Сарсенова А.Е., э.ғ.к., доцент1,

Кадырбай С.Б., э.ғ.к.2

Джузанов А., магистрант3

1,3Тараз инновациялық-гуманитарлық университеті

2М.Х.Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университеті

 

Аймақ өнеркәсібін инновациялық дамытуды басқару, мемлекеттік қолдау мен инновациялық әлеуетін бағалау

 

Аймақ-бұл басқа территориялардан белгілі бір белгілері бойынша және оны құрайтын элементтердің тұтастығы, өзара байланыстылығымен ерекшеленетін территория. Сондықтан территорияның әртүрлі белгілері бойынша біркелкі болмауы немесе оны зерттеу және тәжірибелік қызметін белгілі бір мақсаттар көзқарасы  жағынан территориялардың үлкен болуы территорияларды бөліктерге - аймақтарға бөлу қажеттілігін тудырады.

Аймақ - бұл әкімшіл-территориялық қоғам, өндірістік, қаржылық және әлеуметтік инфрақұрылымдары біршама жеке және жоғары деңгейде халықтың үздіксіз еңбектік және әлеуметтік-мәдени қатынастарының жақсы жолға қойылғанымен анықталады [1, 64б.].  Бұндай әдіс аймақтың анықтамасын өте тар көлемде келтірген, әкімшілік аймақ деңгейі экономикамен сай келмейді. Ғалымдар, аймаққа жеке мемлекетті және мемлекет ішіндегі аймақтардың біркелкі өндіргіш күштер бағытын анықтайтын әлеуметтік-экономикалық және  табиғи жағдайды келтіреді.

  Сонымен, аймақ – ол территория бөлігіндегі экономиканың және өндірістің өзгеше жағдайының тарихынан құралған халық шаруашылығы.

  Аймақтық саясаттың маңызын, мәнін түсіну үшін “аймақтың” түсінігін анықтау ұсынылады. Аймақ түсінігі, толығымен алғанда қоғам құрамының бір бөлігі ретінде, тек оның шаруашылық және географиялық кеңістігі ғана емес, сонымен бірге, үздіксіз біріккен экономика және саясат, басқару мен басқарушы жүйелер, өздерінің толық табиғи-географиялық және әлеуметтік-экономикалық жүйелердің басқарушы және өкілді органдарымен  анықталатын территориялық білім сияқты аймақтарды тану, мойындау заңды екендігін білдіреді [2, 62б.].

  Сонымен, аймаққа, біріншіден, мемлекеттің территориялық бөлігі ретінде ғана қарамау керек, екіншіден, халық шаруашылық  жүйесін (өндірісті, өндіру мен өңдеуді, қызметтер және т.б) толығымен  алып дамыту, үшіншіден, экономикалық аймақ мемлекеттің басқа да аймақтарымен қарымқатынаста болу мен материалдық және қаржылық қорларды эндогенді және экзогенді ағындармен қарым-қатынаста байланыстыру.

  Жоғарыда келтірілген барлық әдістер аймақтың маңыздылығын анықтауды жоғалтпайды, керісінше олар бір-бірін толықтырады. Әрбір әдіс аймақтық экономиканың әр түрлі аспектілерін зерттеуге ұсынылған деп айтуға болады.

Аймақтық экономика - бұл әлеуметтік-экономикалық, ғылыми-техникалық жүйелерге және тенденцияларға терең талдау жасау арқылы мүмкін болатын әдістер мен көзқарастардың жүйесі.

Аймақтық экономика – аймақтың өндірістік потенциалы, оның табиғи ресурстарын біліп, ескермей даму мүмкін емес. Демографияға, еңбек ресурстарына, әлемдік шаруашылықта Қазақстанның  алатын орны, еліміздің аймақтарындағы экономикалық даму қарқыны, ерекшеліктері – бәрі ескеріліп, талдау жасалынып дұрыс шешімдер қабылдануына үлкен әсерін тигізеді. Мемлекеттің әлеуметтік-экономикалық даму барысында аймақтардың және олардың билік ететін органдарының ролі арта түсуі тиіс.

