э.ғ.к., доцент Абдуллаева Б.А.
НАРХОЗ университеті,
Қазақстан
Қазақстан
республикасындағы екінші деңгейлі банктердің несиелік
портфелін басқарудағы
портфель сапасын талдау
Қазақстанның
банктік жүйесінде - еліміздің қаржы нарығының
орасан зор басымдық танытып отырған басты сегменті. Қазақстанның банктік
секторын жүйелік талдау қазіргі таңда экономиканы
несиелендіру мүмкіндіктерінің өсу қарқынын
көрсетті. Мемлекеттік бағдарламалар шеңберінде клиенттерді несиелендірудің
тиімді шаралар, жаңа өнімдер мен қызметтер ұсынылуда.
Қаржы нарығында 01.01.2017
жылғы жағдай бойынша 33 (34) екінші деңгейлі банктер өз
қызметтерін жүзеге асырып келеді[1].
Несие портфелі дегеніміз
берілген қарыздың жиынтығын білдіреді, олар әр
түрлі несие тәуекелдерінің факторларына немесе одан
қорғану тәсілдеріне байланысты белгілерге негізделіп
классификацияланады. Өте қатал бәсекелестік
жағдайларында, қазіргі коммерциялық банк үнемі
өзінің клиенттері және олардың ресурстары үшін
күресуге, клиенттерге және өзіне қажетті табысты
қамтамасыз ететін, жаңа банктің өнімдер мен қызметерді ұсынуға
және сенімділігін,
тұрақтылығын және нарықтық
конъюнктураның өзгерісіне тез бейімделе алу қабілетін
көрсетуге мәжбүр.
Несие портфелін басқару – екінші дәрежелі банктің қызметіндегі
түйінді сұрағы, себебі атқарушылардан жоғары
мамандылықты және несие берудің экономикалық
маңыздылығын түсінуді талап етеді.
Несие портфелін басқару – банктің табысына,
сенімділігіне және өтімділігіне әсер тигізетін, банк
менеджментінің маңызды бөлігі болып саналады [2].
1-кесте − Қазақстан
Республикасының Екінші деңгейлі банктерінің несиелік
портфелі, млн.теңге
|
Банк
атауы |
2015
жыл |
2016
жыл |
Ауытқу |
|
||
|
(+/-),
мың теңге |
% |
|
||||
|
1 |
2 |
3 |
4 |
5 |
|
|
|
"Қазақстан Халық
Банкі" АҚ |
2279,3 |
2369 |
89,70 |
3,94 |
|
|
|
"Qazkom"АҚ |
3972,1 |
3703,7 |
-268,40 |
-6,76 |
|
|
|
"Цеснабанк"АҚ |
1536,1 |
1
641,80 |
105,70 |
6,88 |
|
|
|
"Сбербанк" АҚ |
1093,9 |
971,8 |
-122,10 |
-11,16 |
|
|
|
"АТФБанк" АҚ |
704,9 |
710,5 |
5,60 |
0,79 |
|
|
|
"Банк ЦентрКредит" АҚ |
984,5 |
889,6 |
-94,90 |
-9,64 |
|
|
|
"ForteBank" АҚ |
520,2 |
514,9 |
-5,30 |
-1,02 |
|
|
|
"KASPI BANK" АҚ |
809,7 |
787,8 |
-21,90 |
-2,70 |
|
|
|
"Банк "Bank RBK" АҚ |
663,6 |
753,3 |
89,70 |
13,52 |
|
|
|
"Евразийский Банк" АҚ |
654,9 |
690,7 |
35,80 |
5,47 |
|
|
|
"Тұрғынүйқұрылыс
жинақ банкі" АҚ |
303 |
329,3 |
25,90 |
8,54 |
|
|
|
"Ситибанк Қазахстан"
АҚ |
84,6 |
79 |
-5,60 |
-6,62 |
|
|
|
"Qazaq Banki"АҚ |
232,6 |
318,1 |
85,50 |
36,76 |
|
|
|
"Delta Bank" АҚ |
371 |
410,7 |
39,70 |
10,70 |
|
|
|
"Нурбанк" АҚ |
193,7 |
223,3 |
29,60 |
15,28 |
|
|
|
