Қажмұхан Д.Қ., Мартаев А.С.1 курс
(Академик Е.А. Бөкетов атындағы ҚарМУ)
Ғылыми жетекшісі – педагогика ғылымдарының магистранты
Жанузаков Н.Б
Лизинг –
кәсіпкерліктің бір саласы ретінде
Бүгінгі таңда банк қызметтерін
жетілдіру, банк жүйесінің даму жолдарын анықау
еліміздің экономикалық, саяси, әлеуметтік
өмірінің басты назарында. Қазақстан
экономикасының нарықтық қатынастар жолына түсуі
оның жалпы әлемдік тенденция спекторында дамуын анықтайды.
Бәрімізде белгілі Қазақстанда
нарықтық қатынастарды қалыптастыру кезеңі сауда-
экономикалық байланыстардың жаппай үзілісі,
өндірістің құрылуы және инфляция мен баға
деңгейінің өсуі нәтижесінде, инвестициялық
белсенділіктің төмендеуі жағдайында бастады. Міне, осы
жағдайларда Қазақстан экономикасындағы негізгі
құрал- жабдықтардың табиғи және
моральдық жағынан тозуы өзекті мәселелердің бірі
болып табылады. Себебі, көптеген кәсіпорындардың ақша
қаражаттарының жетіспеушілігі,сонымен бірге техникалық құрал- жабдықтардың
толық құнын төлеу үшін несие алудағы
қиыншылықтар әсер етеді.
Осы
жағдайларда негізгі құрал жабдықтарды
жаңартудың тиімді әдістерінің бірі күрделі құрылысты
қаржыландырудың және инвестицияның ерекше формасы лизинг
болып табылады. Лизинг – бұл лизинг берушінің (жалға
берушінің) өзіне тиесілі құрал- жабдықтарды,
машиналарды, ЭЕМ, ұйымдастыру техникалары, өндіріске, сауда-
саттыққа және қоймаға арналған
құрылғыларды лизинг алушыға (жалгерге) лизингтік
төлем төлеу шартымен, белгіленген мерзімге пайдалануға беруін
қарастыратын жалға беру шарты. Лизингтік
мәмлелердің бірнеше түрлері бар. Барлық лизингтік
операциялар екі түрде бөлінеді: шұғыл және
қаржылық лизингтер. 1.Шұғыл
лизинг – бұл мүліктің қызмет ету мерзіміне
қарағанда, оның пайдалану мерзімінің
қысқалығын және мүліктің құнын
толық өтеумен сипаттайды. 2.Қаржы
лизингі – бұл уақытша пайдалануға берілген лизинг
затының мерзімі ішінде өзінің толық
амортизациялық құнын төлеп шығумен немесе
өзін-өзі өтеумен байланысты сипатталады. Қазіргі
уақытта лизингтік қызметтердің негізгі бөлігі
«АҚШ – Батыс Еуропа - Жапония» мемлекеттеріне шоғырланады. Батыс
Еуропада лизинг берушілер ретінде, көбінесе, арнайы лизингтік компаниялар
бола алады. Осы лизингтік компанияларды 75-80% - ға жуық банктер
немесе оларды еншілес қоғамдар бақылайды. Еліміздегі
лизингтік қызметтер нарығында бүгінгі күні
қалыптасып отырған жағдайды ескере отырып, біз лизингтік
қатынастар механизмін жетілдіру үшін неғұрлым
перспективті нарықтарды бөліп қарастыруды ұсынамыз. Қолайлы
макроэкономикалық климат және қолайлы нормативтік климат.
Мемлекет тарапынан лизингтің дамуына толық көңіл
бөлінген. Алайда, қазіргі заманға сай нарық
инфрақұрлымында лизингтік қызметтің аздығы,
лизинг туралы мәліметтерд алудағы қиыншылықтар,
лизингтік операцияларды жүргізуде қазіргі заманға сай
ұйымдастыру технологиялары жеткіліксіз, оның ішінде
халықаралық деңгейде (кесте 1, 2016 ж. деректері).
|
Мың теңге |
|||
|
|
Үйлер мен ғимараттар |
Машиналар мен жабдықтар |
Өзгелер |
|
Барлығы |
138 294 |
59 714 468 |
638 458 |
|
Ауыл шаруашылығы, аң аулау және орман шаруашылығы |
30 147 |
21 430 395 |
329 283 |
|
Балық аулау, балық өсіру |
-
|
1 029 |
-
|
|
Өнеркәсібі |
-
|
5 253 637 |
-
|
|
Кен өндіру өнеркәсібі |
-
|
456 619 |
-
|
|
Өңдеу өнеркәсібі |
-
|
4 797 018 |
-
|
|
Құрылыс |
492 |
7 195 036 |
104 410 |
|
Сауда, автомобильдерді, тұрмыстық бұйымдар мен жеке
пайдаланған |
-
|
540 262 |
204 465 |
|
Қонақ үйлер мен мейрамханалар |
-
|
299 869 |
-
|
|
Көлік және байланыс |
-
|
24 223 974 |
-
|
|
Қаржы қызметі |
107655 |
541 695 |
|
|
Коммуналдық әлеуметтік және дербес қызметтер көрсету |
|
222 571 |
-
|
Кесте 1. Лизингтік құралдарын пайдалану бағыттары бойынша
бөлу
Бүгінгі таңда
Қазақстандық өндірушілердің өнімдерін
бәсекелестік қабілеттілігінің төмендгіне байланысты
нарықтан сапасы жоғары шетелдік тауарлар ығыстыруда. Отандық
өнеркәсіп техникалық параметрлері бойынша өте артта
қалуда, өндірісте 70-90% тозған құрылыстар
пайдаланылуда. Мұндай
жағдайлардың қалыптасуының негізгі себебі
өндіріске инвестицияның мүлдем жоқтығы болып
табылады. Өндіріс бір қалыпты жұмыс істеп отыруы үшін
стандартты жағдайларда негізгі құралдар моральдық тозуы
және ескірулеріне айланасты үздіксіз жаңарылып отыруы
қажет. Инвестициялық процесс және ғылыми-
техникалық прогресс өндірісті жоғарғы техникалық
деңгейде қолдап отырады. Шаруашылық
кешендегі инвестицияны жоғарылату – ол лизингтік іс – шараны тезірек
дамыту болып табылады. Оны жүргізу механизмі тек қана бос
қаражатқа тірелмей, сонымен қатар дамып келе жатқан
шағын және орта бизнеске де арқа арту керек
Әдебиет
1.Алтынғазин А. «Лизингтік жүйенің артықшылығы»//
Жас қазақ.- 2014 жыл.
2.Каренов Р.С. «Лизингтік қызметтер»// Егемен
Қазақстан.- 2012
жыл.
3.Коган Э.Э. «Правовые основы лизинга» // Институт рынка.
– 2010 жыл.