Аймақтық экономика – аймақтың өндірістік әлеуеті, оның табиғи ресурстарын біліп, ескермей даму мүмкін емес. Демографияға, еңбек ресурстарына, әлемдік шаруашылықта Қазақстанның  алатын орны, еліміздің аймақтарындағы экономикалық даму қарқыны, ерекшеліктері – бәрі ескеріліп, талдау жасалынып, дұрыс шешімдер қабылдануына үлкен әсерін тигізеді. Мемлекеттің әлеуметтік-экономикалық даму барысында аймақтардың және олардың билік ететін органдарының рөлі арта түсуі тиіс. Аймақтың  экономикалық  саясатын  қалыптастыруда әдістемелік  және методологиялық саласының негізгі мәселелеріне тоқталу заңды. Сонымен бірге, саясаттың объектілері мен субъектілерінің арасындағы қарым-қатынасын, мәнін және мазмұны мен тәсілдерінің әрекеттестігін біліп табу  өзекті мәселе [3, 178б.].

Жалпы, аймақтардың экономикалық дамуы және нарықтық трансформация үрдістері құрылымдық-инвестициялық үрдістер деформациясымен, сонымен қатар аймақтардың өзін-өзі қаржыландыру мүмкіншіліктер негізінде қалыптасады [4, 65б.].

Өнеркәсіп өндіріс қарқынында жаңа енгізулерде және кластерге кіретін фирмалар сатып алушылар қажеттіліктеріне сәйкесті және тезірек қатынастары икемдірек келеді (2 сурет).

Ал кластер құрамындағы фирма мен сатып алушылардың ағымдағы қажеттіліктеріне келетін болсақ, онда олар сатып алушылардың қажеттіліктерін білетін және олармен тұрақты қарым-қатынаста болатын компаниялар шоғырынан, ұқсас салалардағы фирмалардан, ақпарат жинаудың мамандандырылған құрылымдар шоғырынан пайда алады. Бұл фирмалар тұтынушылық сұраныс тенденцияларын өздеріне бәсекелес фирмаларға қарағанда тезірек анықтайды. Мысалы, Силикон алқабында компьютерлік компаниялар тапсырыс берушілердің қажеттіліктері мен талғамын тез және тиімді анықтайды, олармен бұл қатынаста ешкім жарыса алмайды [4, 163б.].

Аймақтың өнеркәсібінің инновациялық дамуына адам ресурстары: еңбек ұсынысы, білім, тәртіп пен мотивация; табиғи ресурстар: жер, минералдар, жылу, қоршаған ортаның сапасы; капитал: көліктер, фабрикалар, жолдар;  технология: ғылым, инженерлік өнер, басқару, кәсіпкерлік іскерлік және тиімді стратегиялық бағдарламалар әсерін тигізеді (1 сурет).

Кластерге қатысу жаңа технологияларға қол жеткізуге, жұмыс әдістеріне және тауарды жеткізуді жүргізу мүмкіншіліктеріне артықшылық береді. Кластерге кіретін фирмалар технология прогресі туралы, жаңа компонеттер мен жабдықтарға қол жеткізу туралы, маркетинг пен қызмет көрсетудің жаңа тұжырымдамалары туралы ақпараттарымен жабдықталады. Өйткені бұл міндеттер кластердің басқа мүшелерінің қатынасымен жеңілдетіледі. Бұған қарама-қарсы жағдай, жекелеген фирманың ақпаратқа жолы болмағандықтан, ол көбірек шығынданады және ол өзінің құрылымы шеңберінде жаңа ақпаратқа жету үшін қосымша қаражат шығарады. Инновацияның мүмкіндіктері үшін кластердің артықшылығы өте зор. Себебі ол нақты қажеттілікте тез жауап тауып алып қимылдауға мүмкіндік береді [5, 98б.].