"АЛЬФА-БАНК" ЕБ АҚ |
162,2 |
127,9 |
-34,30 |
-21,15 |
|
|
|
"Астана Банкі" АҚ |
138,1 |
181,9 |
43,80 |
31,72 |
|
|
|
"Altyn Bank" АҚ
("Халық Банк" АҚ ЕҰ) |
83,8 |
108,6 |
24,80 |
29,59 |
|
|
|
"AsiaCredit Bank (АзияКредит
Банк)" АҚ |
132,2 |
128,5 |
-3,70 |
-2,80 |
|
|
|
"Қазақстандағы
Қытай Банкі" ЕБ АҚ |
17,8 |
12,4 |
-5,40 |
-30,34 |
|
|
|
ВТБ Банк АҚ (Қазақстан) |
99,4 |
77,7 |
-21,70 |
-21,83 |
|
|
|
"Банк Хоум Кредит" АҚ |
104,5 |
121,3 |
16,80 |
16,08 |
|
|
|
"Банк Kassa Nova" АҚ |
58,1 |
64,7 |
6,60 |
11,36 |
|
|
|
"Capital Bank Kazakhstan"
АҚ |
78,4 |
72,3 |
-6,10 |
-7,78 |
|
|
|
"ЭКСИМБАНК ҚАЗАҚСТАН"
АҚ |
46,1 |
56,1 |
10,00 |
21,69 |
|
|
|
"Tengri Bank" АҚ |
23,4 |
54,3 |
30,90 |
132,05 |
|
|
|
"КЗИ БАНК" АҚ |
34,4 |
42,4 |
8,00 |
23,26 |
|
|
|
"ТПБ Китая в г.Алматы" АҚ |
38,7 |
34 |
-4,70 |
-12,14 |
|
|
|
"Банк ЭкспоКредит" АҚ |
1,2 |
1,5 |
0,30 |
25,00 |
|
|
|
"Шинхан Банк
Қазақстан" АҚ |
13,8 |
12,4 |
-1,40 |
-10,14 |
|
|
|
"Исламдық Банк "Al
Hilal" АҚ |
10,2 |
3,7 |
-6,50 |
-63,73 |
|
|
|
"Заман-Банк" АҚ |
12,7 |
12,8 |
0,10 |
0,79 |
|
|
|
"Қазақстандағы Пәкістан
ҰБ" АҚ |
4,4 |
4,5 |
0,10 |
2,27 |
|
|
|
Жалпы несиелік портфель |
15,4 |
15,5 |
0,10 |
0,65 |
|
|
|
Ескерту: [3] әдебиет
негізінде автормен құрастырылған. |
||||||
1 - кестедегі көрсеткіштер бойынша несиелік портфель 2016
жылдың соңында 15,51 трлн. теңге немесе жалпы
активтердің 60,68% үлесін құрады. 2015 жылдың
құрытындысымен салыстырғанда көрсеткіш 42,9 млрд.
теңгеге немесе 0,28%-ға азайған. Абсолютті нысанда портфель
өсімін "Цеснабанк"
көрсетті. Несиелік портфелі 105,72 млрд. теңгеге өскен. Одан
кейін "Қазақстан Халық Банкі" және
"Банк"Bank RBK", несиелік портфельдерінің жалпы
өсімі 89,74 млрд. теңге және 89,73 млрд. теңге
сәйкесінше.
Салыстырмалы нысанда
көсбашы "Tengri Bank" АҚ, портфелі 131,68%-ға
өскен. Банк өткен жылы "ДБ "PNB" атауын
нарықта танымал бренд қалыптастыру үшін және
акционерлер құрамының ауысуына байланысты өзгертті.
Себебі 2016 жылдан бастап Punjab National Bank (Үндістан) үлесі
азайды және ол бақылау акция пакетін ұстаушы болып
табылмайды. 2016 жылы қабылданған аңа стратегия,
әмбебап банк қалыптасытру және қызмет көрсету
сегментін дұрыс таңдау, өз жемісін берді десек болады. 2015
жылмен салыстырғанда несиелік портфель көлемі
ұлғайған банктер қатарына "Qazaq Banki"
(36,74%) и "Астана Банкі" (31,69%).
Жалпы жиынтық несиелік
портфелін классификациялау өлшемдеріне байланысты әр түрлі
топтарға кіретін несиелер мен қарыздарды секторларға бөліп
қарастыруға болады. Бұл жалпы жиынтық несиелік
портфельді құрайтын әр түрлі несиелік қоржын
түрлерін жеке-жеке қарастыруға мүмкіндік береді.
