аға
оқытушы Өмір Айнұр Жұмаханқызы
Нархоз университеті,
Қазақстан
Корпоративтік
облигациялар нарығының дамуы
Қазақстан нарығында облигациялар жақсы
дамымаған. Бағалы қағаздардың
артықшылықтары несиеге қарағанда көбірек болса
да, банк мекелемері және қарапайым халықтың өзі
де көбінде несиені басты қаржы құрал ретінде
қарастырады. Облигациялардың
уақытында төленетініне, әрі оны қайта сатуға
болатынына қарамастан қаржы мекемелерінің көбісі
облигациялармен сирек жұмыс жасайды. Ал шетелдерде облигациялардың
артықшылықтарын жақсы пайдалана отырып, қарапайым
адамдарға сатады[1].
Кәсіпорындар өздерінің ресурстарын меншік және
тартылған құралдар арқылы қалыптастырады. Егер
бұл құралдар жетіспеген жағдайда бағалы
қағаздарды шығарады (акция және облигация).
1.
Егер
мемлекет бюджет тапшылығы кезінде, қаражат жетіспеген
жағдайда мемлекет - мемлекеттік
облигациялар шығарады.
2.
Кәсіпорындар
өздерінің дамуы үшін қаражаттар жетіспеген
жағдайда- корпоративтік облигациялар шығарады.
Корпоративтік облигация – бұл жеке компаниялар өз бизнес
қызметтерін дамыту үшін қосымша ақша қаражаттарын
тартудағы қаржылық құрал [2]. Компаниялар
қысқа және ұзақ мерзімді қарыздарды
шығарудың мақсаттары болады. Біріншіден, олар
кәсіпорынның ақша құралдарының
көлемін ұлғайту үшін, екіншіден ірі жобаларды
қаржыладыру үшін ақша құралдарын тарту.
Инвесторлар үшін корпоративтік облигациялардың
тартымдылығы:
-
корпоративтік облигациялар бойынша табыстылық
алдын-ала бекітілген. Бұл облигацияның түрі бойынша
табыстылықты компания банкрот болған жағдайда ғана
жолғалтуы мүмкін;
-
бұл актив бойынша барлық
ақпараттар ашық, алдын ала дефолт тәуекелін
бағалауға болады;
-
акциямен салыстырғанда сенімділік
дәрежесі жоғары;
-
корпоративтік облигация қор
нарығының алып -сатарлары үшінде және ұзақ
мерзімді инвесторлар үшінде тартымды;
-
депозиттен айырмашылығы, бондтарды
акцияларға айырбастауға, алдын ала өтеуге және екінші
нарықта қайта сатуға болады[3].
Қазақстанда корпоративтік облигациялар нарығының
даму болашағы бағалы қағаздар секторларына институционалды инвесторлардың келуімен
байланысты. Корпоративтік облигациялардың биржалық секторларын
институционалды инвесторлар жандандыра алады. Соның ішінде
Бірыңғай жинақтаушы зейнет ақы қорлары бар. Бірақ
бұл инвесторлардың нарыққа қатыспауы
корпоративтік облигациялар нарығының дамуын шектеп отыр.
Қазақстан қор биржасының қорытындысына
қарайтын болсақ 2017 жылдың алғашқы үш
айларында корпоративтік облигациялар секторының төмендегенін байқауға
болады. Жалпы Қазақстан қор биржасының
ақпараттары бойынша корпоративтік облигациялар нарығында сауда
көлемінің 6,1 млрд. тенгеге немесе 39%, ал алдыңғы 2016
жылмен салыстырғанда корпоративтік облигациялармен сауда көлемі
92,5% төмендеді. Айналым мерзімі өткен облигациялардың
делистингі есебінен нарықта капитализацияның төмендеуі
байқалды, ол 6,3% құрады.
2016 жылы KASE қор биржасында корпоративтік облигациялармен сауда
көлемі 507,4 млрд. тенгені құрады және 2015 жылмен
салыстырғанда 58,7% төмендеді. Белсенділіктің негізгі
төмендеуі алғашқы нарықта байқалды, ол
Ұлттық Банктің базалық ставкалардың ролін
күшейтуімен байланысты болды. Қазақстандағы
корпоративтік облигациялардың эмитенттері үшін жаңа
қорландыру құны өте жоғары болды, нақты
секторлардағы компаниялар жаңа шарттарға біртіндеп
бейімделіп нарыққа жылдың екінші жартысында шыға
бастады. Жалпы қор биржасына 2015 жылы 18 эмитенттің облигациялары,
ал 2016 жылы 10 эмитенттің облигациялары орналастырылды, яғни
эмитенттер саны азайып отыр. Қарызды тартудың жиынтық
көлемі 424,4 млрд тенгені құрады, ол алдынғы жылмен
салыстырғанда төмендегенін көруге болады.
