э.ғ.м., аға оқытушы Мукаметкалиева М.А.

«Нархоз» Университеті, Казахстан, Алматы

Жергілікті бюджеттер және олардың аймақтардың дамуындағы ролі

 

Бюджет жүйесі – Қазақстан Республикасының қаржы жүйесінің негізгі элементі болып саналады. Егемендік алғаннан кейін, елімізде бюджетті басқарудың заманауи жүйесін негізгі қалыптасты. Қаржылық қамтамасыз етудің негізінде, заңдарға сүйене отырып мемлекет жүйесінің негізі ол экономика шарттарына және талаптарына жауап беру болып табылады.

Қаржы жүйесін орталық және жергілікті дәрежеде мемлекетік басқару қызмет органдарымен атқарылады. Қазақстан Республикасының Бюджет кодексі 2004 жылы қабылданды. Онда бюджет жүйесіндегі қолданысты заңдар өзертіліп, ортақ жүйеге келтіріді.

Жергілікті бюджет жүйесінде мемлекеттік және тиісті әкімшілік – бөлуімен сипатталады. Жергілікті бюджеттер Қазақстан Республикасының бюджет жүйесіндегі екі деңгейлік рольде екенін айтып кеткен жөн және жергілікті бюджеттің құрамына республикалық маңызы бар қала бюджеті, астана, аудандық бюджеттерден (облыстық сипаты бар қалалардан) тұрады. Жоғарыда аталған бюджет жүйесі жергілікті органдармен басқарылып, орындалу үшін ақшамен қамтамасыз етіп отыратын орталық қаржылық қоры болып табылады.

1-кесте – 2014–2016 жылдардағы жергілікті  бюджеттің атқарылуы, млн.теңге

 

Жергілікті бюджет

Ауытқуы (+;-)

2014 жыл

2015 жыл

2016 жыл

 2015-2014 жылмен

 2015-2014 жылмен

1

2

3

4

5

6

I. Кірістер

 3 752 971

 3 667 359

 4 315 582

-  85 613

  648 224

Салықтық түсiмдері, оның iшiнде:

 1 449 651

 1 550 988

 1 747 376

  101 337

  196 388

Акциздер

  101 383

  100 261

  127 387

-  1 122

  27 126

Салықтан тыс түсiмдер

  47 994

  62 518

  71 620

  14 524

  9 102

Негізгі капиталды сатудан түскен түсімдер

  63 363

  60 936

  52 438

-  2 428

-  8 497

Трансферттердің түсімдері

 2 191 963

 1 992 917

 2 444 149

-  199 046

  451 232

1

2

3

4

5

6

II. Шығындар

 3 661 228

 3 606 789

 4 203 262

-  54 439

  596 474

III. Бюджеттік таза кредит беру

  29 359

  79 698

  131 443

  50 340

  51 744

Бюджеттік кредиттер

  32 623

  83 695

  139 534

  51 072

  55 839

Бюджеттік кредиттерді өтеу

  3 264

  3 996

  8 092

   732

  4 095

IV. Қаржылық активтермен бірге болатын операциялық сальдо

  93 419

  57 445

  80 439

-  35 974

  22 993

   Қаржылық активтерді сатыпалу

  95 143

  64 287

  82 702

-  30 855

  18 415

   Мемлекеттің қаржылық активтерін сатудан түскен түсімдер

  1 723

  6 842

  2 264

  5 119

-  4 578

V.Бюджет тапшылығы (профицит)

-  31 035

-  76 574

-  99 561

-  45 539

-  22 987

Ескерту: [1] әдебиет негізінде автормен құрастырылған

 

Кестедегі ақпараттар көрсетіп тұрғандай 2014 жылы жергілікті бюджет тапшылығы -31035 млн.теңге, ал 2015 жылы -76574 млн.теңге, 2016 жылы      -99561 млн.теңге  анықтап отырмыз. Көрсеткіштер жылдан жылға ұлғайып келе жатқанын да байқауға болады. Жергілікті бюджеттердің жетіспеушілігін қаржыландыру ішкі көздерден, республикалық бюджеттің бөлген субвенциялары арқылы жүзеге асырылады. [2, 44 б]