Қолданылатын
классификациялаудың крийтерилеріне байланысты несиелік портфельді валюта
түрлері бойынша, резиденттік белгілер бойынша
қамтамасыздандырудың түрлері, берілу мерзімі, уақтылы
өтеу және салалар бойынша контрагенттерге жіктеуге болады
2-кесте− Қазақстан
Республикасындағы екінші деңгейлі банктердің несиелік портфелін тұтынушылар бойынша жіктеу,
млн.теңге
|
Несиелер |
2015 жыл |
2016 жыл |
Өсу
қарқыны, (%) |
||
|
Көлемі |
Үлесі* (%) |
Көлемі |
Үлесі* (%) |
||
|
1 |
2 |
3 |
4 |
5 |
6 |
|
Заңды тұлғаларға берілген |
7 307,20 |
47,0 |
6 553,50 |
42,3 |
-10,3 |
|
Жеке тұлғаларға берілген |
3 872,90 |
24,9 |
3 766,60 |
24,3 |
-2,7 |
|
Шағын және орта бизнес субъектілері |
4 242,20 |
27,3 |
5 002,00 |
32,2 |
17,9 |
|
Банктік операция жүргізетін ұйымдарға
берілген |
62,1 |
0,4 |
32,1 |
0,2 |
-48,3 |
|
Кері РЕПО операциялары |
69,1 |
0,4 |
156,5 |
1,0 |
126,5 |
|
Жалпы |
15 553,50 |
100,0 |
15 510,70 |
100,0 |
-0,3 |
|
* Қазақстан Республикасының жалпы
банк секторындағы үлесі |
|||||
|
Ескерту: [3] әдебиет негізінде автормен
құрастырылған. |
|||||
2 - кестедегі
мәліметтерге сүйенетін болсақ, 2016 жылдың
соңында заңды тұлғаларға берілген несиелер
көлемі 753,7 млрд. теңгеге азайып, жыл соңында 6553,5 млрд.
теңгені құрады. Жеке тұлғалардың несиелерінің
саны да азайды, жыл соңында 3766,6 млрд. теңгені құрады.
Ал шағын және орта бизнес субъектілеріне берілген несиелер
көлемі 17,9% өсу қарқынын көрсетті. 2015 жылы
4242,2 млрд. теңгені құраған болса, 2016 жылы 5002
млрд. теңгеге жетті. Бұл көрсеткіштің
ұлғаюын соңғы жылдары елімізде жүргізіліп
жатқан шағын және орта бизнесті қолдау
бағдарламаларының негізі деп айта аламыз.
Несиелік портфельдің өсімі
соңғы 3 жылда жоғары қарқынды болған
банктерде несиелік және шетел валютасындағы несиелік келісімдер
тәуекелінің артуы күтілуде. Алайда портфельдің
өсімі елеулі болмауынан бөлшек сауда сегментінде бұрын
жасалынған несиелік шарттар бойынша төлем тәртібі нашарлайды
деген болжам бар.
Қазақстанның
ірі банктері несиелік портфельдерін қайта құрылымдауды –
несие мерзімдерін ұзартып, пайыздық мөлшерлемелерді
қайта қарауды бастады. Осы құралдар көмегімен
банктер өтімділіктерін шоғырландырып, консервативтік несиелік
саясат жүргізді. Несиелік портфель
көлемінің қысқаруы арқылы банк балансындағы
өтімді активтер үлесі ұлғайды, және
сәйкесінше пайыздық табыс пен пайыздық маржа
қысқарады. Өтімділік алдыңғы кезеңнің
мүмкін болатын залалдарын жабуға және провизиялардың
қалыптасуына жинақталады
3-кесте −Қазақстан
Республикасының екінші деңгейлі банктердегі проблемалық
несиелелер, млн .теңге
|
Көрсеткіш атауы |
01.01.2016 |
01.01.2017 |
Өсім, % |
|
||||||||
|
|
Негізгі қарыз |
Үлесі, % |
Негізгі қарыз |
Үлесі,% |
|
||||||
|
1 |
2 |
3 |
4 |
5 |
6 |
||||||
|
Банктік қарыздар, оның ішінде: |
15 553, 7 |
100 |
15 510, 8 |
100 |
-0,27 |
|
||||||
|
Төлеу мерзімі өткен қарыздар
(негізгі қарыз және/немесе сыйақы бойынша), оның
ішінде: |
2 117, 0 |
13,61 |
1 897, 7 |
12,23 |
-10,3 |
|
||||||
|
90 күннен аса мерзімі өткен қарыздар |
1 236, 9 |
7,95 |
1 042, 0 |
6,72 |
-15,7 |
|
||||||
|
Несиелік портфель бойынша провизиялар |
1 647, 7 |
|
1 640 ,1 |
|
-0,46 |
|
||||||
|
Ескерту: [3] әдебиет негізінде автормен
құрастырылған. |
|
|||||||||||
Қазақстан
Республикасының Екінші Деңгейлі Банктеріндегі проблемалық
несиелер көлемі азаюда. 2016 жылы проблемалық несиелер көлемі
16%-ға төмендеген, дегенменде төмендеу қарқыны
өткен жылмен салыстырғанда баяулаған. Себебі 2015 жылы жалпы
көлемі 63%-ға азайған. 90күннен аса мерзімі өткен
қарыздардың жалпы көлемі 2016 жылы 1,04 трлн. теңге
немесе жалпы портфельдің 6,72%, ал өткен жылы бұл
көрсеткіш 1,24 трлн. теңге болған.