Сурет 1 – Алғашқы
нарық бойынша қарыздық құралдарды орналастыру
бойынша эмитенттердің үлесі
Ескерту:
KASE қор биржасының мәмілметтерін пайдалана отырып, автормен
құрастырылған
Алғашқы нарықта
құралдарды орналастыру бойынша ең көп үлесті
қамтамасыз еткен компанияларды атап өтуге болады. Олар ішінде «Қазақстан Даму Банкі» АҚ, "ҚазАгро"Ұлттық
басқару холдингі", "Қазақстан темір
жолы""ҰК"АҚ және "KEGOC"АҚ.
Осы қатысушыларының ішінде ең көп үлесті– 50,1%, «Қазақстан Даму Банкі» АҚ алып
отыр.
Екінші нарықта корпоративтік облигациялар бойынша сауда көлемі
есепті жылы 133,6 млрд тенгеге төмендеді. Екінші нарықта
купондық облигацияны орналастыру бойынша компаниялардың
үлестерін төмендегі суреттен көруге болады.
Сурет 2 –
Екінші нарық бойынша қарыздық құралдарды
орналастыру бойынша эмитенттердің үлесі
Ескерту:
KASE қор биржасының мәмілметтерін пайдалана отырып, автормен
құрастырылған
Жоғарыда берілген суретте екінші нарықта "Қазақстан
Ипотекалық Компаниясы" Ипотекалық ұйым" АҚ, "AsiaCreditBank"
АҚ, "КазТрансГаз Аймак" АҚ куподық
облигацияларының үлес көлемі көрсетілген. Олардың
ішінде көп үлесті "Қазақстан Ипотекалық
Компаниясы" Ипотекалық ұйым" АҚ– 14,0% алып отыр.
Сурет 3 - Корпоративтік облигациялар нарығы
2016 жылы KASE
қор биржасында 66 эмитент 272, ал 2017 жылыдың алғашқы
айларында 267 облигация шығарылымы тіркелген. 2016 жылы 27 шығарылған
облмигациялар листинг процедурасынан өтті. Корпоративтік облигациялар
нарығында инвесторлардың негізгі санаттары бойынша сауда көлемінің 3% жеке
тұлғаларға, брокерлік-дилерлік компаниялардың
клиенттеріне - 31,7%, БЖЗҚ – 38,3%, Брокер-дилерлердің жеке шотына
– 1,7%, ЕДБ -25,3% келді[4].
Нарық
қатысушылары бойынша корпоративтік облигациялар нарығын дамыту
үшін бұл нарыққа институционалды инвесторлардың
келу керектігін атап өтті. Соңғы уақытта ірі
институционалды инвестор БЖЗҚ квазимемлекеттік секторлардың
және банктердің бағалы қағаздарына инвестициялап
отыр. Осы институционалды
инвесторлардың қаражаттары жеке секторларға да қол
жетімді болса, корпоративтік облигациялар нарығын дамытуға болады. Нарықтағы
қауіптілікті төмендетудің тағы бір жолы
Ұлттық рейнтингтік агенттіктердің рейтингтерін пайдалану.
Қазақстанда 60 эмитент халықаралық рейтингке ие, ал
бұл біздің нарық үшін жеткіліксіз. Бұл өте
қымбат қызмет түрі. Сол себептен ең алдымен біз ел
ішіндегі рейтингтік бизнесті дамытуымыз керек. Қазақстан қор
биржасында институцоналды инвесторлардың қатарына отандық
сақтандыру компанияларының да кіруге мүмкіндіктері бар. Осы
жағдайлардың барлығы корпоративтік облигация нарығының
дамуына ықпал етеді.
Әдебиеттер тізімі:
1.
Тұрлыбекова
А.Ж. Бағалы қағаздар нарығының теориясы мен
практикасы. –Алматы: Қазақ Университеті, 2014. –85-88б.
2.
Көшенова
Б.А. Бағалы қағаздар нарығы: оқу
құралы. –Алматы: Экономика, 2010. –404бет
4.
www.kase.kz