Жерілікті бюджеттің атқарылуындағы кірістер көлемі кестеде көрініп тұрғандай  2015 жылы 3667359 млн.теңгені құраған. Оның ішінде салықтық түсімдер 1550998 млн.теңге, салықтан тыс түсімдер 62518 млн.теңге, негізгі капиталды сатудан түскен түсімдер 60936 млн.теңге, ал трансферттік түсімдер 1992917 млн теңгені құраған. 2014 жылмен салыстырғанда барлық кірістер көлемі -85613 млн.теңгеге азайған, ал салықтық түсімдер 110337 млн.теңге артқан,салықтан тыс түсімдер көлемі 14524 млн.теңгеге көбейген, ал негізгі капиталды сатудан түскен түсімдер -2428 млн.теңге азайған, және трансерттік түсімдер де -199046 млн.теңге азайған, яғни оң көрсеткіш. Ал 2016 жылы кірістер көлемі 4315582 млн.теңге болған. 2015 жылмен салыстырар болсақ 648224 млн.теңгеге артқан. Оның ішінде салықтық түсімдер 2015 жылмен салыстырғанда 196388 млн.теңгеге өскен. Ал салықтан тыс түсімдер 9102 млн.теңгеге көбейген, негізгі капиталды сатудан түскен түсімдер -8497 млн.теңгеге азайған, трансферттердің түсімдері 451232 млн.теңгеге артқан, яғни ол теріс көрсеткіш.

 

 

        1-сурет Жергілікті бюджеттердің 2016 жылғы құрылымы (млн.теңге)

Ескерту: [3] әдебиет негізінде автормен құрастырылған

 

Жоғарыдағы суретте жергілікті бюджеттердің кірістерінің құрылымы көрсетілген. Қорыта айтқанда жергілікті бюджеттің трансферттердің көмегінсіз өз-өзін қамтамасыз ете алмайтындығына көз жеткізіп отырмыз. Сонымен қатар, жергілікті бюджеттерде салықтық түсімдердің де үлкен көлемде түсіп отырғанын көруге болады. Бұл жағымды көрсеткіштердің бірі.

 

2-кесте – Жергілікті бюджеттің кіріс бөлігінің атқарылуындағы облыстардың қосқан үлестері, млн. теңге

Облыстар

Кірістер

2014 жыл

%

2015 жыл

%

2016 жыл

%

1

2

3

4

5

6

7

Ақмола

165460

4,4

161327

4,4

189570

4,4

Ақтобе

169383

4,5

145742

4,0

181474

4,2

Алматы

358688

9,6

324896

8,9

390437

9,0

Атырау

182599

4,9

184485

5,0

260134

6,0

Шығыс-Қазақстан

256772

6,8

242514

6,6

289710

6,7

Жамбыл

200827

5,4

202213

5,5

220481

5,1

Батысазақстан

141698

3,8

136735

3,7

169547

3,9

Қарағанды

231341

6,2

214135

5,8

239508

5,5

Қызылорда

198978

5,3

174557

4,8

219224

5,1

Қостанай

170033

4,5

159689

4,4

185901

4,3

1

2

3

4

6

7

8

Маңғыстау

140198

3,7

148636

4,1

174182

4,0

Павлодар

147082

3,9

135525

3,7

162024

3,8

Солтүстік-қазақстан

123879

3,3

130115

3,5

166439

3,9

Оңтүстік-қазақстан

462257

12,3

467957

12,8

553865

12,8

Алматы қ.

434249

11,6

480381

13,1

507225

11,8

Астана қ.

369526

9,8

358451

9,8

405862

9,4

Барлығы

3752971

100

3667359

100

4315582

100

Ескерту: [3] әдебиет негізінде автормен құрастырылған

 

Кестеде жергілікті бюджеттердің кіріс бөлігінің атқарылуындағы облыстардың қосқан үлесінің  2014 жылғы ең жоғарғы үлесін Оңтүстік Қазақстан облысы 12,3% алып отыр, ал екінші орында Алматы қаласы 11,6% алып отыр. 2015 жылы Алматы қаласындағы кірістер 2014 жылмен салыстырғанда 10,6% артқан,  Ең аз үлесін Солтүстік Қазақстан облысы көрсетуде, яғни барлық кірістердің 3,3% ғана көрсетуде. Оған себеп осы аймақта халық санының аз болуы болып табылады.

Қазақстан Республикасы тәуелсіздіктің үшінші мүшеліне аяқ басты, еліміз ширек ғасырда экономикамыздың әр саласын дамытып, ел экономикасын түбегейлі өзгерткен екі жаңғыруды іске асырып дамыған елдердің қатарына қосылды [4, 165 б.]

Қазақстан Республикасының экономикасы – дамушы экономика болғандықтан басты экономикалық бағыттар пайдалы қазбалар секторына бағытталып, басқа экономикалық секторлар бірқатар әлсіреп, мемлекеттік қаражатпен ғана жұмысын жалғастырып, даму үстінде қалды.