Ескерту- зерттеулер негізінде автор құрастырған

Сурет 1.  Аймақтың инновациялық даму формасы

Көптеген ғылыми еңбектерде инвестициялық әлеуеттің макро-экономикалық сипаттамаларды, өңірдің өндіріс факторларымен қамтамасыз етілу деңгейін, халықтың тұтынушылық сұранысын ескеруге тиіс екені және мынадай сегіз дербес әлеуеттен құралу керектігі айтылады:

- ресурстық-шикізаттық (өңірдің табиғи ресурстардың негізгі түрлерінің баланстық қорларымен орташа салыстырмалы қамтамасыз етілу деңгейі);

- еңбек (еңбек ресурстары мен олардың білім (сауаттылық) деңгейі);

- өндірістік (өңір халқының шаруашылық қызметінің жиынтық нәтижесі);

- инновациялық (өңірлік ғылымның даму деңгейі мен өңірдің ғылыми-техникалық даму жетістіктерін ендіру деңгейі).

- институционалдық (нарықтық экономикадағы жетекші институттардың даму деңгейі);

- инфрақұрылымдық (өңірдің экономикалық-географиялық орналасу жағдайы және инфрақұрылымдық қамтамасыз етілу деңгейі);

- қаржылық (өңірлік салық базасының ауқымы мен кәсіпорындардың пайдалылығы);

- тұтынушылық (өңір халқының жиынтық сатып алу қабілеті).

Ескерту- зерттеулер негізінде автор құрастырған

Сурет 2. Аймақ өнеркәсібінің инновациялық дамуына әсер ететін көрсеткіштер

Сонымен, иннновациялық аймақтардың өзекті міндеттеріне:

-  өнімнің сапасы мен бәсекеқабілеттілігін арттырылуы;

 -аймақ өнеркәсібінің инновациялық дамуын қалыптастырылуы және дамуы;

- инновациялық өнімдер өндірісін кеңейту болып табылады.

Қазақстанның ғылыми-өндірістік әлеуетінінің бәсекелік артықшылықтарын бір сөзбенен жүйелі импорттың орнын басу салалары мен индустрияның өңделген өнімдерін экспорттауды кеңейту үшін барынша пайдалану керек. Мемлекеттің өнеркәсіп саясатының маңызды аспектісің дамыту ең алдымен жалпы экономикалық жағдайға ықпал ету үшін қажетті болатын өнеркәсіптік қызметтің, секторлардың немесе салалардың басым бағыттарын айқындайтын құрылымдық саясат болып табылады. Қазақстандағы құрылымдық саясаттың бүгінгі таңдағы мұндай бағытттары қатарына мыналарды жатқызамыз:

− өнімдердің прогрессивтік түрлерін жасау және өндіру;

− өнеркәсіп кешенін (базалық салалар, сала бөлімшелері, кәсіпорындар мен олардың бірлестіктері, базалық технологиялар) құрайтын базасын және олардың реформалау (ерекше мәртебесі бар аса ірі корпоративтік құрылымдардың территориалдық-өнеркәсіптік аймағын құру, ірі және орта кәсіпорындарды қайта ұймыдастыру және жою нәтижесінде босатылған алаңдарда кіші кәсіпорындарды жасау) процестерін дамыту;

− мол ғылыми-өндірістік әлеуетті қайта профильдеуді және ғылым мен өндірістің құрылымдық-депрессивтік және экологиялық қауіпті объектілерін саты бойынша біртіндеп жоюды қамтамасыз ететін құрылымдық реформа процедураларын жүзеге асыру.

Өнеркәсіптік қызметтің басымдық бағыттары халық шаруашылығы кешенінің (станок-аспап өнеркәсібі, электр-энергетикалық) техникалық базасын жасау мен дамытуды қамтамасыз ететін төртінші және бесінші технологиялық құрылыстар (электроника, әуеқұрылысы, автомобиль құрылысы, ХХІ ғасырдың технологиясын талдау бөліміндегі салалық ғылым) ядросын қалыптастыратын; инфрақұрылымдар (жол-коммуналдық машина құрылысы, құрылыс материалдары өнеркәсібі) саласы үшін шығарылатын өнімдер; тұрғындарды бірінші кезектегі қажеттіліктерін қанағаттандыратын (тамақ, жеңіл және текстиль, медицина өнеркәсіптері) салаларымен тікелей байланысты [35, 89б.].

