Ыдырыс Еркебұлан Жалғасұлы

Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университеті «Қаржы» кафедрасының аға оқытушысы, экономика ғылымдарының кандидаты

 

ҚАРЖЫ МЕНЕДЖМЕНТІ МЕХАНИЗМІНІҢ ҚҰРЫЛЫМЫ

 

Кәсіпорындағы қаржылық қызметті басқару процесі белгілі механизмге негізделеді. Қаржы менеджментінің механизмі кәсіпорынның қаржылық қызметінің саласында басқару шешімдерді әзірлеу және оларды жүзеге асыру процестеріне әсер ететін негізгі элементтердің жиынтығы болып табылады.

Қаржы менеджменті механизмінің құрылымына мына элементтер кіреді.

1. Кәсіпорынның қаржы қызметін реттеу жүйесіне мыналар жатады:

Кәсіпорынның қаржылық қызметін мемлекеттік нормативтік-құқықтық реттеу. Кәсіпорынның қаржылық қызметін реттейтін заңдар мен басқа да нормативтік актілерді қабылдау - мемлекеттің ішкі қаржы саясатын жүзеге асырудың бір бағыты болып табылады. Бұл саясаттың заңдық және нормативтік негіздері әр түрлері бойынша кәсіпорынның қаржылық қызметін реттейді.

Кәсіпорынның қаржылық қызметін реттейтін нарық механизмі. Бұл механизм ең алдымен қаржы нарығы саласының жекеленген түрлері мен сегментерінің шеңберінде қалыптасады. Қаржы нарығында сұраным мен ұсыныс баға (проценттер ставкасын) және кейбір қаржы құралдары бойынша баға белгілену деңгейін қалыптастырады, ұлттық және шетелдік валюталары бойынша несие ресурстарының қол жеткізе алатындық деңгейі, капитал табыстылығының орташа мөлшерін табады, кәсіпорынның өз қаржылық қызмет ету процесінде қолданылатын кейбір қор және ақша құралдарының өтемпаздық жүйесін анықтайды.

Кәсіпорынның қаржылық қызметіндегі жеке тұрғыдағы ішкі реттеу механизмі. Мұндай реттеудің механизмі кәсіпорынның қаржы қызметіне қатысты тиісті шұғыл басқару шешімдерді өзара ұштастыра отыра кәсіпорынның өз шеңберінде қалыптасады. Айталық, кәсіпорынның қаржы қызметіндегі бір қатар мәселелері сол кәсіпорын жарғысының талаптарына сай реттеледі. Мұның ішіндегі кейбір мәселелері кәсіпорын тарапынан даярланған қаржы стратегиясы және қаржы қызметінің жеке бағыттары бойынша мақсатты қаржы саясаты арқылы реттеледі. Сонымен қатар, кәсіпорында қаржы қызметінің жеке бағыттары бойынша ішкі нормативтер мен талаптардың жүйесі даярланып және бекітіліп қойылуы мүмкін.

2. Кәсіпорынның қаржылық қызметін сырттай қолдау жүйесі мынаны қамтиды:

Кәсіпорынды қаржыландырудың мемлекеттік және басқа да сыртқы түрлері. Бұл механизм кәсіпорынның дамуын мемлекеттік бюджет жүйесі тарапынан, бюджеттен тыс (мақсаттық) қорлар, және де әр түрлі бизнестің дамуына ықпал жасайтын мемлекеттік емес қорлар есебінен қаржыландырудың түрлерін сипаттайды.

Кәсіпорынды несиелендіру. Бұл механизм кәсіпорынға әр түрлі несиелік институттар тарапынан алуан түрлі несиені қайтарымдылық негізінде, атаулы уақытқа және белгілі процент бойынша беруге негізделген.

Лизинг (аренда). Бұл механизм кәсіпорынның қажетіне атаулы уақыт кезеңіне білгілі төлем-ақы өтеп отыру арқасында тұтас мүлік кешендерін, айналымнан тыс активтердің кейбір түрлерін пайдалануына берілетіндігіне негізделген.