Бұл процесс Қазақстан пайдалы қазбалар аз өңірлердің дамуында біршама артта қалдырды. Жаңа экономикалық бағыттар пайдалы қазбалардан түскен қаражатты басқа экономикалық бағыттарды қаржыландыруға жұмылдырылды.

Егемендік алғаннан бастап ел экономикасы тек пайдалы қазбадан түскен қаражатпен дамып отырды, бірақ соңғы жылдардағы мұнай бағасының түсуі себебінен мемлекет тарапынан басқа экономикалық секторларды дамыту реформасы қабылданды. Реформада мұнайдан түскен қаражатты басқа экономикалық секторға инвестициялау.

Қазақстан экономикасының алдыңғы реформасы «Қазақстан 2010» стратегиялық жобасы, өз жұмысын аяқтап, жаңа «Қазақстан 2020» стратегиялық жобасының жұмысы басталып, өз мәресіне жетіп қалды. [5]

Қазақстан 2010 – жобасында бірнеше жобалар іске асып, Қазақстан дамыған 50 ел қатарына қосылу мақсатына біршама жақындады.

Жиырма бірінші ғасырдың бірінші он жылдығында ел экономикасында прогрессифті өзгерістер орын алды. 15 млрд. АҚШ долларын құрайтын 224 жоба бой көтерді.

Жергілікті бюджеттің стретегиялық мән-жайы және бюджет жоспарлауы мен бюджеттің орындалуы әлі де өзерістерді қажет ететін бөлім.

Жергілікті бюджет аясында жұмыс атқарылу жүйесі егемендіктің 27 жылында бірнеше өзерістермен даму процессінде. Дағдарыста төтеп беру экономика – жергілікті аймақтар экономикасы. Ел экономикасының дамуына қарқынды әсер беретін мемлекеттік жобалар жұмысы істелуде. Қазақстан Республикасының тәуелсізідігіміздің үшінші он жылдығында, елбасымыздың бастауымен жаңа жобалар бой көтерді.

Елбасымыздың бастуымен Қазақстан  2050 даму стратегиясы аясында: «2000 жылдың  алдыңғы он жылдығында болған қаржылық – экономикалық кризистен әлем елдері толық шыққан жоқ, ол процесс жобалаған уақыттан ұзақ уақытты қамтыды және баяу процесс үстінде.

Жергілікті бюджеттер кірістерінің құрылымында соңғы жылдары  трансферттер көлемінің артуы және де салықтық түсімдердің де артуы анықталды.

Жергілікті бюджеттердің шығындарында республикалық бюджетке берілетін трансферттердің сомасы осы кезеңде 2,5 есеге ұлғайды. Республикалық бюджеттен жергілікті бюджеттерге берілетін трансферттерде 3 есеге өсті.

Жоғарыда аталған фактілер республикалық жəне жергілікті бюджеттердің негізінен трансферт арқылы реттелетін қатынастары жергілікті бюджеттердің кіріс бөлігінің республикалық бюджеттің атқарылуына тəуелділігін арттыратынын көрсетеді.

Аталғандардан басқа Бюджеттер деңгейлерінің арасындағы қарама-қарсы қаржы ағындары ұлғайды. Мұның өзінде атқарушы органдар мақсатты трансферттерді көбінесе тиімсіз пайдаланады. Соңғы уақытта субвенция бөлінетін облыстардың саны көбейіп келеді. Салық түсімі жоғары Павлодар, Қарағанды, Қостанай облыстары да субвенция қажет аймақтар тізіміне енді.

Әдебиеттер

 

1.            С. Құлпыбаев, В.Д. Мельников, Қаржылық – оқулық «Қаржы негіздері», 2007. – 18 б.

2.            Д.Б. Қалыбекова салық –оқулық «Салық және салық салу», 2012–44 б.

3.            Г.А. Жолмырзаева Мемлекеттік қаржы «Экономика» баспасы 2016 ж. 204 б.

4.            Қаржы министірлігінің ресми сайты «Статистикалық бюллетен»  2016 жыл.

5.            С.М. Өмірбаев, С.Ж. Ынтықбаева, А.А. Адамбекова, Р.С. Парменова Қазақстан Республикасы тәуелсіздігінің 20-жылдығына арналған «Мемлекеттік бюджет» 2012. – 89 б.

6.            Minfin.gov.kz Қаржы министірлігінің ресми сайты «Статистикалық бюллетен» 2016.

7.            Stat.gov.kz Статистика комитетінің ресми сайты «Ақпарат көздері» 2014 – 2016 жылдардағы есеп.

8.            http://adilet.zan.kz