Өнеркәсіп өндірісі Қазақстан экономикасының өсуін анықтайды, оның үлесіне елдегі барлық ЖІӨ-нің үштен бір бөлігі тиеді. Қолайлы сыртқы коньюктура аясында соңғы жылдары өнеркәсіп өндірісі серпіні бірқатар аралықта өсті.

Осылайша, өнеркәсіп саясатының орталық міндеті қазіргі техникалар мен материалдардың прогрессивтік базалық өндірісін сақтау және дамыту болуы тиіс. Бұл өндірістер Қазақстанның әлеуметтік-экономикалық дамуының және қазақстандық экономиканың гүлденуінің негізін құрауы мүмкін.

Аймақтың инновациялық экономикасы үш негізгі факторлар әсер етумен қалыптасады:

- дамудың инновациялық жолына өтуде қалыпты жағдайлар жасау;

-инновациялық процестерді белсендендіруде шаруашылық субъектілерінде мотивацияның болуы;

- инновациялық процестерге мемлекеттің белсене қатысуы.

Аймақтың инновациялық даму жағдайы бірінші кезекте сол аймақтың инновациялық әлеуетінің деңгейіне тікелей байланысты. Сондықтан аймақтың инновациялық әлеуеті сол аймақ үшін маңызды болып саналатын негізгі звенолардың жеткіліксіздігін және инновацияның қарқынды дамуына кері әсер ететін критерийлерді анықтау мақсатында  жан-жақты зерттеулер жүргізу қажет. Осы зерттеу нәтижелері бойынша аймақты инновациялық дамытудың стратегиялық бағдарламасын жасау маңызды болып табылады.

Қазақстандық инновациялық жүйе элементтеріне мыналар жатады:

- Қазақстанның барлық өңірлерінде мемлекеттің қатысуымен әртүрлі бағытта белсенді инновациялық компаниялар құру;

- қысқа мерзім ішінде жаңа технологияларды жасау және оны өндіріске енгізу;

- жаңа технологияларды жасауда жоғары білім жүйесінде зерттеулер жүргізу және кадрларды әлемдік деңгейде дайындау;

- инновацияның пайда болуы мен ақпараттық технологияның жүйелі дамуын жүзеге асыруда  инновациялық инфрақұрылымды құру;

- өңірлердегі жұмыс жасап тұрған кәсіпорындардың инновациялық дамуына жауапты басқарушылық персоналдарды қайта  дайындау жұмыстарын жүргізу қажет.

Өнеркәсіп инновациясын дамыту iс-әрекеті аймақтың экономикасын дамытудың ма­ңызды факторларының бiрi болып табылады. Сондықтан да өнеркәсіп инновациясын жандандыру әрдайым басымды мәселе­лер­дiң бiрi болуы тиiс.

 

Әдебиеттер тізімі:

1. Амренова Ғ.К. Қазақстанның индустриялды-инновациялық саясаты/ Альпари, 1, 2013 (65) 143-146 б

2. Әлжанова Н.Ш. Инвестициялық жобалау: Оқу құралы. – А.: Заң əдебиеті, 2012. – 160б

3. Сакенов М. Форсированное индустриально-инновационное развитие экономики Казахстана // Промышленность Казах­стана. — 2011. — № 6 (57). — С. 10-13.

4. М.Б.Кенжеғазин, В.Ю. Додонов, С.А.Шебелев. Тұрақты экономикалық өсудің Қазақстандық үлгісін қалыптастыру және жүзеге асыру (тұжырымдамалық көзқарастар). –Алматы, ИЭ МОН РК, 2013.

5. Оразалы С. Инновационная экономика. − Алматы, 2013. –С.491.