-жақты жақсаруына,
халықтың жаппай көшуін қысқартуға,
демографиялық жағдайдың тұрақтануына
қолайлы жағдай жасайды.
Жобаны іске асыру кезінде
заңдылықтарға қосымшалармен толықтырылуы болуы
мүмкін. Ол салық салу мөлшерінің өсуіне
әкеліп соқтыруы мүмкін, ол өз кезіндегі өзіндік
құнның өсуін тудырады. Сондай-ақ,
құнсыздану қарқынына сәйкес және
экономикалық көрсеткіштерге онша әсер етпейтін, шикізатқа,
материалдарға, ЖЖМ, электр энергиясының бағасының
өсуі мүмкін. Бағаның өсуі, тең шамада
көрсетілетін қызметтің өзіндік құнына
әсер етеді.
Сумен жабдықтаудың барлық жерлеріне апаттық
жағдайда немесе қандай да бір су алу
құрылымдарының жөндеу кезінде қайта
қосылуын ескере, жобалнған. Бұл мақсаттағы
қалған құрылымдардың артық жүктемесі,
ауыз суды беру тиімділігін төмендетпей, оның есептік
өнімділігінің 17% аспайды (п. 1.9. ҚНж/еЕ 2.04.03-85).
Канализация –тақалау стансасын электрмен жабдықтау екі бөлек
көздерден: ПС-220/35 кв ТЭО-6 және ПС -35/10 кв «Комсомол»
қарастырылған.
Қазіргі хлормен суды
залалсыздандыру (қала көлемінде), «АКВАХЛОР»
қондырғысында өндірілетін оксиданттар ерітіндісімен
залалсыздандырумен алмастырылған.
Қызылорда
қаласының сумен жабдықтау және канализация нысандары
әлеуметтік маңыздыларға жатады.
Жобаның тиімділігінің
қолайлы деңгейіне және қаржылық жағдайына
сыртқы және ішкі факторлар әсер етуі мүмкін:
-су тұтыну, су әкету көлемдерінің деңгейі;
-судың құнының деңгейі;
-күрделі салынымдардың өзгеруі;
-пайдалану шығындарының өзгеруі;
Аталған факторлардың оны іске асыруда мүмкін болар
өзгерудегі инвестициялық жобаның орнықтылығы,
нақты ақша ағынының динамикасын талдау арқылы
есептелген. Мұнда, орнықтылықтың міндетті шарттары -жиынтықты
көрсеткіштердің жоғары мәндері, әсіресе таза
пайданың және жоспарлаудың барлық мерзімі бойына еркін
ақша мәндерінің ұзақ болуы.
Экономикалық параметрлердің есептеу
нәтижиелері мен ақша қозғалысы жиынтық кестелер 10.1-10.3-те
келтірілген.Есептеулер, су тұтынудың орташа, ең жоғары
және ең төмен жағдайында өндіру шарттары
үшін жүргізілген.
Жобаға
инвестициялық шығын570 млн.теңге,
оның ішінде жер қойнауын пайдалану учаскенің пайдалану
қорын бағалауға -159 млн.теңге.
Су өндіру
шығынына қосылғандар: электр
энергиясы, өндіру бойынша жабдықтарға профилактикалық
шығындар, ұңғыма қызмет жасаушы адамдардың
еңбек ақысы.
Қазіргі кездегі мониторинг
шығыны 0,3 млн.теңгеден және 0,8 млн теңгеге дейін болашақта. Мониторингтің негізгі
міндеттері ұңғымадан су алу шамаларына нақты
бақылау жүргізу, жер асты суларының сапасының
өзгергіштігіне жыл маусымы бойынша және көпжылдық
кезеңде бақылау, алынған мониторинг нәтижиелерін барлау
жұмыстарының нәтижелерімен салыстыру, өндірілетін су
сапасының ықтималды сақталуына (немесе өзгеруіне)
болжам жасау.
Жою қорына ақша бөлу
өндіру шығынының 1% мөлшерінде есептелген және 36-32 млн.теңгені
құрайды, тиісінше ең көп және ең аз
су тұтынудағы.
Контракт бойынша
Қазақстандық адамдардан жұмысқа
тартылғандық кәсіптік дайындығын қаржыландыру,
жер асты суларын өндірудің пайдалану шығындарынан 1%
мөлшерде қарастырылған.
Әлеуметтік
салық пен пайдалы қазбаларды өндіру салығын есептеу
ҚР Салық Кодексі ережелеріне сәйкес жүргізілген.
-Таза пайда (жалпы пайдадан пайдаға байланысты емес салықтың
төлемдері алып тастау).
-Ақша ағындары (жылдық ақша ағыны
алынған жинтықты табыс пен өндіру кезіндегі
шығындардың айырмасы ретінде анықталады).
-Пайданың ішкі нормасы (ПІН немесе IRR) табыстылық
көрсеткіші, мұнда жобаның кумулятивті табысы кумулятивті
шығынмен тең.
Күрделі салымдарының
өзін-өзі ақтау мерзімі (жоба бойынша шығындарды осы
жобаның пайдасы арқылы жабуға қажетті уақыт).
Табыстар мен шығындар динамикасы, сондай-ақ таза пайданы
анықтау.
Су тұтынудың ең
жоғары және ең төменгі мүмкін болар
кезеңдеріне арналған, экономикалық параметрлер мен ақша
қозғалыстарының келтірілген есептеулері инвестициялық
жобаның орнықтылығын растайды.
Пайдаланылғанәдебиеттер:
1. Послание Генерального директора
ЮНЕСКО г-жи Ирины Боковой по случаю Всемирного дня водных ресурсов 22 марта
2016 г.
2. Сергиенко Л.И. // Аграрная наука.
2007. №5. С. 5-7. Инновационные технологии очистки сточных вод.
3. Смирнов А.Д. // Сорбционная очистка
воды. Л.: Химия. 1982. 168 с.
4. Matthias Гюнтер, Майкл
ДжоеманжәнеСаймонХамбор, 2011,Кеңейтілген CSP
оқытуматериалдары, « Параболалықдөңестехнологиясы ».
5. Дональд Джереми Гайтан Кал Поли, Сан
Луис Обиспо, CA тоқсан 2012 күз, «
ШағынпараболалықдөңесSolarшоғырландырушыныжобалау,
салу жәнесынау ».