2012 жылы банк
активтерінің сапасын жоғарлату бойынша бірнеше механизмдер іске
енгізілген болатын: проблемалық активтерді және ата-аналық
банктың күмәнді және үмітсіз активтерін алатын
банктердің еншілес компанияларын АҚ «Проблемалық несие
фондына» сату, сонымен қатар банктер үшін қосымша
салықтық міндеттерсіз,
үмітсіз қарыздарды 2015 жылдың соңына дейін
кешіру шарты. «Проблемалық несиелер қоры» АҚ Екінші Деңгейлі Банктердің
проблемалық несиелерін жою
үшін, яғни банктерден үмітсіз және проблемалық
міндеттемелерді сатып алу үшін құрылған болатын.
Берілген іс-әрекеттер
арқасында уақыты өтіп кеткен қарыздардың
көлемі жалпы несиелік портфельге 2015 жылдың соңында
7,3%-ға дейін қысқартылды және 2009 жылдың
деңгейіне сәйкес келеді. Нақты сектордың қарыз
үлесі 29%-ға дейін немесе 263 млрд. тенгеге қысқартылды.
Салыстырмалы қатынаста ауылшаруашылықтың қарызы
айтарлықтай азайды, бұл ауылшаруашылық
тәуекелдердің жоғары
болуына байланысты берілген салада несие берудің төмендеуімен
байланысты, нақыт сектордың өндірістер және басқа
да салалардың қарызы орташа жылдық шамалар арасында
сақталады.
Несие портфелінің
сапалық анализі сонымен бірге банктердің өнімсіз
секторындағы концентрациясына нұсқайды. Егер, 2005 жылы
уақыты өтіп кеткен қарыздың өнімсіз
сектордағы үлесі 42% құраса, 2013 жылы ол 58%-ға
дейін өсті, ал 2015 жылы – жұсыс істемейтін несиелердің
көлемін қысқартуына қолданылған шараларға
қарамастан - 71%-ға дейін ұлғайды. Бұл банк
активтерін жақсарту және тұрақтандыру бойынша
мемлекеттік іс-шаралар, негізінен, ауылшаруашылығын
қоспағанда, экономиканың нақты секторына
бағытталғанын дәлелдейді.
2016 жыл қорытындысындағы мәліметтерге
сәйкес банк секторында проблемалық несиелелерінің
көлемі 10%-дан асатын 3 банк бар, ал 2015 жылы оладығ саны
алтыға жеткен. Проблемалық несиелер көлемін азайту және
оның көлемін 10%-дан
төмендетуге арналған іс-шаралар жүргізілуде. 2017
жылдың ақпан айында банк секторын қалпына келтіру тапсырмасы
аясында проблемалық несиелерді азайту мақсатында проблемалық
активтерді сатып алу үшін «Проблемалық несиелер қорын»
капиталдандыру туралы шешімді Қазақстан Республикасының
Ұлттық Банкі жария етті. Капиталдандыру көлемі - 2 трлн. теңге.
Төменде көрсетілген
суретте, ҚР екінші деңгейлі банктердің 2016 жылғы жағдай бойынша төлеу мерзімі 90
күннен аса кешіктірілген несиелер көлемі жоғары үштік
көрсетілген.
1-сурет
− 2016 ж. жағдай бойынша төлеу мерзімі 90
күннен аса кешіктірілген несиелер көлемі банктер бойынша.
Ескерту: сурет [3] әдебиет негізінде автормен
құрастырылған.
Ең көп
проблемалық несиелер көлемі шетел банктерінің еншілес
компанияларының үлесінде болды.
"Қазақстандағы Пәкістан Ұлттық
Банкі" АҚ-да 90 күннен аса мерзімі өткен несиелер
көлемі 1,49 млрд. теңге немесе жалпы портфелінің 32,84%-ын
алады. Бұл тізімде екінші орында
"ВТБ Банк" (Қазақстан) банкінде проблемалық
несиелер 16% немесе 12,54 млрд. теңге. "АТФБанк" тізімнің
үшінші орнында, оның 90 күннен аса мерзімі өткен несиелер көлемі 86,03 млрд. теңге
немесе жалпы портфелінің 12,11%. Соңғы бірнеше жылда проблемалық
несиелер көлемі динамикалық түрде азаюда.
Банктер проблемалық
несие көлемін азайту бойынша жұмыстарын жалғастыруда.
Бұл көрсеткіштер бойынша көшбасшы "Казкоммербанк".
Банк өзінің сапасыз несиелер көлемін 119,62 млрд. теңгеге
азайтып, 2016 жыл қорытындысында сапасыз несиелер көлемі 234,17
млрд. теңгені құрады.
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН
ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ
1. http: // www.rfcaratings.kz – РФЦА Рейтингтік
агенттігінің ресми сайты . Рэнкинг банков по активам на
01.01.2016
2. C.Е.Дубова,
Е.А.Бибикова. Кредитный портфель коммерческого банка: учебное пособие,
электронная книга.- Москва: Флинта, 2013-129с