Сақтандыру. Сақтандыру механизмі кәсіпорын активтерін қаржылық қорғауға, кейбір қаржылық қауіп-қатерлердің орын алған жағдайларында оның мүмкін боп қалар деген шығындардың орнын толтыруға  бағытталған.

Кәсіпорынның қаржы қызметін сырттай қолдаудың басқа да түрлері. Бұған кәсіпорын қызметіне лицензия бері, инвестициялық жобаларға мемлекеттік сараптама жүргізу, және т.б.

3. Қаржылық тұтқалар жүйесі қаржылық қызметтерінің салалары бойынша басқару шешімдерінің қабылдану және жүзеге асыру процестеріне әсерін тигізетін мына негізгі түрлерді қамтиды:

- баға;

- процент;

- пайда;

- амортизациялық аударым;

- таза ақша ағымы;

- дивидендтер;

- синергизм (компаниялардың қосылу нәтижесінен туындалған аса үлкен тиімділік);

- өсімақы, айыппұл, тұрақсыздық төлемі;

- басқа да экономикалық тұтқалар.

4. Қаржы әдістерінің жүйесі негізгі тәсілдер мен амалдар арқасында кәсіпорынның қаржы қызметіндегі әр түрлі салаларында нақты басқару шешімдері негіздеме табатын және бақыланатын сол тәсілдер мен амалдардан құралады:

- техникалық-экономикалық есептеулер әдістері;

- баланстық әдісі;

- экономикалық-статистикалық әдістері;

- экономикалық-математикалық әдістері;

- эксперттік (сараптау) әдістері;

- құнды дисконттау әдістері;

- құнды өсіру әдістері;

- әртараптандыру әдістері;

- активтерді амортизациялау әдістері;

- хеджерлеу әдістері;

- басқа да қаржы әдістері.

5. Қаржы құралдарының жүйесі кәсіпорынның кейбір басқарылатын шешімдерін жүзеге асыру механизмін қамтамасыз ететін және оның басқа да экономикалық объектілерімен қаржы қатынастарын нақтылайтын мына келесі контрактілік міндеттемелерден құралады:

- төлем құралдары (төлем тапсырмалары, чектер, аккредитивтер және т.б.);

- несиелік құралдар (несиелендіру жөнінде келісім-шарттар,вексельдер және т.б.);

- депозиттік құралдар (депозиттік келісім-шарттар, депозиттік сертификаттар және т.б.);

- инвестициялау құралдары (акциялар,инвестициялық сертификаттар және т.б.);

- сақтандыру құралдары (сақтандыру келісім-шарттары, сақтандыру полисі және т.б.);

- басқа да қаржы құралдары.

Барлық қаржы менеджменті амалдарының жалпы мазмұны ретінде капитал айналымы және ақша қозғалыстарымен байланысты ақша қатынастары болып табылады. Яғни, кез келген қаржы ресурстарының қозғалысы негізінде капитал қозғалысы жатыр.

Осыған орай, қаржы менеджментінің амалдары дегеніміз нақты мақсатқа қол жеткізу үшін ақшалай қатынастардың белгілі басқару объектісіне әсер ету тәсілі болып табылады.

 

ПАЙДАЛАНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ:

1. Гаврилова А.Н. Финансовый менеджмент: учебное пособие. / А.Н. Гаврилова, Е.Ф. Сысоева, А.И. Барабанов, Г.Г. Чигарев, Л.И. Григорьева, О.В. Долгова, Л.А. Рыжкова. – М.: КНОРУС, 2008. – 432 с.

2. Лукасевич И.Я. Финансовый менеджмент: учебник. – М.: Эксмо, 2008. – 768 с.

3. Финансовый менеджмент: учебник. / кол. авторов; под ред. проф. Е.И. Шохина. – М.: КНОРУС, 2008. – 480 с.